Ойшілік су электр станциясы
Вставка
- Опубліковано 9 лют 2025
- 1952-54 жылдары Семей облысы, Ақсуат ауданының Ойшілік ауылында Тарбағатай тауынан шығатын Тебіске өзенінде су электр станциясы салынып іске қосылған. Бұл нысанды Комсомол колхозының тапсырысымен Семейдің Сельэлектро мекемесы салып іске қосқан. Осы станция жұмыс істеуі үшін таудың баурайында өзеннің бойымен бір шақырымдық деривация каналы колхоздың күшімен салынған. Станция он бір он екі жыл жұмыс істеп елдің игілігіне қызмет жасаған. Бұл ролик сол станцияның қалай салынғаны, кім салған және қазіргі жағдайы туралы. Кешегі өткенімізден келер ұрпаққа үлгі болсын деген мақсатпен жасалып отыр. Роликте пайдаланған әуендердің тізімі 1.Сәкен Сейфуллин "Көкшетау" Елдос Мәсәлімнің орындауында 2. " Көк тудың желбірегені" әні Е. Зейпхан, сөзі А.Ахметбекұлы, 3. "Атамекен" Ескендір Хасангалиев 4.
Мейрамбек досым энергетик специалист болған соң гидроэлектростанциянын схемасына дейин корсеткен! Керемет кунды видео. ❤
Керемет,тарих,соны жаңғырту керек,болашақта.рахмеи бұл азаматқа
Менік әкем Ақсуаттағы алғашқы тракторшылардың бірі осындай тарихтағы оқиғаларыңыз үшін рахмет
Мықты!!! Өте мазмұнды тәрбиелігі мол бейне көрініс
Өте жақсы тарихи естелік, рақмет сізге Мейрамбек аға💥💥💥
Өте дұрыс айтасыз аға.Бала күнімізде ұзынбұлаққа баратынбыз.Асханадан тамақ ішеміз анамыз қой қырқатын көмекке барып бір екі күн көмектесіп қайтатын.Керемет сіз тарихи деректер жайында айтыңыз.Туғанбай ата менің енем Күлзия апаның ағасы,Кеңесғали ағаның зираты бәрі Ойшілікте.Жалғыз ұлы Серік Туғанбаев туған жездеміз.Атамыздың жатқан жері жайлы орны жұмақ болсын.Керемет тарихи өмір шындық әділдік .Риза болып тыңдадым.
Керемет!!!!👍
Туғанбаи атамыздаи халыққа еңбек еткен ешкім жоқ шығар ол кісіні көзі көрген адамдаржасаған жақсылығын еңбегін үнемі аитып отыратын ондаи адамдар қаида атамыздың жаны жəннатта болсын
Атамыз туралы жөқсы лебізіңіз үшін рахмет аға! Өмір жасыңыз ұзақ болсын!
Ел мен жердің тарихын түгендеп жүрген бұл еңбегіңіздің ұрпаққа берер тәлімі мол деп ойлаймын.
Аман болыңыз Мейрамбек аға!
Ақсуат ауданында, оның ішнде Құмкөл ауылында салынған алғашқы стратегиялық нысанды салу тарихын маман ретінде зерттеп, зерделеп, оны салу барысында атқарылған қарапайым ауыл адамдарының енбегін көрсетіп отырсыз. Атамыз бен ағамыздың атын атап, сіңірген еңбектерін айтып жатырсыз. Мейраамбек аға еңбегіңізге жеміс тілеймін. Бұл тарихи роликтың артында үлкен еңбек жатыр. Атам Батыршин Туғанбай мен ағам Кеңесқали Туғанбайұлының ұрпақтары атынан үлкен рахмет айтамын. Осындай жас ұрпаққа тәрбие беретін тарихи сүбелі еңбектеріңіз жарыққа шыға берсін.
Керемет еңбек, аға!
Әдемі, қызық әнгіме болды. Енді соны жастар жана технологиямен жанартса ғой, керемет болар еді, бірақ казір электрожелілер дамыған, қажеті жоқ шығар..... қасында ауыл мекен болмаса.
Тарихсыз - халық жоқ, халықсыз - тарих жоқ демекші, бұл да өткеннің бір ізі. Ал өткенді сіз секілді архив құжаттарын парақтап, кісісін түгендеп, үлес қосып жатқан адамдар қазір, өкінішке қарай аз. Еңбегіңіз берекелі болсын! Ауылсовет Туғанбай ағаны (Жанай) тура жанымнан көргендей болдым деп жатыр мамам (Құмкөлдікі ғой)...
Сәлеметсіздерме қатты қуанып қалдым,
Жалғасы бола ма
Таза адал басшылар болған
Ағалар мен үлкендер❤
@@МамишКульжикенова тағы бір видео Комсомол колхозы туралы дайындалып жатыр
@mekan53 туған жерім, мекенім
Керемет. Бұл станция қанша жыл жұмыс жасаған
11-12 жыл. Дұрыс күтіп ұстай алмай жап жаңа күйінде өшіріп тастаған. Видеода айттым ол туралы мұқият тыңдасаңжар!
Аға мына бейне ролик ауылдың тарихын, жергілікті халқымыздың еңбеккорлығын, қалай жақсы өмірге жеткенімізді баяндайды тағы бір айтатын жас үрпаққа керек контент. Орыс сыныбында (10кл) бағдарламада "Будущее энергетики Казахстана" деген тақырыпқа ой салады. Баламалы энергияның пайдасын көрсетеді. Ұстаздар өзі сабақтарына қолданатын әдістемелік өнім.
@@marattuleutaev2144 маке жөнді түсінбедім, қазіогі орыс класында ма? Будущее энергетики әрине ол адамзаттың юолашағы ғой. Бұл үлкен тема. Бірақ одан да гөрі маңыздырақ осы бар нәрсені үнемдеп ұстау. Қазір ауаны даланы жылытып жатырмыз, орыстар в трубу выливаем дейтін сөз бар ғой, соның кері келіп тұр.
Менік әкем Ақсуаттағы алғашқы тракторшылардың бірі осындай тарихтағы оқиғаларыңыз үшінә рахмет
Әдемі, қызық әнгіме болды. Енді соны жастар жана технологиямен жанартса ғой, керемет болар еді, бірақ казір электрожелілер дамыған, қажеті жоқ шығар..... қасында ауыл мекен болмаса.