Молочница или кандидоздан тез құтылғыңыз келсе үй жағдайында

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 5 вер 2024
  • Кандидоз[1], кандидамикоз (латынша сandіda - ашытқы, грекше mykes - саңырауқұлақ) - ашытқы тәрізді саңырауқұлақтармен қоздырылатын терінің, шырышты қабаттың, ішкі органдардың жұқпалы ауруы. Жер шарында кең тараған, әсіресе, тропиктік және субтропиктік аймақтарда жиі кездеседі. Аурудың қоздырғыштары теріні зақымдап, органдардың ішкі шырышты қабаттарында (ауыздың, өңештің, ішектің, әйелдің жыныс мүшелерінің, т.б.) өніп көбейеді. Кандидоздың дамуына иммунитеттің төмендеуі, эндокринопатия, гиповитаминоз, организмде зат алмасудың бұзылуы (мысалы, диабет ауруы), гигиена ережелерін сақтамау (маникюр жасатқанда, т.б.), дисбактериозға алып келетін кейбір дәрілерді (антибиотиктерді, кортикостероидтарды) шамадан тыс, орынсыз пайдалану әсер етеді. Ашытқы саңырауқұлақтарын тасымалдаушылар мен Кандидозбен ауыратын науқас адамдар инфекция көзі болып есептеледі. Кандидоз, негізінен, тікелей жанасу арқылы жұғады. Ластанған жеміс-жидек, көкөніс арқылы да жұғуы мүмкін. Кандидоздың созылмалы гранулематозды, висцералды және аллергиялық түрлері ажыратылады. Кандидозбен, әсіресе, жас балалар мен қарт адамдар жиі ауырады. Жас балаларда, әдетте, организмде иммундық тапшылық кезінде - созылмалы гранулематозды кандидоз дамиды. Ішкі органдардың шырышты қабаттарында пайда болған кандидоз өте ауыр өтеді. Бұл бірте-бірте ауыздың шырышты қабатының уылуына - кандидозды стоматитке әкеледі. Ерінге, тілге, таңдайға, қызыл иекке ақ бөртпелер шығып, көлемі ұлғаяды. Айналасы қабыршақтанып, ыстық, суық тамақ ішкенде қатты ауырып, адам тамақтың дәмін сезбейді. Қазақ халқы мұны ауыз уылу деп атайды. Әйелдердің жыныс мүшелерінің шырышты қабаты кандидозында (вульвовагинит, баланопостит) жыныс мүшесінен ірің бөлініп, денеде қышыма пайда болады. Сондай-ақ, қол саусақтарының арасы, тырнақ көбесі, тырнақ, сүт безі асты, шап, т.б. кандидозға шалдығады. Кандидоз ауруының диагнозын клиникалық белгілеріне қарап анықтайды. Ол үшін лабораториялық зерттеулер (серологиялық реакциялар және кандидааллерген мен терілік аллергиялық сынамалар) жасалады. Кандидоз ды емдеу үшін, тек дәрігердің рұқсатымен, қабынуға қарсы және залалсыздандыратын дәрі-дәрмек, сондай-ақ, ашытқы саңырауқұлақтарын жоятын антибиотиктер, витаминдер ішу керек.

КОМЕНТАРІ • 6

  • @user-ou2ut9rc8r
    @user-ou2ut9rc8r 4 місяці тому +2

    Рахмет жасап көрдім жаным кірдіғои....гиниколгқа барам дегенше ұайымдап кетіп едім

  • @CpolhonErnisbekov
    @CpolhonErnisbekov 20 годин тому

    Как название этого фильма

  • @user-ub3im8to1k
    @user-ub3im8to1k День тому

    Дарет алып жуынасыз.содалы сумен

  • @user-mg8xd2vq2w
    @user-mg8xd2vq2w 18 днів тому +1

    Дәрет қылып алама

  • @user-fr4or7wr6m
    @user-fr4or7wr6m 5 днів тому

    Аяғы ауыр әйелдерге болама әсіресе бірінші жүктілікте

    • @user-fc7jr5ji2g
      @user-fc7jr5ji2g 2 дні тому

      баска видеода көрдім болмайды деп еді менде жүктімін не стерімді білми жүрмін гинеколгка жетамай жүрм ыстык су баня болмайды баругада отыру ыстык суга иштеги балаға зиян менің құрдасым сол баняға барып 6 айлык туылмаған баласынан айырылды