МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 6 чер 2022
  • Президент Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.
    Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қастерлі Тәуелсіздігіміздің рәміздері қабылданғанына дәл бүгін 30 жыл толып отыр.
    Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орнының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицер погонын алды.
    Ту көтеру рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, мемлекеттік органдар басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия мүшелері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.
  • Фільми й анімація

КОМЕНТАРІ • 1

  • @user-uy5ll6ml3b
    @user-uy5ll6ml3b Рік тому

    Спецназ Арыстан,не сумевший защитить нашу Родину от внутреннего врага,бежал со своих позиций.На первом месте должен быть Беркут или Арлан.
    "Арыстанский спецназ не заслуживает первого места"