Қоғамға ой толғау арқылы ми шекараларын бұзу | Арайлым Оралбек | TedX International school of Astana
Вставка
- Опубліковано 13 гру 2024
- "OiLAN" Tedx конференциясында бөліскен ойларымнан үзінді ⚜️✨
Ми шекараларын бұзу дегеніміз - ой тастау, әрекет ету және ең бастысы - өзгеруден қорықпау!
Адамның миы шексіз мүмкіндікке толы, бірақ көбінесе өзіміз құрған шекаралардың тұтқыны болып қаламыз. Сол шекараларды бұзу - өзгеріс пен дамудың алғашқы қадамы.
Подкастымда есте қалардай сүйектен өтіп, санаға сіңердей маған қатты әсер еткен ойларын бөліскім келіп тұр.
Біз өзімізді көп шектейміз. «Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді» деген сөздерді көп естиміз. Ал шын мәнінде өмірде тек бір емес, бес қайықтың басын үстаған тұлғалар бізге үлгі. Біз тек жеңімпаздарды насихаттайтын болдық. Біз адамның қанша рет құлағанын көрмейміз. «Құлаған сәттерді айтудан қорықпаңыз. Құлаған сәттер сізге жаңа мүмкіндіктерді ашады». Бұл сөздер сіздің жадыңыздағы, миыңыздағы ұйықтап жатқан нейрондар мен клеткаларды ояту керек.
😍😍😍😍
👍👍👍