ҚАДІРІМДІ БІЛМЕГЕН ҚАДІРЛІМ-АУ…

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 21 сер 2024
  • «Қадірімді білмеген қадірлім-ау, Қабірімді құшақтап, жылап қалма…» деген сөз осы тұста айтылуы тиіс. Жаныңызда жүрген жандарды жоғалтқан соң емес, тірі кезінде бағалаңыз!
    Достар ,қайдасындар?
    Сiрә, тойдасыңдар?
    Бәлкім қалың ойдасыңдар:
    Жүрсiңдер жүдеп,
    Уайымым "үй деп, күй деп...."
    Үтiктi суырдым ба?
    Кiрлерiм жуылды ма?
    Есiк ілiндi ме,
    Бiтпейдi жырың мүлде!
    Одан да алға қара,
    Үйде ме бала?
    Жарыңды таптың,
    Ата-ененi бақтың!
    Кредиттi жаптың ба?
    Жаптың!
    Айлығың бәрiне жетедi,
    Қарызға,
    Тойға,
    Азық-түлiкке кетедi.
    Өмiр осылай өтедi....
    Бiр күнi тiршiлiк бiтедi....
    Алдыңнан ақырет күтедi....
    Сондықтан, достар,
    Қамшының сабындай өмiр-қысқа,
    Қайта айналып келмейдi,
    Көктем менен қыста...
    Бақытыңды жаныңда ұста.
    Нағыз өмiр сүретiн тұста
    Қапыда қалма
    Басыңды көтер,
    Намазыңды өте,
    Қалжыңға да уақыт тап,
    Уайымың кетер...
    Өмiр сүрiңдер,
    Ойнап, күлiңдер!
    Мына жалғанның
    Кадiрiн бiлiңдер!
    Сыйласыңдар,
    Сырласыңдар,
    Бәрiң жүзден асқанға дейiн,
    Әлi бiр ғасыр бар!
    Жанұяңмен жексенбiде,
    Достарыңмен дүйсенбiде,
    Бауырыңмен бейсенбiде,
    Кластастармен бiр сенбiде,
    Кездесiп,
    Жүздесiп,
    Бiрлесiп,
    Тiлдесiп тұрыңдар!
    Өмiр бiр рет келедi,
    Соны ұғыңдар!
    Бүгiннен қалмай,
    Ертеңге жоспар құрыңдар.....
    Жарай ма, құрдас,
    Бiр-бiрiңнен
    Жағдай сұрас.... ДОС
    Авторы белгісіз
    #отбасы #қадір_қасиет #сыйлау

КОМЕНТАРІ • 1

  • @user-ee4iv6sk2y
    @user-ee4iv6sk2y Рік тому +2

    Машалла кушты окига мына окыган