Моцарт | Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM school | «B-FEST» таланттар фестивалі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 20 тра 2024
  • Моцарт | Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM school | «B-FEST» таланттар фестивалі
    B-FEST-2024» фестивалінің үздіктері белгілі болды
    18 мамырда Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «B-FEST» таланттар фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
    «Білім Болашағы» ҚҚ ұйымдастырған фестивальге Астана және Атырау қалаларындағы BINOM SCHOOL желісінің барлық мектебі қатысты. «B-FEST» таланттар фестивалі жай байқау ғана емес, ол - дарын иелерінің мықты жақтарын айқындауға, қабілеттерін дамытуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға таптырмас мүмкіндік екенін айта кеткен жөн.
    BINOM таланттары аталмыш фестивальде «B-DREAM PROJECT», B-ART, B-SPORT, B-Social, B-BOOKMAN секілді 5 бағыт бойынша тартысқа түсіп, әділ қазылар алқасы мен қалың көрерменді ерекше өнерімен таңғалдырды. Бұл бағыттар 18 000-нан аса оқушыны қамтыды.
    Үздіктері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    Есте қаларлық ерекше эмоциялар сыйлаған, әрине, бұл B-ART бағыты аясында ұйымдастырылған мюзиклдер кеші болды. 17 мамырда оқушыларымыз Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында «Моцарт», «Ромео мен Джульетта», «Абай-Тоғжан», «Аладдин», «Notre-Dame de Paris», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Mamma Mia!» секілді көпшілікке белгілі мюзикл туындыларын сахналады. Жас таланттар өз рөлдерін көрермен жүрегіне жеткізе орындай білді.
    Биыл атыраулық биномдықтар алғаш рет фестивальге қатысып, «Ромео мен Джульетта» және «Қыз Жібек» қойылымдарын үлкен сахнада қойды. Басты рөлдерге жас актерлер арнайы кастинг арқылы таңдалды, дейді Әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің директоры Өнербек Ерғалиев:
    - Күні-түні дамылсыз еңбектің нәтижесінде әр бала өз рөлін жоғары деңгейде сомдап шықты. Аталмыш фестиваль келесі жылы да жалғаспақ. Бірақ, бұл туындымен емес, келесі кезекте басқа спектакльмен қатысамыз. «Ромео мен Джульетта» балалардың жүрегінен орын алған қойылым болып қала береді. Мұндағы бір ерекшелік, «Ромео мен Джульетта» заманауи форматта жаңа нұсқада жарыққа шықты. Оны біздің таланттар жоғары деңгейде алып шығып, көрерменнің ықыласына бөленді. Құрылғанына бір жыл ғана толмаған мектеп үшін бұл жүлде Гран-примен тең.
    Бұл мюзиклдер кешінің балалар үшін көп, дейді фестивальге қатысушылар. Мектеп бітіруші оқушылардың дені мектеп бітіргеннен кейін өнер саласын, сахнаны таңдайды. Ал «B-FEST» фестивалі ұйымдастырушыларының сөзінше, мектептерде енді театр үйірмелері ашылып, оқушылардың актерлік шеберліктері шыңдалады.
    **************************
    Фестиваль талантов B-FEST состоялся в Астане
    В рамках фестиваля талантов «B-FEST» дети представили на сцене известные мюзиклы, такие как «Моцарт», «Ромео мен Джульетта», «Абай-Тоғжан», «Аладдин», «Notre-Dame de Paris», «Қозы көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» и «Mamma Mia!»
    Невероятные таланты учащихся BINOM вновь поразили нас в пяти направлениях фестиваля талантов «B-FEST»: «B-DREAM PROJECT», B-ART, B-SPORT, B-Social, B-BOOKMAN. В фестивале приняли участие все школы сети BINOM SCHOOL городов Астана и Атырау. Фестиваль талантов B-FEST является не только соревнованием, но и уникальной возможностью для учеников продемонстрировать свои сильные стороны, развить свои таланты и приобрести уверенность в себе.
    В направлении «B-DREAM PROJECT» были выявлены лучшие научные проекты и работы по робототехнике, которые объединили будущих ученых, разработчиков, инженеров, дизайнеров, предпринимателей и всех увлеченных инновационными технологиями. Направление «B-DREAM PROJECT» оценивалось по номинациям «Прорыв года», «Дизайн-проект, который сделает мир ярче», «Прогрессивный проект», «Оригинальная бизнес-идея», «Технологичный проект», «Экологичный проект».
    В рамках «B-ART» были выявлены лучшие мюзиклы, определены сильнейшие в визуальном искусстве. Конкурс направлен на раскрытие самых одаренных детей в области искусства и поддержать их творческую активность. В рамках данного конкурса дети поставили на сцене известные мюзиклы, такие как «Моцарт», «Ромео мен Джульетта», «Абай-Тоғжан», «Аладдин», «Notre-Dame de Paris», «Қозы көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» и «Mamma Mia!»
    «B-SPORT» определил сильнейших в соревнованиях по тоғызқұмалақ, футболу, баскетболу, волейболу, настольному теннису, қазақ күресі. Охват направлением фестиваля - 5200 учеников.
    В рамках «B-Social» ученики презентовали социальные проекты и волонтерское движение своих школ посредством видеороликов.
    «B-BOOKMAN» определил сильнейших в скорочтении, функциональном чтении, ораторском искусстве и актерском мастерстве. В данном направлении фестиваля приняли участие более 10 000 детей.
    В целом в фестивале талантов «B-FEST» приняли участие более 18 000 учащихся школ BINOM. Победители пяти направлений фестиваля были награждены дипломами и ценными призами.
    К слову, фестиваль проходит ежегодно. В прошлом году переходящий Кубок фестиваля B-FEST завоевала школа-лицей BINOM SCHOOL им. Каныша Сатбаева.

КОМЕНТАРІ •