Эвакуацияланған Талдыкөл ауылының тұрғыны жағдайы туралы айтты

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 13 тра 2024
  • 🗣️«Жолдасым ауылда кезекшілікте қалды»
    Айғаным Қарасаева - Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылынан 13 мамыр күні эвакуацияланған тұрғындардың бірі. Атырау қаласындағы APEC жоғары колледжінің эвакуациялық пунктіне орналасқан Айғаным Қарасаева жағдайы туралы айтып берді.
    - Біз бұл жерге кешкі алты шамасында келіп орналастық. Барлығымызды медициналық тексерістен өткізді. Кешкі асымызды беріп, күтіп алды. Өзім осы жерге отбасымнан бес адам болып келдік. Жанымда сексен үш жастағы енем мен үш балам бар. Жолдасым ауылда бөгет бойында кезекшілікте қалды,- деді Талдыкөл ауылынан эвакуацияланған тұрғындардың бірі Айғаным Қарасаева.
    Еске сала кетсек, Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы 13 мамыр күні Талдыкөл ауылының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылдады.
    ⚡️14 мамыр, 11.00 сағаттары мәлімет бойынша, Махамбет ауданы бойынша барлығы 151 адам эвакуациялық пунктке көшірілді. Оның ішінде 102 бала бар.
    Сондай ақ, туыстарының үйіне орналасқан тұрғындардың саны 245 адам. Олардың ішінде, 143 бала бар. Қазіргі таңда Талдыкөл ауылында тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жалғасуда.
    📍Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

КОМЕНТАРІ •