ғасырдан да ұзақ жасаған адам

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 22 вер 2024
  • Қорқынышты әңгіме - 3
    Ғасырдан да ұзақ жасаған адам
    Мен мектепті бітірдім. Бірақ жұрттар сияқты сөмкемді арқалап үлкен қалаларға барып, оқуға түсейін деп талпынғаным жоқ. Өйткені, өз шамам өзіме белгілі еді. Сондықтан текке арамтер болғанша, ауылда қалып мал бағып, егін егіп, жұрт қатарлы қарапайым тірлік кешуді ойладым. Көкем бұған онша қарсы бола қойған жоқ.
    Менің ендігі бар жұмысым үйдегі оншақты қой мен үш сиырды күнұзақ жайылымға апарып бағу. Көкем осындағы серіктестікте механизатор. Жалақы бермейді. Бірақ күзде егін жиналған соң малға шөп пен бес-алты қап күріш беретіні бар. Бар табысы сол.
    Үйдегі малдың бабын жасау түгел менің мойнымда. Күнұзақ мал бағу өз алдына, ара-тұра жасайтын қысқа қажет шөп шауып, кепкен соң оны ат арбаға тиеп тасымалдау сияқты жұмыстарым тағы бар. Қысқасы, жұмыс бастан асады.
    Бойымдағы дерт (қасиет дегеннен гөрі солай деген жөн сияқты) күннен күнге асқынбаса, жазылар болмады. Енді мал соңында жүріп, күндіз де тәнімнен шығып кететін болдым. Тәнім құданың құдыретімен есектің үстінде отырады (малды жаяу емес, есекпен бағамын), ал өзім болсам аспанға көтеріліп, айналаны шолып ұшып жүремін. Бәрі алақанға салғандай анық көрініп тұрады. Мал бір жаққа кетіп қалар-ау деп еш қорықпаймын. Өйткені кез-келген сәтте тәніме қосылып, малға иелік жасай аламын.
    Содан бір күні ауылдан алыстаңқырап кетіппін. Қабырғасы жартылай қалқайып тұратын бір ескі там болатын. Соның жанында құданың құдыретімен бір елес-әруақты көрдім. Үстінде өткен ғасырда қазақтар киетін жаман жалбыр шапаны бар, сақалы жалбырап өсіп кеткен. Басында ескі жымырайған бөрік. Құдды сонау бір жылы ауылға келіп, әртістер қойған спектакльдің кейіпкері сияқты. Қызығы сол, Есберген де дәл сол қайтыс болар кезіндегі киімімен жүретін. Ол киімі ешқашан тозбайды да, үстінен шеше де алмайды екен.
    Жалбыр шапан кигеннің елес-әруақ екенін тәнімнен шығып, әдеттегіше айналаны шолып аспанда қалықтап тұрған мен бірден сезе қойдым. Тірі адам бұл жерде жүрмесе керек-ті. Үстіндегі киімі де оның елес-әруақ екенін айқындап тұрғандай. Төбесі жоқ, қалқайған жапырайған қабырғасы ғана бар тамда отырған ол көкте қалықтаған мені көрген жоқ.
    Оның әрекетін аңдып, біраз тұрдым. Қалғып отырғандай бүгжиіп отырған жалбыр шапан бір кезде орнынан тұрып, сыртқа шықты. Қимылына қарап, оның осы тамды көптен бері қоныс етіп келе жатқанын бағамдауға болатындай.
    Сол сәт төбеден түскен мен «ассаламағалейкум» деп дауыстадым. Шошып кеткен ол маған бақырая қарады. Көздері шарасынан шығып кетердей аларып кетіпті. «Кі..кімсің, жынбысың?» -деді ол. -Жоқ, адаммын.
    -Адам болсаң қайдан жүрсің, үстіңдегің не?
    Тәнімнен шыққан менің үстімде күрте, басымда кепкі, аяғымда ескі крассовка. Мұндай киімді өмірі көрмеген болса керек, ол маған таңырқай қарады.
    -Бұл менің киімім. Қазір адамдар осылай киінеді, -дедім мен.
    -Өзіңіз кімсіз, айдалада неғып жүрсіз?
    -Неғып жүргені несі, менің мекенім осы ғой, -деді ол енді маған таңырқай қарап.
    -Осы төбесі жоқ жаман тамды мекен етесіз бе? -дедім мен де таң-тамаша қалып.
    -Төбесінің бар-жоғын қайтем, қабырғасы болса болды емес пе?
    Елес-әруаққа осындай жаман тамдар да жарайтын сияқты. Есберген де төбесі жапырылып құлап қалған есі үйді қоныстанады.
    -Есіміңіз кім? -деймін мен.
    -Қасқырбай.
    -Менің атым Бостан.
    -Бостан деген де ат болады екен-ау, астапыралла -деді ол таңырқап. -Өзіңіз мұнда көптен тұрасыз ба?
    -Иә, біраз болды ғой. Мен Баймырза байдың малшысы болғанмын. -Қашан қайтыс болдыңыз?
    -Қайтыс болғаны несі? Есің дұрыс па өзіңнің?
    #аудиокітап әсерліәңгіме жинағы / @san_turli_tagdir

КОМЕНТАРІ • 5

  • @БейсекулХасенова
    @БейсекулХасенова 3 місяці тому +4

    Осындай да адамдар бар екен ия менің әкем 101 келіп қайтыс болған мына кісі 19-18 ғасырдағы кісі шығар😅

    • @БейсекулХасенова
      @БейсекулХасенова 3 місяці тому

      Шынғо

    • @San_turli_tagdir
      @San_turli_tagdir  3 місяці тому +2

      Сәлеметсізбе құрметті тыңдарман иә шын болуы да мүмкін елес бар ғой иманы уйірлмесе параллельный Өмірде Қалып қояды дейтін негізі

  • @БагдатИбраимов-э4д
    @БагдатИбраимов-э4д 3 місяці тому

    Жалғасы Кайда

    • @San_turli_tagdir
      @San_turli_tagdir  3 місяці тому

      Сәлеметсізбе құрметті тыңдарман жалғасын ізеп жатырмын 🫶🥰💓