Сұлы (овсянка) бетті жасартады және нәрлендіреді!

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 10 тра 2023
  • Сұлы жармасынан дайындалған масканың пайдасы.
    Бет терісіне пайдалы маска дайындауда табиғи өнімдердің бірі сұлы (овсянка) яғни «Геркулес». Сұлы жармасынан дайындалған маска үйде жасалатын маскалардың ең негізгісі деуге болады. Құрамындағы пайдалы микроэлементтердің әсерінен ол бет терісін нәрлендіреді және өлі теріні сылып тастайды, бет терісінің табиғи реңін сақтауға көмектеседі.
    Сұлы маскасының бет терісіне әсері:
    бет терісін қоректендіріп, табиғи рең береді;
    бет терісіндегі әжім түсуден қорғайды;
    бет терісіндегі безеуді кетіреді;
    бет терісінің құрғап, қабыршықтануын азайтады.
    Сұлы жармасы еш қоспасыз таза өнім болғандықтан, кез келген теріге қолдануға болады. Сұлы маскасын дайындауда басқа компоненттерді қоса отырып майлы теріге немесе құрғақ теріге арналған маска түрлерін дайындауға болады.
    Сұлы жармасы мен ас содасы қосылып дайындалған маска (майлы бет терісіне арналған).
    Бұл масканың түрі бет терісі майлы әрі безеу көп шығатын адамдарға арналған. Сұлы жармасын майдалап үгітіп алу қажет. Содан соң, 2 ас қасық майда сұлыны ыстық суға бұқтырып қою қажет, дайын болған сұйықтау ботқаның үстіне 1 шай қасық соданы салып, араластырамыз. Дайын болған масканы бетіңізге жағып, 20 - 30 минут күтіңіз. Содан соң жылы сумен жуып тастау қажет.
    Бетті тазартатын маска. (сұлы жармасы мен бал қосылып дайындалады).
    Бұл маска сұлы жармасы мен балды араластыру арқылы жасалады. Бал - пайдалы әрі табиғи өнімдердің бірі. Бұл маска безеу көп шығатын теріге пайдалы деп есептелгенімен оның пайдалы жағы одан да көп. Бал өте жабысқақ соның әсерінен ол бет терісінің тесіктеріндегі (поры) майлы кірді сорып шығарады. Сұлы жармасы скрабтың қызметін атқарады яғни өлі теріні түсіреді. Сонымен қоса балдың тағы бір қасиеті, сұлы секілді терідегі қабынуды басып, теріні қоректендіреді.
    Масканы дайындау үшін балды аздап отқа қойып жылыту керек. Екі қоспаны бірдей мөлшерде алып, 2 ас қасық балға 2 ас қасық майдаланған сұлы жармасын қосып араластырыңыз. Егер маска өте қою болған жағдайда аздап су қосуға болады. Масканы бетке жағып 20 - 30 минутқа қалдырыңыз да соңынан жылы сумен жуып тастау қажет.
    Бет терісін нәрлендіру үшін дайындалатын маска. (сұлы мен айран (кефир) қосып дайындалады)
    Бұл маска бет терісін қоректендіріп, терінің түсін ағарту үшін қолданылады. Тері майлы болған жағдайда осы масканың пайдасы өте көп. Айран теріні құрғататын болғандықтан бет терісі құрғақ адамдарға қолдануға болмайды!
    Масканы дайындау үшін 2 ас қасық майда үгітілген сұлыға 1 ас қасық айранды қосып араластырыңыз. Содан соң бетке жағып 15 - 20 минут ұстау қажет, одан ұзақ ұстауға болмайды!
    Бет терісін жұмсарту үшін дайындалатын маска. (сұлы және қаймақ қосып жасалады).
    Бұл маска керісінше бет терісі майлы адамдарға қолдануға болмайды! Құрғақ бет терісіне арналған маска. (қаймақ майлы болғаны дұрыс). 2 ас қасық майда үгітілген сұлыға 1 ас қасық қаймақ қосып дайындалады. Бет терісіне жағып 20 - 30 минутқа қалдырыңыз. Соңынан жылы сумен жуу қажет. Соңғы кезде үй жағдайында жасалатын косметологиялық өнімдердің ішінде қаймақ қосылып жасалған маскалар ең танымал әрі тиімді болып есептеледі.

КОМЕНТАРІ • 32

  • @user-eq2wb1ln8b
    @user-eq2wb1ln8b 11 місяців тому +3

    Кушти анык тусиникти етип айттыныз.

  • @user-hh1me4jx7s
    @user-hh1me4jx7s Місяць тому

    Өте жақсы түсіндірдіңіз, рахмет

  • @user-cm3jl5un4n
    @user-cm3jl5un4n Рік тому

    Күшті

  • @user-rw7uk5ze7s
    @user-rw7uk5ze7s 9 місяців тому +1

    Керемет мен жасап көрдім😊

  • @Nursultanieueieieueuekrr
    @Nursultanieueieieueuekrr 3 дні тому

    Оны қайдан аламыз

  • @user-rm4ky9mp5n
    @user-rm4ky9mp5n 4 місяці тому

    Сәлеметсізбе! Зығыр майы орысшасы қандай? Зығыр майын қоспасада болама? Менің бетім майлы.

  • @user-po9yk6td2f
    @user-po9yk6td2f 5 місяців тому +1

    Үйде бар заттар деген едіңіз, біздің үйде жоқ екен😅

  • @user-od1qg9ul7g
    @user-od1qg9ul7g Рік тому +1

    Гравитацияға байланысты маска жаққаннан кейін өсіресе жұмыртқа маскасынан кейін жату керек маскаңызға көп рахмет

  • @atabekmaripov1206
    @atabekmaripov1206 27 днів тому

    менде бәрі бар екен жасап көрейінші

  • @user-eq2wb1ln8b
    @user-eq2wb1ln8b 11 місяців тому +1

    Миндаль майы орнына оливка масло болама

    • @Indiraeskander
      @Indiraeskander  11 місяців тому

      Жок, тек миндаль майы

  • @user-wi4dy1re5i
    @user-wi4dy1re5i 9 місяців тому +1

    Соч токлишга кандай маска килиш керек

    • @user-zr6pr5pp3f
      @user-zr6pr5pp3f 6 місяців тому

      Битта пиёз арчимастан тургемиз .4 штук чеснок уни хам тургап бокага соламиз устидан пиёзди кумгидай оливковый масла куйиб .битта каструлга сочик солиб ичига бокани куйиб 40 мин кайнатамиз 5 кунга коронги жойга куйиб .кегин 5 кундан кегин бошка суртиб салафан кийиб румол уремиз 4 соат ушемиз кегин ювамиз.мана сочка маска

  • @nurbektas9467
    @nurbektas9467 4 місяці тому

    Майсана майы болама. Бетим кургап жур. Миндаль майынан алгерия шыкты менде.

  • @user-oj1dt5xz5z
    @user-oj1dt5xz5z Рік тому +2

    Зыгыр орысшасын айтынызшы.?

    • @Indiraeskander
      @Indiraeskander  Рік тому

      Семена льна, супермаркет те сатылады

  • @user-qp4gi5dk9h
    @user-qp4gi5dk9h 8 місяців тому +1

    Сізбен қалай хабарллассам боладыда?

  • @user-ub8ed9ts5l
    @user-ub8ed9ts5l Рік тому

    Овсянка

  • @Damejok
    @Damejok 5 місяців тому

    Овсянка хлопья болмау керек.Овсянка грубого помола болу керек сол таза болады витаминдері сақталады а хлопьяда бәрі витаминдер жойылады

  • @Konysbaeva_Karima
    @Konysbaeva_Karima 11 місяців тому +2

    Зығыр майы деп жатқаны, зырыр дәні ғой иә. Аптекада арзан тұрады

  • @user-mo7tl5mb8n
    @user-mo7tl5mb8n Рік тому +2

    Зығыр деген не ол

    • @Indiraeskander
      @Indiraeskander  Рік тому

      Семена льна

    • @nurjamal-rx4mn
      @nurjamal-rx4mn 11 місяців тому

      Канша жастағы кысылер жасаған дурыс,егде кысыге пайдасы жокау,оздерын жап жассындар,улкен жастагыга жасалған масканы көрсек дурысау

  • @user-lq3tl5zs6h
    @user-lq3tl5zs6h Рік тому +6

    Шикі сүт болмаима

    • @Indiraeskander
      @Indiraeskander  Рік тому +1

      Болады

    • @user-yh3mr3iw1z
      @user-yh3mr3iw1z Рік тому +1

      Дайын сұлы ұнымен дайын зығыр майын қолдануға бола ма?

    • @user-yh3mr3iw1z
      @user-yh3mr3iw1z Рік тому +2

      Жауапты қалай алам, мен подписаться еткем, бірақ осылай басқа блогерлерге де сұрақ қойсам жауап ала алмаймын. Жауапты қайдан іздеймін?

    • @Indiraeskander
      @Indiraeskander  Рік тому

      @@user-yh3mr3iw1z болады 👍

    • @Indiraeskander
      @Indiraeskander  Рік тому +2

      @@user-yh3mr3iw1z жок уайымдаманыз, мен бардық коментария оқып жауап беремін