Жалақы мәселесі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 10 бер 2021
  • "АЙЛЫҚ ЖОҚ!"
    Жұмыс берушіден талай адам естіп жүрген үкімдей суық сөз.
    Жұмыс беруші жұмысшының айлығын кешіктіргенде немесе бермей қалғанда оның артында не тұрғанын білмейді. Өкініштісі, соны біліп, түсінгісі де келмейді.
    Айлығын ала алмаған адамдар түрлі жағдайға душар болады. Біз оны көп естейіз. Олар жағдайын жұмыс берушіге де айтады екен. Бірақ олар көбіне безбүйректік танытады. Еститін құлақ болмаған соң...
    Кісі ақысын жеу күнә.
    Айлығын уақытында ала алмаған адам банктегі кредитін уақытында жаба алмайды. Біреуден қарыз сұрап, мүсәпүр күйге түседі. Балабақшаның ақшасы алқымдап тұрады. Ағайындарың бар. Жәрдем беруге апаратының болмаған соң одан да қалып, шеттеле бересің.
    Күйзелісте жүрген адамдар, ашушаң келеді. Үйде ұрыс та жиілейді. Мектептегі балаларың бар. Оларды көштен қалдырмауды көксейсің. Қарапайым дәптерін де жаңалайтын ақша таппай қамығасың. Ішім-жемің екібастан қалады. Қара шәй мен қара наннан басқаны көрмейтін халге жетесің.
    Қан қысымы бар адамдар бастарын көтере алмай ауырып та жатады. Еңселері түсіп, күйзеліс те болады. Мұның арты денсаулығына әсер етеді. Өздерін қорғансыз сезініп, ертеңіне қорқа қарайтын болады.
    Нанға май жағып, сүт қатып шәй ішетін әлгіндегі жұмыс беруші мұндайды қаперіне де алмайды. Алдына барған адамға: "Адамға ешнәрсе жетпейді" - деп парасатты боп қалады.
    Сондықтан, жұмыс беруші "ақша жоқ" деп бетіңді қайтарса қамығып, өз проблемаңды бүркеніп ап жалғызсырай берме. Қорған!
    Ол сенің маңдай терің, табан етіңмен тапқан еңбегіңді бермей отыр. Оны аяудың қажеті жоқ. Өйткені ол сенің құқығыңды бұзып отыр.
    Сенің құқығыңды қорғайтын еңбек саласындағы уәкілетті органдар бар. Сот билігі бар. Прокуратура бар.
    Жұмыс беруші айлығыңды кешіктірсе заң алдында жауап береді. Оған айыппұл салынады. Қайталай берсе тіпті қылмыстық жауапқа тартады.
    Жұмыс беруші айлықты кешіктірген күндерге өсімпұл төлеуге міндетті.
    Өктемдікке жол берме. Адал ақшаңды талап етуден қорықпа!!!
    Біз Сіздің құқығыңызды қорғауға көмектесеміз.
    Ойланбай хабарласыңыз.
    Мына нөмір арқылы 📱8 778 110 77 99
    біздің WhatsApp желімізге жазып хабарласуыңызға болады.
    Біз Сіздің мәселеңізді бүкіл Қазақстан аумағы бойынша шешуге ат-салыса аламыз.
    #айлық

КОМЕНТАРІ • 2

  • @user-yi3gf2tx7r
    @user-yi3gf2tx7r Рік тому

    Ассалаумағалайкум біздін мекемеде жалақымызды кешіктіріп береді ақыл кенес бересеніз

  • @user-qg3ib3in5v
    @user-qg3ib3in5v 7 місяців тому

    Келисим Шарт болмаса кайда шагымдануга болады