«Алтын түлек» олимпиадасының өңірлік кезеңінде кездескен кейбір есептердің...» семинар-тренинг

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 гру 2024
  • 🖇️27.02.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, «№28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Алтын түлек» олимпиадасының өңірлік кезеңінде кездескен кейбір есептердің шығару жолдары» атты семинар-тренинг өтті.
    🖇️Семинар-тренингті 100-ден астам шәкірті ҰБТ бойынша 45/45 және математикалық сауаттылықтан 15/15 алған, БжҒМ бірнеше дүркін Құрмет грамотасының иегері, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің негізін қалаушы Рысбек Мәуіттің шәкірті, математика пәні мұғалімі Жоян Қанағатұлы және Нуртазинова Жансая Серікқызы жүргізді.
    🖇️Алтын беліге үміткер түлектер мен 10 сынып оқушылары және 10-11 сыныптарға математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдер, барлығы 67 адам қатысты.
    🖇️Семинарда кейбір күрделі есептерді шығарудың ең тиімді жолын және математикалық сауаттылық пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындаудың басты бағыттарын көрсетіп, «Алтын түлек» олимпиадасында келетін есептер шығарылды.
    🖇️Оқушының белгілі тақырыпты, тарауды немесе пәнді жүйелі түрде, толық меңгеру деңгейін, тапсырмаларды орындау барысындағы талапкердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, оны іске асырудағы іс-әрекеті туралы атап өтілді.
    🖇️Соңында семинарға қатысушылармен кері байланыс болып, семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын жеткізді.

КОМЕНТАРІ •