Бесік жыры

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 26 жов 2024

КОМЕНТАРІ • 1

  • @РыскенМусабалинова
    @РыскенМусабалинова  11 місяців тому +2

    "БЕСIК ЖЫРЫ"
    Сөзін жазған: Алтыншаш Жақиянова
    Әнін жазған: Кентау Назарбек
    Орындаған: Әлібек Ізбасаров
    Ашылып өмірдің есігі,
    Сәбидің қойылды есімі.
    Бөбегім, мiнеки, өзіңді,
    Күтіп тұр атаңның бесігі.
    Қайырмасы:
    Әлди де бөбегім, әлдиім,
    Уілдеп бөбектің сал күйін.
    Өзіңді тербетіп отырып,
    Жаныңда мен біраз қалғиын.
    Әлди де бөбегім, әлдиім,
    Сезінші әжеңнің жан-күйін.
    Жасыңнан санаңа сіңіріп,
    Ұғып өс еліңнің ән-күйін.
    Бұл бесік талайды тербеткен,
    Бесікте әкең де ержеткен.
    Ұрпағым алаңсыз өссін деп,
    Хас шебер қашаған еңбекпен.
    Талбесік - көненің көзі бұл,
    Толғасақ тарихтың өзі - жыр.
    Әлдиде әжеңнің әні мен,
    Бабаңның өсиет сөзі жүр.