❗️ БАРБАСТАУ АҚЖАЙЫҚ ИНДЕР тас жолындағы СҰМДЫҚ! 8️⃣ млрд теңге қайда?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 23 сер 2024
  • 🇰🇿 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің жемқорлыққа қарсы әрекеттерге қатысуы қарастырылған.
    2024 жылғы 11-12 маусымда Орал қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы керуен» жобасы аясында «Мемлекеттік сатып алуға қоғамдық бақылау жасау мен адвокация негіздері» атты тренинг өтті.
    Біздің өкіл, қоғам белсендісі Бауыржан Заки өткізген оқуға 25 адам қатысып, олар goszakup.gov.kz порталына мониторинг жасауды және құрылысы аяқталмаған әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылау ұйымдастыруды үйренді.
    ⚠️ Өткен аптада бізге adildik.kz сайты арқылы БҚО Теректі ауданы Шағатай ауылының тұрғындарының жан-айқайы жетті.
    Ақжайық кентінен Шағатай ауылына барар асфальт жолды жөндеу барысында жіберілген және қазір жіберілудегі заң бұзушылықтар мен кемшіліктер айтылды.
    goszakup.gov.kz порталын зерттеп, мынаны анықтадық:
    08.04.2021 жылы Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Айтмагамбетов Бауыржан) мен мердігер «UNISERV» ЖШС-і (БСН 020140002290, Сатбаев Динмухамед) жалпы сомасы 8️⃣,3️⃣ млрд теңгенің шартын жасаған.
    Мәні: «Барбастау - Ақжайық - Индер» 43-93 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғырту (реконструкциялау).
    Кепілдік мерзімі: 60 ай немесе 5 жыл.
    03.06.2024 жылы бізге берген жауабында Аудит келесі ақпаратты көрсетті:
    2021 жылы - 1,7 млрд игеріліп, 12 км жолдың төменгі қабаты жөнделген,
    2022 жылы - 2,2 млрд игеріліп, 18,5 км жолдың төменгі қабаты және 13,1 км беткі қабаты жөнделген,
    2023 жылы - 1,3 млрд бөлініп, 11,6 км асфальтбетон жабынның төменгі қабаты төселген.
    Автомобиль жолдары басқармасы мәліметіне сай:
    2024 жылы сәуірде құрылыс жұмыстары басталған.
    «UNISERV» ЖШС-нің Shacman ауыр жүк көліктері инерттік материалдарды тасымалдағанда жөнделген жолды бүлдірген және су тасқынынан төсем дымқылданып, асфальттың астыңғы қабаты бұзылған.
    Ойылған жерлерді қалпына келтіру үшін мердігерге тапсырма берілген.
    Нысанның аяқталуы а.ж. қазан айына жоспарланған.
    24.06.2024 жылы Филиалдың заңгері Бауыржан Заки мен тренингті аяқтаған Мұхтар Утесов осы объектіге барып, қоғамдық бақылау жасап, мынаны сурет, бейнеге түсірді:
    - жасалған асфальт жолдың беті тегіс емес, көп жері «толқынға» ұқсайды.
    - жолды жөндеуді 43 км-ден бастағандықтан және әрі қарай жылжуына байланысты ауыр жүк көліктері өздері салған жерлерді «жаншып, езіп» қайтадан бүлдірген.
    - теп тегіс жерлерде көлемі үлкен тесік-шұңқырлар өте көп.
    - асфальттың астыңғы қабатының биіктігі тым аз.
    - астыңғы төсеніш дұрыстап тұрып бекітілмеген, нығыздалмаған.
    - жолдың екі шеті/жиегі жоқ, яғни тек саз балшықтан тұрады, бұл болса аварияға әкеледі.
    - былтыр жасалған/төселген асфальт тек осы қыстан кейін, яғни бір маусымға шыдамай шашылып, ыдырап, кесек-кесек болып, бұзылуда.
    Айтып өту жөн, 19.03.2024 жылы БҚО депутаттарының мем сатып алудан қанша тапқандары туралы біз жасаған анализде 2023 жыл мен 2024 жылдың 1 тоқсанында 23 МЛРД-қа 6 шарт жасаған Сатбаевтар отбасы басқаратын «UNISERV» ЖШС-і бірінші орын алған болатын.
    Құрылтайшысы Нұрғазы Сатбаевич САТБАЕВ, 1957 ж.т., БҚО мәслихатының бұрынғы депутаты, ал туған інісінің ұлы Динмухамед Кайратович САТБАЕВ, 1986 ж.т., БҚО мәслихатының қазіргі депутаты және компанияның басшысының бірінші орынбасары.
    #коррупция #жол #жолсалу #аким

КОМЕНТАРІ • 121

  • @tecno4006
    @tecno4006 Місяць тому +9

    Бұл жұмысты атқарған мердігерді,әкімшілікті, жол басқармасын жазаға тартып , бөлінген қаржы қайтартып, қайта жасату керек, ал оларды қатаң жаза беру керек, өйткені басқаларына сабақ болсын, сонда ғана істеген істерін сапалы жүргізетін болады , кім осы жұмысқа қатысы бар түгелдей жазалау керек, уыс болса да қарамау керек, министр ме, депутат па , әкім бе бәрін , заңға тарту қажет. Бірақ біздің елде заң барма шетінен жемқорлар отыр

  • @user-uo5kh8vu6p
    @user-uo5kh8vu6p 2 місяці тому +17

    Үкіметті ауыстыру керек, жұмыс жасамайды

  • @user-lb6nb9fm4k
    @user-lb6nb9fm4k Місяць тому +7

    Түгел бәрін ауыстыру керек,әйтпесе еліміз құрдымға кетеді.

  • @user-ew9tg6pk1s
    @user-ew9tg6pk1s Місяць тому +12

    Юнисервті лицензиясынан айыру керек. Берсін басқа компания ға жолды жақсы салатын.Индерге дейін осы компания салатын болса әлі 15жыл жол болмайдау сірә.

  • @user-qn3zc4mo5p
    @user-qn3zc4mo5p 2 місяці тому +11

    лицензиясынан айрыу кажет мердигерді

  • @user-hh3tw5hu4p
    @user-hh3tw5hu4p Місяць тому +17

    Бұл жолға қатыстылардың бәрін түгел тексеру керек. Авторский надзор, Технадзорлар сапасыз жолды қалай қабылдап жатыр? Шіріген Жемқор биліктің нәтижесі

    • @dhdjdjddjd9
      @dhdjdjddjd9 Місяць тому

      бұл жемқорларды.Обылыс әкимі қайда қарап отырсын ауылдын баласы деп куанып едик қазақ бетимен жүремиз деп жолдын сапасын қарашы Ай Ақшан қалтаға кетип жатыр ......?😂

  • @user-vg5ll4qm9y
    @user-vg5ll4qm9y Місяць тому +10

    Бундай жолдар тек Атрауда емес,Мангыстаудын жолдарында сапа жок.тексерис жок,жауапкершлик жок.

  • @user-hx8wm4tm9p
    @user-hx8wm4tm9p Місяць тому +12

    БҰЛ ЖЕМҚОРЛАРҒА, ҚАШАН ТОҚТАУ БОЛАР ЕКЕН... ҚЫТАЙДЫҢ ЗАҢЫН, ЖЕМҚОРЛАРҒА ҚОЛДАНУ КЕРЕК... ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ОБАЛ АҚ. БИЛІКТЕГІЛЕР ШТРАФТЫ КӨБЕЙТУГЕ ШЕБЕР ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ, ЖОЛДЫҢ СИҚЫ МЫНАУ, МЕНТТЕР ҚАНДАЙ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН СҰРАМАҚ.....

    • @user-wf5ps5lk8o
      @user-wf5ps5lk8o Місяць тому +1

      Қатаң шара қолданбаса болмайды.

  • @user-ru9in1yo3f
    @user-ru9in1yo3f Місяць тому +8

    Бул менің ауылыма баратын жол.Совет уақытында жол жоқ болды балшық қара жер болатын.Алдыңғы жылы басталды негізі қуанып едік бізде асыальтпен елге аувлға кез келген уақытта барамыз деп.Соттау керек бір депутат салдырып жатыр деп естігенбіз.Масқара қақалып өлгірлерай халыққа деген қастандық бұл.Көктемде су жырып кеткен еді осы жолды асфалтты жырған гой.Депутат ауімдер келсін көріп қолдарына курек алып тракторге отырып жасасын енді,олар кеткен ақшаны қайтармайды,соттап пайда жоқ ,турмеде де елдің ақшасына тамақ ішеді,оданда осы жолдарды жөндесін шығып оңбаған ұятсыздар, осылар урім бутағына дейін қарғыс тиетінін білмейді ау.

  • @ulganymka3729
    @ulganymka3729 Місяць тому +3

    Осы бір жұмада жүріп өттім алла сақтасын тек көз алдау, былтыр солай еді әлі салай, ойпырмай айтарға сөз жоқ.

  • @user-ti3wu9cg5l
    @user-ti3wu9cg5l Місяць тому +2

    Жасасын халыққа

  • @user-cj2bx9ll1l
    @user-cj2bx9ll1l 27 днів тому +2

    Бұндай бүкіл Қазақстанда болып жатқан жағдайғо. Биліктегілер ештеме көрмегендей болып жүре береді. Халықты тындайтын президентте,депутаттарда лағып жүр. Шашылып жүрген мемлекет болып кеттіғо.

  • @user-bf5bi8jq4l
    @user-bf5bi8jq4l Місяць тому +2

    Жол сапа болса жол апаты болмайды. Жол апатынан өлген Қазақстан азамат азаматшалары Соғыста шеит кеткен адамнан көп болуы Себебінен. Нақты.

  • @user-dy4sw8gu4t
    @user-dy4sw8gu4t Місяць тому +3

    Тендір дегенді тоқтатпай осылай болады. Үкіметтік мекемелер керек. Жол Құрлыс мемлекеттік мекемелерді ашса. Тендірді жеңіп алғаны үшүн әкиматқа құзырлы мекемелерге берілетін откаты бар.

  • @user-tq9nd9um7n
    @user-tq9nd9um7n Місяць тому +8

    Жемқорлар бір сөзбен айтқанда!

  • @user-gi7rd3pb8v
    @user-gi7rd3pb8v 26 днів тому +2

    Дұрыс бауырым тексеру керек КПО компаниясына беру керек

  • @user-on8cl2il6p
    @user-on8cl2il6p 2 місяці тому +6

    БҰРЫНҒЫ ТӨСЕЛГЕН ҚАБАТТЫ ҚОПАРЫП АЛЫП ТАСТАУЛАРЫ ҚАТЕЛІК ЖЫЛДАР БОЙЫ ТАПАЛҒАН ЖЕРДІ ҚОПАРЫП АЛЫП ТАСТАУ БІРІНШІ ҚАТЕЛІКТЕРІ, ЖҰҚАЛАП АЛЫП ТЕГІСТЕУ КЕРЕК СОНДА ЖАҚСЫ ЖОЛ САЛЫНАДЫ

    • @user-tq2zw8xm3v
      @user-tq2zw8xm3v 2 місяці тому +1

      Оте дурыс айтасыз, Ол тапталган жерди ешкандай каток таптай алмайды

    • @BaurjanZaki
      @BaurjanZaki  2 місяці тому

      Жшс UNISERV АЙТУ КЕРЕК АРЫЗ ЖАЗЫП

  • @user-ew9tg6pk1s
    @user-ew9tg6pk1s Місяць тому +4

    Осы жолмен үнемі өтемін ешқандай жұмыс жасалынып жаткан жоқ.техникалар тұр мола болып айдайтын адам жоқ.мына жүрістерімен биыл бұл асфальт Ащыға дейін жетпейді .

  • @Асия-г5и
    @Асия-г5и 2 місяці тому +5

    Сол жолға жауапты депутат екен. Олар тек өздерінің бизнесін алға жүргізу үшін баратыны белгілі ғо бұрыннан, осыны айтсақ ренжиді. Сонда бұл жолға жауапты тұлғаның кабинетте отырып, мәні жоқ бітпейтін жиындардан қолы босамай жүргенде қай уақытта қадағалайды. Және осы істің маманы болмағасын, әрине сапасы осындай болады жолдың.

  • @user-tb9br2cj2d
    @user-tb9br2cj2d Місяць тому +5

    Қыбаттамаиды десе қымбаттаиды болады десе болмаиды болмаиды десе болады

  • @nurlanmendeshov3872
    @nurlanmendeshov3872 Місяць тому +2

    Ештеңе өзгермейді шетінен отырғызу керек

  • @Асия-г5и
    @Асия-г5и 2 місяці тому +3

    Сең қозғалды, авторларға рахмет. Осы жолмен қатынап жүрген көптің көкейінде жүрген мәселені қозғады. Жол сапасын арттырып , бөлінген қаржы желге ұшпауы үшін қадағалап тоқтамай бұл істі соңына дейін апару керекпіз. Әйтпесе бұл жолды күтіп қанша халық отырғанын түсіну керек. Іске сәт жігіттер!

    • @BaurjanZaki
      @BaurjanZaki  2 місяці тому +1

      08.04.2021 ж. БҚО Автомобиль жолдары басқармасы (Айтмагамбетов Бауыржан) мен мердігер «UNISERV» ЖШС-і (БСН 020140002290, Сатбаев Динмухамед) 5,2 МЛРД теңгенің шартын жасаған.
      «Барбастау - Ақжайық - Индер» 43-93 км автомобиль жолын қайта жаңғырту (реконструкция).
      Кепілдік мерзімі: 5 жыл.
      2021 ж. - 1,7 млрд игеріліп, 12 км жолдың төменгі қабаты жөнделген,
      2022 ж. - 2,2 млрд игеріліп, 18,5 км жолдың төменгі қабаты және 13,1 км беткі қабаты жөнделген,
      2023 ж. - 1,3 млрд бөлініп, 11,6 км асфальтбетон жабынның төменгі қабаты төселген.

  • @user-kr1wi4qz4g
    @user-kr1wi4qz4g Місяць тому +4

    Жолдан кабарсыз адам дорожники керек

  • @ilesbaiisaev4636
    @ilesbaiisaev4636 Місяць тому +2

    Негізін айтсақ, елдің бұндай дәрежеге жеткеніне бүкіл ел кінәлі десекте болады. Кімді сайласаңда жемқор болып кетеді, өйткені тойдан, т.б.күйбің тірліктен қолдары тимейді. Әлі жайылып жүрген елміз. Исатаймен Махамбеттіде өз ағайындары құрттығой, сол өз халқың, өз елің, өз жегжатың, өз ағайының түбіңе жететін. Бүкіл елдің санасы, мәдениеті көтерілмей оңды өзгерістер көп болмайды....

  • @user-ru9in1yo3f
    @user-ru9in1yo3f Місяць тому +4

    Тағы бір осы жолға қатысты,Оралдың сыртын айналып журетін мост бар ҚАШАН САЛЫНҒАНЫН БІЛМЕЙМ ОНША КӨП БОЛМАДЫ СОНЫДА ҚАРАП КӨРІҢДЕРШІ ӨТІНІШ . СОЛ МОСТ ЕК І ҚАТАР БОП ТУСУ КЕРЕК ЕКЕН ЖОСПАР БОЙЫНША ЖОБАСЫ СОЛАЙ СЫЗЫЛҒАН,СОНЫҢ ЖОБАСЫН КӨРГЕНБІЗ.МОСТТАН ТУСІП ЖАЙЫҚТЫ ЖАҒАЛАСАҢ ЕКІНШІ МОСТТЫҢ БАСТАЛГАНЫ КӨРІНІП ТУР ЬІРАҚ САЛЫНБАҒАН ЖОҚ..ШАМАСЫ ЖУК КӨЛІКТЕР ЖУРГЕНДЕ ҚАРАМА ҚАРСЫ ЖУРМЕСІН ДЕП ЖОСПАРЛАГАН ЕКІ МОСТПЕН ЕРСІЛІ ҚАРСЫЛЫ ЖУРСІН ДЕГЕН БОЛУ КЕРЕК.ҚАЗІР БІР МОСТ АВРИЯ КӨП БОЛАДЫ ӨЙТКЕНІ МОСТ ТАР.СОНЫДА ЗЕРТТЕСЕ БІРАЗ БЫЛЫҚ АШЫЛАДЫ.

    • @BaurjanZaki
      @BaurjanZaki  Місяць тому

      Жекеге жаз @zaki_consulting

  • @user-lu7cc2qb5e
    @user-lu7cc2qb5e 2 місяці тому +4

    Асфальттың құрамын экспертизаға беру керек, құрамы дұрыс емес!

  • @user-zz7bc9fx8w
    @user-zz7bc9fx8w 24 дні тому +2

    Жолдың ақысын жегендер оңбайтыны анық

  • @user-zs5td3ms2l
    @user-zs5td3ms2l 2 місяці тому +6

    Шахманы ездили по этой дороге. Мы 10 мая вызывали депутатов, Председателя Маслихата, предстовителей Юнисерв. Они обещали устранить недостатки. Но увы.

    • @BaurjanZaki
      @BaurjanZaki  2 місяці тому

      Бізге арыз жазыңыз

  • @user-rs8vv7ij8g
    @user-rs8vv7ij8g 29 днів тому +2

    Жемқорлар мекені балық басынан шіріп жатырғо

  • @gazidastan
    @gazidastan 2 місяці тому +3

    Жол өте сапасыз мен сол жақта тұрамын жолды салды жарты жылға жетпей ойылып қалды

  • @maryamalymbai6692
    @maryamalymbai6692 Місяць тому +3

    5милиардқа асфальт емес цемент арматурасы бар битоннан жол салуға болады

  • @user-yr1mx6qq4t
    @user-yr1mx6qq4t 2 місяці тому +5

    Штраф салып жібермесін асфальтті колмен бұзып кетті деп 😂😂😂

  • @user-jb1io4uz1o
    @user-jb1io4uz1o Місяць тому +2

    Тридцать лет.варовали непроста бороться всех зарешотку

  • @erlansisenbai7687
    @erlansisenbai7687 Місяць тому +4

    Ассалаумалейкум халайық бірінші ден көктемде жолдын жанына(рбочинаға) қалдың суы тұрды ол ешқайда кетпеді жол сіңіріп алды. Енді ол су жолдын астында дымқыл.
    Екіншісі жолда жасап жатқан адамдар мың алғыс ыстыққа қарамай жұмыс жасап жүр соған халайық айқаламай жігіттер шөлдеген боларсындар деп кім бір литр су апарып берді оны ойламайсындар тек жаман жағынан бірінші атып шығасындар

  • @user-ce8zd2gk7y
    @user-ce8zd2gk7y 23 дні тому +2

    Ауыз біршілік жоқ бізде... Ал жол салған мекемеге 2-қой 1 теңге , қозылы қой мәнет жарым.......

  • @user-jn2qh9bw6m
    @user-jn2qh9bw6m Місяць тому +3

    Биринши киналы акимдердин сауатсыздыгы ,екинши жол мамандары жеткиликсиз технологияны дурыстап пайдаланбайды ,ушинши асфальттын курамы дурыс емес тортинши основаниясы дурыстап жасалмаган асфальттын калындыгы 12см ден кем болмауы керек себеби каток 10 ,15кайтара журип отуи тиис содн кейн 7,8см калуы керек

  • @user-jo8nh9oe5b
    @user-jo8nh9oe5b 24 дні тому +2

    Ай,білмейміз!Үкімет бөліп жатыр дейді.Шын ба,өтірік пе тағы білмейміз.Себебі,Үкімет ақша бөліп жасалынып жатқан жұмыстар,шетінен ,сапасы'жоқтар.Сосын ойлайсың,айтып,ештеңе бөлінбей не дарытып бөлмегесін жұмыстар осылай жасалынады екен деп.Ал,Үкімет бөліп,ол дұрыс игерілмесе ,Тендр'ұтқандарды ,қан'құстыру керек.Қәзір жақсы болды, ,Тендр'деген ,ПӘЛЕ'!Сұрауы жоқ,кейде ойлайсың,осындай ,майшелпекке'ойда жоқта ілініп,шетелге не ,Котежд',машина мінбей қарызымыздан құтылатын ақшаға ие болсақ қой деп.Көресің,тендр ұтқан ,бощтарды'кейін танымай қаласың.Астында су жаңа көлік(шетелдік),одан кейін үй,т басқа байлықтарға ие болып,адам танымастай өзгереді.Ал,біздерде Жол,Ағаш егу,тазалық мәселелері ,Өмір'бойына шешілмейтін нәрселер .Айтып,естіп арқамыз емес, ,Құлағымыз'жауыр болды. ,Заң'қатаймай, текскріс күшті болмай бұл мәселелер оң болмайды.Астана не Алматы,қайдан келген ,Тексеріс'мүшелері ,пара'алмай ,алдағанға (жергілікті жердің өкілдеріне)көнбей таза жұмыстарын жасаса,бұл ,мәселелер' 2000-жылдарынан бастап,оң болар еді .Қәзір Қазақстан ,Гүл-гүл'жайнар еді!Әттеген-ай, таныс,алым-берім жойылса бәрі басқаша болар еді!Бұның бәрі тек ,Арман'Қазақстанда.Шетелде бәрі басқаша.Шет елдің ,бұрыс'жақтарын тез үйренеміз де, ,ДҰРЫС'жағын үйрену өте қиын болып тұр,Біздің елдегілерге!

  • @user-gr1cn3sb1j
    @user-gr1cn3sb1j 2 місяці тому +3

    Жақсы болды осылай түсіріп, елге көрсетіп жатқаны. Жаңа Қазақстандағы жаңа жолдың сиқы осы өкінішке орай... Ауыл мен қаланың байланысы нашар болып тұр.

    • @BaurjanZaki
      @BaurjanZaki  2 місяці тому

      08.04.2021 ж. БҚО Автомобиль жолдары басқармасы (Айтмагамбетов Бауыржан) мен мердігер «UNISERV» ЖШС-і (БСН 020140002290, Сатбаев Динмухамед) 5,2 МЛРД теңгенің шартын жасаған.
      «Барбастау - Ақжайық - Индер» 43-93 км автомобиль жолын қайта жаңғырту (реконструкция).
      Кепілдік мерзімі: 5 жыл.
      2021 ж. - 1,7 млрд игеріліп, 12 км жолдың төменгі қабаты жөнделген,
      2022 ж. - 2,2 млрд игеріліп, 18,5 км жолдың төменгі қабаты және 13,1 км беткі қабаты жөнделген,
      2023 ж. - 1,3 млрд бөлініп, 11,6 км асфальтбетон жабынның төменгі қабаты төселген.

  • @user-lu7cc2qb5e
    @user-lu7cc2qb5e 2 місяці тому +4

    Жолдың жанындағы ағаштар Қоғалытүбек ауылының жанында алынбаған, өте қауіпті. Мал шығып қалады артынан

  • @user-lb2qx9ee4s
    @user-lb2qx9ee4s 24 дні тому +2

    Сәтбаев жұмыс қацда халыққайда

  • @aigulaitmukashkyzy601
    @aigulaitmukashkyzy601 Місяць тому +2

    сол жолға аудан әкімнің өзін тұрғызып бір сэлфи фото түсіріп баннерге іліп қойыңыз, жол салып жатқан мердігердің өзін жетектеп алып келіңіз

  • @BaurjanZaki
    @BaurjanZaki  2 місяці тому +2

    08.04.2021 ж. БҚО Автомобиль жолдары басқармасы (Айтмагамбетов Бауыржан) мен мердігер «UNISERV» ЖШС-і (БСН 020140002290, Сатбаев Динмухамед) 5,2 МЛРД теңгенің шартын жасаған.
    «Барбастау - Ақжайық - Индер» 43-93 км автомобиль жолын қайта жаңғырту (реконструкция).
    Кепілдік мерзімі: 5 жыл.
    2021 ж. - 1,7 млрд игеріліп, 12 км жолдың төменгі қабаты жөнделген,
    2022 ж. - 2,2 млрд игеріліп, 18,5 км жолдың төменгі қабаты және 13,1 км беткі қабаты жөнделген,
    2023 ж. - 1,3 млрд бөлініп, 11,6 км асфальтбетон жабынның төменгі қабаты төселген.
    24.06.2024 ж. Бауыржан Заки мен Мұхтар Утесов осы объектіге барып, қоғамдық бақылау жасап, мынаны сурет, бейнеге түсірді:
    - жасалған асфальт жолдың беті тегіс емес, көп жері «толқынға» ұқсайды.
    - жолды жөндеуді 43 км-ден бастағандықтан және әрі қарай жылжуына байланысты ауыр жүк көліктері өздері салған жерлерді «жаншып, езіп» қайтадан бүлдірген.
    - теп тегіс жерлерде көлемі үлкен тесік-шұңқырлар өте көп.
    - асфальттың астыңғы қабатының биіктігі тым аз.
    - астыңғы төсеніш дұрыстап тұрып бекітілмеген, нығыздалмаған.
    - жолдың екі шеті/жиегі жоқ, яғни тек саз балшықтан тұрады, бұл болса аварияға әкеледі.
    - былтыр жасалған/төселген асфальт тек осы қыстан кейін, яғни бір маусымға шыдамай шашылып, ыдырап, кесек-кесек болып, бұзылуда.
    - шарт міндеттерін мердігер әлі күнге дейін орындамаған.
    - жолдың екі шетін жасап, ортасын аяқтамаған.
    - жаңадан асфальт төсеген кейбір жерлері жарылып, ойылуда, оған «ағымдағы жөндеу» жасауда.
    Тексеру туралы хатты Бас Прокурор Берік АСЫЛОВ пен Антикор басшысы Асхат ЖҰМАҒАЛИҒА жолдадық.

  • @user-kb4wm3nr9y
    @user-kb4wm3nr9y Місяць тому +2

    Масқара

  • @serjankadirbaev9944
    @serjankadirbaev9944 Місяць тому +2

    Асфальттың астына шебенька мен битум құйылмаған, технология сақталмаған

  • @user-bh7wv2md9b
    @user-bh7wv2md9b 27 днів тому +2

    Астында тас құм жоқ қои мен греилериспін

  • @user-nw7hx9li1q
    @user-nw7hx9li1q 26 днів тому +2

    Ужасная дорога .качества нет совсем .

  • @user-pg3ne9vh5p
    @user-pg3ne9vh5p Місяць тому +2

    Жолды салатын мердигерге бермейді акшаны жейтин мердигерге бередигой жол осындай жағдайда болады

  • @user-ks5bq2cc7x
    @user-ks5bq2cc7x 2 місяці тому +3

    4000км жақын бұл жол Индерге дейін бітпейді, ол бір жол бар Чапай еліінде өткел көпір салу.

    • @user-ur1hz8sq5e
      @user-ur1hz8sq5e Місяць тому +1

      Ары қарайда ел бар емеспе Индерге дейін

  • @bagilabimahanova5125
    @bagilabimahanova5125 Місяць тому +2

    Дұрыс жасадыңдар балдарым😮. Осылай көрсетіп тұрса. Жолды дұрыс тар.

  • @user-kr1wi4qz4g
    @user-kr1wi4qz4g Місяць тому +3

    Гипноз жасауда

  • @user-zl4ie3py3o
    @user-zl4ie3py3o 22 дні тому +1

    Жемқорлық жайлаған қазақ жұрты темір жолды салмайма атырау орал арасына қаншама елді мекен дамыитын еді

  • @user-hy3jh8gz3i
    @user-hy3jh8gz3i 2 місяці тому +3

    Масқара елім деп жаны ашыйтын адамдар емес

  • @user-of7lm9sb7y
    @user-of7lm9sb7y 2 місяці тому +3

    5 шақырым болса да сапалы жол жасалу керек, 20 шақырымдап жолдың тас талқанын шығарад, шамалары келмесе тиісіп нелері бар

  • @nurlanmendeshov3872
    @nurlanmendeshov3872 Місяць тому +2

    Бірігіп тонап жатыр ғой жолды қабылдаушы в доле әкім тоже доле

  • @user-oc8ro8gt5q
    @user-oc8ro8gt5q Місяць тому +2

    Нариман кетсін, дым жұмыс жасамайды

  • @user-qg7nk1jk2p
    @user-qg7nk1jk2p Місяць тому +4

    БиликЖуйе ауыспай Ел жаксармайды

  • @user-zz7bc9fx8w
    @user-zz7bc9fx8w 24 дні тому +2

    Бұлжол қашан бітеді жгіттер қозғаңдар халық болып елболып қолдайық акім қайда жауапты адамқайда

  • @user-uw4cb3rb7q
    @user-uw4cb3rb7q Місяць тому +2

    Маман жоқ деп аита берудің қажеті жоқ басшы жоқ әкім қаида қарап отыр интернеттен қарасынқалаи жасау керектің бәрі бар жемқорлар ынта жоқ адал жұмыс жасауға

  • @MUGILSINTAUASHEVA
    @MUGILSINTAUASHEVA 2 місяці тому +3

    Арызды аяқсыз қалдырмай соңына дейін қадағалап тез арада жол түсуіне ықпал жазсаңыздар.

    • @BaurjanZaki
      @BaurjanZaki  2 місяці тому

      08.04.2021 ж. БҚО Автомобиль жолдары басқармасы (Айтмагамбетов Бауыржан) мен мердігер «UNISERV» ЖШС-і (БСН 020140002290, Сатбаев Динмухамед) 5,2 МЛРД теңгенің шартын жасаған.
      «Барбастау - Ақжайық - Индер» 43-93 км автомобиль жолын қайта жаңғырту (реконструкция).
      Кепілдік мерзімі: 5 жыл.
      2021 ж. - 1,7 млрд игеріліп, 12 км жолдың төменгі қабаты жөнделген,
      2022 ж. - 2,2 млрд игеріліп, 18,5 км жолдың төменгі қабаты және 13,1 км беткі қабаты жөнделген,
      2023 ж. - 1,3 млрд бөлініп, 11,6 км асфальтбетон жабынның төменгі қабаты төселген.

  • @GuldariaAzhuova
    @GuldariaAzhuova 2 місяці тому +3

    Үлкен Еңбек ауылының тұрғындары осы мәселе, жалпы ауылдың проблемалары туралы ТД 42арнасын шақырғанбыз. Халық өздері шағымданбаса, әкімдіктерден түк пайда жоқ.

    • @BaurjanZaki
      @BaurjanZaki  2 місяці тому

      ТЕЛЕКАНАЛ келді ме?

  • @Aslan_Multayev
    @Aslan_Multayev 2 місяці тому +4

    Чтобы добавить Подрядчика в реестр недобросовестных подрядчиков нужно чтобы Заказчик подал иск в суд.
    Будет ли Заказчик подавать иск в суд????

    • @user-on8cl2il6p
      @user-on8cl2il6p 2 місяці тому

      ҚОЛЫ КӨТЕРМЕЙТІН ШОҚПАРДЫ БЕЛІНЕ БАЙЛАМАСЫН ЗАКАЗЧИК ДЕГЕНДІ ҚОЮ КЕРЕК

    • @user-on8cl2il6p
      @user-on8cl2il6p 2 місяці тому

      ПОДРЯДЧИККЕ БЕРСІН ТҮГЕЛДЕЙ БОСҚА АҚШАҒА ТАЛАСПАЙ

  • @user-on8cl2il6p
    @user-on8cl2il6p 2 місяці тому +3

    ДЕПУТАТТАР ОСЫНДАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ БАСҚАСЫ НЕ ІСТЕМЕЙДІ

  • @Teipaq15717
    @Teipaq15717 2 місяці тому +3

    Сөз жоқ,не айтуға болады.Жемқорлықтың жетістіктері!

  • @user-nt5wo4pn4u
    @user-nt5wo4pn4u Місяць тому +3

    Жаңа Қазақстан😂😂😂

  • @user-wp7vg8no8o
    @user-wp7vg8no8o Місяць тому +3

    Асты дұрыс жасалмаған ,

  • @Aslan_Multayev
    @Aslan_Multayev 2 місяці тому +3

    Интересно как эта дорога 🛣 прошла проверку лаборатории Центра качества дорожных активов???

  • @user-oq3zd2bg9n
    @user-oq3zd2bg9n 27 днів тому +2

    Пример министр контроль қайда

  • @kenesssovvv_07
    @kenesssovvv_07 2 місяці тому +3

    😢😢😢😢😢🤬🤬🤬🤬

  • @user-hy3jh8gz3i
    @user-hy3jh8gz3i 2 місяці тому +4

    Масқара Елім жерім деп жаны ашитын адамдар емес көргенсіздер намысы жоқ арсыз адамдар жолды жасап жатырған мекеме 7:18

  • @user-wt5kw5ww5v
    @user-wt5kw5ww5v 2 місяці тому +3

    Жанадан тоселген асфальт оте нашар бастамай жатып езилип жатыр

  • @user-eo9hm4kv7o
    @user-eo9hm4kv7o 27 днів тому +2

    Казак боска армысын
    деп амандаспаган ар намыс жок укуметте отырган дар да.

  • @user-ce2qt8ob7p
    @user-ce2qt8ob7p 2 місяці тому +3

    Жол сапасыз салынуда

  • @user-gn1km3ew8m
    @user-gn1km3ew8m 2 місяці тому +3

    Мазакстан

  • @user-ce2qt8ob7p
    @user-ce2qt8ob7p 2 місяці тому +3

    Жолды қалай болса солай салып жатыр

  • @user-hy3jh8gz3i
    @user-hy3jh8gz3i 2 місяці тому +3

    Масқара Елім жерім деп жаны ашитын адамдар емес көргенсіздер намысы жоқ арсыз адамдар жолды жасап жатырған мекеме

  • @user-zl1qg6vo8n
    @user-zl1qg6vo8n 28 днів тому +2

    Лөпіл

  • @zkihamen8134
    @zkihamen8134 24 дні тому +1

    Юнесерф асфальт салу білмиді рабочиға төлеитін аилығы аз сапа жоқ

  • @user-wi7hr8uq2r
    @user-wi7hr8uq2r Місяць тому +2

    Аксай жымпиты трассасы осы юнисервис компаниясыжасады өте нашар сапасыз теғіс емес бір жылга жетпей шұңқырлар пайда болды

  • @azamats8312
    @azamats8312 2 місяці тому +3

    По городу Уральск, трасса Орал-Аксай тоже есть вопросы, на Аксай когда будет норм дорога?

    • @nurbekgusmanov8212
      @nurbekgusmanov8212 2 місяці тому

      вот именно, одно минное поле. Работы не ведутся вообще. и трафик там намного больше. и по основной дороге и через Алгабас то еще испытание. Почему не освещаете это?

  • @user-lb2qx9ee4s
    @user-lb2qx9ee4s 24 дні тому +2

    5млд қацда масқара

  • @user-lw2pn7oh9u
    @user-lw2pn7oh9u 2 місяці тому +3

    Пипец

  • @user-dd3qy8qf8j
    @user-dd3qy8qf8j Місяць тому +3

    Сени куртади корсеткенин ушин

  • @user-hz4nj3md5i
    @user-hz4nj3md5i Місяць тому +3

    неге тексересын.тексеруге болмайды деген ,заң шығаратынщығар, осыдан кейін.

  • @zhasmin81
    @zhasmin81 Місяць тому +2

    Бес миллиард жол салуға бөлінген болса ақша сол ақша толық жетті ма шыққан нүктеден бастап әркім үлесін алып жұғыны жеттіма ?!

  • @user-lm3lt2mg8b
    @user-lm3lt2mg8b Місяць тому +2

    Трассанын бойнда жылкылар жайлады,сол жылкылар трассада аунайтын болар.😂😂😂

  • @Adil-xk9gw
    @Adil-xk9gw Місяць тому +3

    Аузы кисык болса да байдын баласы сойлесиннин кеби

  • @BatanDemegen
    @BatanDemegen 28 днів тому +2

    Жоғарғы жаққа орысша айқайлап айтпасаң жетпеейді екен

  • @zakiasengalieva2732
    @zakiasengalieva2732 21 день тому +1

    Маскара

  • @MaloyParnisha
    @MaloyParnisha 2 місяці тому +3

    Инстаграмга шығарсандарш видеоны ютубтан Ким кореди

    • @BaurjanZaki
      @BaurjanZaki  2 місяці тому

      @zaki_consulting ИНСТАГРАМ ҚАРАҢЫЗ

  • @user-vu9gp2xv7p
    @user-vu9gp2xv7p Місяць тому +2

    Мердигер мекеменин басшысын сигу керек арткы тесигинен,, сосын торт жигит ауызына берсе,, келесиде акша жерде есине ауызына бергени есине туседи,,, Мемилекет, билик сайга карап отыр гой

  • @user-eb4go3ku3m
    @user-eb4go3ku3m 24 дні тому +2

    Ну всё бабки пиши пропали по-любому дорога качественно сделана не будет ☝️

  • @user-hy3jh8gz3i
    @user-hy3jh8gz3i 2 місяці тому +3

    Масқара Елім жерім деп жаны ашитын адамдар емес көргенсіздер намысы жоқ арсыз адамдар жолды жасап жатырған мекеме 7:18