Пайғамбар ﷺ өмірбаяны, 6-дәріс: Туылғаннан сегіз жасына дейін. Ұстаз: Омар Теміртас

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 вер 2024
  • ТУЫЛҒАННАН ПАЙҒАМБАРЛЫҚҚА ДЕЙІН
    Пайғамбарымыз Мухаммад ﷺ піл оқиғасы болған жылы, Робиғул-Әууәл айының он екісінде, дүйсенбі күні, Мекке қаласын-да, жетім болып дүниеге келді. Анасының құрсағында болғанда әкесі дүниеден өтті.
    Дүниеге келген соң Хали́ма әс-Сағдия деген сүт анасының қолына ауысты. Оның ﷺ себебімен Халиманың отбасына көп игіліктер мен берекелер енді әрі сан түрлі таңғажайып жайттар жүз берді.
    Жасы төртте болғанда екі періште келіп кеудесін жарып, жүрегін жуу оқиғасы болды. Бұл жайттан қатты үрейленген Халима, оны ﷺ өз анасына, туған отбасына қайтарды.
    Анасының қолында екі жыл болып, алты жасында анасы Абуә деген жерде көз жұмып пайғамбарымыз ﷺ атасы Абдульмуттолиб-тің қолына өтеді.
    Анасынан ажыраған тұл жетім Мухаммад ﷺ атасының үйінде күн кешіп жатты. Арада екі жыл өткенде, пайғамбарымыз ﷺ сегіз жастан сәл асқанда, кішкентай немересін бауырына басып, жылу-лығы мен мейіріміне бөлеген, тіпті, өз ұлдарынан да артық көретін атасы Абдульмуттолиб те қайтыс болды. Ол көз жұмар сәтінде немересінің қамқорлығын оның әкесінің туған бауыры, көкесі Әбу Толибке табыстады. Сөйтіп, атасынан да айрылған жетім бүлдіршіннің қамқорлығын көкесі Әбу Толиб жауапкершілігіне алып, жауапкершілігін ең кемел түрде орындады.

КОМЕНТАРІ • 16

  • @user-dp6sy6lk3l
    @user-dp6sy6lk3l Місяць тому

    АлхамдуЛлилаһ Алла Тағала Рахымына бөлінуін сұраймын

  • @BAS00100
    @BAS00100 Місяць тому +9

    Бұрын бір киноның жалғасын күткендей күтеміз келесі сабақты)) қызық жерінен бітіп қаладығо,әрі қарай тыңдай бергің келеді))

  • @GK_MUSA_01
    @GK_MUSA_01 Місяць тому +1

    Аллахумма барик Аллахумма амин бауырым керемет әдемі түсіндіресіз Аллаху Акбар Раббымыз баршамызға хидаятын беріп Сізге Дидарын көруіңізді нәсіп етсін дұғадамын ұрпағымыздан Аллаһ Субхану та'аляның құлы Мухаммад саллалаху алейһиссаламның жолын ұстанатын Сіздей тұлғалар шықсын деп Амин

  • @Amangeldiuly.s
    @Amangeldiuly.s Місяць тому +1

    Пайғамбарымыз ﷺ

  • @nurlankubashev4359
    @nurlankubashev4359 Місяць тому +1

    السلام عليكم و. رحمة الله و بركاةه

  • @GK_MUSA_01
    @GK_MUSA_01 Місяць тому

    Алхамдулиллах телефаннан осы Бауырдан басқа ешкімді тыңдағым келмейтін қылғанына тек амал жасауды нәсіп етсін Амин табаракАллах

    • @muslimbrofromkz
      @muslimbrofromkz Місяць тому

      Баракат, Харун ұстазда жақсы айтады. Баракат ұстаздың сабақтары тіл көтеріп бастағандар үшін керемет

  • @user-re6of4cn8u
    @user-re6of4cn8u Місяць тому +1

    СубханалЛах АльхамдулилЛях Аллаху Акбар

  • @RaimbekRaimbek-p7i
    @RaimbekRaimbek-p7i Місяць тому

    بارك الله فيكم

  • @Atyrau84
    @Atyrau84 Місяць тому +1

    Ма ша Аллах

  • @312sss.
    @312sss. Місяць тому

    ӘлхамдулилЛях

  • @Zhemchuzhinka-gl8im
    @Zhemchuzhinka-gl8im Місяць тому +1

    🎉

  • @GK_MUSA_01
    @GK_MUSA_01 Місяць тому

    Шәкірттікке бала алуға болатын болсаңыз шіркін ойланбай беріп жіберетін едім ин шаа Аллаһ

  • @КулянКубышева
    @КулянКубышева Місяць тому +3

    Абу Суфьян сүт бауыры болса, пайғамбарымыз Умму Хабиба бинт Абу Суфиянды қалай неке киған? Олай бола ма?

    • @Istiqoma22
      @Istiqoma22  Місяць тому +7

      Пайғамбарымыздың сүт бауыры Абу Суфиян ибн Харис ибн АбдульМуттолиб. Ал Умму Хабибаның әкесі Абу Суфьян, Сахр ибн Харб.
      Сабақта Абу Суфьян ибн Абдульмуттолиб пайғамбар көкесі делініп кетті, ол қате. Дұрысы көкесінің баласы. Яғни, Абу Суфьян ибн Харис ибн Абдульмуттолиб.
      Харис пайғамбарымыздың көкесі.

    • @Istiqoma22
      @Istiqoma22  Місяць тому +6

      Мән беруіңіз оте орынды. Алла разы болсын