[KZ] Team rigoN vs Team tabseN | Natus Vincere vs Team Vitality | IEM Cologne 2024: Гранд Финал

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 26 жов 2024

КОМЕНТАРІ • 36

  • @madiyar.zhasulanuly
    @madiyar.zhasulanuly 2 місяці тому +5

    Жалпы осы турнир осы жылдың ең қызық турнирі болғаны анық. Мен үшін ең үлкен сенсация болған ол G2 мен Spirit-тің бірден төменгі сеткаға түсіп кеткендігі. Сол G2-ді төменгі сеткаға 2:0 есебімен түсірген SAW командасы турнирді қыздыра түсті деп ойлаймын. G2 дан бөлек FAZE Clan ды ұшырып жіберді. Одан әрі соңында осы жылдың ең үздік финалы болғаны анық. Mirage картасындағы ойын тарихта қалды. Турнирды Play-in нан бастап түгелдей қарап шықтым. Өте керемет. Ең кереметі турнирді қазақ тілінде тамашалағанымыз. Дами беріңдер Paragon Events KZ!!!

  • @АяулымАнсатбаева
    @АяулымАнсатбаева 2 місяці тому +2

    Ең есте қалатын ол әрине қазақша жүргізушілер. Қазақша Кс көрген өте қызық
    Және әр коментатор өзінше ерекше, ол үшін улкен Ракмет
    Фейздін камбэгн айтпаска болмайды. Бул оте керемет тарихта калатын камбэк
    Saw командасының жартылай финалга жеткендиги бәрімізді таң қалдырды
    И әрине есте калар Финал. Нави жақсы ойын бірақ Виталити өз стильдерндн. Өте керемет Кельн
    Сіздерге улкен алгыс

    • @alievyt6832
      @alievyt6832 2 місяці тому

      Келісем. Қазақша коментаторлармен қызықты болды

  • @dexaieffect
    @dexaieffect 2 місяці тому

    Бул турнир менын ойымша кызыктылардын быры болды , жанеде толык корген турнирым деп санаймын. Бул турнирда оте коп сенсация , жанеде тангаларлыктай ойындар болды, басынан бастап навига сенп едым брак окынышке орай финалда жолдары болмай утылып калды.Сыздердын арналарынызга рахмет осындай оте жаксы комментаторларымен жаксы сапада корсететн стримдарынызга рахмет Paragon Events KZ Алга!!!!

  • @beka.17.17
    @beka.17.17 2 місяці тому +5

    Бұл турнир де есте қалатын SAW командасының ойыны болды. Бұл команда ел күтпеген ойын көрсетті . Әлемнің үздік командалары болған Faze Clan , G2 , The Mongolz , және BIG командаларын ойсырата жеңді .

  • @adiletkubeshov5241
    @adiletkubeshov5241 2 місяці тому

    Бұл турнирдің финалы есте қалардай болды. Mirage ах ах ах Сұмдық ойын бол. Navi сол катканы ұтқанда бәлкім сол финалды аларма еді, Бәлкім эх. SAW мен MAUZ командыларыда кураж ұстап біздерді таңғалдырды. Paragon Events KZ-ға көп көп рахмет қазақша тілде бізге турнирді тамашалауға мүмкіндік бергендеріне. Өте керемет. Разымын сендерге, тек Алға. Тағыда бір айтарым біздің еліміздеде осындай үлкен ареналар жасалып және сондай дәрижеде турнирлер өткізілсе екен. Мүмкін біздегіде киберспорт дамып кетер жақсырақ.

  • @islambekutesinov
    @islambekutesinov 2 місяці тому

    Бұл турнирде ең есте қалатыны бұл әрине бүгінгі финал деп ойлаймын , финал эмоцияға толы болды , екі команда да деңгейлес бір-бірінен қалыспайды өте керемет болды , және де бүгін бұл арнада жфир барысында бірнеше рекордтар орнатылды және оған біздің үлесіміз көп болды сол үшін мен қуаныштымын ❤

  • @sagansolkerekpane2886
    @sagansolkerekpane2886 2 місяці тому

    Есте каларлыктай турнир болды, асиресе казакша комментаторлармен сол ушин Paragon Events ка коп алгыс алдагы уакытта да бизбен бирге болыныздар. Кс турнирларды казакша комментатормен караган оте кызык маган унады

  • @DamonBakyt
    @DamonBakyt 2 місяці тому +1

    апекс осы турнирді 3 рет қатарынан ұтылды кезінде, бірақ бүгін осы турнирдың соңғы жеңімпаздарын ұтып алды. нави командасы қанша иықты болсада сағы сынып қалды. апекс 20 жыл бойы өзің осы кс ойынына арнады,және өте әдемі ойын көрсетті.

  • @Soul_piano-t3k
    @Soul_piano-t3k 2 місяці тому +1

    AleksiB-дің көз жасы , Apex-тің өз басы дей келе, бұл турнирдің ең жарқын, ең есте қалатын сәті ретінде, Кс2 сахнасында бұрын соңды болмаған финалды айтқым келеді!!!! Эмоциялар мен драмаға толы Мираж картасы, әр команданың жеңіс үшін талпынысы, хайлайтка толы Даст картасы, сен тұр мен атайын дейтін Нюк картасын көргенде Кс2 ойынына деген еріксіз махаббатың ашылады.Бұрын соңды болмаған финал деп 100% сенімділікпен айтуға тұрарлық. ”Алекси би мой любимый Алекси б, он снова не чемпион бест оф 5”. Осындай финалды қазақша тамашалауға мүмкіндік сыйлаған “Paragonkz” командасына үлкен алғыс!

  • @qaraygan
    @qaraygan 2 місяці тому

    Житудың жаңа құрамының көрсеткен өнері жанға жақты. Сау командасының перфомансы мықты болды, мутиристың б-сайдтағы клатчы турнирдің үздік хайлайты деуге келер. Нави миражда бәрін қырып жүр еді, финалда мықты ойнап жүрген апекс пен зайву екеуіне қарсы шықты. Ақыры қаншама овертайм болып, терлеп тепшіген ойын көрдік. Виталити жеңісі құтты болғай, бірінші орынға да, финалға да лайық ойын болды. Парагон ұжымына турнирді комменттеп шыққанына мың алғыс! Комментатордың акценті бар болғандықтан біраз хейт те, сындарлы пікір де болды, оған назар аудармай қоятын емес, турнир біткен соң қатенің бәрін түзеп, сапаны дамытуға назар бөлу керек. Тағы да алғыс, дами беріңіздер!

  • @dumansekibaev5845
    @dumansekibaev5845 2 місяці тому

    Жылдың үздік финалы, Алексиби мен im клатчтары, Роналдудың братишкаларының картопты жарганы❤G2 дың пышақтау сәттерімен есте қалғаны

  • @__nj__cs2
    @__nj__cs2 2 місяці тому

    Бұл турнир өте қызық өтті 👍
    Өзім бұрыннан navi дың жанкүйерімін.
    Соңғы уақытта бұл команда өздерін өтте керемет деңгейде көрсетуде
    Бұл турнирда да керемет ойынады
    Team play өте мықты
    Жалпы командалар да мықты ойнады
    Тек үмітті ақтамаған Team Spirit
    Олардан бұдан да мықты нәтиже күткен едік
    Бұл турнир мен үшін өте мықты тәжірибе және эмоция болды
    Көптеген смоктар үйреніп алдым
    Бұл турнирға және командаларға рахмет
    Және қазақ коментаторлары өте мықты
    Сендерге де үлкен рахмет🤝✊

  • @ROOM7s
    @ROOM7s 2 місяці тому

    Ең қызықты матч 100% Нави мен Виталити ойынығо мойындандаршы, Игроктар дірілдемек түгілі біз экран мына жағында дірілдеп кеттікқо ойбай кім ұтар екен ойбай кім ұтар екен деп😅. Есте қалатын ойын болған жоққо мынау,шытрман болып кеттіғо.Сосын көрермендер жалпы турнир оте жоғары деңгейде өтті көрермендер де лық толы коментаторлар аузында оқ толы,
    Жаңа серпін қолдарына жарықпен бізде Ин Ша Алла осындай деңгейге жетейік…
    Парагон каналы рекордтар құтты болсын 🎉🎉🎉 4 мың подписчик және стримда 1200 лайк…
    Үйде кімде ютуб бар барымен подсика жасадм тек алға дамыңыздар ұзағынан сүйіндірсін 2025-2026 жолыға бериік.

  • @nurz18
    @nurz18 2 місяці тому

    Турнир қызықты сәттерге толы болды. Португалияның намысын қорғап келген SAW аты шулы Faze командасын жеңіп жартылай финалға жолдама алуы және де қарсылас шақ келтірмей келе жатып Mouz ға жеңіліп қалған G2 командасы есте қаларлықтай қызық болды.
    Финал енді өз алдына қызық сәттермен есте қалды алғашқысы ол 2000 ге жуық қазақ тілді көрермендермен финалды тамашалау болды бұлда қазақ тілді аудитория үшін бір деңгей. Және де финалдық ойын енді соңғы финалдарға қарағанда керемет өтті. Клатч сәттер, интрига, қателік, эмоция, өкіну, тактика және де командасын соңғы сәтке дейін қолдаған көрермендер барлығы дерлік болдық. Мен үшін есте қаларлық турнирдің бірі болды. Рахмет саған IEM COLOGNE 2024 турнирі.
    Және де осындай керемет қазақ тілінде осы турнирді тамашалауға мүмкіндік тудырған Paragon Events KZ ұжымына мың алғыс!.

  • @amanorinbaev6039
    @amanorinbaev6039 2 місяці тому +1

    Бұл жылғы ойын күтпеген қызықтарға тола болды десем қәтелеспеймін. Өйткені ең мықты командалар керемет скилл көрсетті. Солардан ең есте қалғаны
    Кеше ғана болған Vitality командасының жеңісі мен таң қалдырды. 25 % сеніммен олар фаворит атанды. Zywoo & Apex тамаша ойын көрсетті.
    Тағы да қоса кететін жайт SAW командасының FAZE ге тойтарыс беру ең жақсы комбактардың бірі болды.
    ZYWOO vs NAVI ойынын корген сияқты болдым кеше.
    Paragon KZ дамый беріңіздер алға🎉

  • @kuatbekmuhanbetov4786
    @kuatbekmuhanbetov4786 2 місяці тому +2

    Мен ең алғаш толық қанды көрген жарысым және шешішу ойыным болды.Ең алғаш осы арнаға және арна жүргізушілерін алғыс білдіремін толық қанды қазақ тілінде жүргізгеніне қазақ тілін қолдап жатқандарға жастардың болашағына үлкен үлес қосатын арна деп үлкен сенімен айта алам дамуды тоқтатпаңыздар.
    Осы жарыс барысында маған өзіме ең қатты ұнаған осы шешішу ойын болды Нави және Виталити ойыны екі топта жеңісті онайлықпен бергісі келмеді соңына дейінгі таластар бірнеше қосымша уақыттар,бас бапкерлерді айла тәсілдері,ойыншылардың жанкештіліктері соңына дейінгі сенімдері мен жан кештіліктері өзіне деген сенімдері көздерінен байқалып тамаша көңіл күй сыйлады.Үздік ойыншы алған Зайвуды атап өтсек керемет нәтиже көрсетіп командасын алға сүйреді тағыда өзінің мықты екенін дәлелдеді.
    Болашақта осындай арналар көп болып дамып қазақ жастарының ,осындай үлкен жарыстарда болуына себепші ғана болуларыңызды тілеймін біздерден қолдау әр қашан тоқтаусыз болады.
    Лео кз дамы бер сол стример арқылы осы ойынға осы арнаға келді өзіне жеке алғысым шексіз
    Осындай жарыстар өзіміздің Қазақстан аумағында болуды нәсіп етсін!❤

  • @klausss6257
    @klausss6257 2 місяці тому +1

    Мен бұл турнирда СНГ ойыншыларының ойындары әлсіреп кеткенін байқадым өзіме солай көрінді.
    Мен үшін ең таң қаларлық жағдай фейз бен соу командаларының ойыны болды қалайша фейз соуды ұта алмады деген
    Фейз командасы керемек кобек жасағаны бекер болғаныма сонда деген ойлар келді 11-1 есебіннен
    Мен гранд финал ға г2 мен нави шығады деп ойладым г2 командасының керемет ойынан көріп қарсыластарына раунд бермей 13-2,13-1 есебімен еще подаркаға пышақ силап кеткеніне қарап😂🤣
    Фудболда еурода авто голдар көп болса,осв турнирда моняк чекотилалар көп болды бір бірін сойып қызықты сәттердің куәсі болдым😂 осындай көңіл күй сыйлаған парагон арнасына рахмет айтып кеткім келеді❤️ келесі турнирларды қазақша көреміз деген үміттемін 🫂 кешегі гранд финал нави жанкүйерлеріне ауыр болды ол сөзсіз бүкіл 5 ойыншы бірдей тилтқа түсу деген команданың ұтылысына акеліп соқты виталити құтты болсын заслужил👍

  • @Shohan-khan
    @Shohan-khan 2 місяці тому

    Мен үшін өте тартысты және қызықты турнир болды. Таң қалатын, қуантатын да мұңайтатын да сәттер көп болды. Ең қуантатыны - Apex-тің көптен күткен Кельн турнирін ұтқаны!!!! Ал турнирдің ең басты жаңалығы әрине ол - SAW командасы. Ешкім күтпеген нәрсені жасады, жарайсыңдар Криштианудың жерлестері😅. Бұл турнирде өте көп клатчтар болды. Ең есімде қалғандары: 1. Мутиристың 4ке 1 Нико позициясында жасаған клатчы. 2. JL- дің мираж картасында 3ке 1 қалған кезде, оның қолындағы Ак-47 қаруында 1 ғана оғымен жасаған клатчы. Ал енді финалға келетін болсақ, бұл осы жылғы еееең керемет финал болды. Айтарға сөз жоқ. Әр раундта клатч, әр раундта хайлайттар болды. Басындағы 3 картада аяғына дейін кім ұтатыны белгісіз болды.
    Сіздерге көп рахмет Paragon events командасы!!!!!!!
    Комментаторлар ТОП!!!!! Өте эмоционалды түрде жүргізді бұл турнирды. Комментаторларға әрқайсысына жеке жеке рахмет!!!!!!

  • @Abilbaev
    @Abilbaev 2 місяці тому

    Мен үшін Intel Extreme Masters ESL турниры ерекше асер алдым және парагон арнасыннан керемет жүлде ұтып алдым авп нео нуар скинын)
    Бұл турнирда маған G2 командасы ұтатын секілді көрнп еді 13-1 есебін тіркеп әр мачта пышақтап әдемі ойын көрсетіп ед брақ өкінішке орай тышқандар самурайлардан мықты болып шықты.
    Және фейз туралы айта кетсем оларда да мүмкіншілік болды бірақ SAW командасыннан айласын асыра алмады .
    Және кешегі гранд финал мен өзім навидын жанкүйерімін навидын бұлай тилтке түсед деп ойламадым вандерфул басын тік көтере алмай отырлы инфернода ехх симпл болғанда деген ойлар келед вандерфулдын авп мен қателіктерін көріп.
    Инфернода қосалқы раунд көргім келді брақ аралар оған мүмкіншілік бермеді .
    Және парагон ұжымына көп рахмет айтқым келеді осы турнирды қызықты қылып өз көрермендерін қуантудыда ұмытпады алдағы турнирлерді сіздермен қазақша өз ана тілімізде тамашалағым келеді бәріне рахмет дами беріңіздер👍❤️

  • @ArCHI_WestKaz
    @ArCHI_WestKaz 2 місяці тому

    Әдемі ойын болды

  • @sagansolkerekpane2886
    @sagansolkerekpane2886 2 місяці тому

    Бұл турнир спириттын кулдырауымен есте калды🥲 бұл турнир блэйдтын мыктылыгымен есте калды (былай карап турсан нави состав катты емеско) бұл турнир виталити мыктылыгын корсетты куттыктаймыз жане зайву озынын мыктылыгын корсетті 20сыншы мвпсын алды бұл турнир Португалиялыктармен таңқалдырды Saw курамасына 👏👏 Соңында және Paragon Events ке алғыс айтамыз және комментаторларға алғыс айтамыз. Қазақша контент жүргізіп, Қазақстанның киберспортына үлес қосып жатқан.

  • @filantrop01
    @filantrop01 2 місяці тому

    Жалпы керемет турнир финал г2 нави деп едім болмады😢 нижний сеткада монглз бен г2 ойын күтіп едім күтпеген апсеттер көп болды🤘 Фэйз бен ликвид топ матч бірақ сонша камбек жасап СОУдан ұшып кеткені обидно! Гг Апекс нт АлексиБоб🤜🏽 Вандерфул кателік тураласа финалға сай ойын көрсете алмады
    Жарайсыңдар жігіттер қазақша контент құлаққа жағымды әдеби сөздер көп қолданылса онданда әдемірек болар еді😄👍 Баса беріңдер жігіттер🎉

  • @Rasul4ikgg
    @Rasul4ikgg 2 місяці тому

    Бұл турнирдегі есте қалатыны ол:
    1) Андердог болып саналған Saw командасы жартылай финалға жеткені
    2) Spirit командасы ең бірінші ойындарында турнирден ұшып кеткені
    3) Сенсациялық камбэк Faze clan командасынан (1:11 Faze-Liquid)
    4) Navi-Vitality арасындағы тартымды қақтығыс , өтте қызықты өтті финал
    5) Комментаторлар дың жүргізгендері ұнады, Рахмет сіздерге❤
    Ал енді Blast showdown-да кездескенше😄
    Faze up ❤️

  • @AzaSatuk
    @AzaSatuk 2 місяці тому

    ESL Extreme Masters турниры сенсацияға толы болды
    фейздын ғаламат комбегі😍
    Гранд финалда Навидың 5 ойыншысыда тилтқа түсіп командағы тим спик жетіспегені көзге шоқ басқандай көрініп тұрды навидын бұлай дәрменсіз күйде көрмеппін вандерфулға авп бергеннен автомат беріп атыстырған жақсы сияқты ма деп қоям😂
    Бәрін айтта бірін айт осы турнир есімде қалары сөзсіз себебі ең бірінші кс го турнирды қазақша көруім 👍 оған себепші болған парагон арнасына көп рахмет🫱🏼‍🫲🏿
    Бұл турнирде пышаққа түске ойыншылар көп болды 😂

  • @zoldik7007
    @zoldik7007 2 місяці тому

    Good channel

  • @__nj__cs2
    @__nj__cs2 2 місяці тому

    Нави мықты ойнады 👍

  • @IamBahatry
    @IamBahatry 2 місяці тому

    Король миражи по любому остаётся Нави 👑

  • @BayzakhovSundet
    @BayzakhovSundet 2 місяці тому

    Осы турнирда бәріне күшті әсер еткен G2 тобы, бірақ мен үшін ғажайып топ ол SAW болды.
    Менің ойымша олар монғолдаран ұтылу керек еді, бірақ бір бірімен тен топтарда 2:1 болып SAW жеңіске жетті.
    Екі финалистке де қарсы ойын көрсетті, Навидын nuke картасын жеңіп алды, бірақ ұтылып қалды.
    Фейске қарсы матчта SAW бүкіл күшін салды, Мутиристын 1:4 кезіндегі клатчты алғанның айтсай, не деген атыс, а ол матчға Фейс қалай келген еді? 1:11ден, бірақ бұл жола олай бола алмады, матчта тек бір ғана жеңімпаз.
    Ал Виталикке уже қарсы Зайву жеп қойды оларды(

  • @strikegamingkz
    @strikegamingkz 2 місяці тому

    Бұл турнирде ең есте қалатыны ГРАНД ФИНАЛ десем қате айтпаймын.
    1-Нюк:16:14
    2-Даст:13:10
    3-Мираж:22:20
    Мен бұл финалды Counter Strike тарихындағы ең күшті финал деп санаймын.
    Wonderfulдың қателігі ,iM ның ойыны,zywooдың ойыны,Aleksibдың ойыны, қаншама клачтар,Навидын камбэкке кішкене қалуы,44раундтық ойын,эмоцияға толы ойын болды.Тағы да айту керек бір жанкүйер ойын барысында кейстен пышақ түсіріп алды,соның өзі эмоция.Бұл финал менің мәңгі есімде қалады

  • @ernartauas7653
    @ernartauas7653 2 місяці тому

    МВПны кім алды?

  • @MrDURAK
    @MrDURAK 2 місяці тому

    Турнирдин ен кызык жери скиндерди ким утканы жайлы пост салынган кези😁 азирге жолым болмады. Сонгы мумкиндик бугин…..

  • @Sancho00k
    @Sancho00k 2 місяці тому

    Леоның фанаттары лайк басып кетиңдер

  • @__nj__cs2
    @__nj__cs2 2 місяці тому

    b1t лучший

  • @КуляндаКалекешова
    @КуляндаКалекешова 2 місяці тому

    симплдын жоктыгы блынеды😢

  • @Sancho00k
    @Sancho00k 2 місяці тому

    1