Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 16 лис 2024
  • 1929-1933жж. Экономикалық дағдарыс тереңдеп, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісінің қысқаруына әкелді, мыңдаған қаржы ұйымдары мен банктердің, компаниялардың банкротқа ұшырап, жабылуы жалғаса берді. Елдегі завод, фабрикалардың жабылуынан жұмыссыздар саны көбейе түсті. Сондай ақ қылмыс саны артып, өмір сүру деңгейі төмендеп, кедейлену арта түсті.
    Дағдарыстан шығуы үшін мемлекеттер экономикалық жағдайды реттеуге кірісті. Бірақ мемлекеттік реттеудің де бірнеше жолдары болды. Олар либерал-реформистік, социал-реформисттік және тоталитарлық бағыт. Либерал-реформистік бағытта АҚШ,Ұлыбритания сияқты елдер дамыды. Оның басты ерекшелігі реформалар демократиялық жолмен жүргізіледі. Келесі әлеуметтік -реформистік бағытта әлеуметтік салаға аса назар аударылады. Бұл бағытта Франция, Испания секілді елдер дамыды. Үшінші жол - бұл тоталитарлық бағыт болды. Бұл бағыттың басты ерекшелігі мемлекеттің бақылауы мен реттеуі барлық саланы қамтиды. Бұл бағытта Германия, Италия, Жапония елдері дамыды.

КОМЕНТАРІ • 3

  • @ааа-о4й
    @ааа-о4й 9 місяців тому

    Керемет🎉

  • @nazer33
    @nazer33 9 місяців тому +2

    түсіндіргеніңізге рахмет. Енді бірінші дүние-қ соғыстан кейінгі францияның дамуы туралы айтып бере аласыз ба?

    • @tarihturaly
      @tarihturaly  9 місяців тому

      Франция туралы осында ua-cam.com/video/7s9eCGR4D5M/v-deo.html