Түркістан облысындағы Теке ауылы ауызсусыз отыр
Вставка
- Опубліковано 19 лис 2024
- 2019 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасымен салынған су құбырының қызығын көре алмай отырмыз.
Бұл - Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Теке ауылы тұрғындарының жанайқайы. Ауылға таза су жеткізетін нысанның құрылысы әлдеқашан біткенімен, жұртшылық әлі күнге дейін ауызсуға жарымай отыр. Көбі үй іргесінен құдық қазып алған. Алайда ондағы су кір жуып, мал суғаруға болмаса, ішуге жарамайтынын айтады.
Үшқайық ауылдық округіне қарасты Теке елді мекенінің тұрғыны Озипа Төребаева осыдан екі жыл бұрын ауылға таза ауызсу келетінін естігенде қатты қуанғанын айтады. Алайда қуанышы көпке созылмапты. Өткен жылы берілуі тиіс су әлі күнге жоқ. Ауласынан құдық қазып алған. Бірақ оның суы ішуге жарамайтындықтан тіршілік нәрін тасып ішеді.
Озипа Төребаева, Теке ауылының тұрғыны:
Су ащы болған соң, іше алмаймыз. Суды 2-3 үйден әрі тасып ішеміз. Тасып ішкен су шақ келмейді. Амал жоқ, сонымен отырмыз. Қашан бізге тұщы су келер екен?! Оның үстіне бақша ексек, оны да қуратып жібереді. Не іше алмай, не еге алмай отырмыз. Тек мал ішуге ғана жарайды.
Хабар арнасына жазылыңыз
www.youtube.co...