АГЕНТ ПЕН БАНДИТ ПЛАСТИКАЛЫҚ ОТА АРҚЫЛЫ ТҮРЛЕРІН АУЫСТЫРАДЫ | Без лица 1997 фильм | Кино шолу

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 вер 2024
  • Бүгін біз шынымен керемет кинолардың бірі "Без лица" деген 1997 жылғы шыққан фильмді айтамыз.Бала кезімізде көрген болатынбыз.Кеше бір көріп
    шықтым,осы жолы әсер басқаша.Недеген керемет кино деп қалдым.Барлығымыз бейнемізді аяғына дейін көрейік...Ендеше кеттік...
    Кино басында Шон Арчер деген фбр агентін көреміз.Өзінің Майк деген ұлымен ойнап жүр.Бір кезде сыртта Кастор Трой деген жігіт террорист Шонды
    қаруымен атпақшы болып тұрады.Ол тура Шонға дәлдеп еді,алайда байқамай Майкқа тиіп кетеді.Шон болса жылап қайғырып,ұлын құшақтай бастайды.
    Арада 6 жыл уақыт өтеді.Шон Арчер жұмысында жүреді.Ал Кастор Тройды әлі де ұстай алмай жүр.Конгресс Холл залында Кастор Трой жүр.Бұл
    жерге жарылғыш орнатып тұр.Сосын мәз болып ән айтып жатқан жастардың қасынан өтеді.Шон кабинетінде отыр еді,сол кезде Тито деген Шонның
    досы келеді.Жап жаңа әуежайда билеттің ақшасын Полукс Трой төледі дейді.Сонда Шон,ол өзінің ағасы Касторсыз ешқайда ұшпайды.Тез арада бұл
    ұшаққа,біздің адамымызды кіргізу керекпіз дейді.Жеке ұшақ жатқа сыртта көлікте Полукс ағасын күтіп тұрады.Біраздан соң,Кастор Трой келеді.Інісі
    ол үшін бәрін дайындап қойыпты.Тіпті жарылғыштарды да жасайды екен.Олар жеке ұшаққа отырады.Ол жерде бір агент әйел жүреді.Кастор Трой
    бірден ол әйелді қырындап жатыр.Бір кезде Шон Арчер келе жатады.Қаншама көліктерімен бірге.Ұшақта жүрген әлгі әйел де,мыналарға қолдарыңды
    көтеріңдер деп қалады.Полукс ол әйелді ұстап алады.Одан кейін Кастор бұл әйелді ұшақтан шығарып,Шоннның көзінше лақтырып жібереді.Шон
    көліктен түсіп,тікұшаққа мінеді.Сосын сол арқылы көтерілейін деп жатқан ұшаққа жақындайды.Оның қапалақтарын атып,ұшақты ұшпайтындай етіп
    тастайды.Ұшақ болса,тура бір заттар орналасқан гараждың ішіне кіріп кетеді.Кастор мен Полукс сыртқа шығып,полиция қызметкерлерімен атысады.
    Бірақ біраздан соң,Полуксты ұстап алады.Кастор болса бұлармен әлі де атысып жүр.Ең соңында Шон мен Кастор кезігіп,бір бірімен төбелеседі.Екеуі
    де бір біріне қару тақайды.Сонда Кастор Шонға қарап,қаланың дәл ортасында үлкен жарылғыш тұр.Қаланың бүкілін бытшыт етеді дейді.Шон сенбей
    тұр.Кастор оған қарап,інім екеуімізді жібер.Сонда жарылғыштың қайда екенін айтамын деп қалады.Кенет Кастор Шонды атып тастаймын деп ойлайды.
    Бірақ оғы жоқ екен.Кастор бірден жалынып,өтірік жылай бастайды.Осы кезде ақырын ғана артқы жақтан пышағын шығарып жатады.Бірақ Шон сезіп
    қойып,оны бір тебеді.Осы кезде маңайда алып қапалақ қатты айналып желдетіп тұрған еді.Кастор желмен әлі қарай ұшып кетеді.Осылайша есінен
    танып қалады.Артынан Шон қасына келеді.Одан кейін Шон үйіне келіп,әйелі Еваға бәрі бітті дейді.Кастор Тройды ұстағанын айтады.Әйелі болса,
    енді жүрегім тынышталды.Ұлымызды өлтірген оңбаған ұсталды ма деп бір жеңілдейді.Шон жұмысқа келгенде бәрі шапалақ соға бастайды.Бірақ
    Шонның көңіл күйі жоқ еді.Қаншама әріптестеріміз өлді ,неменеге қуанамыз деп қалады.Ол кабинетінде отыр еді.Әріптестері келеді.Олар ұшақтың
    ішінен дискті тауып алыпты.Диксті компқа қосады.Ішінде сол жарылғыштың бар екені айтылған.Шонға,Кастордың айтқан сөзі есіне түседі.
    Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
    #КиноШолу #ОбзорФильмов

КОМЕНТАРІ • 29

  • @user-rg5ij9ms6l
    @user-rg5ij9ms6l Місяць тому +4

    не боп кетті өзі шатасып кеттім 😅керррррррремет кино керррррремет шолу !!!!

  • @user-iv7hp4ho1q
    @user-iv7hp4ho1q Місяць тому +4

    Я керемет кино екен. Ерекше сезім береді. 80-90 жылдардағы Голивуд актерлары мен актрисалары тарих қой

  • @ayazgultemirova9482
    @ayazgultemirova9482 Місяць тому +4

    Жақсы актерлар....

  • @Abok_088
    @Abok_088 Місяць тому +2

    Топ брат осындаи топ видиолар көп түсре бер

  • @ayazgultemirova9482
    @ayazgultemirova9482 Місяць тому +4

    Алла сақтасын

  • @GuldanaShala
    @GuldanaShala Місяць тому +2

    Керемет❤

  • @user-ev7tq4wf2b
    @user-ev7tq4wf2b Місяць тому +2

    ❤❤❤❤❤❤😊

  • @УзилКадир
    @УзилКадир Місяць тому +2

    🥇

  • @GuldanaShala
    @GuldanaShala Місяць тому +3

    Тек алға

  • @user-nh7qm3ep2v
    @user-nh7qm3ep2v Місяць тому +2

    Дамый бер брат

  • @angelkz5459
    @angelkz5459 Місяць тому +2

    Яя келсем 90х ен жақсы кинолар шықты ғой әлі күнге дейін көріп жүрмыз кішкентай болсақта

  • @user-ze6pz6bm5g
    @user-ze6pz6bm5g Місяць тому +1

    Жақсы кино екен

  • @УзилКадир
    @УзилКадир Місяць тому +1

    Мен 1

  • @user-cg6md3uc2i
    @user-cg6md3uc2i Місяць тому +4

    Өте керемет тіпті кино жайлы не айтарымды білмим, тек бірғана сөзім бар, КИНО ШОЛУға БАСАР БОҚ

    • @ayazgultemirova9482
      @ayazgultemirova9482 Місяць тому +1

      @@user-cg6md3uc2i Жұрттың көңілін өздеріне бұрып тұр,қалаи оинаиды,түсіргендері қалаи....

  • @Muxanbetqyzyy
    @Muxanbetqyzyy Місяць тому +1

    Ассаляму алейкум уа-рахматуллахи уа-баракатух қалайсыз ағатай😊🫶🏻видеоңыз как всегда топкоее😁🤍арнаңыз дами берсін!1млн жазылушыға жетіңіз ин ша аллах❤бұйырса❤😊🤲🏻аллах разы болсын☺️❤осындай кино ушн☺️😊🤍🫶🏻негой ужастик саласызба один два три демон приходи дейтн киноны салыңызшы🥹🤍

    • @kinosholu2022
      @kinosholu2022  Місяць тому

      Уағалайкумассалам уә рохматуллаһи уә бәрәкәтуһ... Рахмет

    • @Muxanbetqyzyy
      @Muxanbetqyzyy Місяць тому

      @@kinosholu2022 окасы жок агайй🥹кино мен айткан ужастикты шыгарасызба?айтыңызшы🥹но ол орысша кино

  • @Gaziz-lj9cx
    @Gaziz-lj9cx Місяць тому +1

    Криминалный история шыгарш Д чан

  • @ЕркежанБолатова-я9н
    @ЕркежанБолатова-я9н Місяць тому +1

    Қызықен

  • @mikoshkasym
    @mikoshkasym Місяць тому +1

    Екі мақты актиорлар ойнаған

  • @Жони-ы4о
    @Жони-ы4о Місяць тому +1

    Разрушител 1993 киносын шығарып едіңғо табалмадым өшіріп тастадыңба?

  • @Shymkent91
    @Shymkent91 Місяць тому +1

    Әлгі қойылған бомба, не болды? Айтпады ғой

  • @samatjalikov4440
    @samatjalikov4440 Місяць тому +1

    Невозмутимый (1991)

  • @Muxan777...
    @Muxan777... Місяць тому +1

    Я каиталанбаиды

  • @MeyirbekPerdebayov
    @MeyirbekPerdebayov Місяць тому +1

    ДЕТФУЛ 3 ШЫҒАРШЫ