Дәрігер жүрегіндегі Абай бейнесі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 10 гру 2023
  • Европаға Абай мұрасын дәріптеп жүрген Жанар Төребаева-Хавардтың көптен аңсаған бір арманы бар-тын. Ол - Жидебайдағы Абай мен Шәкәрім жатқан мемориалдық кешенге барып, зиярат етіп қайту болатын. Алматы-Ренн бауырластық қалаларының аттас комитеттерін басқаратын франциялық қазақ қызы осы жолғы келісінде сол арманына қол жеткізіп, көп жайлардан хабардар болды, өзі үшін көп ой түйді. Абай елінің ұлы ақын киесімен нұрланған аспанының кәусар ауасынан қуат алып, халқының парасатты әрекетіне риза болып қайтты.

КОМЕНТАРІ • 21

  • @ardageralibek9500
    @ardageralibek9500 6 місяців тому +4

    Бәрекелді!Тамаша!

  • @Voronat
    @Voronat Місяць тому

    Көп рахмет сізге, Қазағым деген осындай жандар көп болсын!!!

  • @kulsysndar1750
    @kulsysndar1750 Місяць тому

    Бәрекелді ,Жанар қыз, жасаың ұзақ болсын!

  • @user-sq6bg1kt6u
    @user-sq6bg1kt6u 24 дні тому +1

    Жанар Әскербекқызы,денің сау болып,шет жерде жүрсең де қазағыңды биікке көтеріп жүргенің үшін мың алғыс!!!

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  24 дні тому

      Қазақты биікке көтергені сол емес пе, Францияның бір мегаполис қаласының қақ төріне Абай атасының мүсінін орнатып қойғаны. Бөтен елге олар танымайтын қазақ ақынының мүсінін орнатып, Алматы саябағын ашудың қияметін көп адам түсіне берсе қанеки!

  • @user-in5jq6hl6u
    @user-in5jq6hl6u 6 місяців тому +5

    Гүлмәря,денсаулығыңмықтыболып,еңбегіңжанаберсін.шығарылмөтекүштіекен.аллаәрқашанжарболсын.көпадамдарғажібердім,жалғасты жіберемін.❤❤🎉🎉🎉

  • @bagilaorynkhanova1447
    @bagilaorynkhanova1447 6 місяців тому +4

    Керемет ❤ арманыңа жете бер Жанар бауырым ❤😍🥰

  • @user-ci7dm4yh5t
    @user-ci7dm4yh5t 6 місяців тому +1

    Жанар сіңлімізге денсаулық тілеймін,жүрегі қазағым деп тұр ғой.От басы аман есен болсын.

  • @user-sy4ld2cy2h
    @user-sy4ld2cy2h 6 місяців тому +4

    Жанар не деген бауырмал қыз едің, екі мемлекеттің арасындағы алтын көпірсің ғой, сол жерден бір/салып тастасаң біз немерелерімізді апарып, қыдыртып,😮 Абайдың әнін тыңдатып , өзіміз қосылып әндетіп жүрсек, Жанарымыздың арқасында. Отбасың аман болып осылай жастарға өнеге болып жүре бер . Гүлекенің де еңбегі зор. Мен қазақ қыздарына қайран қалам.
    Жанар сендей қыз өсірген ата-анаң бақытты ғой.ұзақ өмір сүрсін.

  • @user-wi5lf9il5o
    @user-wi5lf9il5o 6 місяців тому +4

    Абыройың мен білімің айға жетіп тұрса да өз халқыңның адал перзенті болып қалу тек үлкен жүректі азаматтардың ғана қолынан келеді.... Оны белгілі қаламгер Гүлмария Құлиясқызының Франциялық қандасымыз Жанар туралы кезекті телефильмінен айқын танып-біліп отырмыз. Ерекше дарынымен Француз елінің құрметіне бөленген Жанар өз.туған халқының да нағыз патриоты. Екі халық байланысының жақсы дәнекері....Яғни, телефильмде Жанардың француз-қазақ достығын жалғастырушы қайраткерлік бейнесін де тани түсеміз. Ол кісінің ұлы ақын Абай атамыздың шығармашылық-данышпандық тұлғасын француз тілінде кеңінен насихаттаудағы еңбегі әрине, үлкен құрметке лайық. Осындай игі іс-әрекет арқылы екі халық достығының, мәдени-рухани қарым-қатынасының бұрынғыдан да нығая түсетіні айдан анық. Ал, мұндай жақсы қадамдар біздің халқымыз үшін ерекше құптарлық әрі ғанибет жағдай!....
    С.Н.

    • @janaraturebayeva-havard5441
      @janaraturebayeva-havard5441 6 місяців тому +1

      Сізге көп рахмет, талмас күш жігер бердіңіз. Өзіңізге де жақсылықтар тілеймін

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  6 місяців тому +1

      Маңызды пікіріңіз үшін көп рақмет!

  • @janaraturebayeva-havard5441
    @janaraturebayeva-havard5441 6 місяців тому +3

    Гульмәрия тәте, шығармаңызға көп рахмет, Семейге қайта барғандай әсер алдым. Сізге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін.
    Ауезов атамыздың музейіне берген Абай атаның кітабын аударған Армян жазушысы, Париждегі Қазақстан Ельшілігінің қолдауымен жасалған, музей жұмысшысы шатасып мен деп тұр. Менің кітабым енді шығады. Абайдың қара сөздерін біздің ренндік бауырмашылық 2001-ші жылы шығарған. Енді 2024 жылға Абай атамыздың 180 дылдығына поэмаларын қызымыз екеуіміз аударып шығарамыз

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  6 місяців тому +1

      Иә, мен дұрыс түсінбеппін, сен аударған кітап деп түсініппін. Сен де Абайдың бір кітабін аударғаныңды білем ғой. Кешірім өтінем!

  • @user-en3tz4sk4d
    @user-en3tz4sk4d 5 місяців тому +1

    Өтн керемет👍