Қанды қырғынға бір ай! Халық күткен нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз ба?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 3 лют 2022
  • Тура бір ай бұрын елімізде қаңтардағы қанды қырғын басталған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Кәрім Мәсімовты қызметінен кетіріп, кейіннен оның "мемлекетке опасыздық жасау" бабымен тергеліп жатқаны мәлім болды. Бұрынғы Үкімет басшысы өз еркімен кетсе, бірқатар министрлердің орнын жаңа шенеуніктер басты. Сұйытылған газ, бензин мен дизельдің, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы бірінші шілдеге дейін қымбаттамайды. Бұл дағдарысқа қарсы уақытша шара.
    Бірақ, Үкімет ел игілігі үшін биыл барлық саланы реформалауға міндетті. Үкіметтің бекіткен бағдарламасы тағы да маусымдық, тек статистикаға жұмыс істейтін шаралар болып қалмай ма? Халық күткен нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз ба? Әріптесім Айбар Төлжанұлының саясаттанушылардың пікірін тыңдаған еді.
    Бір айда ең қатты байқалған дүние - кадрлардың ауысуы. Президент әуелі биліктің негізгі тізгінін ұстаған кадрларды ауыстырды. Айдың басында Үкіметті басқарған Асқар Мәмин өз еркімен кетсе, сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Кәрім Мәсімов Президент өкімімен қызметінен босатылды. Кейіннен Атамекен кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур құлыбаев, QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен "ҚазТрансОйл" компаниясының басқарма төрағасы Димаш Досанов секілді олигархтар өз еркімен қызметтен кетті. Үкімет жаңарды, тең жарты министр ауысты. Парламент Тұңғыш Президент туралы заңнан ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларды Тұңғыш Президентпен ақылдасуы керек деген норманы алып тастады. Президент жылдар ұлттық компанияларды тиімсіз басқарып келген Самұрық Қазына қорын түбегейлі реформалауды тапсырды. Енді қорға бағынышты алпауыт компаниялардың біразі жекешелендіріледі. Қорға қарайтын барлық компанияның тендерлері жіті тексеріледі. Қазірдің өзінде жүзден астам штаттағы кадры қысқарды. Қазақстан халқына деп аталатын қор ашылды, оған 130 миллиард жиналды. Автомобильдерге утильалым жинап келген компания да жекенің қолынан мемлекетке өтті. "Жасыл Даму" компаниясы енді айдың соңына дейін утильалымның қолжетімді жаңа тарифін бекітпек. Ал, автокөлігі жоқ азаматтар үшін Қазақстанда құрастырылған құны 15 миллион теңгеге дейінгі көліктер 4-пайызбен несиеге беріледі. Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті 1 шілдеге дейін газдың бағасы батыс өңірлерде 50, өзге аймақтарда 70 теңгеден өспейтінін мәлімдеді. Бензин, дизель, әлеуметтік азық-түлік пен коммуналдық ақылардың да қымбаттауына шектеу қойылды. Саясаттанушы Талғат Қалиев Президенттің айтқан саяси реформасына Үкімет бір жылдық емес, көпжылдық бағдарлама бекітуі тиіс деді.
    ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ, саясаттанушы:
    - Егер бастық болған соң өзін жоғары ұстау керек, ол бай болуы керек деген. Сондықтан соның арқасында коррупцияға көзіміз жұмылып кетті. Мемлекеттік аппарат, мемлекеттік қызметкерлер ауысу керек. Ол адамды ауыстыру емес. Системаны ауыстыру керек. Жұмысқа көзқарасын, бюджеттік кодексті, бюджеттік тәртіптің шарттарын өзгерту керек
    Алайда, Талғат Қалиев реформаны жасау тек үкімет пен парламенттің ғана міндеті емес дейді. Халық сергек болуы керек. Әрбір істе қоғамдық бақылау мықты болу қажет. Яғни: әрбір азамат заңсыздыққа, жемқорлыққа жол бермей, өз құқығын сақтап атқарушы биліктен статистикалық есепті емес, нақты нәтижені талап етуі керек. Қазір Қазақстанда азаматтық қоғам оянып келе жатыр деген саясаттанушы Президенттің айтқан барлық тапсырмасы мен оның атқарылуы тікелей халыққа байланысты дейді. Айта кетейік, Үкімет алты ай бойы бағаны қымбаттатпауға шектеу қойғанымен, одан кейінгі жоспардың қандай болатынын әзірге жарияламады.
    .
    .
    .
    .
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    UA-cam - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық

КОМЕНТАРІ • 285

  • @user-go1nz9ff6y
    @user-go1nz9ff6y 2 роки тому +74

    Оттапты,не өзгерді бөтен бөріні,өз бөрісіне ауыстырды ,енді осылар жейді елді,өңкей жалмұт не тоймайды,не қоймайды !

    • @user-vg2yr3xn8i
      @user-vg2yr3xn8i 2 роки тому +1

      Сонда кимге сенесин Сирия или Ливия болганын калайсынба артын багайык

  • @user-tb5xw2ym3s
    @user-tb5xw2ym3s 2 роки тому +74

    Құры ауызбен, бітіп жатқан дым жоқ

    • @user-wz6sg9lk2d
      @user-wz6sg9lk2d 2 роки тому +1

      Ауызбен айтып жеткизуден басталады.

  • @user-tl5pv8od8h
    @user-tl5pv8od8h 2 роки тому +49

    Оттапсыңдар!Бірінші ұры кетті,екінші ұры келді.

  • @user-bc7pg6rj6r
    @user-bc7pg6rj6r 2 роки тому +54

    Дұоыс айтасың шіріген билікті ауыстыру керек...Жасттарға орын беру керек..☝🖐✊👏🤝👍🤲

    • @user-mf1rn7fe4s
      @user-mf1rn7fe4s 2 роки тому

      Ештеңе өзгерген жоқ бәрі жалған.бірі кетсе орнына итін қоиып жатыр. Не бұл?

    • @user-iq7pk4ho3x
      @user-iq7pk4ho3x 2 роки тому

      Жастар солардын бала шагасыма

    • @user-ce4em7yh7m
      @user-ce4em7yh7m 2 роки тому

      @АДАЛ ҚАЗАҚ Орынды пікір!

  • @user-bj1tf3bx9c
    @user-bj1tf3bx9c 2 роки тому +19

    1-шілдеден кейін халқым қалаи кун көреді. Қымбатшылық доғарылсын. Жоғарыда отырып халықтың жағдаиын баспанасын оиласатын Адам керек. Утилдің қажеті жоқ. Халықтың Кредиті толығымен жабылсын. Барлық Қазақстан халқының кредиттік амнйстия жариялансын. Балабасына 36000-берілсін.

  • @gs3830
    @gs3830 2 роки тому +47

    Телеарналарға осындай синхрон-сұхбат беретін саясаттанушылар мен сарапшыларды ауыстыру керек. Жаңа көзқарасы бар, шын жақсы өзгерісті қалайтын эксперттерден ғана пікір салыңыздаршы.

    • @user-gq7es9dz3e
      @user-gq7es9dz3e 2 роки тому +1

      Журналисты не все могут рассказывать цензура

    • @shoraarinov1886
      @shoraarinov1886 2 роки тому

      журналистердің бала шағасы бар . олар шын мәнінде бийлік не десе соны жазып береді . шындықты жазуға қорқады ал шын айтса оқыс көлік басып кетүі т. б. жәйттер көп

  • @joestarbrando7451
    @joestarbrando7451 2 роки тому +31

    Ештене де озгерген жок,сол баягы кымбаттау журип жатыр.

  • @gulmirasabdenova7567
    @gulmirasabdenova7567 2 роки тому +27

    Күйеу балалары жай кеткен жоқ, орындарына өз адамдарын қойып кетіпті, сонда олардың кеткенінен не пайда.

  • @orynbasarismail1800
    @orynbasarismail1800 2 роки тому +35

    Ақиқатын айтқыштар осыларға кім кінәлі неге айтпайсындар яғни халықты қырған кім?

  • @user-hv1dj3ct8r
    @user-hv1dj3ct8r 2 роки тому +56

    Жазықсыз төгілген Қазағымның қанын кім кайтарат .Билік жауап беріндер!

    • @user-wj9ze2yg5q
      @user-wj9ze2yg5q 2 роки тому

      Млд жеп кете берген қандай жақсы .

  • @user-rb8ye6rq4w
    @user-rb8ye6rq4w 2 роки тому +9

    Нақты нәтижеге жету үшін халқым қырағылық таныты, жіті бақылап, тексеріп отыру керек! Әр олыстың әкімдерін,басшыларын.!
    Шет
    Елге еш нәрсе сатылмасчн және еш нәрсе халық шешімінміз берілмесін. Мысалы
    Халық банк!

  • @servicepro3597
    @servicepro3597 2 роки тому +37

    Дурыс айтады ,,адамдар емес системная озгерту керек

  • @user-id2kp1hy6x
    @user-id2kp1hy6x 2 роки тому +28

    Бензин мен Дизельдың бағасын неге түсірмейді?... Түсірсін, азық-түлік сол үшін қымбаттап жатқан жоқ па...

  • @nursulutlemisova8463
    @nursulutlemisova8463 2 роки тому +18

    Ешкандай озгерыс жок Сол кымбатшылык бул укыметпен болашак булынгыр орындары ауысты болды тендер деп тонап быттындер гойКазакстанды

  • @kazakbalasi3674
    @kazakbalasi3674 2 роки тому +52

    Құдай-ау осындай жиіркенішті өтірікші журналистерден қашан құтылады екенбіз.Я Алла осындай сатқын арамтамақ журналистер мен сатқындардан құтқара көрші!!!

  • @user-wf8dg3yi5r
    @user-wf8dg3yi5r 2 роки тому +7

    Ештеңе өзгерген жоқ

  • @ulpiyasaurykova8084
    @ulpiyasaurykova8084 2 роки тому +17

    ЖЕТЕР, қаныпезерлер! Осынша күнде, денсаулықтан журдай қылып, рухтарын таптап болдыңдар! БОСАТЫҢДАР, титтей де имандарың болса.

  • @user-sl7nm2gh5x
    @user-sl7nm2gh5x 2 роки тому +2

    Заңды озгертпей еш нәрсе болмайды,

  • @mobilplis550
    @mobilplis550 2 роки тому +1

    Бәрі көз бояушылдық осылар халықты ақымақ санайтына таң қалам.боқ қарынның бәрінің байлығын тексеру керек.байлықты қандай жолмен тапқанын дәлелдесін.

  • @hopeforever1118
    @hopeforever1118 2 роки тому +6

    Халық сурап, талап қою керек

  • @gulnarhafdolla1558
    @gulnarhafdolla1558 2 роки тому +5

    Азық түлік арзандаған жоқ.

  • @user-pf1kz9yk2o
    @user-pf1kz9yk2o 2 роки тому +1

    Бәрі жоғарғы отырып жегендеріңіз желкеден шыксын әлі шығады Аланың көзі дүзу көресіңдер

  • @user-cp9gy9lq1g
    @user-cp9gy9lq1g 2 роки тому +3

    Кадр ауыскан жоқ,тек орындары ауысты деу керек, жаңадан ешким келген жоқ.... Система ауысу керек...

  • @happybouzdey6865
    @happybouzdey6865 2 роки тому +2

    Азаптауда жатқан адамдарды босатсын ! Ешқандай нәтиже жоқ

  • @user-si8px3ed6b
    @user-si8px3ed6b 2 роки тому +9

    Қандай жиіркенішті, Құдайдан қорықпайтындар.

  • @user-ls4qn1le4m
    @user-ls4qn1le4m 2 роки тому +1

    ҚАРАНЫ, АҚҚА АҚТЫ ҚАРАҒА АУСТЫРДЫДА ҚОЙДЫ. БӘРІ ӨТІРІК. ХАЛЫҚ ОЙЯНДЫ ЕНДІ ТИІШ ОТЫРМАЙДЫ

  • @user-vz5wn8sh4l
    @user-vz5wn8sh4l 2 роки тому +44

    Кінәні мәсімовке жаба салып қүтыламыз деп ойламай ақ қойсын оқ атуға бұйрық берген қылмыскер нағыз сатқын сол ол құтылмайды

    • @nyc8344
      @nyc8344 2 роки тому +1

      Кто ты ??

    • @nyc8344
      @nyc8344 2 роки тому

      Акылдысынба шыксай батыр болсан

    • @nelsonmandela2728
      @nelsonmandela2728 2 роки тому

      @@nyc8344 Касым, сенсын ба?

  • @user-ds8yh6hs1u
    @user-ds8yh6hs1u 2 роки тому +4

    Бәрі бос сөз.Өмір осылай бірін бірі алдап өтебереді.итқалмақ қамалмай итқалмақ өлмей Қазақстанда жақсылық пен тыныштық болмайды..

  • @user-fx9fs6uu1n
    @user-fx9fs6uu1n 2 роки тому +10

    Бир айда не өзгерді ештеңе сол баяғы жартас сол жартас орындарын ауыстырғаннан не пайда

    • @user-kw9qy8nq6y
      @user-kw9qy8nq6y 2 роки тому +1

      Банкрот деп жаряқылыу елге тиімсіз, қайткен күнде де қалыққа болсын деген үкіметтің ниеті көрінбейді.

  • @user-bn8nz9bs8x
    @user-bn8nz9bs8x 2 роки тому +7

    Боз сөз халықты алдау бірақ халық сенбейді

  • @user-ye5pz3kd6b
    @user-ye5pz3kd6b 2 роки тому +3

    Еш нәрсе арзандаған жоқ, бәрі сол бағада тур, бəрі қымбат

  • @user-mc3rv7qr3z
    @user-mc3rv7qr3z 2 роки тому +1

    Өзгерген ештеңе көрмедік бір айда ,жәй түстері өзгерді істерін алдағы уақыт шешеді.

  • @Turkiye428
    @Turkiye428 2 роки тому +7

    ӘДИЛ САЙЛАУ БОЛУЫ КЕРЕК

  • @nurzanaranzano
    @nurzanaranzano 2 роки тому +12

    Үкіметке өткені жақсы болған утил!

    • @elna7299
      @elna7299 2 роки тому

      Өткен дымы жоқ көз бояушылық, тек атауы өзгерді, басшылары бұрынғы, халықты ауыш жасамақшы

  • @Uanderdog
    @Uanderdog 2 роки тому +14

    Министрлерді бастықтарды орындарын аыстырдыңдар енді одан не пайда ешқандай нәтиже көріп тұрғамжоқ бәрі қалай болды солай қалды,билік толық бүкіл кланымен өздері добровольно кету керек,сол кезде бір жақсы өзгерістер болады әйтпесе мыналарың очередное кино,мыльный операларың халыққа керегі жоқ.

  • @user-yi6ho4fq7h
    @user-yi6ho4fq7h 2 роки тому +1

    Ол.бизге.жаналык.емес.бизге.кери.казакстан.азаматына.мунайдан.жане.жер.баилыктын.деведетн.керек.

  • @user-kb4lu4fp5y
    @user-kb4lu4fp5y 2 роки тому +1

    Билык тубымен тамырымен кету керек

  • @aiken_iless
    @aiken_iless 2 роки тому +1

    Кредитті созбақдатпай тездетіп кешірсін қарапайым халық бекерден бекер талап етпейді мейлі кредит бермесе бермесін кредит түп тамырымен жойылсын

  • @user-ze9bo4co4j
    @user-ze9bo4co4j 2 роки тому +1

    Кадр ауыстырғаннан дым пайда жоқ.Жүйе ауысу керек.Журналистерді ай шіркін зуылдатады ау

  • @user-we8ww2th4f
    @user-we8ww2th4f 2 роки тому +7

    Қандай кадрлар ауысты?Түкте ауысқан жоқ іштегілерінің килешеватьтаған ауысқан емес көз бояушылық.

    • @user-we8ww2th4f
      @user-we8ww2th4f 2 роки тому +1

      @АДАЛ ҚАЗАҚСіздің тәрбиеңіз қана айтып тұрау сіздің білімді ғалым екеніңізді.Сол осындай ғылымдар отырған соң қазағыма оқ атылып тұрғой.Адамды біліп алмай оқ жаудыратынның бірі сіз.

  • @privetkakdela9219
    @privetkakdela9219 2 роки тому +1

    Бүгін бір ай болды не өзгерді халыққа не жақсылық жасалды қай жақсылықты қолымен ұстап көзімен көріп пайдасын көрді ештене әлі сол бүйту керек сөйту керек естетініміз мүмкін бәрін құрту керек шығар

  • @user-vd2hv8ji6z
    @user-vd2hv8ji6z 2 роки тому +1

    Орындары ауысқанмен еш пайда жоқ жаңартыу керек ұры менжебірлерді отставкаға жіберіп жауапқа тартыу керек.

  • @gggsss8698
    @gggsss8698 2 роки тому

    Кредит кешірілсін ! Коллектор дегендер болмасын!! Зейнетақы өссін!

  • @sayathankalmuratova9832
    @sayathankalmuratova9832 2 роки тому +5

    Кояагойыш еш тене озгермейди неге Сол бийликтин созин сойлейсиз калык жинли емес барин корип отыр

  • @user-ds2nb9hk4n
    @user-ds2nb9hk4n 2 роки тому +1

    Еш өзгерис жок али бир баладан бастап жардем акы берилсин айелдердиң пенсияға шыгу жасы 58 жас болсын казакстан азаматына бирдей карау керек

  • @user-do3id5fv9u
    @user-do3id5fv9u 2 роки тому +1

    Саяси партиялар тіркелу керек, нұр отанды құрту керек,кімді сайлау керек болса оеы халық сайлау керек, депутаттар түгелімен кету керек, халық сайламаса Тоқаев өзі орындарын айырбастай бергеннен түк шықпайды. Қанды қол қылмыскер Тоқаевтың өзі кету керек, елдің әл ауқатын көтеретін, жаны ашитын билік келу керек. Тоқаев халыққа оқ атқаны үшін жауап беру керек.

  • @user-np7xv5uk9i
    @user-np7xv5uk9i 2 роки тому +4

    Қанды қырғын болды, жауапқа ешкім тартылмады, ұсталған адамдар момын болып үйлеріні қайтты, сонда көшеде бүлік істеген екі- үш адам, қалғандары өткіншілер. Үкімет реформасын шеру нәтежесі етіп көрсету алдау, реформа қай кездеде болған. Үкіметпен халық өзін өзі алдап жүбатады.

  • @user-mn3kv8sm4u
    @user-mn3kv8sm4u 2 роки тому +4

    Қанды қырғынды кім жасады? Халық жиналып бейбіт шеруге шықты.
    Қолдан жасалған қырғын, билік жасады деп ойлаймын. Халық бұлай қырыламыз деп күткен жоқ.

  • @user-fv1fy8bk6i
    @user-fv1fy8bk6i 2 роки тому +1

    Заңды қаталдату керек, бағаға түпкілікті ұстап тұратын заң керек, уақытша бағаны ұстап тұрғаннан пайда жоқ, уақыты аяқталысымен қайтадан көтереді, тіпті ұстап қалуға мүмкінді болмай қалады!! Елдің жағдайы алты айда өте жақсы дегенге дейін көтеріліп кетуі мүмкін емес! Сондықтан олигарықтар бағаға ие бола алмайтындай заң керек!!

  • @user-pq3tf2gb3o
    @user-pq3tf2gb3o 2 роки тому +1

    Тамақтың барлығы дүкенімізге қымбаттап келіп жатыр,

  • @user-gv3wn7rw7m
    @user-gv3wn7rw7m 2 роки тому +3

    Журналистердин беттери тым калындап кеткен типти канына синип кеткен отирик акпаратты судай симирип халыкка таратып тура береди

  • @erbolzhakupbekov5554
    @erbolzhakupbekov5554 2 роки тому +2

    Ел игілігіне қызмет көрсету уақыт жетті!!!!!!!!

  • @technodomtechnodom629
    @technodomtechnodom629 2 роки тому +3

    Еш нәтиже жоқ, азық-түлік күннен-күнге қымбаттап жатыр, бәрі өтірік!

  • @saltanatkenges6776
    @saltanatkenges6776 2 роки тому +1

    Сырдарйя аудан ауылдарға газ жылу келсе баспана мəселесі кол жетімді болса. Газ кұбырын орнатып əкелу мəсе

  • @user-tg2kj9gz8o
    @user-tg2kj9gz8o 2 роки тому +1

    Откендеги котерилистен канша ма кыршын боздактарымыз олди гой ..
    Байгустар ай.
    Одан бери не озгерис...
    Тукте озгерис жок...

  • @user-qx8oj3py6s
    @user-qx8oj3py6s 2 роки тому +2

    Тағы да қымбаттап жатыр. Антимонопльный комитет жұмыс жасамайды, оларды таратып жіберу керек.

  • @user-li6eg5dy4g
    @user-li6eg5dy4g 2 роки тому +1

    Жеген ақшаларын елге қайтарсын. Орындарын ауыстырып, қызметтен кеткенннен дым да пайда жоқ.

  • @user-tl5sp7sz1s
    @user-tl5sp7sz1s 2 роки тому +2

    Системаны аустырмай еш жақсылық болмайды, бұларға биліктін не керегі бар, жақсылап асап алған.

  • @toktarbaibeliskhodjaev228
    @toktarbaibeliskhodjaev228 2 роки тому +1

    Бір қашыр кетсе орнына есек келіп жаиғасып жатыр, бұдан ештеңеде өзгермейді. Сол баяғы жартас бір жартас

  • @erbolabdirazakov2430
    @erbolabdirazakov2430 2 роки тому +2

    Боқты боққа ұрып былшылдатып отыр,сосын несі арзандады ештеңе арзандаған жоқ.Әлеуметтік дүкендерді көбейту керек,сонда жеке кәсіпкерлердеде арзандайды

  • @user-mc7sl9dc6j
    @user-mc7sl9dc6j 2 роки тому +1

    Ешнәрсе өзгермейді.басқа жемқорлар келді.айлық қосылды деп бары тағы қымбаттады

  • @user-gj1ly4xt5c
    @user-gj1ly4xt5c 2 роки тому +1

    Қалык қалай сергек болады, ояу, сергек, белсенділер, калыктын қамын елдің жағдайын ойлайтын азаматтарды ұшса аяғынан, конса қанатын ашса аузын жауып тұншықтырып жатса.

  • @oeli2737
    @oeli2737 2 роки тому

    Журналистер сіздерде нақты шық ақпарат беріңіздерші жұйені ауыстыруға ықпал жасаңыздар, осы уақытқа дейін сіздер амалсыздан жауып келдіңіздер. Халықтың жан айқайын шынайы ақпаратты жеткіңіздер.

  • @user-oz9gn4dr9s
    @user-oz9gn4dr9s 2 роки тому +1

    Халык бакылап отыр, озгерис болмаса система озгермесе онда баскаша сойлесемиз

  • @user-eu6ir2pz4s
    @user-eu6ir2pz4s 2 роки тому +1

    Токаев кетпей бул Казахстан коркеймеси анык Токаевка сенбеймиз канга бойалган колы ол кетсин Назарбаев екуй кетсин

  • @sisters4211
    @sisters4211 2 роки тому +1

    Біздің үкимет 6 айға ойланады да қайтып қымбаттай бастайды

  • @user-yo9mm1fr4o
    @user-yo9mm1fr4o 2 роки тому +1

    Қымбаттамайды деп айтардан бұрын, неге дүкен-базарларды араламасқа. Жемқорлар неге өз еріктерімен кетіп жатыр, неге ұрлағандарын қайтармасқа. Неге жазықсыз қамауда жатқандарды босатпасқа.
    НЕГЕЛЕР толып жатыр сұрай берсе...

  • @user-ng1qq8ds5n
    @user-ng1qq8ds5n 2 роки тому +2

    Масимовтың жанына кулибаевты да қамау керек тезірек ол сатқын

  • @user-nb4hq7qm7w
    @user-nb4hq7qm7w 2 роки тому +1

    Укимет ешкайсысы Казак елине Каза болган отбастарына конiл айтканжок!
    Тек полицияны теледидардан корсетедi .

  • @user-ll9kw6il6q
    @user-ll9kw6il6q 2 роки тому +8

    Сендерде жабуды жаба тоқудың қажті қанша, ешқандаида жаңа адамдар келген жоқ, бұрынғы нұржүиенің ескі құсқы адамдар орын ауыстырып отыр, тек сөзбен қатырасыңдар істелген жұмыс жоқ

  • @shoraarinov1886
    @shoraarinov1886 2 роки тому +1

    бензин дизель неге арзандамады біз не сонда газды жеймізба әлде ішемізба газды көбінесе Атырау Ақтау батыс өңірлері пайдаланады қалған облыстар бензин дизель отынын қолданады. арзандатыңдар !!!

  • @user-vz3vt4zm5e
    @user-vz3vt4zm5e 2 роки тому +2

    Шекешелендирилгеннин кереги жок. Байлар байи берсин дегени гой. Кайдагы бага кымбаттамаган.

  • @user-cj6rf1cr8j
    @user-cj6rf1cr8j 2 роки тому +1

    букил халык болып шыгып занды озгертуин сурау керек, билик басында урлык болса олим жазасы тагайындалу керек сонда система озгереди 100%процент гарантия, баскалай озгерту мумкин емес,сонда гана жениске жетемиз

  • @user-sh2zs3kg5k
    @user-sh2zs3kg5k 2 роки тому +1

    Ком.услуга қымбаттады,кімге айтамыз?

  • @user-vk1th1nu2h
    @user-vk1th1nu2h 2 роки тому +1

    Системаны озгерту керек резервтеги жастарга орын беру керек ески чиновниктин барин босату лазым

  • @bibigulmashkenova7152
    @bibigulmashkenova7152 2 роки тому +1

    Дұрыс айтылды халык алдында есеп берып отыру керек халыктын ой пікірін ескеру қажет

  • @user-tv6qe3ic5z
    @user-tv6qe3ic5z 2 роки тому

    Жана шенеувниктер деп аитпаяқойш. Дым өзгеріс жоқ, сол жар тас.

  • @user-kk3sd5eb6q
    @user-kk3sd5eb6q 2 роки тому +1

    Биликти толык ауыстыру керек еш озгерис жок продукты досих пор кымбат

  • @ardakalmaty556
    @ardakalmaty556 2 роки тому +1

    Орындарын гана ауыстырады, одан не паида. Кезек кезек баиытып жатыр деп аитпаима.

  • @user-vl3gb7se8u
    @user-vl3gb7se8u 2 роки тому +2

    Жапон , немістер өздері машина шығарады утилалым арзан , бізде неге қымбат тек гайка бұрайды баға аспандағой

  • @user-md2cw9yo3r
    @user-md2cw9yo3r 2 роки тому +1

    Халык кандай озгерыс болады деп кутып отыр 30 жыл алданган халыкты енды бос созбен алдай алмайсындар

  • @user-yr2ll2tx7j
    @user-yr2ll2tx7j 2 роки тому

    Билік түкте жасап жатқан жоқ осы былық сол былық бола берет ештеңе өзгермейт. Қосылғыштардың орынын қанша ауысқанмен қосындының мәні өзгермейді

  • @baimuratsabit4974
    @baimuratsabit4974 2 роки тому +2

    Арзандаған Туги жок сол баяғы кымбатшылк кур далбаса
    Бидай озимизде оседи үн кымбат

  • @user-nf4gb5ml7r
    @user-nf4gb5ml7r 2 роки тому +1

    Елді басқаруды М.Жәкішівке беру керек ,сонда өзгеріс болады .қалғаны Баяғы жартас сол жартас .

  • @user-pk1ik9nj2e
    @user-pk1ik9nj2e 2 роки тому +1

    Ештене өзгерген жоқ бұлар сөзбен ғана айтады сол қымбаттаған тауарлар қарапайым ұн екі есе қымбаттады бұл төрт аяқты бизнеспмен сымақтар қазақтың жерінде егін егіп өзіміз ге қымбат сатады қолдарынан боқ келмейтін үкімет

  • @user-io9im3jg7t
    @user-io9im3jg7t 2 роки тому +1

    Қазақстанда халық өтірік жаңалықтардан әбден мезі болды. Не болып бара жатыр? Сенім аз күдік көп🤔Баяғы жартас сол жартас!!!!

  • @user-oy5ob7it7c
    @user-oy5ob7it7c 2 роки тому

    Сонда да бәрі қымбат, өзгеріс жоқ.

  • @user-rq4rn2ep6p
    @user-rq4rn2ep6p 2 роки тому +1

    Ауыскан укимет отирик барлыгы назарбаевтин туыстары олардын барлыгын кайтв ауыстыру керек.

  • @user-xq6xq5qy4b
    @user-xq6xq5qy4b 2 роки тому +1

    Адамды Аустырыб Отраберу Керек ,Ермек Сол Болсын ,

  • @user-bb1fp3nn5z
    @user-bb1fp3nn5z 2 роки тому +1

    Шымкенте Вензин баягы багасы бул калай неге тексерып көрмейді бары. Аляктар болып шықтыма

  • @userqwerty2300
    @userqwerty2300 2 роки тому +5

    Надо жоска и справедлив , кто виноват надо сажать или На строительство дома на десять лет работу бесплатно и без выходных.

  • @user-mj4qs3ir1z
    @user-mj4qs3ir1z 2 роки тому +1

    Билыкты ауыстыру керек

  • @Mn-ie2hz
    @Mn-ie2hz 2 роки тому +1

    АВТОВАЗ БІЗДІ 4%КРЕДИТКЕ ТЫҚПАҚШЫ МАШИНА БАҒАСЫНКӨТЕРЕДІ СОНДА 4% артық БОЛЫП КЕТЕДІ

  • @user-dy1ui7fs3f
    @user-dy1ui7fs3f 2 роки тому

    Халыққа дұрыс жұмыс істемей көріндер таяқ жисіндер👊🤛🤜

  • @jetijuldyz283
    @jetijuldyz283 2 роки тому +1

    бағалар шідеге дейін қымбаттамайды екен шідеден кейін қымбаттайма?

  • @user-eh7fy8fr5p
    @user-eh7fy8fr5p 2 роки тому

    Түк өзгерген жоқ бір айда. Шектеу қою шешім емес. Мүмкіндік беріңдер елге өз президенті, депутатын, әкімін сайлауға. Сонда өзгеріс болар

  • @mazi5083
    @mazi5083 2 роки тому +3

    Тоқаев%а сеніи жоқ. Ол ойсыз

  • @user-cv9ts1ve3c
    @user-cv9ts1ve3c 2 роки тому +1

    1 шилдеден кейн тагы кымбатсыйма? 🤦‍♀️Акшалары жымкырып оз еркимен кеткени неси, занга тартылсын, кери акшалары кайтарылсын.

  • @user-xp1ez1tg8c
    @user-xp1ez1tg8c 2 роки тому

    Тек халык кадагалап отыру керек пе, неге шенеуликтер өздері жоғарыда отырған таза адал кызмет жасамайды???

  • @batyrbekzhunis2427
    @batyrbekzhunis2427 2 роки тому +1

    Кайдагы кымбаттамаганы дукенимиз бар продукты кунде кымбаттап келип жатыр .