Сөзін алмай сенімін ұрлайтындар: қыз алып қашу неге тоқтамай тұр?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 тра 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Елімізде алып қашудың құрбаны болған қалыңдықтардың есебі іс жүзінде еш өзгермеген. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, өткен жылы осындай 18 іс тіркелген. Жалпы соңғы жеті жылда 200-дің үстінде адам ұрлау фактісі болған екен. Қыз алып қашу Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында белең алған. Мәселен, өткен жылы тіркелген істердің 12-і осы Оңтүстік аймақтарда болыпты. Бірақ бұл көрсеткішті азайту үшін не істеу керек? Мамандардың пікірін әріптесім тыңдап келді.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Қазақстанда орта есеппен жылына 20-ға жуық қыз алып қашудың құрбанына айналады. Олардың үштен екісі оңтүстік аймақтарда анықталған. Сөзін алмай сезімін ұрлап білдірген күйеу жігіттің көбі ауылдық аймақтарда ғана емес ірі мегаполистерде де бар. Алайда Адам құқықтары бойынша уәкілдік, бейнелеп айтқанда бұл дерек көзге көрінген айзбергтің беті ғана дейді. Өйткені «қыз алып қашуды» дәстүрге балап бүркемелеп қалатын жағдай жетерлік екен. Сондықтан арнайы бап қарастыруды бас прокуратураға жолдаған.
    ЕРІКБОЛ БАЙҚОЖАЕВ, ҚР Адам құқықтары бойынша уәкілінің жамбыл облысындағы өкілі:
    - Бізде қылмыстық кодексте арнайы бап жоқ. Қалыңдық үшін ұрлау деген. Бірақ ҚК 125 бабы бар. Адам ұрлау мәселесі. Әрине, өйткені бізде сол бап болса егер де немесе бір баптың ішінде құрамдас бөлігі ретінде көрсетсе халық арасында қалыңдық ұрлау қылмыс екен деген сияқты. Бұл адам ұрлау қылмыс екенін біле бермейді тұрғындар арасында. Біздің дәстүрімізде жоқ ондай нәрсе.
    Дәл қазір қалыңдық ниетте не құлдық мақсатта не басқа жағдайда мәжбүрлеп адам ұрлау бәрі-бәрі бір ғана баппен ғана тіркеледі. Сондықтан нақты көрсеткішті болжап білу мүмкін емес. Ал қалыңдық алып қашу дәстүрі бар өзге Орта Азия елдерінде арнайы бап әлдеқашан қарастырылған. Мәселен, Қырғызстанда қыз алып қашсаң 5 жылдан 12 жылға, Өзбекстанда 3 жылдан 15 жылға, Түрікменстанда 4 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Тағы бір дерек, алып қашып кейін сөз жарасып кеткеннен соң да әйелдер шағым түсіреді екен. Дағдарыс орталығына жүгінер келіншектердің көптігі соған дәлел.
    АЙДАНА САТЫЛҒАНҚЫЗЫ, Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының заңгері:
    - 2024 жылдан бастап біздің дағдарыс орталығы 27 орыннан 51 орынға ұлғайды. Өйткені қазір сұранысқа сай қызмет алушы әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдердің орын саны жетпеуіне байланысты.
    Дей тұрғанмен жуырда ғана қабылданған әйелдер мен балалардың құқығын қорғау бойынша заң жауапкершілікті қатаңдатты. Тұрмыстық отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күшейтілген заңнамадан күтер үміт көп. Оған дейін дәл дәстүр жаңғыртқысы келген жастарға, алып қашып емес, қызды айттыра барып алуға кеңес береді.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 5

  • @user-vd2bk4tx9s
    @user-vd2bk4tx9s 13 днів тому +3

    Алып қашқан үшін жаза күшейту керек!!!

    • @svetlananusipovna4812
      @svetlananusipovna4812 13 днів тому

      ... 💚❤️🤍💜💛 Алып кашкан жок , урлады ! 🤨 Тапа - тал тусте тонап - урлауда товар сиякты ! 😱 ...

  • @user-zs1ny8wg4z
    @user-zs1ny8wg4z 12 днів тому +1

    Кызды алып кашуга зан шыгарган топастар кыз алып кашу кылмыска жатпайды.

  • @user-tg8sg3fs2x
    @user-tg8sg3fs2x 12 днів тому

    бул урлау емес оны суйгені