«Елбасы Жолы. Астана» к/ф (реж. Ақан Сатаев, 2018 ж.)

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 лис 2024
  • «Елбасы Жолы. Астана» фильміне Астанамыздың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін қайта құрылған мемлекет - Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, мемлекет Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді. Бірақ қауіп-қатер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан астананы көшіру күшіне еніп кетті. Күдікке, күмәншілдердің сыны мен қаржылық қиындықтарға төтеп бере отырып, Президенттің басшылығымен еліміз межеленген мақсатты іске асырды. 1998 жылдың 10 маусымында жаңа астана - Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өткізілді. Сол кезден бері бірталай уақыт өтті, қазір жаңа астанамыз Қазақстанның экономикалық, геосаяси және стратегиялық маңызды шешімі болғанына оң баға беруге болады. Астана - орындалған арман қаласы, мақсатқа қол жеткізу үшін үкілі сенім, ерен еңбек және межеленген нысанаға жету жолындағы табандылық керек екендігінің дәлелі мен айғағы.
    Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіні тапсырысы бойынша
    Режиссері: Ақан Сатаев
    Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев
    Сценарий авторлары: Әділбек Жақсыбеков, Тимур Жақсылықов
    Қоюшы операторы: Хасанбек Қыдыралиев
    Қоюшы суретші: Назира Байбекова
    Композитор: Алим Заиров
    Продюсері: Ақан Сатаев
    Атқарушы продюсер: Әлия Меңдығожина
    Актерлер: Мұрат Ахманов, Еркебұлан Дайыров, Жан Байжанбаев, Олег Ни, Азат Сейітметов, Асқар Ілиясов, Гүлнар Жақыпова және басқалары.

КОМЕНТАРІ •