"ТӘҢІРШІЛДІК, АЛТАЙ" жәйлі нағыз текті қазақ-тәңіршіл Серәлі Мұхаммедсалықов ағамызбен сұхбат.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 24 сер 2024
  • ТӘҢІРШІЛДІК (ҚАЗАҚШЫЛЫҚ) -ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ТАРИХИ ҚӘЗІРГІ ДІНІ, НАНЫМ-СЕНІМІ, САЛТЫ, ДӘСТҮРІ, ДҮНИЕТАНЫМЫ, ӘЛЕМГЕ КӨЗҚАРАСЫ, ФИЛОСОФИЯСЫ.
    ЮТУБТАҒЫ МӘЛІМЕТ: • "Тәңіршілдік - түркіле...
    ТЕЛЕГРАМДАҒЫ "ҚАЗАҚШЫЛЫҚ (ТӘҢІРШІЛДІК)" АТТЫ ТЕКТІ НАҒЫЗ ҚАЗАҚТАРДЫН ТОБЫНА КЕЛІҢІЗДЕР! БӘРІМІЗ БІРГЕ БОЛАЙЫҚ! СІЛТЕМЕСІ:
    t.me/tanirshildik
    Фейсбуктағы сіздің тобыңыз "ҚАЗАҚШЫЛЫҚ (ТӘҢІРШІЛДІК)":
    / 308641057072397
    Мен Тиктокта: tiktok.com/@malik_kazakhstan_aktobe

КОМЕНТАРІ • 115

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +22

    Мынау міне қазақтың ҰЛЫ ДАЛА ДУНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ұстанымдардары деп осыны айтады. Ата-бабаларымыз дана болған ғой, бәрін білген ғой. Олармен мақтаныш етемін, қазақ болғаныма ризамын. Ал кім, қай қазақ бұндай ұстанымға қарсы?
    КҮЛТЕГІН ТАСЫНДАҒЫ ЖАЗУЛАРДАН ЖӘНЕ АҢЫЗ- ЖЫРЛАРДАН АЛЫНҒАН.
    Уа, Тәңірім!
    Төбемізде Көк Аспан, табанымызда Қара Жер,
    Сенің сөнбейтін нұрыңнан жаралғанбыз,
    Алтайдан төрткүл дүниеге таралғанбыз,
    Жұпар Ауадан, тұнық Судан нәр алғанбыз!
    Көк бөріні көкке көтеріп тегім деп білгенбіз,
    Алақанымызды аспанға қаратып жайып, тілек тілеуді сенім деп білгенбіз,
    Ата- бабаның сүйегі қалған төбені жерім деп білгенбіз!
    Ала байрақты аспанға көтеріп, Аруағымызды шақырғанбыз!
    Жау көрсе айбатқа мініп, атойлап арыстандай ақырғанбыз!
    Қырандай биікте қалықтағанбыз,
    Шартарапқа шарықтағанбыз!
    Біз- Көк Түріктен, Он Оғыз, Тоғыз Оқтанбыз,
    Түнде аш бөрідей жортқанбыз!
    Басқалар жаяу жүргенде,
    БІЗ көлікті таңдап мінгенбіз,
    Ат тұяғы жетерде алып- алып басып, алшаңдап жүргенбіз!
    Күміс шарамен қымыз ішіп, алтыннан шырағдан жаққанбыз,
    Болат темірді қортып, сәйгіліктерімізге үзеңгі таққанбыз!
    Басқалар әбүйрін жаба алмай жалаңбұт жүргенде,
    Ақ тәнімізге түйежүн шекпен, бадана көзді сауыт кигенбіз!
    Жомарт жүректерге, көк өрім көңілдерге
    Басымызды игенбіз,
    Тәу етіп, киелі қасиетке сыйынып, Жаратқан Көк Тәңірін сүйгенбіз!
    Санамызды қалыпқа салмағанбыз,
    Ар мен ұятымызды нарыққа салмағанбыз,
    Өтпейтін пышақты шарыққа салмағанбыз!
    Байлықты қолдың кірі деп,
    судай сапырғанбыз,
    Анталап жау келсе, әруағымызды шақырғанбыз,
    Жауымызға жолбарыстай атылғанбыз,
    Өкініш өзегімізді өртесе, өлердей аһ ұрғанбыз,
    БІЗ- Ұмай Анадан, асылда текті жатырданбыз!
    Айғырдай кісінегенбіз,
    Бұқадай бұлқынғанбыз,
    Бурадай жұлқынғанбыз,
    Тереңге сүңгігенбіз,
    Биікке ұмтылғанбыз,
    Құндыздай қыз туғанбыз,
    Бөрідей ұл туғанбыз!
    Басқаға барып соқтығып, тимегенбіз,
    Салтанат құрып сауықта билегенбіз,
    Көңілімізді мұңлы әуенмен күйлегенбіз!
    Жағамызды да алтындағамыз,
    Сабатта салқындағанбыз,
    Жәй отындай жарқылдағанбыз!
    Дүниені дүрліктіріп, дүркірегенбіз,
    Нөсердей төгіліп сіркірегенбіз,
    Күңіренсек Күндей күркірегенбіз!
    Қарсы келгендерді майып еткенбіз,
    Қасқыр азуымызмен іреп, сойып өткенбіз,
    Қаптаған селдей болып шайып өткенбіз!
    Соққан желдей болып есіп өткенбіз,
    Кедергілерді кездігімізбен кесіп өткенбіз,
    Алтайдан асып, Темір Қақпаны тесіп өткенбіз,
    Байқалдан Балқанға қарай шұбырып көшіп өткенбіз!
    Жалпақ дүниені төртке бөліп, төбесінен қарағанбыз,
    Көзімізді Күнге қадап, басқадан бұрын Жұлдызды санағанбыз,
    Жердің кіндігі болған Алып Алтайдан тарағанбыз!
    Ғаділет пен адалдықты ту етіп, соны жөн көргенбіз,
    Адамның баласын тегіне бөлмей өзімізбен тең көргенбіз,
    Топалаң тигендей қылып ата жауымызды тоқтыдай өңгергенбіз,
    Тұлпарға тұнықтан су ішкізіп, қолымыздан жем бергенбіз,
    " Адам адамға құл болмайды!"- деп, құлды да теңгергенбіз!
    Қара тас та да қасиет бар деп білгенбіз,
    Қара сөзде де қасиет бар деп көнгенбіз,
    Қара қазанды қастерлеп,
    Қара шаңырақтағы қасиетке сенгенбіз!
    Тексізді өзімізге әсте теңгермегенбіз,
    Қандағы қасиетім жоғалады деп,
    жеті атадан бері қыз бермегенбіз!
    Қырық қабырғамыз қақырап,
    отыз омыртқамыз опырылса да дыбысымызды шығармағанбыз,
    Тектілік қаннан деп,
    іргемізден туысымызды шығармағанбыз
    Ұйыған сүттей болып, уысымыздан Ұлысымызды шығармағанбыз!
    Сулы жер- нурлы жер деп,
    қайнарлы көзге тоқтағанбыз,
    Тентектікті қотанға тышар деп,
    тәртіп пен тезге тоқтағанбыз,
    Жібек пен бөзге емес, алтынға емес,
    Аталы Сөзге тоқтағанбыз!
    Тауға қарап өстік, талпындық,
    асқақ мұрат күшті дедік,
    Жер танабын қуырған жылқыда тұяқ күшті дедік,
    Бәрінен де АР биік, Өлімнен де ҰЯТ күшті дедік!
    Уа,Тәңірім!
    Қорқақтың жүрегін берме,
    Әлсіздің білегін берме,
    Жауымның тілегін берме!
    Дұшпанның табасын берме,
    Жетімнің наласын берме,
    Жаманның жаласын берме!
    Қанағатсыздың көзін берме,
    Ынжықтың сөзін берме,
    Төпелесе де көне беретін төзім берме!
    Есердің миын берме,
    Жарлының күйін берме,
    Арамның сыйын берме,
    Келесіз жиын берме!
    Асқақ арманымызға Таудың алыптығын сыйла!
    Өлмейтін жанымызға Күннің жарықтығын сыйла!
    Қарайған көңілімізге Айдың сүттей сәулесін сыйла!
    Семсердей сертімізге бабамның сенімділігін сыйла!
    Қайғы- мұңымызға, қапамызға желдің жеңілдігін сыйла!
    Ар- ожданымызға ағын судың тазалығын сыйла!
    Намысымызға найзағайдың шатырлағанын сыйла!
    Санамызға Ұлы дәуірдің жаңғырығын сыйла,
    Ұлысымыз бен ұрпағымызға ғұмырдың
    Мәңгілігін сыйла!
    Аруақ!!
    Р. S. Топтарға, адамдарға таратуыңызды сұраймын.
    facebook.com/groups/308641057072397/?ref=share

    • @user-hg2wt5fc7e
      @user-hg2wt5fc7e 3 роки тому +11

      арабтан келгендерден басқа барша ҚАЗАҚ қарсы емес,бұл ұстанымға !!!!!!!!!!!!!!!!

    • @muratismatov6120
      @muratismatov6120 3 роки тому +8

      @@user-hg2wt5fc7e ПІКІРІҢІЗДІ ҚОЛДАИМЫН. МІНЕ БІЗДІҢ ТАҢІРЛІК ҚҰДАЙҒА СИЫНҒАН ҚАЗАҚТЫҢ ДҮНИЕ ТАНЫМЫ .СМ.АБДОЛЛА БЕРІШ ТҰРАННАН

  • @user-qi2pm1hu9k
    @user-qi2pm1hu9k 3 роки тому +25

    Тәңір жарылқасын, аруақтар қолдасын!

  • @talgattimur7369
    @talgattimur7369 3 роки тому +23

    Армысын ұлы қазақ елі! Тәнірші ағаны көргеніме қуаныштымын. Тәнірім жарылқасын!

  • @nisaasel667
    @nisaasel667 3 роки тому +15

    Керемет сухбат . Рахмет ағай, Тәңір діні адал, таза дін.

  • @user-sz7hb4wo6n
    @user-sz7hb4wo6n 2 роки тому +2

    Риза болдым.Мына ағамызға.Автор бауырымада.Тәңір жарылқасын,Арауқ қолдасын.

  • @user-eb3ds2cx5z
    @user-eb3ds2cx5z 3 роки тому +10

    ТӘҢІР жарылқап , ӘРУАҚТАР қолдасын !!!

  • @user-gk1zk9hg1x
    @user-gk1zk9hg1x 3 роки тому +20

    Өте керемет айтылған. Сіздей адамдар көп болсын!

  • @user-kg4lx7tu6v
    @user-kg4lx7tu6v 3 роки тому +22

    Таңір жарылқасын сізге!

  • @user-tt4ln1ky1x
    @user-tt4ln1ky1x 3 роки тому +18

    Оте керемет сухбат! Бирак, дыбысы...))

  • @user-gq6ip6hs4x
    @user-gq6ip6hs4x 3 роки тому +19

    Сізге рахмет. Тәңір жарболсың сізге.

  • @user-ux9tj2rw1l
    @user-ux9tj2rw1l 3 роки тому +39

    Өте тамаша сұхбат екен. Қазаққа уағызды осы кісілер айту керек. Әйтпесе дүмше молдалар елдің санасын әбден улап болды.

    • @user-gq6ip6hs4x
      @user-gq6ip6hs4x 3 роки тому +6

      😄

    • @user-adam-demokrat2000
      @user-adam-demokrat2000 3 роки тому +5

      МОЛДА деген молшылықта деген сөз . Ол да қазақтың төл сөзі, Тәңір дінінен алынған сөз.

    • @user-ux9tj2rw1l
      @user-ux9tj2rw1l 3 роки тому +1

      @@user-adam-demokrat2000 бұрын естімеппін, ал имам деген сөздің мағынасы қалай?, соны түсіндіріп жіберсең жақсы болар еді, егер білсең, мен білмейді екенмін.

    • @user-adam-demokrat2000
      @user-adam-demokrat2000 3 роки тому +3

      @@user-ux9tj2rw1l имам деген сөзде қазақ сөзі. Оларда муфти ма басқалай аталады. Имам деген ИІЛ ,ИМЕН ,ИМАН,ИМАМ яғни құдайдың алдында басыңды иіп ,қаймығып,жинақы , кішіпейілмен тұратын адамды имам деп атаған. Ол сөзді кері оқысаңда мағына береді МАМИ деген майда ,жұмсақ дегенге жақын сөз .

    • @user-ux9tj2rw1l
      @user-ux9tj2rw1l 3 роки тому

      @@user-adam-demokrat2000 рахмет. Бұрын білмеппін

  • @user-li4ve9lp3g
    @user-li4ve9lp3g 3 роки тому +17

    Міне керемет, менің дәл ойымдағыны айтқанына ризамын!!! ҚАЗАҚ біткенің ішкі сезімі өзіне тартып тұрадығой₸₸₸₸

  • @user-um8wk1uh7j
    @user-um8wk1uh7j 3 роки тому +10

    Оте керемет Танирим жарылкасын
    Танир созин еситсем жаныма куат киргендей болады тындай бергим келеди тындай бергим келеди ширкин

  • @user-oi8ki7nv3u
    @user-oi8ki7nv3u 3 роки тому +4

    Өте керемет айтылған. Сіздей адамдар көп болсын! Сұхбат жалғасын тапсын, асыға күтеміз.

  • @user-gq6ip6hs4x
    @user-gq6ip6hs4x 3 роки тому +19

    Тәңір жарылқасың. Рахмет тамаша түсіңік.

  • @user-nx2ix3ov1b
    @user-nx2ix3ov1b Рік тому +1

    Армысыз🤝 Шым қала дан рақмет 🤝👍

  • @user-um8wk1uh7j
    @user-um8wk1uh7j 3 роки тому +16

    Мына аганын номери барма кайда турады екен салем бериейик уйренетинимиз коп екен оте керемет сухбат болды рахмет коооооп болсыншы осындай сухбат

  • @user-fe1mp4ij8e
    @user-fe1mp4ij8e 3 роки тому +5

    ӨТЕ. КЕРЕМЕТ. ЫРЗАМЫН.

  • @user-un4kt2zz4e
    @user-un4kt2zz4e 3 роки тому +19

    Оте кызык әңгіме болды

  • @erema6905
    @erema6905 3 роки тому +18

    Керемет казакты оятатын ангиме тагыда шыгарынызшы

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +6

      Тәңіршілдік жайлы жақсы мәліметтер болса шығарамын.

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +5

      "Тәңіршілдік" деген тақырыпты қараңыз менің арнамда.

    • @user-gq6ip6hs4x
      @user-gq6ip6hs4x 3 роки тому +5

      @@Malik_Kazakhstan_Aktobe 👍

    • @user-adam-demokrat2000
      @user-adam-demokrat2000 3 роки тому +5

      @@Malik_Kazakhstan_Aktobe армысыз ?! Енді Алматы да Тоқтар Абыз деген Қазақстанда Тәңір дінінің ресми өкілі бар ,заңды тіркелген сол абызбен сұхбат жасасаңыз керемет болар еді . Рахмет сізге АТА БАБАМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ДҮНИЕ ТАНВМЫН ЖАҢҒЫРТЫП ЖАТҚАНЫҢЫЗҒА !!! Тек билік өз мақсатына қолданып жүрмесе деймін сізді , Тәңірім жар болсын сіздерге !!! АРУАҚ ҚОЛДАП НИЕТТЕРІҢІЗДІ ҚҰДАЙҒА ЖЕТКІЗСЕ ЕКЕН!!!🤲ӨӨММІІН!!!

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +5

      @@user-adam-demokrat2000, біреудің жетегінде жүретін бұзау немесе қой емеспін. Сондықтан биліктін жетегінде жүрмеймін. Тоқтар Абыз ағамызға келсек тікелей эфирде жалпы Қазақшылық (Тәңіршілдік) жайлы әнгімелесетін кез де келер. Әңгімесі деген ол кісінің өте күшті ғой. Білмейтін нәрсесі жоқ. Анда-сонда сөйлесеміз екеуміз телефонмен.

  • @user-fc6ui9ng5r
    @user-fc6ui9ng5r 3 роки тому +12

    Па шіркін

  • @user-wm6cf8dy3e
    @user-wm6cf8dy3e 3 роки тому +4

    Мына агамызга бару керек екен.

  • @user-sd6yh4gk7h
    @user-sd6yh4gk7h 3 роки тому +15

    👍👍👍👌

  • @qablan_kz7239
    @qablan_kz7239 2 роки тому +2

    Мен көмекейде ойнай білем. Күркіресені жақсы көрем. 5 жылдан бері айтып келем.

  • @user-ji4pw3uz2z
    @user-ji4pw3uz2z 3 роки тому +12

    👍👍👍

  • @user-tu2xk7lg9y
    @user-tu2xk7lg9y 3 роки тому +15

    Дауыс пен дауыстың дірілдеи отырып бір біріне соғылғандағы шағылысуынан төңірек тітірер (акустика)

  • @gyleke_kan2861
    @gyleke_kan2861 4 роки тому +29

    Бұл, Алтай Қазағының аты-жөні кім? Тамаша сұқбат екен, жалғасы болама? Сізге көп рақымет!

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +5

    Армысыз. Достар, сіздерге керемет жаңалығым бар: осы фейсбукта тамаша топ ашылды: "ҰЛЫ ДАЛА ТӘҢІР ЕЛІ" деген.
    Ішінде Қазақтын:
    ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлері, ана тіліміз мәселесі жайлы , тарихы, естімеген мақал-мәтелдер, БАТАлар, ұлттық: киімдер мен ойындар, тағамдар, әндер-бейне клиптер, табиғатты сақтау, әлемге көзқарас, ақындар мен жазушылардын шығармашылықтары, Ұлы Дала Дүниетанымы, жауынгерлік жекпе-жек өнері, мәдениет, қол өнер, әзілдер, ауыз шешен өнері, өсиеті мен ұстанымдар, Ұлы Даланың моралдық тәрбие қағидалары мен Даланың заңдары, халқымның даналық қасиеті, мақал-мәтелдер және бүкіл қазақтардың бұрынғы, қәзіргі өмірі, ырымы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, қасиетті адамдар мен киелі жерлер жайлы және тағы да баска қазақтарға мен Қазақстанға қатысты, қызықты құндылықтары мен соларға тиісті әңгімелер жайлы. Келіңіздер, көріңіздер, біліңіздер. Бәріміз бірге болайық! Қазақ еместер әрине топқа кірмей өтіп кетеді.
    Нағыз Қазақпын десеңіз осы постқа "лүпіл", ♥️ "лайық" 👍 қойып, өзіңіздің парақшаңызға көшіріп, "бөлісу" түймесін басып басқа топтарға жариялаңыз.
    Тобыңызға мына сілтемемен кіре аласыз:
    facebook.com/groups/308641057072397//

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +7

    Ұлы-дала қағидасы.
    1. Тәңірден басқа Жаратушы жоқ. Түркілер (қазақтар) оның елшісі де пайғамбарлары да.
    2. Әрқашан есіңде сақта, сен - көне және бекзат (текті) халықтың ұрпағысың, сондықтан жарамсыз іс-әрекет істеуге құқың жоқ.
    3. Өз халқың мен өлкеңнің тарихын біл - бұл білім (даналық) рухыңды нығайтып, жаныңды ұлықтандырып, өмірдегі қиын-қыстауда күш-қуат беретін болады.
    4. Өзіңді адаммын деп өз халқыңның тілін, салт-дәстүрін және шеберлігін меңгермегенше санама.
    5. Ұлы ата-бабаңа лайықты болу үшін әрқашан дене мен рухыңды жетілдір, денсаулығыңды шынықтыр.
    6. Руыңның негізін қалаушысына дейін шежіреңді біл де есте сақта. Үлкендерге құрметпен, ал өзіңе өмір сыйлаған ата-анаңа одан да асқан құрметпен қара.
    7. Ата-бабаның ең жоғарғы ұстанымы ретінде ақиқатты меңгеріп ал - адамның ұлылығы ешқашан байлықпен емес, Отан үшін берілген (пида етілген) қайрат пен еңбек шамасымен өлшенген.
    8. Өмірде барлық жасаған жақсылық пен жаманның өзіңе еселеп қайтатынын әрқашан есте сақта.
    9. Әңгімелескенде сөйлегеннен көбірек тыңда, және ешқашан мақтанба. Адамдардың ішінде сенен ақылдырақ және күштілер де бар.
    10. Дау-дамай мен ұрыс-керістен аулақ бол. Ақымақпен ұрыста өзің ақымақ боласың, ал ақылды (дана) сұхбаттасты тыңдап шығу өзіңе игі.
    11. Отанды сансыз рет құртқан «Оның меннен не артықшылығы бар?» деген ойдан сақтан, егер отансүйгіш болсаң мұны іспен дәлелде.
    12. Ас пен ішуде ынсапты бол. Мереке мен ас беру мешкейлік үшін сылтау емес.
    13. Қалыңдықты (жарды) түр-әлпеті мен денесіне ғана емес, сондай-ақ ақыл-ойы мен абыройының бар болуына, отбасының дәстүрі мен тегіне қарап таңда.
    14. Ұрпаққа қамқор болу мен балалардың рухын мықты етіп тәрбиелеу - әр адамның ардақты міндеті.
    15. Ешқашан ешкімнің ұлты мен діни сезімін (тиістілігін) жәбірлеме. Әр халық - Құдайдың сыйы.
    16. Әрқашан әр жерде абыройлы бол. Аштық та, суық та, өлім үрейі де рухыңды түсірмесін!
    facebook.com/groups/308641057072397/?ref=share

  • @user-adam-demokrat2000
    @user-adam-demokrat2000 3 роки тому +14

    АРМЫСЫҢ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫМ !!! ТӘҢІРІМ КӨКПЕН ЖЕРДІҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ҚУАТ БЕР ДЕЙМІН!!! ҚАЗАҚ сөзінен бастасақ кері оқысаң да ҚАЗАҚ . Көп сөздің ішінде АҚ деген сөз көп кездеседі . Қазақ ұлы халық болғандықтан оның дүние танымы да ұлылыққа сай . Қазақ бабаларының дүние танымын ұмытпай, дәстүр мен жалғастырып келді . Ата бабасын құрметтеген халық. Және өзінің қайдан шыққанын білген халық. Сондықтан тұқым мен тарайтын ,қаннан қанға берілетін қасиеттер мен кеселдерді білген . Жаңағы АҚ деген сөзді БЕЛОК(КЛЕТКА) деп түсінсек қазіргі тілмен ҚАЗ дегенім( КОПАЙ, КОПАТЬ ) қазу ,қазбалау, зерттеу ,іздеу деген сөз сонда АҚты ҚАЗ КОПАЙ КЛЕТКУ деп ұрпағына бұйырып кеткен. Сол жерден барлық үрім бұтақғыңды, ата тегіңді, қанға біткен қасиеттер мен кеселдерді табасың дегендей меңзеп кеткен. Қазақ дүние танымы әуел баста ҚҰДАЙдың мына материалдық дүниені( ТАБИҒАТ ,АҢ ҚҰС, АДАМ ) қалай жаратқаны туралы түсінігі бар халық , сондықтан бұл дүниені ЖАРЫҚ ДҮНИЕ деген ( бақи ,жалған дүние демеген ). Осы дүниеде жұмағың мен тозағыңды көресің деген ( қирани қирааттағыдай алдамаған ана жақта деп) сол тозАҚ пен жұмАҚ сөзінде де АҚ деп тұр ТОЗ АҚ ,ЖҰМ АҚ тозып қалатын клетка жұмылатын клетка қазіргі тілмен айтқанда . Және жеті атадан асырып ,түпті қиыны мен түқиянын ,елін ,руын сұрастырып қосқан болашақ ұрпАҚты . Ер мен әйел арқылы келетін болашақ ұрпақ қаны таза болсын, бұзылмасын деп екі жақтың ақпараттарын сұрастырып біліп отырған . Кейбір қандар қосылғанда еркек шора ,қыз теке немесе кеселді ұрпақ туатынын алдын ала білген . Қалай білген? АҚтар арасындағы қарым қатынасты ҚҰДАЙдың ТӘҢІР әлеміне берген заңдылықтарын білген (микробиологияны білген деуге де болады) не деген ҰЛЫ ХАЛЫҚ екенін сезінесің.
    ТӘҢІР кері оқысаң мағынасы ашылатын сөз ІРІҢ АТ егер ҚҰДАЙ берген табиғат заңымен жүрмесең ІРІҢ сияқты іріп шіріп жоқ боласың ірің атады деп түсінген . Табиғаттағы адам,жануарлар,өсімдіктер сол ТӘҢІР заңымен бұзылмай сақталып тұр деп түсінген . Соған сәйкес өз ұрпағының да болашақта іріп шіріп ,азып тозып жоқ болмасын деп соның алдын алып салт дәстүр қалыптастырып кеткен . Бұл әлемдегі жұмсақ (клеткадан) АҚтан жаралған тіршілік иесінің барлығы сол АҚты қазып заңдылығын бұзбай өмір сүріп жатыр . Сонда бабаларымыз сол ұлы заңдылыққа сәйкес өз ұлтының атын ҚАЗ АҚ (біз Тәңір берген заңдылыққа сай бізді жаратып тұрған АҚты зерттеп соған сай өмір сүріп жатқан елміз ) деп өз атын ұлы етіп таңдап алған .
    ӨМІР ӨӨӨӨМММ ІР, Ө дыбысын жер бетінде көп ұлт айта алмайды . Жаратылыстың басында бірінші дыбыс пайда болды сосын жарылыс болды одан мына әлем жаратылды дейді . Бұл Өөөөө дыбысын кәзіргі заманда Тибеттер өөөөммм өөөммм деп медитация жасағанда пайдаланады бұл дыбыс космоста бар дыбыс оооөөөоооөөө деп соны ем ретінде ,белгілі бір трансқа кіру мақсатында пайдаланады . Мына шаңқобыз сол дыбысты келтіреді адам денесіндегі клеткаға ерекше әсер береді.
    ҚҰРАН ,НАМАЗ, ЖҰМАҚ,ТОЗАҚ, ЖАНАЗА,МЕШІТ тб кәзір Ислам діні қолданып отырған сөздер ҚАЗАҚ дүние танымының төл терминдері . Исламның ҚИРАНИИ ҚИРААТТ, САЛЯААТ, РАЯН , МАДЖИД , АССАЛЯААТ сөздері мен мағынасы орындалу ережелері мүлдем сәйкес келмейді . Кезінде ИСЛАМ миссионерлері (Әбу Ханифа) дәлме дәл аудара алмай ТӘҢІР дінінің терминдерін өз ыңғайларына алып осы күнге дейін пайдаланып келеді .
    Біздің бабаларымыз алтыннан киім киіп салтанат құрып тұрған кезде олардың бабалары жалаң аяқ қытайдың жібегін тасып күн көрген. Сөйтіп жүріп біздің құндылықтарымызға сұқтанып байлығымызға көз тігіп өз миссияларын астыртын саясатпен қазақ даласына енгізіп тарихымызды ,мәдениетімізді, дінімізді, салт дәстүрімізді жоққа шығарып өз пайдаларына шешіп , аталарына табындыру саясатын ғасырлар бойы жүргізіп келеді.
    Жылына қаншама мұсылман ( намылы сұм ,екі жүзді сұм ) Меккеге ,ҚАРА ТАСқа ( Авраамның сегіз баласының құрметіне қойылған сегіз бөліктен тұратын бір қара тас) маңдайын тигізіп ,сүйіп тым болмаса қолын тигізіп табынып бар жыйған байлығын тастап кетеді . Және одан бөлек қаншама САДАҚА жынап береді , не үшін ?
    Өз ата бабамызды ұмыт қылды харам ширк дегізіп . ҚАЙРАН ҚАЙМАНА ҚАЗАҒЫМ ӨЗГЕЛЕРДІ ТӨБЕМІЗГЕ ҚОЙЫП ӨЗІМІЗ ҚҰЛ БОЛҒАНДЫ ҚАШАН ТҮСІНЕР ЕКЕНСІЗДЕР?! ҚАЙТ !!! БАБАҢНЫҢ ЖОЛЫНА !!! АРУАҒЫН ЖАҢҒЫРТ!!! ЕСІҢДІ ЖЫЙ ҚАЗАҚ!!! ҰЛЫЛЫЛЫҒЫҢДЫ ЕСІҢЕ АЛ!!!

    • @user-ob4zo7dg8i
      @user-ob4zo7dg8i 3 роки тому +4

      СІЗГЕ РАХМЕТ. ТӘҢІР ЖАРЫЛҚАСЫН ӘРУАҚ ҚОЛДАСЫН.СІЗГЕ БЕЛГІЛІ ТӘҢІРШІ ТОҚТАР АҒАМЕН ҚАБАРЛАСУЫҢЫЗ КЕРЕК ҒОЙ.

    • @user-adam-demokrat2000
      @user-adam-demokrat2000 3 роки тому +4

      @@user-ob4zo7dg8i ӨМІІН !!!

    • @user-gq6ip6hs4x
      @user-gq6ip6hs4x 3 роки тому +4

      Бәрі дұрыс. Тәңір жарылқасын.

    • @user-gq6ip6hs4x
      @user-gq6ip6hs4x 3 роки тому +4

      @@user-ob4zo7dg8i Дұрысын айттың бауырым. Тоқтар абызға жолығыу керек. Медеу Қазақ қа.

  • @user-ml2jq2mw3b
    @user-ml2jq2mw3b 2 роки тому +2

    Мынаның шаломалекум дегені қызық екен әрі ерсі көрінеді. Қашан қазақ құлдық санадан құтылады екен

  • @manA-te7uc
    @manA-te7uc 3 роки тому +14

    26:01 Қассақ кітабін қайдан алуға болады? Электронный варианты барма екен,?

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +8

    Ең керегі бізге қазір дін емес.
    Иектегі көзге оғаш жүн емес.
    Елді тонап, ұлтты құртып жатқанда.
    Мына көрген күнің халқым күн емес.
    Ең бастысы бізге қазір уағыз ба.
    Кірлеп созып шайнап берген сағыз ба.
    Бабамызды ауызға бір алмайтын.
    Дегім келед молдаға ми ағызба.
    Ең қажеті қазір бізге өлім бе.
    Өкіресің деп жатқаны көріңде.
    Жарты әлемді жаулап алған бабамыз.
    Енді ұрпақ әр сектаға бөлінбе.
    Ең маңызды қазір бізге жұмақ па.
    Хор қызы деп тепкені ме құлаққа.
    Мына жақта арам болған арақты.
    Ана жақта айналдырған бұлаққа.
    Ең айтылар сөз шықты ма молдадан.
    Молда бар ма ұлтты ойлап қолдаған.
    Таза оймен қарап көрсем егер де.
    Молдасыз да ашық жатыр жол маған.
    Ең керегі бізге сүре, аят па.
    Күбірлеу ме жылдар бойы ай, апта.
    Осы емес секілді ғой керегі.
    Нық тұруға өз жерімде аяққа.
    Ең керегі ұрыларға осылар.
    Бұл сөзімнен кейбір жандар шошынар.
    Ақ патшасын сыйлайды ма, білмеймін.
    Пайда көрген алаяққа қосылар.
    Ең керегі қазір бізге ар намыс.
    Қай бағытқа бұрылып тұр арнамыз.
    Барды бар деп, жоқты жоқ дей алмаймыз.
    Қажет емес бізге қазір жалған іс.
    Ең қажеті қазір бізге бірігу.
    Уағыздардан ойды ашып тірілу.
    Ұрылар мен молдалардың айтқаны.
    Тәтті, бірақ бірі лапша, бірі у.
    Санасы бар түсінеді бұл жайды.
    Бір кітаппен өмір тоқтап тұрмайды.
    Білім қуып, ғылым дамып жатқанда.
    Кейбіреулер аяқ қолды шырмайды.
    Darqan Eleken. 18.03.2021ж.

  • @sultansultansultan715
    @sultansultansultan715 3 роки тому +15

    Armysyńdar QaSaqtar !

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  2 роки тому +2

    ТӘҢІР СЕНІМІ
    Тәңір сенімінде,киелі кітап жоқ,
    Догмаға иландырып,сананы,
    улайтын.
    Тәңір сенімінде,пайғамбар жоқ,
    Ыңғайлы сүре,аяттарды түсіріп,
    алдайтын.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімінде,жұлдыздар жоқ,
    Шайтандарды атқылайтын.
    Әбәбіл құстармен,пілдерді қыратын.
    Тәңір сенімінде мешіт жоқ,
    Ғибадат үйіне жинап,
    Майда тілімен,У,ағызатын қинап.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімінде аят сүре жоқ,
    Келініңді қатын қылатын.
    Тәңір сенімінде мақсат жоқ,
    Туғандар,бір-бірінің қызын алатын.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімінде дәстүр жоқ,
    Бүлдіршін қызды,шалға қатын ететін,
    Тәңір сенімінде ,ғұрып жоқ
    Арсыз масқараға жол беретін.
    ---------------------------------------
    Ұятсыздықты тізе берсең шегі жоқ,
    Жүрегі кісендеулі ғаджемдерге обал жоқ
    Кезі келді,сын көзбен қарайтын,
    Арабтың қаңсығын,таңсық қылма,жарайтын,
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімінде тылсым,жұмбақ табиғат бар,
    Табиғатты аялап,қажетіңе жарат деген насихат бар
    Тәңір сенімінде,сені құлым емес, ұлым дейді,
    Көк Тәңірді,Ұмай-жер ананы құрметтеуге үндейді.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімінде жарық дүниені, жалған демейді,
    Ақиқатты іздесең,біліммен,
    ғылыммен ізде дейді.
    Тәңір сенімінде,сананы,керексіз
    іліммен былғамайды.
    Сеніміне қарап,мұсылмансың кәпірсің деп,алаламайды.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімі,салт-дәстүр,
    әдет-ғұрыптан тұрады,
    Ұстанымынан тайсаң,аруақ, оңдырмай ұрады.
    Тәңір сенімі,табиғатпен үйлесімде өмір сүреді,
    Табиғи заңдылықпен үндесіп бір жүреді.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімі,қажылықты парыз етпейді.
    Қыр асып,қара тасқа ақша құй демейді.
    Шайтандарды ату үшін,тас сатпайды,
    Зәмзәм суын,қаржы көзіне айналдырмайды.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімі,бес уақыт намазды міндеттемейді,
    Соғыс пен қысастықты індет дейді,
    Садақа мен оразаны салық қылып салмайды,
    Иман жинамадың деп,жаныңды алмайды.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімі,төртінші иірімде дәуірлейді
    Тәңір ілімі,біліммен,ғылыммен өрлейді,
    Әлем,түбінде ислами санадан құтылады,
    Тәңір сенімі,салтанатты шерумен басталады.
    *****************************************
    Шымкент.қ.02.03.2021.ж.
    Сағат.00.37.
    Туындыгер; Көзшырақ ТОҒАТАЙ
    Фейсбуктағы сіздің тобыңыз :
    facebook.com/groups/308641057072397/?ref=share

  • @user-pp5pu7mn1h
    @user-pp5pu7mn1h 4 роки тому +16

    АЛТАЙДЫ КОРГИМ КЕЛЕДИ !!!

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  4 роки тому +15

      Ооо, Алтай әдемі, керемет жерлер. Фотоларды, видеоларды көрдім. Мен де барып келгім келеді. Барлық түркілердің Меккесі ғой. Арабтар қажылық Меккеге жасаса, түркілер Алтайға барып қайту керек. Алтай түркілердің алтын бесігі.

    • @user-ux9tj2rw1l
      @user-ux9tj2rw1l 3 роки тому +6

      @@Malik_Kazakhstan_Aktobe егер алтайды көргің келсе шығыс қазақстанға келіп қайтсаңшы, өзің қай жерденсің?

    • @user-si5sf5hq7e
      @user-si5sf5hq7e 3 роки тому +1

      @@Malik_Kazakhstan_Aktobe ол Кай жакта алтай

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +2

      @@user-si5sf5hq7e, Шығыс Қазақстан.

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +3

      @@user-ux9tj2rw1l Ақтөбеденмін.

  • @user-ji4pw3uz2z
    @user-ji4pw3uz2z 3 роки тому +31

    Арабтарға жалтақтап еш қажеті жоқ әр улттың өз тарихы өзінеде

    • @user-gq6ip6hs4x
      @user-gq6ip6hs4x 3 роки тому +11

      👍👍👍

    • @user-adam-demokrat2000
      @user-adam-demokrat2000 3 роки тому +10

      Сол Арап өз ықпалын ,идиологиясын дін арқылы мойнымызға қамыт кигізіп айдағанына көндіріп қойды. Жылына қаншама қазақ хадж жасап ақша апарып береді ,оның ішінде бүкіл түркі халқын солай пайдаланып келеді. Доғару керек !!! Құдай бір елге бір елді асыра демеген.

    • @user-gq6ip6hs4x
      @user-gq6ip6hs4x 3 роки тому +7

      @@user-adam-demokrat2000 Жарайсын. Бауырым дөп айттың.👍

    • @user-cv8vt2qz7u
      @user-cv8vt2qz7u 3 роки тому +1

      Өте керемет тамаша. Тоқтар абызсымақ сияқты өтірікші емес. Білмейтінін білмеймін деп айтады нағыз ер азамат. Ал Тоқтар өзін ғана ақылды санайды және білмейтін дүниесі жоқ бәрін білем деп өзін халықтан жоғары қойятын тәкәппар адам. Адам деген атқа ие болам десең осындай адамнан үлгі ал, кешке дейін елдін бәрін ақымақ санағанша.

    • @user-gq6ip6hs4x
      @user-gq6ip6hs4x 3 роки тому +9

      @@user-cv8vt2qz7u Бұл кісі да дұрыс айтады. Тоқтар абызда турасың айтады. Тәңіршілдер өтірік айтпаиды. Сенікі бір біріне айдап салыуғо.

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +12

    Тәңіршілдік жайлы интернеттегі мәліметтер:
    adebiportal.kz/kz/news/view/kultegin_zhiri_erkin_adebi_nuska__1488
    Ішінде санаңызшы "Тәңір" деген сөз бабаларымызбен неше рет келтіріледі (аталады).
    КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ (мектепте қазыр солай оқытып жатыр):
    itest.kz/kz/attestation/qazaqstan-tarihy-4148/v-tarau-vi-xiii-hasyrlarda-qurylhan-memleketter-etnikalyq-zhane-sayasi-tarihy-men-madenieti/lecture/kone-turkilerding-dini-nanym-senimderi
    abai.kz/post/57737
    jasgalym.kz/studentterge/dintanu/283-tanirshildik.html
    Түркілердің исламға дейінгі ұстанған діндері. Жалпы ғылыми қысқаша ақпарат: ikaz.info/kone-turkilerdin-dini-nanym-senimderi/
    adyrna.kz/post/15356
    adyrna.kz/post/12810
    adyrna.kz/post/39251
    adyrna.kz/post/39074
    abai.kz/post/49415
    Ең нақты қысқа Тәңіршілдік түсініктер:
    www.atalarmirasi.org/211-kone-turikterdinh-nanym-senimderi
    abai.kz/post/39210
    Ең мықты Тәңіршілдік жайлы аңыз әңгімелер жинағы. Алтын Қалам иегерінің толық мақаласы: www.akalam.kz/kk/lyrics/5787
    informburo.kz/kaz/tr-azaty-dayy-ma-lde-esk-dur-tarihy-ma-.html
    gagauzlar.md/index.php/11-tengrianstvo-religiya-bulgar-kypchakov-uzov-oguzov
    Тәңір дүниетанымы қайдан пайда болды. Ақеділ Тойшанұлы.
    abai.kz/post/7775
    Откуда появилосьТенгрианство: e-history.kz/ru/news/show/23849
    Тәңіршілдік туралы:
    ua-cam.com/video/D_GVTFKMqsI/v-deo.html
    О тенгрианстве:
    ua-cam.com/video/zO-gRAfsoO8/v-deo.html
    Фактор или вселенная тюрков
    articlekz.com/article/7183
    facebook.com/groups/308641057072397//

  • @ALIBI504
    @ALIBI504 3 роки тому +7

    Марғұлан Боранбайды босатсын

  • @user-ru5ze4ch7o
    @user-ru5ze4ch7o 3 роки тому +7

    Армысыздар Ұлы дала батырлары мен арулары

  • @user-do1cr5xv5r
    @user-do1cr5xv5r 2 роки тому +1

    Журналист "алла разы болсын" дид бағанадан берігі әңгімені ұмытып кетті 😂,

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  Рік тому +1

      Ол арабтанып кеткен ғой мәңгүрт, ақымақ-надан.

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  Рік тому +2

    Тәңіршілдік- қазақтың төл тарихи діні, сенімі, салты, дүниетанымы, әлемге көзқарасы, философиясы, салт-дәстүрі, тарихы. ua-cam.com/video/D_GVTFKMqsI/v-deo.html

  • @sirgelisaltanat9204
    @sirgelisaltanat9204 3 роки тому +10

    Армысыздар. Барлығы анық түсініктіғой. Ислам қазаққа жат!
    Қазақ ұлтының өз Ана тілі. Таңірші діні. Ділі Шежіре заңы бар
    Ислам Таңір дінінің терминдерін жамылып алған. Мешіт қазақ сөзі Арабтар Жами, харам Масжит дейді.
    Намаз емес Саляят
    Ораза емес ас саум
    Сәресі емес сухр
    Ауыз ашар емес Ифтар
    Құран емес Хирани қираат!
    Исламда аруаққа сыйынбайды. Ал қазақ арауақпен ардақты.
    Көздерің ашық, көңіл ояу болсын🙏🏻

    • @user-gq6ip6hs4x
      @user-gq6ip6hs4x 3 роки тому +4

      Тәңірім жарылқасың. Бауырым.

  • @user-xf6mp6zt9i
    @user-xf6mp6zt9i 2 роки тому

    Арма інім осы сұхбаттың жалғасын түсірші өтініш сенен

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  11 місяців тому +1

      Тәңіршіл ағамызбен сұхбаттын жалғасы:
      ua-cam.com/video/AjTXU3o9gmg/v-deo.htmlsi=Pn9ZZQ0BvSaK-UPT

  • @user-tu2xk7lg9y
    @user-tu2xk7lg9y 3 роки тому +10

    Неге орыстың сиын сөзі мұсылмандардың иісліам деген сөзіне синоним молись мол иіс

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  Рік тому +1

    Тиктоктағы парақшасы "Алтын Адам":
    www.tiktok.com/@serasi.8?_t=8WTkhmqDWC5&_r=1

  • @kazsak5325
    @kazsak5325 3 роки тому +9

    Шакирттер тарбиелеп уйретиниз болашак урпака сонда умтылмас дастуирмиз

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  2 роки тому +2

    Армысыз, бауырлар!
    Біз бүкіл қазақтар арийлер, сақ, ғұндардын ұрпағымыз. Олар сияқты біз негізі тәңіршілдерміз. Мұсылман, исламшыл, арабшыл емеспіз. Ислам қазаққа жат дін. Ал, Тәңіршілдік ол бір Тәңірімізге - нағыз қазақтын Жаратушысына, Құдайымызға сену, табыну, қазақтардын төл сенімі. Арабтардын Құдайына Аллахқа емес. Тәңіршілдік Ұлы Дала Дуниетанымымыз, сеніміміз біздің салт-дәстүрлерімізден шықты. Егер қазақтын салт-дәстүрлерін қолдансаңдар онда сіздер тәңіршілдерсіндер. Салт-дәстүрлерімізді қолданбайтын қазақ жоқ. Демек қазақтардын бәрі де тәңіршілдер, мұсылман емес. Бірақ мұсылманбыз дегендер оны сезбейді-ау.
    ҚАЗАҚСТАН ЕРКІН ҚАЗАҚ-ТӘҢІРШІЛДЕРДІН МЕКЕНІ, ҚҰЛ БОЛҒАН АРАБИ-МҰСЫЛМАНДАРДЫКЫ ЕМЕС. МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫМЫЗҒА ЖӘНЕ ДЕ ЕЛ ТАҢБАМЫЗҒА, ШАҢЫРАҚҚА ҚАРАҢЫЗ. ОЛАРДА ТӘҢІРІМІЗДІН БЕЛГІЛЕРІ БЕЙНЕЛЕНГЕН. БІР ДЕ БІР ИСЛАМ БЕЛГІСІ ЖОҚ.
    Тәңіршілдік ол Қазақшылық. Сіздер, қазақтар Қазақшылыққа қарсысыз ба?
    Фейсбуктағы сіздің тобыңыз:
    facebook.com/groups/308641057072397//
    #тәңір #ұмай #қазақ #салтдәстүр #бата #тәңіршілдік #тәңіршілдер #бата

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  Рік тому +1

    ТЕЛЕГРАМДАҒЫ "ҚАЗАҚШЫЛЫҚ (ТӘҢІРШІЛДІК)" АТТЫ ТЕКТІ НАҒЫЗ ҚАЗАҚТАРДЫН ТОБЫНА КЕЛІҢІЗДЕР! СІЛТЕМЕСІ:
    t.me/tanirshildik

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +3

    Есімің арабша,
    Араб тілінде амандасасын,
    Мейрамдарың - арабтардыкы,
    Арабша сені жерлейді екен,
    Үстіндегі киімдерің - арабтардыкы,
    Сенімің, дінің- арабтардыкы,
    Құдайың арабтардыкы,
    Араб тілінде намаз оқисын,
    Идеология - арабтардыкы
    Арабша ойлайды екенсін,
    Сөздерің араб тілінде,
    Пайғамбарларың - арабтыкы, еврейдікі,
    Мәдениетің - арабша,
    Тағы басқалар...
    ӨЗІМІЗДІКІ қазақтыкы барлығы саған харам, ширк дейсін ...
    Сен өзің кімсің ????
    Имя - арабское
    Здоровается-по арабски
    Праздники - арабские
    Похоронят - по арабски
    Одевается - по арабски
    Вера - арабская
    Святыни-арабские
    Молится по - арабски
    Идеология - арабская
    Думает - по арабски
    Пророки - арабские
    Культура - арабская
    И т.д и т.д.
    СВОЁ почти всё харам ...
    Ты кто ????

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  11 місяців тому +1

    Ағамызбен сұхбаттын жалғасы:
    ua-cam.com/video/AjTXU3o9gmg/v-deo.htmlsi=Pn9ZZQ0BvSaK-UPT

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  2 роки тому +1

    Телеграмдағы тәңіршілдер арнасы "ТӘҢІР ЕЛІ":
    t.me/Tengrizm

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  5 днів тому

    Тәңіршілікті ҚР ресми тұрғыдан дін ретінде тіркеу петициясы / Петиция за официальное признание Тенгрианства как религии в РК:
    epetition.kz/petition/74377246-ae27-454c-8f6a-fbdbfc60c26f?commentPage=0

  • @user-xp1ez1tg8c
    @user-xp1ez1tg8c 3 роки тому +4

    Кытайлар горловое пение жасағанда коркады дейді кейбіреулері распа???

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +3

      Рас. Ғұн бабаларымыз солай оларды қорқытып жіберген ғой қытайлықтармен шәйқасқанда. Генінде сол қорқыңыш қалып қойған.

    • @user-zs5jn8fd2x
      @user-zs5jn8fd2x 3 роки тому +2

      Рас емес, кеңірдекпен өлең айтқанда қытайлар ғана емес, басқа ұлттар да, кейбір қазақтар да тітіркенеді. Өзің байқап көр, кейбір дыбыстарды, әуендерді естіген кезіңде тітіркенуің мүмкін. Қытайлар түркі xалықтарынан кеңірдек өлеңінен емес, талай рет жеген таяғынан қорқады.

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  2 роки тому

    Армысыз. Қазақтар ғалымдардан бастап имамдарға дейін Исламнан жаппай шығып, Тәңіршілдікке оралып жатыр:
    1)ua-cam.com/video/rjC6vQJ_7OE/v-deo.html
    2)ua-cam.com/video/ZMBMYQ20HIg/v-deo.html
    3)ua-cam.com/video/kd1S-CPoCsQ/v-deo.html
    4)ua-cam.com/video/-hQl2P1sDks/v-deo.html
    5)ua-cam.com/video/rSItgQpt0IE/v-deo.html
    6)ua-cam.com/video/XTs4wspiOeg/v-deo.html
    7)ua-cam.com/video/T8NTQANDNe4/v-deo.html
    8)ua-cam.com/video/WlL5M8t2MeE/v-deo.html
    9)ua-cam.com/video/p_pPB8_-9AA/v-deo.html
    10)ua-cam.com/video/uSTWZol_Zc4/v-deo.html
    11)ua-cam.com/video/uUgapJ3CLn4/v-deo.html
    12)ua-cam.com/video/l2h_ZRo8nTQ/v-deo.html
    13)ua-cam.com/video/UUZ0cCLt80o/v-deo.html
    14)ua-cam.com/video/j1k-W4FIZ7M/v-deo.html
    15)ua-cam.com/video/Q20rOQoSFAo/v-deo.html
    16)ua-cam.com/video/5KxQC2fUkIY/v-deo.html
    17)ua-cam.com/video/NZH1T3hmENs/v-deo.html
    18)ua-cam.com/video/VDpkfy7kmtg/v-deo.html
    19)ua-cam.com/video/ezTbBCViwDM/v-deo.html

  • @BayKhanSultan
    @BayKhanSultan 3 роки тому +2

    Бул аганын аты ким? @Akira Kazakhstan

  • @user-hg2wt5fc7e
    @user-hg2wt5fc7e 3 роки тому +13

    мына азаматтың аты-жөні керек, телефоны бар ма?,қазақ баланы мүшесін діттегенде оған енді сен ат болдың дейдң,бұл дегеніміз ,сен күшті болдың деген ұғым,қазақтың АЗАМАТ атты ұғымы былай болады, азам -тілекшім,көмекшім,ат-күш деген ұғым ,демек азамат дегеніміз тілекшім,көмекшім,күшім дегенді білдіреді, қазақ АТЫҢ кім дегенде сенің күшің қалай шақырылады ,сен неңмен КҮШТІСІҢ деген ҚАЗАҚ сөздері ҚҰДРЕТКЕ ие ,бауырлар,араб діні біздің обал,ұят деген ұғмының жанында бишара,неге дейсіз бе,ол былай,хирани хираттағы сүре аятта біздің ОБАЛ мен ҰЯТТЫ түсіндре алмайды,, обал АР тірегі ,ұят АР ұясы,осылардың қуаты ОЖДАН,осының бәрі ТӘҢІР иеңе тура жол ,арлы кісі барлы кісі ар-ожданың бойыңды тіктесін қасқыр ҚАЗАҚ !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому

      Баланы піштіріп бірден атқа отырғызған ғой. Сондықтан "ат болдыру" деген.

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  2 роки тому +1

    ua-cam.com/video/D_GVTFKMqsI/v-deo.html

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  2 роки тому +1

    Бізге, қазақтарға Ислам діни идеологиямен емес ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯМЕН сусындау қажет!
    Айдаладағы арабтың ертегілері, сахабалары тағы бірдеңелерінен гөрі қазақтың рухын көтеретін ХАНДАРЫН, БАТЫРЛАРЫН, БИЛЕРІН, ШЕШЕНДЕРІН, АҚЫНДАР МЕН ЖАЗУШЫЛАРЫН, ҒАЛЫМДАРЫН, СПОРТШЫЛАР МЕН БАЛУАНДАР, ЕЛГЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАРЫМЫЗДЫ насихаттап, елге рух, жігер беру керек. Әлде арабтардың сахабаларынан басқа қазақтар құрып қалып па? Еврей-арабтарының құлдық санасынан, арабтардың ертегілерінен кетіп қалып, қазақтың Ұлы Дала Дуниетанымына Тәңіршілдік сеніміне, еркіндік-батырлар сана сезіміне қайта оралу керек деп ойлаймын. Әйтпесе қазақ ұлты құрып кетеді, түсініндер соны, қазақтарым-ау.
    Авторы белгісіз.
    Фейсбуктағы сіздің тобыңыз :
    facebook.com/groups/308641057072397//

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe  2 роки тому +1

    ТӘНІР МЕН ТӘҢІРШІЛДІК ДЕГЕН НЕ?
    Армысыз. Халықтан маған сұрақ түсіп жатыр: "Тәңіршілдік деген не? Тәңір деген не?" - деп. Осындай сұрақтарға міне астында қысқаша жауап-түсіндірме беріп жатырмын:
    Тәңір қазақтын ежелгі тарихындағы, баяғыдан келе жатқан төл Құдайы, Жаратушысы (арабтардын Құдайы Аллах емес). Тәңіршілдік қазақтын төл сенім-наным, Ұлы Дала Дуниетанымы.
    Тәңіршілдік ол бір Тәңір Құдайына табыну, сену, дін емес, қазақтың ежелден, өмірден алынған. Ішіне: салт-дәстүрлер, жөн-жоралғысы, әдет-ғұрпы, ырымдары, мәдениеті, тарихы, ұстанымы кіреді. Тәңіршілікте еркіндік санасы, батырлық рухы енгізілген дегенмен (басқа діндердегі құлдық сана жоқ) өзінің Ұлы Дала Заңдары да бар, моралдық - этикалық қағидалары және тыйым сөздері де бар. Жалпақ қазак тілімен айтқанда ол Қазақшылық - бүкіл қазақтардың өмірі.
    Тарихқа өңілсек Қазақстан тарихын оқыған, ғалымдар сияқты білетін қауым бәрі біледі қазақтар сақ, ғұндардан шыққандарымызды. Яғни қазақтар олардын ұрпақтары. Ал, сақ пен ғұндардын сенімі Тәңіршілдік болған. Ешқандай Исламның, Аллахтын иісі болмақ түгіл проектіде де болмаған олардын кезінде.
    Сонымен сақ бабаларымыз (3-4 ғасыр біздің дәуірге дейін, осыдан Тәңіршілік басталады, ол кезде басқа дін, Құдайлар проектіде де болған жоқ) Тәңірімізге табынды. Солармен бірге ғұндар (1 ғасыр біздің дәуірге дейін), содан кейін Түркі қағанаты болды Тәңірімізге сенген. Одан кейін де бір-неше қағанаттар болды. Одан кейін Шынғысханнын Ұлы империясы мен Алтын Ордасы, Ақ Орда, Қазақ Хандығы, Алаш Орда үкіметі олар бәрі біздің Ата Бабалар құрған мемлекеттер. Сол мемлекеттерде түрқілер (қазақтар) бәрі Тәңірге табынған. Тек 13 ғасырда ғана Алтын Орданың Өзбек ханы мен Берке хан Исламды қабылдады.
    Қожа Ахмет Яссауи 10 ғасырда Ислам мен бірге Тәңіршілдікті синтез қылып қосып осылай қазақ Даласына Ислам келе бастағанмен 19 ғасырға дейін қазактын Ұлы Даласында қазақтар таза тек ғана бір Тәңір Құдайына мен аруақтарға сеніп жүрді. Әлі күнге дейін де сеніп келе жатыр. Біз, қазіргі Тәңіршілдер осы күні Исламнан Тәңіршілік Ұлы Дала Дуниетанымын ажыраттық. Сол шамалы ұмытылып қалған бір Тәңірге сенімін қазір бүкіл Қазақстанға жаңғыртып жатырмыз. Тәңірді тірек еткен ата- бабадан қалған салт-жоралғыны осы күнге дейін біз қазақтар қолданып келеміз. Жеті атадан қыз алмау (қан тазалығы) шілдехана, қырқынан шығару, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, тұлым, айдар шаш қою, енші атау, үлкенді сыйлау, туыстармен жақын қарым-қатынаста болу, отқа май құю, шырақ жағу қайтыс болғанда, жаназа рәсімі, жоқтау, мәйітті күзету, ақым жасау, жетісін, қырқын, жылдығын беру, зиратын көтеру, жеті шелпек тарату, жылқы етін пайдаланып, қазы, қарта айналдыру, соғым басын беру, тағы басқа көптеген тәңіршіл ата-бабамыздан қалған салт-жоралғыны, ұстанып келеміз. Міне Тәңіршілік, Тәңірімізге сену деген осы. Тәңіршілік салт-дәстүрлерімізден шықты. Тәңіршілік бүкіл діндердін анасы. Өйткені әр әлемдегі дін осы тәңіршілдіктен кейбір бөліктерін алған.
    Тәңіршілдікке қарсы адам қазақтарға қарсы адам. Қазір осы ұстанымыздарды Исламдағы жат ағымдар (секталар) жоққа шығарып жатыр. Сол менің ұлттық: кодымды, рухымды, иммунитетімді көтеріп жіберген. Қазақ болғасын біз намысшылмыз ғой. Салт-дәстүрлерімізге, аруақтарымызға, музыкалық ұлттық аспаптарына, туымызға, мемлекеттік таңбаларымызға, ән ұранымызға исламисттер түкіргенге мен шыдай алмадым. Соны көріп мен көтеріліп кеттім. Солай олар істемесе мен әлі күнге дейін тәңіршілдік жайлы білмей, мұсылман болып жұреберетін едім. Бір жағынан соларға мың да бір алғыс айтам көзімді ашып жібергендеріне. Ал екінші жағынан айтсам үндемесек олар тіпті қазақтын идентификациясын, қазақ ұлтын жойып жіберуге дейін бара жатыр. Олардын мақсаты зайырлы Қазақстанымызды құлатып орнына Араб Халифатын құру. Ол жайлы олар ашық айтып жатыр. Зайырлы заңдарымызды алып тастап орнына Шариғат орнатамыз дейді. Қазақ тілі болмайды Құраннын, Жәннәттін, Алланың "сүйікті, қасиетті" тілі араб тілін енгіземіз дейді. Музыкалық аспаптар болмайды, ән-билер болмайды, ұлттық кийім болмайды тек араб кийімі болады дейді. Құранды толық оқып ішіндегі жазылған заттардан шошып, желкеніп, шашым тік тұрып осы күні мен Исламнан мүлдем бас тартып, Тәңірімізге оралдым де ТӘҢІРШІЛДІККЕ бет бұрдым. Біз тәңіршілдер қазағымызды қазақшылыққа тартып отырмыз. Қазағымыз өз тілін, ділін, ұстанымын, салт-дәстүрімізді сақтап қалсын деп, Тәңір Құдай-Жаратушысын, Тәңіршілдік сенімін, аруақтарды ұмытпасын деп, білімге, ғылымға ұмтылсын деп отырмыз. Тәңіршілдік тек өзіңе, өз күшіңе, өз интеллектіңе, өз біліміңе сенуді үйретеді, Құдайға, немесе басқаға бүкіл жауапкершілікті ауыстырмай, сілтемей, үміттенбей, арқа сүйенбей. Өйткені өз тағдырың өз қолыңда. Тәңір мен аруақтар тек қолдаушы. Тәңіршілдікті қазақтын рухани ұлттық идеологияға айналдыруымыз керек деп ойлаймын. Сонда ғана біздің ұлт және де біздің ел сақтанып қалады, дамиды, сонда ғана біз қазақтар үлкен жетістіктерге жетеміз.
    Тәңір жарылқасын, ата-баба аруақтарымыз қазақ ұлтын, қазақ елін қолдасын! Сондай сөздерді біз ата-әжелерімізден естіп келе жатқан жоқпыз ба.
    Малік Актобе фейсбук парақшасынан. 21.04.2020 ж.
    Фейсбуктағы сіздің тобыңыз:
    facebook.com/groups/308641057072397//

    • @user-ll7td1xg1o
      @user-ll7td1xg1o Рік тому

      Бауырым бұл жолға келсек атқа қонуға тура келеді заманауй аттар керек әрине

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  Рік тому +1

      @@user-ll7td1xg1o, қайдағы ат? Аттардан механикалық автокөліктерге адамдар 19 ғасырға ауысты ғой. Қәзіргі автокөліктер сол замнуи аттар ғой. Олар да өзгереді. Қәзір жермен, жолмен, доңғалақпен журсе болашақта ұшатын болады. Тәңіршілдік ғылым-білімге адамдардын техникалық дамуына қарсы емес. Тәңіршілдік бұл замануи сенім ғылым-біліммен бірге келе жатқан. Сондықтан қайттан артқа тас ғасырына қайтпаймыз бұл сеніммен. Тек алға, прогреске, дамуға барамыз.

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  Рік тому +1

      @@user-ll7td1xg1o, сізге біреу мұнда атқа мін, тек атпен жүр деп жатыр ма?

  • @user-gm2mq4bs3i
    @user-gm2mq4bs3i 3 роки тому

    Хакас па мынау

    • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
      @Malik_Kazakhstan_Aktobe  3 роки тому +6

      Нағыз текті ҚАЗАҚ бұл.

    • @user-ov9ye4jl8s
      @user-ov9ye4jl8s 2 роки тому +1

      Өте керемет Тәңір, жарылқап, Құдай оңдап Әруақ қолдасын.

  • @user-tt8rj9xt7m
    @user-tt8rj9xt7m 3 роки тому +5

    👍👍👍👍👍