МАҒРИПА ЖЫЛҚЫБАЕВА: АЛТЫН АДАМНЫҢ ҚҰПИЯСЫ. ЕКІНШІ БӨЛІМ.
Вставка
- Опубліковано 5 лют 2025
- Мағрипа Шөжеғұлқызы Жылқыбаева
(13.04.1945-24.02.2019)
1945 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1969 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін тәмамдаған. Кандидаттық диссертациясын 1981 жылы Томск мемлекеттік университеті, Сібір физика-техникалық институында қорғаған. 1991 жылы 29 қарашада Москвада Мағрипа Жылқыбаеваға физикадан «доцент» ғылыми атағы берілді.
Мағрипа Жылқыбаева 1972-1994 жылдар аралығында физика саласына қатысты бүкілодақтық ғылыми жиындарда баяндамалар жасап, конференция жинақтарына мақалалары енгізілген. Атап айтсақ, Эстонияның Таллин, Тарту, Россияның Москва, Ленинград, Томск, Александров, т.б қалаларында өткен ғылыми конференцияларға бірнеше реттен қатысқан. 1982 жылы ғылыми жаңалықтары үшін 2 авторлық куәлік алған. Радиацияның кристалдарға әсері жайындағы жұмыстары бойынша 2 патенттің иегері. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында (Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) 1995 жылға дейін ұстаздық қызмет атқарған ғалым техникалық ЖОО-на арналған «Жалпы физика курсының есептері. Оқу құралы» (Алматы: 1992), «Айналадағы радиация» (Алматы: 1990) сияқты физика саласындағы ғылыми кітаптардың, бірнеше оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Мағрипа Жылқыбаева - Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан әлемдегі тұңғыш физик. 1989 жылдан бастап Алтын адамның күміс зереншесіндегі 26 таңбасын оптика ілімі арқылы зерттеумен айналысқан ғалым еліміздегі және шет елдердегі 1000-нан астам жартас жазуларының, көне каллиграфиялық суреттердің шифрын ашты.
Мағрипа Жылқыбаева - кванттық физика арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қорғандағы Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасаған жаратылыстанушы ғалым. Алтын адамдардың Планеталық деңгейдегі ерекшелігін зерттеу арқылы Сақ қорғандар мен Көк Түрік пирамидаларының құпиясын ашқан қазақтан шыққан тұңғыш оқымысты. Әлемде тұңғыш рет ежелгі дәуірден жеткен құпия жазу үлгілерін, таңбаларды кеңістік бойынша оқудың əдісін тапқан зерттеуші. «Алтын адамның аманаты», «Алтын адамның мұрасы», «Құпия күштер құдіреті» деп аталатын кітаптардың авторы.
Петроглифтерді, көне заман жәдігерлеріндегі шифрлы жазуларды кванттық оптиканың көмегімен оқу əдісі - Мағрипа Жылқыбаеваның əдісі болып табылады.
Рахмет , апамызға ақиқат тарихты жеткізіп кеткен !❤️
Керемет күшті
Осын тарихты қазақтың кім екенін білсе Әлемді билейді дегені осы шығар
Шәкірттері қалды ма екен
Қызыыық🤔
Сенгің келмейді..
Сенбейін десең жәй адам емес, оқыған ғалым!
Мына менің түймедей миыма сыймай тұр ғой!
ТАМАША КЕРЕМЕТ ҒАЖАП.