Аптаның қай күндері ораза ұстаған дұрыс? Айдар ұстаз ᴴᴰ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 22 тра 2023
  • Пайғамбарымыз (ﷺ) қай күндері Нәпіл ораза ұстаған
    Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кейбір уақыттарда ғибадатқа ерекше мән беретін. Айша анамыздан (р.а.) жеткен бір хадисте: «Алла елшісі дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстауға ерекше мән беретін» делінген. (Тирмизи, Саум, 44; Сиям, 36; Ибн Мажә, Сиям,42). Адамдардың амалдары Алла Тағалаға осы күндерде ұсынылатындықтан Пайғамбарымыз ораза ұстауға ерекше көңіл бөлген. Усама ибн Зәйд былайша әңгімелейді: «Мен Алла елшісінің дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстағанын көріп, оның себебін сұрағанымда: «Алла Тағалаға амалдар дүйсенбі-бейсенбі күндері ұсынылады. Жаратқанға амалдарымыздың ораза ұстаған кезде ұсынылғанын қалаймын», - деп жауап берді. (Тирмизи, Саум, 44; Нәсаи, Сиям,75).
    Тағы басқа бір риуаятта дүйсенбі күнгі оразаның мән-жайы жайлы сұралғанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мен сол күні дүниеге келдім, сол күні маған пайғамбарлық міндеті берілді немесе уахи түсе бастады», - деп түсіндірген. ( Мүслим, Сиям, 197).

КОМЕНТАРІ • 1

  • @musulmandar
    @musulmandar Рік тому +2

    Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) отбасына Алланың сәлемі мен салауаты болсын!