Расулуллаһ (ﷺ) Салауат айтайық/100 рет/Салауат 100 раз
Вставка
- Опубліковано 30 січ 2025
- Пайғамбарымызға (саллалаһу әлейһи уә сәлләм) салауат айтып, сәлем жолдау - имандылығымыздың белгісі, өйткені Құранда Алла: إِنَّ اللّٰهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلٰى النَّبِيِّ يَا أَيُّهَا الَّذ۪ينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْل۪يمًا «Шынында, Алла мен періштелері Пайғамбарға салауат жолдайды. Әй, иман келтіргендер, сендерде оған шын жүректен салауат айтып, сәлем жолдаңдар!»[1] деп бұйыруда. Пайғамбарымыз да өзіне салауат айтудың маңыздылығын былайша білдіреді: «Қиямет күнінде маған ең жақын болатын кісі - ең көп салауат айтқан адам» (Тирмизи, салат 357); مَنْ صَلّٰى عَلَيَّ صَلَاةً صَلّٰى اللّٰهُ عَلَيْهِ بِهَا عَشْرًا «Кім маған бір салауат оқыса, Алла оған он рақым және сый береді» (Нәсәи, сәһу 55). «إِنَّ مِنْ أَفْضَلِ أَيَّامِكُمْ يَوْمَ الْجُمُعَةِ فَأَكْثِرُوا عَلَيَّ مِنَ الصَّلَاةِ فِيهِ فَإِنَّ صَلَاتَكُمْ مَعْرُوضَةٌ عَلَيَّ» فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللّٰهِ وَكَيْفَ تُعْرَضُ صَلَاتُنَا عَليْكَ وَقَدْ أَرَمْتَ؟ يَقُولُ :بَل۪يتَ قَالَ:«إِنَّ اللّٰهَ حَرَّمَ عَلَى الْأَرْضِ أَجْسَادَ الْأَنْبِيَاءِ» «Шынында, апта ішіндегі ең қайырлы (сауапты) күндерің - жұма күні. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар*. Өйткені айтқан салауаттарың маған арнайы (періштелер тарапынан) жеткізіледі», - дегенде, сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Сіздің денеңіз бұзылып, топыраққа сіңгеннен кейін айтқан салауаттарымыз сізге қалай жетпек?» - деп сұрады. Сонда ол: «Расында, Алла тағала пайғамбарлардың денесін жерге харам қылды (Яғни, қабірде олардың денесі шірімейді)», - деген. (Әбу Дәуіт, саләт 201) «Жер бетін аралайтын Алланың періштелері үмбетімнің салауаты мен сәлемін маған сол сәтте жеткізеді» (Нәсәи, сәһу 46). Пайғамбарымызға (саллалаһу әлейһи уә сәлләм) салауат айту әрі өте оңай, әрі кез келген уақытта және жер талғамай-ақ орындауға болатын міндет. Бұл міндетті бізге жүктеген - Аллаһ тағаланың өзі, себебі жоғарыда айтылғандай, «Ахзаб» сүресінің 36-аятында мұсылмандар үшін Пайғамбарға салауат айту бұйырылған, сондықтан адамға өмірінде бір мәрте салауат айтуы - парыз, ал бір жерде отырғанда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімін бірнеше мәрте еститін болса, онда ең аз бір мәрте салауат айтуы - уәжіп, есімі қайталанған сайын салауат айту - мұстахап болып саналады. Дұға тілегенде, азан шақырылғанда, жұма күні, мешітке кіріп келе жатқанда, намазда «әт-тахият» дұғасынан кейін, кітаптан Пайғамбарымыздың есімін оқығанда немесе жазғанда т.б. жағдайларда салауат айту - мұстахап. Салауат айту барысында оған сәлем жолдауды да ұмытпаған дұрыс. Салауат тек пайғамбарларға арналып айтылады. Алайда Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылған кезде, оның пәк ұрпағы мен сахабаларын қоса айтуға болады. Мұсылман мәдениетінде салауаттың көптеген түрлері бар. Әсіресе, әулие кісілер Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бар сүйіспеншіліктерін арнап, тілдерімен жеткізе алғанша ұзын-ұзын салауат пен сәлем жолдауға тырысқан. Ал салауаттың ең қысқа, әрі ең көп айтылатын түрлері төмендегідей: «Ас-салату уәс-сәләму алә Мұхаммәд» (салат, яғни Алланың рақымы және сәлем Мұхаммедке болсын!), «Аллаһуммә салли уә сәллим алә Мұхаммәд» (Раббым, Мұхаммед пайғамбарға рақымыңды төгіп, оған есендік жолдай гөр!), «Ас-салату уас-сәләму алә Мұхаммәдин, уа алә әлиһи уа сахбиһи ажмаин» (Салауат пен сәлем Мұхаммед пайғамбарға, оның ұрпағына және сахабаларының бәріне болсын!)
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Салауат айтудың қандай пайдалары бар? | Қазақстандағы Ислам
Алла разы болсын. Ауминь
Жаратушы Аллам отбасымды балаларчм отбасын татулыққа , берекелікке, мейірімді, жүректерін жұмсартып , туыстыққа деген сезімдерін арттыра гөр қарыз кредиттерінен сәтімен құтылуды нәсіп ете гөр Алла жар бола гөр қолдай гөр , дұғамдв қабыл ете гөр Әумин Әумин
Барлық барлық халал тілектеріміз һәйірімен орындалуын тілейміз Аллахымнан, ниеттеріміз қабыл болып , біліп білмей жасаған қателектеріміз зиянсыз кешіріліп 🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🥰🥰🥰
Уа, Раббымыз! Иманымызды күшейт, денімізге саулық, көңілдерімізге мейірім, дүниеде аманшылық, ақиретте құтылуды нәсіп етіп ет. Және де ауыруларға шипа, дерттілерге дауа, қарызданғандарға құтылуларына жәрдем бергейсің🤲🤲🤲
Аумин тилегимз кабыл болсын
Раббым билип истеген билмей истеген куналарымды кеширегор /дуга тилегимди кайврлы берекели ете гор
ӘМИН❤
Алла жар болсын
Әмин
Уа жараткан Аллам елимиз аман журтымыз тыныш болсын Ата Анам балаларым бауырларым отбасым жолдасым барлығы аман болсын не тілесе дуга тлектеримиз кабыл болсын Аллам ❤🎉
АЛЛАЖАН ҚОЛДАСЫН әумин Әумин.
Аминь
АЛЛАМА САНСЫЗ ШҮКІР❤
Аллаға мыңда бир шукир тілеген дұға тілектеримизди кабыл болсын баршамыздың 🎉
алохумасалиалосаидинамухамадинвасалм
Кабыл болсын амин.
алохумасалиоласаидинамухамадинвасалим
Я Аллам өзіңіздің рахымыңызға пайғамбарының шапағатына бөленуімді жаза көр Өзіңіздің сүйікті құлдарыңыздың қатарынан пайғамбарының сүйікті үмбеті болуымды жаза көр Аллам Амин
алохбар
Раббым бір өзін жар болагөр
Аумин
Амин,
Аумиин🤲🏻
ярабимшанракабеерекеберсин
Қосылып айтып жаттап алдымғой😊
алобар
Аминбайөуаьюерсңн
Аумин
Әмин Әмин
душпандартабагакелиндер
Амин
Əумин
Амин
амин
Әумин