Euro-2024: «Неміс машинасы» 28 жылдан кейін Еуропа чемпионы атана ала ма?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 13 тра 2024
  • Биыл неміс футболында тосын бетбұрыс болып жатыр. Хаби Алонсо жаттықтыратын "Байер" командасы Германияда да, Еуропада да ешкімді бет қаратпай, рекордтардың бәрін жаңартып келеді. Тіпті, 120 жылдық тарихында тұңғыш рет бундеслиганы жеңіп алды. "Бавария" мен "Боруссия Дортмунд" ішкі біріншілікті қатырмаса да, Чемпиондар лигасының жартылай финалына жетті. Мерзімінен бұрын Германия чемпионы атанған "Байер" де Еуропа лигасының жартылай финалына сүрінбей жетті.
    Біз неміс клубтарының жетістігіне не үшін тоқталып отырмыз. Себебі 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда өтеді. Клубтардың атой салуы неміс футболындағы серпілісті көрсетеді. Ұлттық құрамадағы ойыншылардың дені Германияның осындай азулы клубтарында ойнайды.
    Сонымен, бүгіннен бастап ЕУРО-2024 күнделігін бастаймыз. Алғашқы шығарылым жарыс қожайыны - Германия құрамасы туралы болмақ.
    Жүргізуші: Еламан Әмірғазы - / elaman_amirgazy
    Сайт: 1bol.kz/
    Телеграм - t.me/birgolkz
    #футбол #евро #біріншігол
  • Спорт

КОМЕНТАРІ • 121