Шәмші Қалдаяқовтың әндері - Ақ ерке ақ жайық(Текст песни, Сөз мәтіні)

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 4 жов 2024
  • Сөзі: Т. Айбергеновтікі
    Әні: Шәмші Қалдаяқов
    Серілер тобының орындауында
    АҚ ЕРКЕ - АҚ ЖАЙЫҚ әні шығу тарихы туралы
    «1965 жылдың желтоқсан айында Атырауға ақын Төлеген Айбергенов пен композитор Шәмші Қалдаяқов келе қалды. Екеуі сол кездегі Гурьев қаласында бірнеше күн болып, облыс аудандарын да аралады. Сол кезде оларды Жайықтың Махамбет ауданының жерімен өтетін сағалары бойындағы қалың тоғайдың ақ қыраудан сырға таққан талдары қатты тамсандырды. Жайық шіркін қыста да әдемі ғой. Ағаш бұтақтарына қонған қырау бейне бір аппақ қылқанды шыршалар секілді сондай әдемі боп көзді арбайтын. Ал оған күн сәулесі түскенде аспанның мың-миллиондаған жұлдыздары ұшып кеп, ағаш бұтақтарына қона қалғандай әсерге бөлеуші еді...
    Аудандарды аралап, қалаға оралған күні ақын мен композиторды «Орал» мейрамханасында (суретте) қонақтадық. Біраз отырып, ауқаттанып, мейрамханадан шыққан соң Жайықты бойлап, қонақ үйге жаяу тарттық. Аяқ астында желтоқсанның аппақ қары сықыр-сықыр етеді. Аязды ауа жанды сергітетінднй тап-таза еді. Мен жанымда Төлеген Айбергенов және бір топ партия-комсомол қызметкерлері бар, сәл ілгері кетіп қаппыз. Шәмші артта қалыңқырап қойыпты.
    Келеді ғой, - деп Төлеген қолын бір сілтеді. Біз әрнені әңгіме етіп жүре бердік.
    Кенет біздің әңгімемізді жанымызға алқына жеткен Шәмші бөліп жіберді:
    Тө-тө-төлеген,- деді ол тұтығыңқырап. - Қа-қарашы, ақ Жайық ән салып тұр ғой...
    Иә,-деп Төлеген де тоқтай қалды. Сол сәтте бәріміз де көк мұз бен ақ қар құрсанып жатқан Жайыққа қарадық. Бірақ, Шәмші мен Төлегеннен өзгемізде табиғатпен тілдесетін қабілет шамалы еді. Бар түйгеніміз: «Е, Шәкеңнің жүрегінде ән туып келе жатыр екен ғой» деп қойдық. Осыдан соң бәріміз қонақ үйге жетуге асықтық. Онда пианино тұрған зал бар еді. Шәкең дереу соған отырды. Біздің дәл көз алдымызда осы күнгі «Ақ ерке ақ Жайықтың» әуені ойналды. Шәкең әнді нотаға түсіріп болған соң Төлегенге оның рыбасын (ән өлеңінің буын саны) ұсынды. Алайда, екі-үш күннен бері Жайықтың кербез көркіне таң-тамаша болып, өзі де зорға жүрген Төлеген рыбаны керек те қылған жоқ. Отыра қалып, мынадай сұлу шумақтарды мөлдірете жазды:
    Арманым саған ауған,
    Самал соқса жағалаудан.
    Жүректе тербетілген ақ Жайығым,
    Ақ еркем, аңсаған ән өлкем...
    Осылайша Жайық туралы жаңа ән дүниеге келді. Оның тұсауы Атырауда кесілді. Әнді атыраулық әнші Өтеген Олжабаев орындады».
    Сол жолы Атыраудағы «Жилгородок» ықшамауданы клубының концерт залына халық сыймай, түрегеліп тұрды. Осы түрегеліп тұрғандар арасында сол кездегі облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Мұхамбет Есенов те бар еді, - дейді сол кездегі облыстық комсомол комитетінің жауапты қызметкері Қатимолла Ризуанов ағамыз. (Қатимолла аға сол жолы ақын мен композитордың облыстағы іс-сапарына басшылық жасапты - Т.Н).
    Бүгінде Шәмші мен Төлеген ағаларымыз дәм татқан «Орал» мейрамханасы (бірінші суретте) тура сол кездегі өз орынында тұр. Іші-сыртының жөнделгені болмаса, кіретін есігі, ауқаттанатын залы сол баяғы қалпында. Кейде осыннан түстік ішіп отырып, жан-жағыма елеңдей қараймын. Шәмші ағамыз мына үстелдердің қайсысында отырды екен?.. Мейрамхана іргесінен өтіп жатқан ақ Жайық та дәл баяғысынша толықси ағып жатыр, жарықтық... Шәмшінің құдіретті әні туған жер. Осы бір құдіретті ән бүгінде сирек орындалады. Осыдан көп жыл бұрын Атырау теледидары бұл әннің музыкасын әр күнгі хабарлар басталар сәттегі беташар әуен ретінде қолданатын. Кейін бұл неге екені белгісіз, алынып тасталды. Ал бұл ән Атыраудың гимні емес пе еді...
    Бүгінде көптеген жиын-той, отырыстарда жұрттың кешегі ретро әндердің мәтінін ұмытып қалғанын байқаймыз. Тіпті, табиғат ғажап дауыс сыйлаған әншілердің өзі әннің сөзің бұзып айтатын болып жүр. Ал Төлеген ағамыз шығарған мәтін мынадай еді:
    Арманым саған ауған,
    Самал соқса жағалаудан.
    Жүректе тербетілген ақ Жайығым,
    Ақ еркем, аңсаған ән өлкем.
    Жаным-ау дара туған,
    Ағыстардан жаратылған.
    Жайықтың жағалай тал жағасынан,
    Қымбаттым, сен маған тіл қаттың.
    Қайырмасы:
    Өзіңсің жаным,
    Жаңғыртқан әнім.
    Каспийдің толқын тауларын.
    Сенбісің көгілдір махаббатым,
    Алқызыл алаулы таңдарым.
    Айдының шалқыған бір,
    Дидарында толқыған нұр.
    Мен сені көрдім еркем, ерке теңіз,
    Аспанға, маржандар шашқанда.
    Айнымас достығыңның,
    Айғағы ма қос бұрымың.
    Жанымды нұрландырып, сенің шолпан,
    Жанарың, алаулап барамын.
    Бір сәуле күлімдеген,
    Дидарыңда дірілдеген.
    Мен сені балықшының арманынан,
    Жан сәулем, іздеймін аңсаумен.
    Арманым саған ауған,
    Самал соқса жағалаудан.
    Жүректе тербетілген ақ Жайығым,
    Ақ еркем, аңсаған ән өлкем...
    ...Ақ Жайықтың Шәмші мен Төлеген жүріп өткен тұсы мен бұрын жұмыс жасап кеткен газет редакциясынан таяқ тастам жерде жатыр (екінші суретте). Кейде компьютер сорып, шаршағанда алдымдағы үйіліп жатқан жұмысымды ысырып тастап, сол жерге тартамын. Жағадағы саздауыттан Шәмші мен Төлегеннің басып өткен ізін іздеймін. Сол сәтте қасиетіңнен айналайын ақ Жайық көз алдымда ән болып толқиды...
    Тарас НАУРЫЗӘЛІ ағамыздың мақаласынан үзінді.
    толығырақ: taisoigan.kz/r...

КОМЕНТАРІ • 52

  • @bakebake1718
    @bakebake1718 7 місяців тому +13

    мәдени майданды окып тыңдап отыргандар біргеміз

  • @bek-alibozai-bi6036
    @bek-alibozai-bi6036 2 роки тому +13

    Сөзі мен әні егіздей жарасымды.
    Осы әнді тудырған,ұлы Шәмшіге,Шәмшіні тудырған қазаққа шексіз алғыс!

  • @МейрамКусаинов-ш9л
    @МейрамКусаинов-ш9л 3 місяці тому +3

    Шәмші ағамыздың әндері керемет қой рахмет АО Семей қаласынан сәлем 🖐️🖐️🖐️🖐️👍👍👍🎉🎉🎉

  • @АйсылуМедеуова
    @АйсылуМедеуова 8 місяців тому +6

    Өте әдемі ән тыңдай бергін келеді

  • @АйкуркемСакунова-х4ь

    Керемет әуен!!!Акерке-АкЖайык менин туып-өскен жерім!!!Көп рахмет орындаушыларга өте тамаша орындау 💞💞💞🌹💐🌹💐👏👏👏

  • @meiram_0215
    @meiram_0215 Рік тому +4

    Керемет ән рахмет Абай облысы Семей қаласы нан Сәлем достар

  • @ЖумабекМусагалиев-з2ю

    Тамаша.❤👍👍👍

  • @B2bchamp
    @B2bchamp Рік тому +7

    Атырау Акжайык❤

  • @nurgul3339
    @nurgul3339 9 місяців тому +3

    Керемет🔥🔥🔥👏👏👏

  • @АтагелдиАтагелди-ъ6в

    Маған ұнайды ескі әндер

  • @КлараБазарбаева-ю6х
    @КлараБазарбаева-ю6х 4 роки тому +12

    керемет əндер ғои Шəмші ағамыздын

  • @aidyn2829
    @aidyn2829 Рік тому +3

    Атырауым❤

  • @Жандаулет-ъ1т
    @Жандаулет-ъ1т 2 роки тому +9

    Шәмшімен Төлегендей адамдар 1000жылдан бір туады

  • @ЖумабекМусагалиев-з2ю

    Керемет алла разы болсын.❤👍👍👍

  • @ЖумабекМусагалиев-з2ю

    Керемет.❤👍👍👍

  • @aerikdinara5260
    @aerikdinara5260 4 роки тому +9

    Оте керемет ән ғой сыныпен айттып едік😭♥♥

  • @mereynyshan2003
    @mereynyshan2003 3 роки тому +6

    керемет ән🥰🥰🥰🥰🥰

    • @timkaz8793
      @timkaz8793 3 місяці тому

      Атырауда жазылған ән дейді

  • @ГульжаханАйходжаева-ч3ш

    Керемет ән♥

  • @МейрамКусаинов-ш9л
    @МейрамКусаинов-ш9л 7 місяців тому

    Шәмші ағамыз марқұм әндері керемет Шәмші ағамыздай кампазитр ол кісі дей өмір де бір адам ол Шәмші ағамыз марқұм ағамыздың жаны жәннатта болсын алдынан жарылқасын әмин ❤🎉❤

  • @МаксМайс-э8ж
    @МаксМайс-э8ж 3 роки тому +3

    Шамшінің барлық əнінде біздің жастық шақ жатыр.

  • @РозаАтабаева-о2д
    @РозаАтабаева-о2д 3 роки тому +6

    Шәмші атамыздың әндері өте тамаша!!!

  • @БӘКЕ-к1з
    @БӘКЕ-к1з 2 роки тому +3

    Керемет

  • @ТимурЕгизбаев-щ3ш
    @ТимурЕгизбаев-щ3ш 4 роки тому +10

    Атыннан айналдым Шамши ага

  • @УмыткаримСиыршинов

    шедевр!!!

  • @Юлия-у7ц4ш
    @Юлия-у7ц4ш 8 місяців тому +1

    Очень красиво ❤❤❤🎉🎉🎉

  • @ЗауреУттибаева-ж3х

    Мағынасы бар әндер деп тек осы Шәмші атамыздың өлеңдерін аитуға болатындай😍😍

  • @abzalabzal6782
    @abzalabzal6782 8 місяців тому +2

    Ән тартихын біліп тыңдаған ерекше әсер береді.
    Өзбекәлі Жәнібек және Мәдени Майдан

  • @КуанышбекКылышбеко
    @КуанышбекКылышбеко 9 місяців тому

    Қазақ халқы барда сіздің есіміңіз де əндеріңіз де еш ұмытылмайдығой қайран Шəмші Аға

  • @aygerimkoshkinbaeva-ht6zh
    @aygerimkoshkinbaeva-ht6zh Рік тому

    Керемет👍

  • @loxsyt5004
    @loxsyt5004 3 роки тому +3

    Осы кісіні мақтан етеміз казаққа барсақ

  • @amanhanahmaral8924
    @amanhanahmaral8924 10 місяців тому

    Арманым саған ауған
    Самал соқса жағалаудан
    Жүректе тербетілген
    Ақ жайығым
    Ақ еркем
    Аңсаған ән өлкем

  • @loxsyt5004
    @loxsyt5004 3 роки тому +3

    Менің жерлесім Төлеген Айберенов авторы туылган жері каракалпакстан рес ы коңырат ауданы хорезм совхозы чкалов бөлімі

    • @kamalovaparshagul9798
      @kamalovaparshagul9798 2 роки тому

      Кишкене гезимизде,пахта териуге келген студентлер айтатугын еди,бизлер тынлай берип коп жери есимизде калган екен,Кане еди балалыгымыз кайтып келсе,ол енди кайтпайды го

  • @АлимбайАбдрахман-с9л

    Ғажап ән!

  • @Юлия-у7ц4ш
    @Юлия-у7ц4ш 9 місяців тому +1

    ❤❤❤❤

  • @АйбикеКойлыбаева
    @АйбикеКойлыбаева 10 днів тому

    🔥🔥🔥

  • @РинаАдиханова
    @РинаАдиханова Рік тому

    Тамаша әндер. Сөз жоқ.

  • @sultanbek5746
    @sultanbek5746 2 роки тому +1

    Атырау Акжайык

  • @ЕсенКарманов-ф6и
    @ЕсенКарманов-ф6и 2 роки тому +1

    Сози Толеген Айбергеновтики гой😄

  • @AruKa_Qash
    @AruKa_Qash 6 місяців тому

  • @АмангелдиБугешов
    @АмангелдиБугешов 2 роки тому

    💯👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @КумисайБисенова

    Бул.анды.Шамши.Агам.Димашка.калдырган

  • @aduljanmahan5773
    @aduljanmahan5773 3 роки тому +1

    Менмен жастылар жокко .2006лар

    • @Жанерке-ь7я
      @Жанерке-ь7я 2 роки тому

      Кишкентаисын сен

    • @Фембике
      @Фембике Рік тому

      Мен бармын, құрдас. Сәуір айында туылдым, сен ше?

  • @hankook685
    @hankook685 2 роки тому

    СЕРІЛЕР ТОБЫ болса керек .

  • @AruKa_Qash
    @AruKa_Qash 6 місяців тому