Кентау Назаректің ән-толғауы "Қазағым жаса, мәңгілік!"

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 17 тра 2017
  • Композитор Кентау Назарбек.
    сөзі мен әні: Кентау Назарбек

КОМЕНТАРІ • 4

  • @user-lx1mg1sl7c
    @user-lx1mg1sl7c 2 місяці тому

    ҚАЗАҒЫМ, ЖАСА МƏҢГІЛІК
    Қазағым жаса мәңгілік,
    Ерліктің отын жандырып.
    Бабадан қалған байтақ ел,
    Шырқайын сені əн қылып.
    Ұлы елмін!
    Жалғасы Ғұн, Сақтардың,
    Хан көтерген ұлығын.
    Бабамның байтақ мұрасы,
    Тереңде жатыр тұнығым.
    Асан қайғы желдірткен,
    Желмаясын, күлігін.
    Сыпыра мен Қазтуған,
    Доспамбеттің жырымын.
    Ұштасқан ғылым-білімім,
    Даламдай дархан ірімін.
    Намысын қолдан бермеген,
    Мен қазақтың ұлымын.
    Ұлы елмін!
    Әз Жәнібектің туымын,
    Керейхан менің тұғырым.
    Еңселі байрақ көтеріп,
    Арнаған елге ғұмырын.
    Төбе биім - Төле би,
    Әйтеке, Қазбек - төре би.
    Ұлы Абайдан нәр алған,
    Әнді сүйсең менше сүй.
    Қазақпын мен Тұранмын,
    Алаш рухты ұранмын.
    Отырар деп шайқасқан,
    Қайырхандай қыранмын.
    Ұлы елмін!
    Абылаймын тақтамын,
    Жерімді байтақ сақтадым.
    Қабанбай мен Бөгенбай,
    Наурызбайым мақтаным.
    Есетпенен, Бөкенбай,
    Бердіқожа, атпалым.
    Кенесарымын кимеген,
    Отаршыл салған ноқтаны.
    Бұхар жыраудың үнімен,
    Қазақтың жоғын жоқтадым.
    Махамбетпін марғасқа,
    Садаққа шындық оқтадым.
    Ұлы елмін!
    Сүйінбаймын, сүлеймін,
    Киелі өнер дарыған.
    Бауыржандай батырмын,
    Төрткіл дүние таныған.
    Мұқағалимын ақиық,
    Сезімнің шоғы қарыған.
    Əл Фарабимын ілімнің,
    Тарихы боп жазылған.
    Мұстафамен жақынмын,
    Түркіні түгел қолдаған.
    Ташеневтей асылмын,
    Елімнің шебін қорғаған.
    Ұлы елмін!
    Нұрғиса мен Шәмшінің,
    Тербеген сазды сарыны.
    Қайратымның жігерін,
    Желтоқсан келіп жаныды.
    Ерліктің туын көтеріп,
    Жалын атқан Бекзатпын.
    Бағындырған Ғарышты,
    Тоқтар, Айдын, Талғатпын.
    Есім, Қасым, Әз Тәуке,
    Өсиет еткен мәнді ғып.
    Ұлы далам өркендеп,
    Қазағым жаса мәңгілік!

  • @dfcwtylserv2113
    @dfcwtylserv2113 3 роки тому

    Кушти керремет

  • @mirdori9587
    @mirdori9587 4 роки тому

    Создер бар ма

    • @user-tm1ut6nc7z
      @user-tm1ut6nc7z 4 роки тому

      Күшті, Отырар деп шайқасқан Қайырхандай қыранмын