ARO - Қимастық жыры (Live)

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 7 лют 2025
  • Сайттардағы бақылау: bfan.link/bask...
    Әні/сөзі: Арман Сейтжапбаров @aronewwave
    Produced by: Арсен Жауынбай @arsenzhas
    Гитара: Жандос Естай @zhandosman
    Дыбыс режиссері: Санжар Мұратұлы @sanzhar.wav
    Операторлар: Диас Нұрлыбекұлы @diasnurly, Таңатар Орынбаев @tancreat
    Монтаж: Абдолла Нұржан @dln_music
    Дистрибьютор: õzen @ozenxo
    Дизайн: Руслан Лебединский @insky____
    Локация: “Sen” studio @senvoicestudio
    Мың Алғыс!

КОМЕНТАРІ • 1,9 тис.

  • @АдилетРахат-й6л
    @АдилетРахат-й6л 2 роки тому +2198

    Өте ауыр ән. Бұл әнде толық бір тағдыр жатыр.
    Жігіт болсамда көзімнен жас шығып кетті өткенім есіме түсіп...
    Жігіттер сүйгендеріңді аялаңдар,сүйгендеріңді алыңдар...
    Арулар жігіттеріңді бағалаңдар
    ARO тек алға!

    • @erasilov77
      @erasilov77 2 роки тому +19

      Дурыс айтасың бауырым 👏🏻

    • @Ер-ТаргынОтеулиев
      @Ер-ТаргынОтеулиев 2 роки тому +31

      Мықты трассада жалғыз озин тындасам Бас кетет❤

    • @нурсатдосжан
      @нурсатдосжан 2 роки тому +58

      @@Ер-ТаргынОтеулиев Катты газовать етип жберме 😂😂

    • @qanagatrakhmatulla234
      @qanagatrakhmatulla234 2 роки тому +20

      Аттен барин кеш угынады еркектер … журек жарасы емделсегой ширкин

    • @ainaashekova7131
      @ainaashekova7131 2 роки тому +7

      Азаматтар сабыр қылыңыздар🥀🥲не деген сөздер😪Өте ауыр 😔Әзер тыңдадым😭

  • @aronewwave
    @aronewwave  2 роки тому +1010

    Әні/Сөзі: Арман Сейтжапбаров
    1-шумақ:
    Қою қоңыр күз
    Сені маған сағым қылды
    Бұғанам босап
    Сенсіз менің сағым сынды
    Оралма маған
    Оралуға кешіктік біздер
    Сен де және де мен де
    Жанымды тербе
    Жалғыздықтың ащы әуені
    Мінімді көрме
    Өзіңдікін ашшы әуелі
    Менің ішімде
    Қуыс жатыр толтырылмайтын
    Тоналған өзге жанмен
    Көпірі:
    Біз қуған арман
    Орындалмай қаза болған күн
    Ол мені жалғыз
    Бақытымнан айырған түн
    Қайырмасы:
    Ол сені ақ отауға ап барады
    Абыройыңды ақтарады
    Бір өкінбей от жанары
    Жақындауға оқталады
    Сонда сенің маған деген
    Ақ сезімің жоқ болады ма
    Сен одан өтінесің өкіресің
    Серуеніңе өкінесің
    Ала боздап таң атқанда
    Әйел болып жетілесің
    Мендік жүрек не тілесін
    Өзіңді өзің өлтіресің бе
    Әлде оны кешіресің бе?
    2-шумақ:
    Талай қоңыр күз
    Мені есептен жаңылдырды
    Нәзік сезімсіз
    Қошсыз көңіл, жаным мұңлы
    Ақырында іздеп
    Таптым кеткен ауылыңды
    Жақтым қайта үмітімді үзген
    Үміт жәй көру
    Хәл жағдай білу жайды ұғу
    Шалға шәй құю
    Ұғып қоярдан қаймығу
    Бір бала көрсем
    Менен бе екен деп ой құру
    Дәл солай болса егер
    Қан жұтып, қайғыру
    Көпірі:
    Біз қуған арман
    Орындалмас қаза болды күн
    Шал мені жалғыз
    Бақытымнан айырған түн
    Қайырмасы:
    Ол сені ақ отауға ап барады
    Абыройыңды ақтарады
    Бір өкінбей от жанары
    Жақындауға оқталады
    Сонда сенің маған деген
    Ақ сезімің жоқ болады ма
    Сен одан өтінесің өкіресің
    Серуеніңе өкінесің
    Ала боздап таң атқанда
    Әйел болып жетілесің
    Мендік жүрек не тілесін
    Өзіңді өзің өлтіресің бе
    Әлде оны кешіресің бе?

    • @monkey_d_luffy700
      @monkey_d_luffy700 2 роки тому +26

      Браво маэстро, бұл анық шедевр!

    • @monkey_d_luffy700
      @monkey_d_luffy700 2 роки тому +23

      Әні де сөзі де өзінікі, керемет жұмыс. Өнерің өрге домаласын!!!

    • @markrichard1408
      @markrichard1408 2 роки тому +7

      Керемет кой брооо

    • @Ернар-е8г
      @Ернар-е8г 2 роки тому +8

      1 тагдыр го мнау со тагдыр озындыкыме

    • @akhanseriyeva
      @akhanseriyeva 2 роки тому +9

      АРО тек алға, тоқтама, қайталанбас әнші/музыкантсың!

  • @tolganayanuarbek9453
    @tolganayanuarbek9453 2 роки тому +891

    Клянусь , ничего более чувственного и глубокого не слышала из песен современности. Я услышала не голос , а душу. Аро, дорогой Аро, откуда же ты такой взялся? Наверное эта песня одна из немногих , которая будет жить вне времени. Спасибо за шедевр… В самое сердце …

    • @makpal8861
      @makpal8861 2 роки тому +9

      Казакша боктандар

    • @gulshats.927
      @gulshats.927 2 роки тому

      @@makpal8861 юх

  • @toi-duman
    @toi-duman Рік тому +1150

    Талант қой бұл жігіт! 😍

  • @Mahabbat-z3x
    @Mahabbat-z3x 10 місяців тому +110

    Қазақ тілінін кеңдігі қандай
    ғажап😍😍

  • @Chelsea_Labrador
    @Chelsea_Labrador 2 роки тому +273

    Қазах тарихында есімің қалып кетсін БАУЫРЫМ!!!😢❤

  • @zeexqq
    @zeexqq 2 роки тому +80

    Неткен өмірлік ән?! Осы күнге дейін жігіттердің қызды осынша сүйетіндігін көрмеппін. Тағдыр қызық-қызық. Сен сүйген өзгемен бақытты болады.

  • @ДосболатЕргалиев-м8к
    @ДосболатЕргалиев-м8к 2 роки тому +866

    Гитарист тоже красавчик, сұмдық әрлеп отырды өлеңді 👍

  • @comissarofsolomon3215
    @comissarofsolomon3215 2 роки тому +460

    как красиво твой казахский язык льётся, сладость для ушей. дай Аллах тебе верного пути и самого настоящего музыкального креативного творчества

  • @Dami765.
    @Dami765. Рік тому +15

    Мұқағали ден кейін осындай өлең жазатын жан барына ризамын!Сен біздің заманға берген сыйсын.Рахмет мың алғыс!!!

  • @awesomedude.1621
    @awesomedude.1621 2 роки тому +718

    😢🥵😍Один из недооценённых музыкантов нашей страны,это просто шедеврально 🎉очень крута только вперёд

    • @zhalgaspatikhov1126
      @zhalgaspatikhov1126 2 роки тому +16

      Оценивают народ

    • @mafia8824
      @mafia8824 2 роки тому +11

      Его не успели даже оценить алле он недавно появился

    • @jamesgames8249
      @jamesgames8249 2 роки тому +7

      @@mafia8824 не шариш не пиши да брат

    • @bahralasrar
      @bahralasrar 2 роки тому +3

      @@mafia8824 он уже больше 2 лет в индустрии

    • @ВиталийКотельников-г7ч
      @ВиталийКотельников-г7ч Рік тому +1

      Спасибо большое. Это отлично.

  • @magajubatkhan7590
    @magajubatkhan7590 2 роки тому +275

    ARO, 28 жасыма дейін мұндай шедевр естіп көрмегем. Жүректен жүрекке жетті, тоқтама осы бағытта. Әрі қарай шығармашылық табыс тілеймін, эстрадағы ПСЕВДОәншілерден көрі 1040 есе артық 👍👍👍👍👍👍👍

    • @qqqnnn
      @qqqnnn Рік тому +2

      Дурыс

    • @Akkozhekk
      @Akkozhekk Рік тому +4

      28 жасымда өлеңнен әсерленіп жылаймын деп ойламаппын🥺

    • @magajubatkhan7590
      @magajubatkhan7590 Рік тому +1

      @@Akkozhekk сол ғой сол)

  • @yedil_myrza
    @yedil_myrza 2 роки тому +589

    Масқара талант 👏. Не деген дара орындаушы 👍👍👍

  • @blackwhite2988
    @blackwhite2988 2 роки тому +20

    өлеңді тыңдааап отырсам төрт адамның тағдыры айтылғандай, жігіт, қыз, күйеу және сәби.
    өтее ауыр ән, өлеңді тыңдап отырып, көз алдыма елестеді ғой, Құдай ешкімнің басына бұндай қайғы бермесін.

  • @martadavlrtiyarova8871
    @martadavlrtiyarova8871 2 роки тому +102

    Керемет дауыс. Қоңыр үн жан, жүректің жарасын жеткізді! Сезіне алдым!😢 реніш, қайғы, ашу, сабыр, өкініш, махаббат сезімдері бәрі бір өлеңде жеткізеле алды! Браво👏🏻👏🏻👏🏻

  • @MagaProstoy
    @MagaProstoy Рік тому +19

    Нағыз ер азаматтар түсінеді ❤ әрбір нағыз ер тындаса тек жалғыздықта ғана тындай алатын ән. Біз еркектер ешкімге ішіміздегін көрсетпейміз. Тек жалғыз отырып тындайтын ән екен 🎉🥲бақытты болсын 🥲👍🙋✋

  • @AialaKunbolat
    @AialaKunbolat 5 місяців тому +88

    Мағынасын түсініп тындаған адамға ауыр

  • @syrman20
    @syrman20 2 роки тому +68

    Не деген ән, мағыналы мәтін. Жүрекке тиді. Өнеріңіз өрге жүзсін! Сәттілік!❤❤❤❤❤

  • @Айгерим-е3я8м
    @Айгерим-е3я8м 2 роки тому +87

    Бір ғасырға жетерлік қасіретті көрсете, мұң мен зарды естірте алатын ЕСТІ ӘН екен...
    Қасіретті, құдіретті!!!

  • @РустемОспанов-и9ш
    @РустемОспанов-и9ш 2 роки тому +8

    бұл шығармашылық заманауи терме десем қателесетін шығармын, бірақ дәл осындай шығармаршылықты жастарға терме ретінде тыңдату керек! АРО-ға сөзім жоқ, тек қуанышым шексіз осындай жігіттеріміз бар болғанына, тіл-көз, дұшпандардан аулақ🤲

    • @the_karol
      @the_karol 2 роки тому

      Мағансы уятсыз

  • @akbotabekzhunis4651
    @akbotabekzhunis4651 2 роки тому +44

    Тұла бойдан өткені ерекше байқалады! Аро, браво✨

  • @moldirerzhahanova7287
    @moldirerzhahanova7287 2 роки тому +12

    Тамаша, қандай музыка, әннің сөздері. Оны берілңп айту! Өте керемет шыққан туынды. Әндегі шалды менде жеккөріп кеттім. Недеген бақытсыздық әкелген күз еді, эх.

    • @nursmitk9412
      @nursmitk9412 2 роки тому +2

      Сондай калай шалдың кандай катысы бар түсіндіріп жібереазба

    • @МақсатОңталап-ц8ъ
      @МақсатОңталап-ц8ъ 2 роки тому +1

      @@nursmitk9412 текстте бар

    • @moldirerzhahanova7287
      @moldirerzhahanova7287 Рік тому

      @@nursmitk9412 кешірерсіз кәзір көрдім сұрағыңызды. Әнде жігіттің жақсы көрген қызын алып қашып кеткен. Сол түні зорлықпен, арын таптап, қорқынышпен қалдырған. Ең сұмдығы ол бір жасы үлкен ерадам. Енді жас жігітпен салыстырғанда әлдеқайда үлкен. Шал мені бақытымнан айырған түн беп сол мағынада айтылған.

  • @aigerimormankhanova7067
    @aigerimormankhanova7067 2 роки тому +51

    Мен калай мынандай талантты естимей кормегенмын ❤
    Әәәй өткен қыймас сағыныштарым ай , Жылт етіп бір сәтке артқа қайтсаңғой, сол кездердің дәмін бір сезінсем, шіркін айй

  • @ZakidaShoiynbekova
    @ZakidaShoiynbekova Рік тому +2

    Өте керемет әсер береді екен осы сөзді оқып отқан барша туысқандары бауырлары ата әжесі ана әкесі аман болсын

  • @zhamanemes
    @zhamanemes 2 роки тому +116

    Құдай куә мынау 24 жасыма жеткелі бері тыңдаған ең үздік LIVE орындау. Брателло если ты это читаешь знай это мировой уровень. продолжай в том же духе, с сегодняшнего дня твой слушатель

  • @mirqss
    @mirqss 2 роки тому +7

    Мәтін, дауыс, өлең, гитараның үні бәрі ауыр! Өте ауыр өлең. Бұл деген масқара талант.

  • @shikaren_6659
    @shikaren_6659 Рік тому +37

    Шынымен көзіңе еріксіз жас келеді ,бұл жолы көзден🥲 Керемет ән , АRO бір өзіңдік стилі бар 🔥

    • @Akkozhekk
      @Akkozhekk Рік тому +2

      🥺 жылауықтар біргеміз)

  • @ДосанбайЕлжас
    @ДосанбайЕлжас 2 роки тому +9

    Елдің көркі ақ тоты, бір баласың
    Қай дұшпан көзі қиып жамандайды. Аман бол Армантай👌

  • @СапаргульИюхановна

    Қазақ тілі неткен қассиетті, құдіретті, әдемі.❤❤❤❤❤ тіліңізді қадірлеңдер, жандарым жастар, біз совет өкіметінің тілімізге балта шапқанда өсіп жетілдік. Сендер тәуелді елдің қазақтарысыңдар ғой.❤❤❤❤❤❤

  • @Айгерім-е1ж
    @Айгерім-е1ж 2 роки тому +73

    Қайырмасы "Махаббат,қызық, мол жылдардағы" Меңтайдың тағдырына ұқсаса, 1 және 2-шумақтары Сәлиманың тағдырындай екен. Мына өлең 1944 жылы Ерболдың ауылына барғандағы монологына дәл келеді екен😪
    Авторға,композиторге,гитаристке,әншіге респект!🔥

  • @Wave554
    @Wave554 2 роки тому +151

    Өз ойым.
    Екі ғашықтан бөлек олардың ата-анасы,туысы бар. Қазақ болған соң араласпай отыратындары екі талай,шетелдегідей 18-ге тола сала жауапкершілікті өздеріне бере бермейді. Жігітті ез,жауапсыз деуге келмес. “Оралуға кешіктік біздер сен де,мен де” деп отқасын барынша күрескен деп ойлаймын махаббат үшін. Ұят,ұят деп өсіреді біздің менталитет. Алып қашқан қыздың ол Отауды аттап шыққанын да соның біріне жатқызады. Тәрбиесінен аттап,кетіп қала алмаған шығар? Қуғыншылар барған жері жақсы болғасын қинап қалдырған шығар? “Бақытты болып кетесің,бізде осылай келгенбіз,осыдан табалдырықты аттасаң бақытсыз боласың” т.б. сөздер таныс шығар сіздерге. “Әйел болып жетілесің” дегенге қыз тұрмыс құрмайынша “әйел” статусын алмайды! Қыз болсын,болмасын. Физикалық тұрғыда бәлкім я әйел шығар…
    “Жақтым қайта үмітімді үзген”… Тұрақты адамы,сүйгені бар еді. Бір мезетте бәрінің күл-талқаны шықты. Екі адам “ЖҚ” түскен соң энергия алмасады. Плюс ол тұрақты болса,оны үзу қиын. Я, қыздың арына өзі жауапты еді,бірақ “әйел” статусын басқа адам берді. “Бір бала көрсем,менен бе екен деп ой құру” деген соң бәрі айдан анық. Ұрығын сеуіп үлгерген болып тұрғой. Солай болса, өзінің ұрпағының басқа шаңырақта,бөтен еркекпен тәрбиеленіп жатқаны,басқа адамды “әке” деуі әрине “қан жұтып,қайғыратындай” жағдай. Жігіттерге қатты әсер ететін жағдай деп ойлаймын.
    “Харам” ара-қатынастың соңы әрдайым “бақытты” аяқтала бермейді. Дін тыйым салған нәрсеге жолағасын, жазалары осылай болған шығар. Бір ойым-қыздың аяғы ауыр екенін біліп, анасы әдейі бай жерге,ақыл тоқтатқан кісіге беріп жібердіме деп. Жүрген жігіті алып-ұшып тұрған жас жігіт болған соң жақтырмай,тең көрмеген болар.
    Адамдардың пікірлерін оқи отырып жазған ойым. Әр адам әр түрлі… Бірінің басынан өтіп жатыр,бірінің сүйгенін алып қашқан,бірі осы әуенмен “физикалық зорлық” көргенін жеткізуде т.б өте көп. Барлық әннен “оптимизм” іздеу шарт емес деп ойлаймын. Жасөспірімдер тыңдаса да,мағынасын ұғады деп ойлаймын. Қазіргі жастар ақылды үйткені! “Құран” кітабымызда да айтылған “бақытты күндер мен бақытсыз күндер” алмасып отырады деп. Бәрі тек жақсы,әдемі,керемет бола берсе қадіріне жетпес едік. Всем добра🙏🏻

    • @thisiselonmusk9029
      @thisiselonmusk9029 2 роки тому +5

      Керемет коммент сізге қосыламын өз ойыңызды керемет жеткізе юілдіңіз оны мен қоймай тура менің ойымдағы мәселені ашық жеткіздіңіз керемет сөз жоқ

    • @НуртореНуржанов
      @НуртореНуржанов Рік тому +2

      Ема братан не жазгасын

    • @guldguld2524
      @guldguld2524 Рік тому +15

      Ойбаййй кітап окыгандай окыдымгой, керемет шешип, тарауын таркатып, жік жікке койдыныз ау.

    • @Wave554
      @Wave554 Рік тому +1

      @@guldguld2524 рахмет😅

    • @КуралайОленбаева
      @КуралайОленбаева Рік тому +4

      Тамаша орынды комент екен

  • @aronewwave
    @aronewwave  2 роки тому +3361

    Платформаларға шықсын ба?

  • @niyazoff6618
    @niyazoff6618 2 роки тому +103

    Низкий поклон 🙏🏻
    Спасибо огромное за музыку

  • @опрстрстпо
    @опрстрстпо 2 роки тому +4

    Токтама , шаппп, алға баса бер тек. Ешкімге ештемеге қарама. Аман бол бар бол.

  • @АкмоншакМуханбеталиевна

    Керемет ән!! Көз алдыма "Махаббат қызық мол жылдар" кітабындағы Ербол мен Меңтайдың өмірі елестеді..

    • @МонаЛиз-и8ю
      @МонаЛиз-и8ю 2 роки тому +6

      Ерболдың бірінші жүрген қызы бар еді ғой, сол есіме түсті 😢

    • @dianasistai6735
      @dianasistai6735 2 роки тому

      ко?

    • @-.3888
      @-.3888 2 роки тому

      @@МонаЛиз-и8ю салима....

    • @-.3888
      @-.3888 2 роки тому

      Иа😭😭

    • @ssjjwhy8820
      @ssjjwhy8820 2 роки тому +2

      @@МонаЛиз-и8ю байғұс Сәлима😓

  • @MsQonsuelo
    @MsQonsuelo Рік тому +49

    Как проникновенно...этот парень давно уже должен быть известным...как он поёт 😢 плачу

  • @ТимурТастлеков-ъ9е
    @ТимурТастлеков-ъ9е 2 роки тому +81

    Очень эмоциональное исполнение, браво 👏👏👏

  • @shadeeyar
    @shadeeyar 2 роки тому +61

    Деңгейлі🔥 Өте керемет😍

    • @nurdostolysov2708
      @nurdostolysov2708 2 роки тому

      @@АнатолийГарманов-ш8ь пошоле

  • @dinmukhamedtezekbayev4767
    @dinmukhamedtezekbayev4767 2 роки тому +18

    өте керемет, қазақтың әні астарлап ауырды өзге сөзбен жасырып айтатын дана ғой, шіркін. Бір дәстүр деп неше махаббат күл боп сөнген екен аталарымыздың арасында… Қаңтар жайлы да ән шықса-екен өзіңнен, Аро бауырым

  • @gulnara9309
    @gulnara9309 2 роки тому +8

    Жарайсың жүректен жүрекке жеткіздің, талабыңы нұрай жаусын! Биіктерден көріне бер!

  • @Sarsenbai-om3pf
    @Sarsenbai-om3pf Рік тому +3

    Әрбір жанда бір қимайтын жан болады ешкімге...
    Керемет әуен мағынасы терең, орындауы сөз жоқ

  • @qaraqalpaqstanlastirilganlar
    @qaraqalpaqstanlastirilganlar Рік тому +10

    Нокисте ТЮЗда сахнага койылган Мухтар Ауезовтын "Каракоз" спектаклинин саундтреги болдыгой. Казах бауырларымызга Каракалпак елинен жалынлы салем ❤❤❤

  • @zizuwildrift2285
    @zizuwildrift2285 2 роки тому +20

    Дауысын кандай керемет.Оте талантты жигит,Сиздин творчестванызга гашык болдым.Тек биктен корине бериниз.МЕн ушин Казакстандагы номер 1 анши.Кимастык жыры анин кунде 100рет тындайм,керемет ан

  • @lavandeterre7312
    @lavandeterre7312 Рік тому +81

    Absolutely gorgeous... I discovered you on Spotify. So heartfelt, the Kazakh language flows like heaven ♥️

  • @Кенжегул-д2й
    @Кенжегул-д2й 2 роки тому +4

    Недеген ерекше ән. Мұндай ән естіп көрмеппін. Ауыр тағдыр. Аро жетістікке жет. Керемет орындау.

  • @kaisarmuratuly9337
    @kaisarmuratuly9337 2 роки тому +51

    Үздік орындау!🔥🔥🔥
    Саф сезімнен шыққан керемет туынды!👍🏻🔥💔

  • @Айка94-ю3к
    @Айка94-ю3к 2 роки тому +14

    Коз жасымды арен тыйдым гой Рахмет журекке жетти .Бир тагдырды бейнелеп бердиниз

  • @qaimaqtv2199
    @qaimaqtv2199 Рік тому +12

    ARO❤️.
    Бұл неткен мұңды ән еді?!
    Қаншама қыздың тағдыры осы бір әннің ішіне сыйып кетеді💔!!!

  • @МуратбекПаязов
    @МуратбекПаязов 2 місяці тому +3

    АЛГАЧ ЫРДЫ УККАНДА ЖУРОГУМ АЯБАЙ ООРУДУ. ОТТО ООР ЫР.
    АРО ИЙГИЛИК САГА

  • @БейбарысАханов-ы9м
    @БейбарысАханов-ы9м 2 роки тому +113

    Жүрекке жететін мәні бар ән өзінің де жаны тербеліп отыр ғой рахмет

  • @Aigerim98021
    @Aigerim98021 Рік тому +5

    Өте әсерлі ән... 😭😭😭
    Жаныңа батады, ауыр сезінесің өзіңді, еріксіз жас келеді екен...

  • @erdauletkablanbek1390
    @erdauletkablanbek1390 2 роки тому +7

    Балалық Махаббатым быраз нəрсе есыме салды😭😢 Рахмет баурым

  • @Нурлан-ф4д
    @Нурлан-ф4д 6 місяців тому +1

    Үлкен мән мағына бар өлең, мектеп кезінен 8 жыл жүрген қызымда осындай тағдыр өткен басынан, өкінішті, қатты өкінішті

  • @area13kzkzkz
    @area13kzkzkz 2 роки тому +19

    басында просто так тыңдап өтіп кетіп едім, енді басынан соңына дейін тыңдадым.
    Жақын-жүрекке жетті!!!!

  • @НурсулуСайлаубеккызы

    Тагы андеринизди кутип журмин!!!Оте керемет ан,журекке жеткизип айтатын жалгыз анши

  • @nazerkerakhymzhan3631
    @nazerkerakhymzhan3631 2 роки тому +18

    Өнерлеріңізге нұр жаусын! Жүрек қылын шертер әндеріңіздің қатары толыға беруін тілеймін)

  • @bababekakhmetov7529
    @bababekakhmetov7529 Рік тому +2

    Өзіміздің Шиелінің тумасы гой!!! Алға Аро!

  • @auezdaniyarov2992
    @auezdaniyarov2992 2 роки тому +9

    Аро өте керемет, жоғары деңгейдегі орындау, жүректен орын алды әнің! Рахмет саған. ӘННІҢ НАҚТЫ ТАҒДЫРЫН БІЛЕТІНДЕР БОЛСА ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАЗЫП КЕТСЕҢІЗДЕР ЕКЕН, РАХМЕТ АЛДЫН АЛА 🔥❤🙏🏻

    • @АрнатАйнабек-е1в
      @АрнатАйнабек-е1в 2 роки тому

      Мен осылай болжадым
      Арман және оның қызы күзде қыдырып жүрген жерінен Арманды қорқытып қызды көлікке салып ұрлап кетеді. Қаншама жыл бойы Арман қызды іздеп табады. Барса қыз Шалға шай құйып соған қызмет етіп жүр. Олар қыздың басынан ұрып істетпей қойған, ол қыз Арманды танымай қалады, кетіп бара жатқан жерінен баланы көреді, содан одан сайын қиналады.

    • @АнарИкматова
      @АнарИкматова Рік тому

      Үйленейін деп жүрген қызын алып қашып кеткен. Соған шығарған әні

  • @lazzatlazzat8700
    @lazzatlazzat8700 2 роки тому +8

    Мынау сұмдық масқара мұңдығой..... Жыладым әбден. Браво!

  • @farizashamshi3177
    @farizashamshi3177 2 роки тому +63

    Еріксіз көзге жасыңның қалай келгенін сезбей қалу 🥹 Аллам сіздерге күш қуат берсін. Таланты мен талғамы жоғары Аро🔥 Өнеріңіз өрлей берсін👍

  • @zvezdochka0014
    @zvezdochka0014 2 роки тому +9

    Шедевр! Браво! Эмоция сыйлағаныңыз үшін, керемет ән, орындау үшін рахмет 🤍

  • @ademazhanatova5971
    @ademazhanatova5971 Рік тому +3

    Өте мағыналы ән екен тіпті жәй тұрған күйіңді ішкі сезіміңді сілкіндіріп жібере жаздады өте тамаша қаншама астарлы қыздың тағдыры махаббат жәйлі ән қозғалыпты оте керемет шабыт тілебім 💜

  • @СабираТ-у5в
    @СабираТ-у5в 5 місяців тому +2

    Осы әнді естісем жүрегімдегі бір қаяу мұңым қозғалп көзиме жас келеді керемет ән ❤

  • @neonomad9786
    @neonomad9786 2 роки тому +16

    Ағатай, өнеріңіз көкке шыға берсін🤗❤️🔥

  • @Zhuldyznurmash
    @Zhuldyznurmash 2 роки тому +11

    Өте ауыр өлең, жүрекпен бірге жанда, көзде жылады ғой!

  • @drinmusic2869
    @drinmusic2869 Рік тому +9

    Басты кетіріп тастады мына өлең ❤❤❤

  • @АрайлинДжалалова
    @АрайлинДжалалова 3 місяці тому +1

    Жанымды тербе, жалғыздықтың ащы әуені🖤

  • @bekbolatseilkhan7349
    @bekbolatseilkhan7349 2 роки тому +51

    Не возможно представить сколько боли в этих текстах

  • @КуанышБайбосынов-ч3о

    Осылай бари жанды айтса. Аншилер силы болар еди. Еки бири анши го каз. Керемет дауыс анши деп осындай таланттарды айту керек

  • @KimChi-dg9zt
    @KimChi-dg9zt Рік тому +4

    Не істейсің адамның эмоциясымен, Аро? Өлтіретін шығарсың. Әннің сөзі мағынасы былай тұрсын, просто чувствонно орындап отырғанның өзі керемет қой!

  • @baglannurlanuly
    @baglannurlanuly Рік тому +1

    Е-е-ех, жастық жақ. Албырт сезім. Қайта келмес күндер..

  • @gulidavletmuratova6805
    @gulidavletmuratova6805 Рік тому +6

    👏🏼👍🏼 песня настолько тяжёлая и в то же время очень трогательна, залетела и подсела на душе 🥹🥹 удачи вам 🤗

  • @madinakeneskul1502
    @madinakeneskul1502 2 роки тому +4

    Оте асерли шыккан😢😭Молодец Тек биіктеген корине бериниз!

  • @БекжанЖайсанбай

    Эмотция🔥
    Реакция🔥
    Орындау🔥
    Гитарист🔥
    Душа🔥

  • @zhanarns
    @zhanarns Рік тому +3

    Не деген қайғы... не деген әуені сөзіне сай ән, орындалуы керемет!

  • @Батырхан-р7г
    @Батырхан-р7г 2 роки тому +7

    Не песня а спектакль. Рахмет !лучший

  • @Хамза-е9т
    @Хамза-е9т Місяць тому +1

    Кыздыгынан айырлылган кыздарга арналады.

  • @ЕрмуханАйдар-г7к
    @ЕрмуханАйдар-г7к 2 роки тому +11

    Жүректі бір ұстап
    Жыбермейтін ән
    Дауыс деген бір
    Естісен мәңгіге сақталатын
    Жәнеде жазылған ән
    Керемет жүректің ең терең
    Жеріне кіреді

  • @NOB-19-91
    @NOB-19-91 Рік тому +2

    бұл жігіттің түрі мен дауысы тек осы ән үшін жаралған. басқа әнін қабылдай алмайды екенмін)

  • @SabinaNaralkhan-v1e
    @SabinaNaralkhan-v1e 2 місяці тому +2

    Мағынасын енді түсіндім ғой, керемет ❤

  • @maksss4449
    @maksss4449 2 роки тому +6

    Өте ауыр ән екен , жүректен шыққан ән әрқашанда қиын боладығой орындау
    Аро красавичик , сағың сынбасын!

    • @Nur-91
      @Nur-91 2 роки тому

      Ютуб арнама подписать етіңізші:

  • @ЖурсынбекКуатбек
    @ЖурсынбекКуатбек 2 роки тому +1

    Тұріктің ТУТАМАС өлеңіне ұқсап кетеді екен ӨЛЕҢнің мағыналарыда....Жақсы өлең!

  • @qarakozym
    @qarakozym Рік тому +3

    Тек махаббатпен турмыска шыгыныздар кыздар жыгыттергеде айтарым осы багаланыздар бар кезынде окыныш болмас ушын ❤

  • @qazaq-wp3sx
    @qazaq-wp3sx Рік тому +6

    Шығармасы аур екен, орындап ала-алдыныз керемет.👍🤝👏

  • @АйсулуДуйсегалиева

    Керемет туынды, жеткізуі керемет, мәдени түрде. Таза қазақша салмақты өлең
    Кезіндегі өлеңдер секілді

  • @WTFFF1
    @WTFFF1 2 роки тому +20

    Құлақтың құрышы бір қандау
    Ағасы тоқтманыз 🙌

  • @adams0101
    @adams0101 2 роки тому

    Басында тында ғанда мән бермеген едім, отырып толық тындағанда мағынасын түсіндім ғой. Өте ауыр өлен екен.

  • @dimashkairat4889
    @dimashkairat4889 2 роки тому +6

    Казргы тындап откан кездеги сезимимди Айтып жеткызе алмайм...
    Красавчик ырзамын устинен тустын Аро

  • @theNomadKZ
    @theNomadKZ Рік тому +2

    Не деген талант, сози де, орындауы да керемет!

  • @МадиЗакиров-б9ю
    @МадиЗакиров-б9ю 2 роки тому +40

    Казахи вы очень талантливый народ я был в Туркестане там самый добрые люди я вас не забуду😘🤗 привет передаю из Вашингтона дейтиндерге айтарым__.........)

    • @017_kazakh
      @017_kazakh 2 роки тому

      😆😆😆😆😄👍

    • @ИльяАнтонович-г7х
      @ИльяАнтонович-г7х 2 роки тому

      СЛАВА РОССИИ КАЗАРСТАН ВПЕРЕД В СОСТАВЕ РОССИИ😊 ВЕСЬ СНГ НАШ ОБЩИЙ ЯЗЫК РУССКИЙ ЯЗЫК✊🏼

    • @ERASYL-nw3sd
      @ERASYL-nw3sd 2 роки тому +7

      @@ИльяАнтонович-г7х с твоем сне только)орк

  • @АйкүнімҚалқаман
    @АйкүнімҚалқаман 11 місяців тому +1

    Не деген керемет ән, керемет орындаушы👍😍 Аро👏

  • @ЖомартАнарбайұлы

    Күз, кеше ғана ұзатуға шақырту алдым, зая кеткен 5 жыл, бірге күліп, бірге құлап, сөзіміз бір жерден шығып, көзбен түсінетін едік, білмеймін, маған неге ертерек айтпағанын, түсінбеймін! Жұмыспен алданып жүрмін, жүрегім тұншығып жұтынамын, бір нәрседен қапы қалғандай, жеңілгендей болып жүрмін. Бақытты бол!-деп жаздым, өзімді сындырмадым. Ештеңе де сұрамадым, кім екен деп те! Мейлі... Адам аласы ішінде деген осы екен ау шіркін...

    • @Кайрат-к6ю
      @Кайрат-к6ю 6 місяців тому +1

      Сиздин комент еки жерден оқыдым, сиз де бахытты болыңыз. Сиздин де басыныздан осы жайт отип жатырган сияқты

    • @01yerkin
      @01yerkin 5 місяців тому

      🥺🥺🥺

    • @donkarleon7069
      @donkarleon7069 5 місяців тому

      Тиктоктан келдым брат амансынба жалпы?

  • @OlgaOlga-bj7vs
    @OlgaOlga-bj7vs 2 роки тому +2

    Аро,рақмет сізге үлкен!
    Жүрекке жетті,жылап та үлгердім!
    Менің түсінгенім бойынша,қыз шалға тұрмысқа шығып,жүріп жүрген жігітін тастап кетеді.
    Әр бір сөзі өте ауыр.Тыңдап отқанда өлең емес,бір спектакль тыңдап отқандай.Бұрын соңды бұндай керемет шедеврді көрмеппін.Жолыңыз болсын,ал біз сізді әрдайым қолдаймыз!
    much love!

  • @BADBOY-ws5br
    @BADBOY-ws5br 2 роки тому +6

    Ауыр ауыр

  • @arujilkisheva2835
    @arujilkisheva2835 Рік тому +1

    Бұл ән “Ерлі-зайыптылар” кітабындағы қыздардың тағдырын айқындап тұрғандай. Бұл тек әйелдің сезіпі туралы болған соң еркектер не сезінді екен деп ойлайтынмын. Дәл осы әнмен зорлықтың күшімен сүйгенінен айрылған жігіттердің жан күйін сездіргендей.

  • @STQ_Qz
    @STQ_Qz 2 роки тому +6

    Қосылмаған жүректерге арналады 🖤

  • @ТурсынайИзтелеуовна

    Қоғамда болып жатқан жағдайды әдемі жеткізген💔 Алла әр қыз баласын дұрыс жолдан адастырмаса екен

  • @almat_amanbai
    @almat_amanbai 2 роки тому +13

    Қою қоңыр күз
    Сені маған сағым қылды
    Бұғанам босап
    Сенсіз менің сағым сынды
    Оралма маған
    Оралуға кешіктік біздер
    Сен де және де мен де
    Жанымды тербе
    Жалғыздықтың ащы әуені, мінімді көрме
    Өзіңдікін ашшы әуелі
    Менің ішімде, қуыс жатыр толтырылмайтын
    Тоналған өзге жанмен
    Біз қуған арман
    Орындалмай қаза болған күн
    Ол мені жалғыз
    Бақытымнан айырған түн
    Ол сені ақ отауға ап барады
    Абыройыңды ақтарады
    Бір өкінбей от жанары
    Жақындауға оқталады
    Сонда сенің маған деген
    Ақ сезімің жоқ болады ма
    Сен одан өтінесің өкіресің
    Серуеніңе өкінесің
    Ала боздап таң атқанда
    Әйел болып жетілесің
    Мендік жүрек не тілесін
    Өзіңді өзің өлтіресің бе
    Әлде оны кешіресің бе?
    Талай қоңыр күз
    Мені есептен жаңылдырды
    Нәзік сезімсіз
    Қошсыз көңіл, жаным мұңлы
    Ақырында іздеп
    Таптым кеткен ауылыңды
    Жақтым қайта үмітімді үзген
    Үміт жәй көру
    Хәл жағдай білу жайды ұғу
    Шалға шәй құю
    Ұғып қоярдан қаймығу
    Бір бала көрсем
    Менен бе екен деп ой құру
    Дәл солай болса егер
    Қан жұтып, қайғыру
    Біз қуған арман
    Орындалмас қаза болды күн
    Шал мені жалғыз
    Бақытымнан айырған түн
    Ол сені ақ отауға ап барады
    Абыройыңды ақтарады
    Бір өкінбей от жанары
    Жақындауға оқталады
    Сонда сенің маған деген
    Ақ сезімің жоқ болады ма
    Сен одан өтінесің өкіресің
    Серуеніңе өкінесің
    Ала боздап таң атқанда
    Әйел болып жетілесің
    Мендік жүрек не тілесін
    Өзіңді өзің өлтіресің бе
    Әлде оны кешіресің бе?

    • @Llllll-mb5ct
      @Llllll-mb5ct Рік тому

      Рахмет🙌🏻көп ғұмыр жасаңыз

  • @АдилетОморов-х1ц
    @АдилетОморов-х1ц 2 роки тому +2

    Соонун болуптур, азаматсыз!

  • @СабинаАлпан-ы9х
    @СабинаАлпан-ы9х Рік тому +3

    Таптым дегенім қате болып жатыр.
    Осы дегенім ойымдағыдай болмай жатыр.
    Сенсің дегенім сенімімді ақтамай жатыр. Эх Өмір)