Мұқағали Мақатаев - Өмір деген

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 9 вер 2023
  • Өмір деген - ұлы сапар осынау,
    Қиындықтар кезіксе де жасымау.
    Өмір деген - қарап жүрмей досым-ау,
    Жұмыс жасау, жанұяңды асырау.
    Өмір деген - міне солай жан бағу,
    Әр қызыққа тамсану да, таң қалу.
    Өмір деген - өкініш пен қуаныш,
    Өмір деген - алдау және алдану.
    Өмір деген - өз-өзіңді басқару,
    Басқара алмай кейде шалқып мастану.
    Өмір деген - баю, тою, шірену,
    Өмір деген - тиын санау, аш қалу.
    Өмір деген - жалындыру, жалыну,
    Өмір деген - сырқаттану, сауығу.
    Өмір деген - күнә жасап, артынан
    Тәубаға кеп заңдылыққа бағыну.
    Өмір деген - жыл қарсы алып, жас қосу,
    Танымайтын біреулермен достасу.
    Өмір деген - бір адамды қарсы алып,
    Бір адаммен мәңгілікке қоштасу.
    Өмір деген мақталу да, датталу,
    Жан досыңа бар сырыңды ақтару.
    Өмір деген - күн артынан күн өту,
    Бірде жылап, енді бірде шаттану.
    Өмір деген - азу, тозу, семіру,
    Жастық өтіп қартыққа да жеңілу.
    Өмір деген - сағыну һәм ұмыту,
    Өмір деген - ғашық болу, жеріну.
    Өмір деген - арғы жақты сөз қылу,
    Өз-өзіңе риза болу, жазғыру.
    Туған күнді тойлай жүріп бір күні,
    Өмір деген - аңдаусызда көз жұму.
    Біздің мекен - бағзы өлке, ескі алаң,
    Кімдер сірә, табанымен баспаған.
    Жердің жүзін билегісі келсе де,
    Мәңгілікке ешкім есік ашпаған.
    Міне сондай, мен қозғаған ой мынау,
    Өмір деген - тек тіршілік жайлы дау.
    Қойшы досым, адамбыз ғой бастысы,
    Жоқ болғанда қайтер едік деймін-ау...
    М. Мақатаев
    #поэзия #поэзияменіңжүрегімде #қазақшапоэзия #мұқағалимақатаев #өмірдеген #өмір #өміртуралы #подпишись #подпишисьнамойканал #подпишисьипоставьлайк

КОМЕНТАРІ • 5

  • @aibekkawaganov2355
    @aibekkawaganov2355 4 місяці тому

    Мұқағали акиық ақынғой

  • @user-ot3zc6do6w
    @user-ot3zc6do6w 5 місяців тому +2

    Кандай Тамаша Создер ,Омирдин шындыгы!!!

  • @user-tf9fy1hn2t
    @user-tf9fy1hn2t 3 місяці тому

    Мұқағалидің өлең емес бұл. Авторы басқа