ШВЕЙЦАРИЯ. ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ ЕЛГЕ САЯХАТ - ӘЛЕМДЕГІ БАЙ АУЫЛ, ҚОРҚЫНЫШТЫ ТЕМІРЖОЛ. АЛПИНИСТЕР ЗИРАТЫ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 30 лис 2022
  • Биыл тамызда сегіз күн Швейцарияға саяхаттап шықтым. Сол сапарымнан үлкен травел блог дайындадым. Видеомда алдымен Альпі тауына шығамыз, одан соң Швейцариядағы ең әдемі шың Маттерхорнға сапар шегеміз. Маттерхорн тауына шығамын деп қаза тапқан алпинистердің зиратын көрсетем. Одан соң Швейцарияның визиткасы Лаутербрун мен Зерматт қалашықтарына сапар шегеміз. Жер бетінен екі мың метр биіктіктегі таудың басындағы отельде түнейміз. Одан соң әлемдегі ең әдемі көлдің біріне барамыз. Швейцарияның айнадай таза ауылдарын аралаймыз. Әлемдегі ең биік темір жолды жоғарыдан да, төменнен де көреміз. Швейцарияның ВИП пойыздарымен бүкіл елді кеземіз. Одан соң Швейцарияға қалай баруға болады әрі қанша шығын кетеді деген сауалға жауап берем. Айта кетейін бұл видеода мәтін бен сөз аз болады, есесіне табиғаттың сұлулығын көп көресіздер. Ендеше жайлап жайғасыңыз, әлемдегі ең әдемі жер Швейцарияға саяхаттаймыз.
    #швейцария #саяхат #әлем
    instagram: rus_medelbek
    Tiktok: ruslan_medelbek

КОМЕНТАРІ • 1 тис.

  • @user-en7pn4zt1l
    @user-en7pn4zt1l Рік тому +78

    Еех шіркін осы көрсеткендеріңнің барлығы Алматы облысында бар екенін білмейсіздер ау. Мен әскерде Алматының таулы заставасында әскери борышымды өтедім. Бұл картиналардан кемде емес сұлулықты тауларды, көрдім. Керемет қар басқан таулар бар. Тау басындағы көлдер, көк шалғын, ну орман ағаштар, керемет тау басындағы көлшіктердегі үйректерді көрсеңіз, жайқалған түрлі түсті гүлдер. Суреттеп жеткізе алмайтын табиғат бар. Барымызды бағалай алмай отырмыз ау. Швецария қызмет көрсетуі жақсы екен, және жарнамалары бүкіл әлемге жетеді. Білмейм басшыларды кіналаймыщ ба, әлде халық па . Туризімді мемлекеттік жоба ретінде қаржы бөліп қолға алу керек деп ойлаймын. Бірақ бізге оны түсінетін басшылықты бермегені ай. Барды қолдана алмаймыз. Арабтар жоқтан жасап жатыр ау. Қу тақыр құмның үстіне қанша адамды тартып жатыр. Бізде

    • @cumcum1043
      @cumcum1043 2 місяці тому +4

      Алматының табиғатына ұқсайды екен

    • @Kazakh_motivation
      @Kazakh_motivation Місяць тому +6

      Алматыда бұндай табиғат жоқ деп оытырған жоққой. Швейцарияның табиғатын көрсетіп отырғаны Алматыға қандай қатысы бар. Барлығы ерекше барлығы сұлу

    • @yessetakkanas3703
      @yessetakkanas3703 Місяць тому +7

      Жемқорлық болмағанда мына мына сұлу табиғаттың бәрі бар Қазақстанда

    • @user-ud3rz3xm4r
      @user-ud3rz3xm4r Місяць тому +4

      Айтпа, бізде бәрі бар. Туризмді дамыту керекпіз

    • @inboxinbox4283
      @inboxinbox4283 Місяць тому

      Таулы жер жер сілкінісі болама екен, Алматыда сол қорқынышпен өмір сүрудеміз

  • @uldan9473
    @uldan9473 Рік тому +350

    Қолдайықшы осындай қазақ тілінде жасалынған еңбектерді. Аға сізге көп рахмет! 😍😍😍❤

    • @MrUalikhan
      @MrUalikhan Рік тому +8

      Видеода реклама шықса, пропуститьті баспай жарнаманы соңына дейін көріп тастаңыздар. Сол нағыз қолдау, ютуб қаралған жарнамаға видео авторына ақша төлейді.

    • @shakerbanumyrzakhanova6321
      @shakerbanumyrzakhanova6321 Рік тому +3

      Тамаша жер,рас жұмақ,шіркііііін ай...

    • @shakerbanumyrzakhanova6321
      @shakerbanumyrzakhanova6321 Рік тому +4

      Ия,қазағым қолдайық,мынадай жер жаннатын тым болмаса видеодан көрейік...

    • @shakerbanumyrzakhanova6321
      @shakerbanumyrzakhanova6321 Рік тому +4

      Тылсым,тұп-тұнық,тап-таза 🤔😍👆
      ..

  • @user-rj7ve9rn5v
    @user-rj7ve9rn5v 8 місяців тому +22

    Біздің Катонмен ,Марқакөллде артып кетпесе кем емес.Рахмет балам салыстырып ,өз елімді одан бетер жақсы көрем.❤❤❤

  • @user-qn8pw3ss8p
    @user-qn8pw3ss8p Рік тому +117

    Керемет,не деген сұлу табиғат!!!Жарайсың балам, мың жаса!Қазақ жастарының саяхатпен айналыса бастағандары қуантады.Қазақ тілінде шығып жатқаны екі есе қуантады!!!Тамаша!!!! Алланың нұры жаусын!!!!

    • @ruslanmedelbek
      @ruslanmedelbek  Рік тому +4

      Қолдауыңызға көөп рақмет!

    • @kulpashsarieva4025
      @kulpashsarieva4025 9 місяців тому

      Жарайсың

    • @kulpashsarieva4025
      @kulpashsarieva4025 9 місяців тому

      Біздің тауларға ұқсайды

    • @kulpashsarieva4025
      @kulpashsarieva4025 9 місяців тому

      Көрінісер көп сонымен құнды

    • @marmus99
      @marmus99 8 місяців тому

      ​​​@@ruslanmedelbek
      Біздің Көлсай СИЯҚТЫ екен жаралған септері әлгі көлдің.
      Көлсайдағыдай жолында тастарда бар екен, бізде тас жол салмады деп ойлап едім...
      Әдемі әрине алыс жер, тек тұған өлкемізде кем еместігін түсіндім, балам.
      Негізі жұмсаған қор қолжетімді екен. Осы мәселені жәрия еткенің маңызды болды мен үшін.
      Тасың өрге домалап, еңбегің жандана берсін балам. Каналыңа сәтті дамуын тілейміз, көрермен жане жазылған қауымныңның қатары ұлғайсын күнсайын.
      Жаңа саяхаттарды әдемі жерлерден тағаттана күтеміз !!!
      👌👍👌

  • @user-re6xt5nm7x
    @user-re6xt5nm7x Рік тому +53

    Қазақша үздік кантент десе болады! Тіл байлығыңыз мол, таза,керемет! Дами беріңіз!🇰🇿👍👍👍

  • @ganival8594
    @ganival8594 Рік тому +31

    Осыған ұқсас жер Қазақстандада бар бір-ақ көп қазақ білмейді Шығыс Қазақстан Катонқарағай ауданы

  • @user-eu3dr9tc3i
    @user-eu3dr9tc3i Рік тому +78

    Еңбегіңіз жемісті болсын! Осындай ана тіліміздегі каналдар көбейе бергей! Қазақ тілінде тыңдау қандай рахат! Көп рахмет!

  • @maksat_abdildaev
    @maksat_abdildaev 4 місяці тому +4

    Керемет, Молодец, міне нағыз қазақ , қазақ тілінде ең Керемет кино көргендей болдым

  • @user-ml1yw9pw3q
    @user-ml1yw9pw3q 8 місяців тому +32

    Нағыз Қазақ осы жігіт.
    Керемет.
    Жаратушы ием жар болсын өзіңе.

    • @Zhanna-xv1xv
      @Zhanna-xv1xv 2 місяці тому

      Оте ризамын алтыным. Енбегин жансын азаматым. Алматы каласынан салем.

  • @madinasaparova5598
    @madinasaparova5598 Рік тому +13

    Руслан аға, керемет! Пайдалы. Берн, Цюрих, Люцерн, Интерлакенде болдым. Қалғанына табан тигізу бұйырсыншы 👐

  • @zhainazhangalieva916
    @zhainazhangalieva916 Рік тому +140

    Руслан Меделбек мырза! Еңбегіңіз үшін рақмет! Көре отыра көзіме жас келді. Алланың соншалықты құдыреттілігін шексіздігіг көре отыра бұйырса әрбіріміздің табанымыз тиетін жер болсын! (әмин) Сіз бара алсаңыз бізде бара аламыз бұйырса! Бұл видео қазақша травел екі есе ниет пен мақсат әрі әрекетке дем берді, шүкір! Саяхатыңыз көбейе берсін! Бізде артыңыздан еріп көбейе берейік бұйырса!

    • @user-lv9wi3gd4n
      @user-lv9wi3gd4n Рік тому

      ФИФА фф

    • @user-lv9wi3gd4n
      @user-lv9wi3gd4n Рік тому

      Не

    • @user-iu3wj6kg8e
      @user-iu3wj6kg8e Рік тому +2

      Қазақстан Швейцариядан да күшті

    • @user-sy9lw7fq6y
      @user-sy9lw7fq6y Рік тому +6

      Руслан Меделбек балам. Еңбегің жана берсін жер жерге саяхатқа аман есен бара беруіңе мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін мен 66-ға келген апаңмын осындай керемет сұлулықты үш ұйықтасам көремін деп ойлаған жоқпын рахмет еңбегіңе не деген тазалық мәдениет табиғатты осылай аялай білсек берері көп қой. Өкінішке орай біз өз табиғатымызды бағалай алмаймыз. Қазақ деген атымызға өте көп сын айтылады. Мен Қазақстан жеріндегі барлық туристік орындарды таза әрі көз тартарлықтай әдемі болғанын қалаймын, намысым келеді біздің Көлсайымызға да, Шарынға да шет елдік туристер келіп жатады солардан ұялып отырмын.

    • @user-ys4nx4xk2j
      @user-ys4nx4xk2j Рік тому +6

      Өте дұрыс біздің бай ана тіліміз дамый берсін, көркемдеп жеткізетін жастарымыз көп болсын! Әлем біздің тілге қызықсын болашақта!

  • @sharbattulegenova4858
    @sharbattulegenova4858 9 місяців тому +23

    Руслан,осындай керемет дүниені халқыңа көрсетіп жатқаныңыз үшін сізге Алланың нұры жаусын!!!Бұл өз халқыңа қосқан үлесің деп білгейсің!!!Ешқашан қанатыңыз талмасын,алар асуларыңыз көп болсын!!!👏🏻👏🏻👍🏻👍🏻💐💐💐🥰🥰

  • @user-vq1nk1rn5e
    @user-vq1nk1rn5e Рік тому +15

    неге просмотр аз? оте адеми шыгарылым👏👏👏! алга, Руслан мырза!

  • @user-ng1cu4ug5l
    @user-ng1cu4ug5l Рік тому +28

    Жарайсын Руслан балам кандай керемет тап таза кала екен. Оте мадениетти сауатты жеткиздин . Оркенин оссин корермендерин миллионга жетсин. Денин сау болсын бакытты бол балам. Осындай казак тилди дамытып бизге жане казак халкына корсетип жургенине мын алгыс. Исине саттилик . Ен керемет саяхат болды.

  • @user-be2er8ie8e
    @user-be2er8ie8e 8 місяців тому +6

    Меделбек, тамаша! Рахмет! Біздегі тауларға теміржол салса... Әдемі жерлеріміз көп. Қоқыс қылмай, таза ұстауды үйренуіміз керек! Бізге де бұйырсын!

  • @user-ul7mi6ir1y
    @user-ul7mi6ir1y Рік тому +15

    Қазақ тілінде керемет естіледі.

  • @nuraynuray9382
    @nuraynuray9382 Рік тому +25

    Осындай қазақша контенттер көбейе берсін. Көп рақмет😇

  • @kuanyshzhumin9778
    @kuanyshzhumin9778 Рік тому +27

    Руслан мырза өте мәдениетті, әдемі, пайдалы қазақша ақпаратты қаралымы аз екен. Жазылушы оқырмандарыңыз көьейе берсін!

  • @user-tg3kf9wf7i
    @user-tg3kf9wf7i Рік тому +20

    Өте ғажап көріністер және сапалы видео😍Осы жерді көзбен көру бұйырсың🙏

  • @dautravel897
    @dautravel897 Рік тому +57

    Еңбегіңіз ақталсын,қазақ контенті үшін жасап жатқан дүниеңізге мың алғыс 👍👍👍👍

  • @user-zy5ph9st7u
    @user-zy5ph9st7u 9 місяців тому +16

    Сізге көп рахмет, таза әдемі қазақ тілінде шығарғаныңыз үшін. Осындай бейне көріністер көбейе берсе екен.

    • @user-uh9kg9bb9g
      @user-uh9kg9bb9g 2 місяці тому

      Кәзір қазақстанның ауылдары тазарды ғой халықтарғабайланысты

  • @madinasaparova5598
    @madinasaparova5598 Рік тому +18

    Қазақша трэвэл-влог жасасын! 👏

  • @user-pt7cc4bv7y
    @user-pt7cc4bv7y 9 місяців тому +8

    Керемет. Швейцарияға өзім саяхат жасағандай болдым.Рахмет.Алланың нұры жаусын.

  • @togzhanabilda2941
    @togzhanabilda2941 Рік тому +79

    Руслан Меделбек мырза, респект сізге😍😍😍 Швейцарияның сұлулығын “қазақша” сауатты жеткізгеніңіз үшін🙏🏻 Сөйлеу стильіңіз, контентті жасауыңыз бәрі үйлесімді. Көріп көзіміз қуанып отыр😊 Осы сұлулықты бізге көруді нәсіп етсін, Insh 🙌🏻 сол кезде кеңестеріңізді кәдеге жаратармыз❤️🙌🏻

    • @tim1t112
      @tim1t112 Рік тому +3

      Аллаға шүкір бізде де осындай табиғаттың барлығы бар. Территориямыздың үлкендігінен аса біліне бермейді, Швейцария сияқты аумаққа біздің әдемі табиғатымызды сыйдыруға болады, асып түспесе одан кем түспейді. Өзіміздің байлығымызды бағалайық, дәріптейік.

  • @AsiyaQazaqstan
    @AsiyaQazaqstan 10 місяців тому +6

    Қазақша влогтар көбейе берсін 👏👏👏👏👏🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿✊🏻

  • @user-wz3xm6lw2x
    @user-wz3xm6lw2x Рік тому +6

    Зор шығарыпсыз аға. Тек алға. Дами беріңіз.

  • @zhansayabauyrzhan
    @zhansayabauyrzhan Рік тому +301

    Швейцария туралы Птушкиннан басқа ешкім әдемілеп жеткізе алмайтын шығар деп басқа видеолар қарамай жүрген едім. Сіз одан асып түстіңіз, оның үстіне қазақ тілінде 🙌🏻👏🏻😍💚

    • @user-zz8zm5wm3x
      @user-zz8zm5wm3x 10 місяців тому +5

      Ағылшын тілінде толып жатыр видеолар.птушкин соларды қарап түсірді

    • @user-zf8bc6cg9w
      @user-zf8bc6cg9w 10 місяців тому

      путшкин сутшкиндеріңді, және сондай сандалбай сасық орыс-орман, хахол сахолды құдай көресіңдер ау деймін

    • @-xs4or
      @-xs4or 10 місяців тому

      Ол ким😮

    • @kkkkkk-yr1tf
      @kkkkkk-yr1tf 9 місяців тому +3

      птушики кім тағы орысба

    • @UFC.beketdosjanov
      @UFC.beketdosjanov 9 місяців тому +5

      Өте күшті Қазақша өз тілымызде есітып көргенге жетпейды,солай емеспе 🙏🏽🫂🏡🫶🏼🖋️🇰🇿

  • @Ernur0108
    @Ernur0108 Рік тому +29

    Руслан аға өте керемет саяхатыңыз рахмет аман болыңыз әлемді шарлай беріңіз бізгеде бұйырсын Алла қаласа.

  • @scroWso2
    @scroWso2 3 місяці тому +4

    Руслан аман бол!Армандарыңа қол жеткізе бер.Тілектеспін❤️Рахмет🤲😴көріскенше☀️

  • @thekazakhfamily
    @thekazakhfamily Рік тому +23

    Өте керемет Русеке. Швейцарияға бару менің де мақсатым Алла қаласа! Ең алғаш Птушкин осы елге ғашық қылған еді. Енді міне қазақ жігіті одан асып түсірді ✊🏻

  • @user-gd3iu3ei9d
    @user-gd3iu3ei9d Рік тому +12

    Қандай керемет табиғат😍😍😍, бізге де барвп өз көзімізбен барып көру бұйырсыншы🤲🤲🤲 сізге де рахмет осындай видео үшін

  • @aitushaturzhan09
    @aitushaturzhan09 Рік тому +21

    Көп рақмет, Алланың жаратқаны. Алла разы болсын ! Іске сәт ,тағы контент күтемін! 👍👍👍👍👍

    • @ruslanmedelbek
      @ruslanmedelbek  Рік тому +3

      Бұйырса, контенттер болады

  • @dilfyzakokenova7847
    @dilfyzakokenova7847 Рік тому +25

    Біз көрмеген Алланың құдіреті көп.таң қаларлық ғажап жерлерді көріп субханоллох алхамдулиллах Аллаху акбар дедім.Алла рази болсын сізден.шаршамаңыз.сәттілік🤲

    • @user-jb2gp1oe5g
      @user-jb2gp1oe5g 8 місяців тому

      Не дай Бог чтобы муслимы туда попали обосрут такую красату

  • @user-vk8ub6uw2y
    @user-vk8ub6uw2y 6 місяців тому +8

    Айналайындар рахмет сендерге. Өте сауатты сөйлеп, түсінікті жеткізесіңдер. Видеоны көріп отырып сол жақта жүргендей әсер аласың. Сендерге қашан да ақ жол!!!

  • @MeruyertM
    @MeruyertM Рік тому +28

    Өте күшті шығарылым еңбегіңізге рақмет түсірген.Арман-мақсаттар беки түсті.Тағыда күтеміз влогтарыңызды 😍😍😍😍

  • @gulimmuratkhanqyzy
    @gulimmuratkhanqyzy Рік тому +30

    Қандай ғажап көрініс, саяхат!😍😍😍✨
    Аллам маған да осы жақты көруді бұйыртсын🙌!
    Сөз саптауыңыз қандай керемет, парасатты, сауатты адам екеніңіз көрінеді.

  • @nurbolatkhan7083
    @nurbolatkhan7083 Рік тому +35

    Өте әдемі Руслан аға! Керемет түсірілген, тамаша дыбысталған 🔥 Алла бізге де баруды бұйыртсын ИншаАлла! 🤲

    • @aigerimtolepbekova5988
      @aigerimtolepbekova5988 Рік тому

      Тауды көрсете бермей адамдарының тіршілігін зерттесейші не шаруамен айналысады жұмысқа қанша ақша төлейді екен соны айт

  • @Ustaz_kz_
    @Ustaz_kz_ 9 місяців тому +3

    Менің ауылымның баласы ғой 👍👍👍 жарайсың, Руслан. Сапарларың сәтті болсын. Тамаша саяхаттар күтеміз

  • @moonsoul1458
    @moonsoul1458 3 місяці тому +2

    Қандай керемет көрініс. Осы жерлерге бару бұйырсын маған да. Әмин!

  • @bekkimaaa
    @bekkimaaa Рік тому +45

    Руслан аға, Швейцарияға деген махаббатымды одан сайын арттырдыңыз😍Үлкеен рақмет! Әлемнің барлық елінен осындай блогтарыңызды күтеміз!🙏🏻🔥

  • @user-hh5iu6wu6z
    @user-hh5iu6wu6z 8 місяців тому +5

    Алла бізге де нәсіп еткей, рахмет өте сауатты жеткіздің!

  • @user-cq1nh8xr1e
    @user-cq1nh8xr1e Рік тому +15

    Мәәә, қандай әдемілік.
    Күйеу балаларым сіз сияқты жиханкез болса екен.
    Өзіме де жақсы мамандық сияқты, қарап тамсанып отырдым.

  • @user-nc8tw1gr7p
    @user-nc8tw1gr7p 10 місяців тому +2

    Осындай казахтын жигиттери кобиеберсин , максатына жет.👍🙏

  • @user-tt8cc2nh4z
    @user-tt8cc2nh4z Рік тому +9

    Руслан бауырым рахмет! Жылдың ең үздік блогы. Тамаша түсірілім. Сапалы сюжет. Қазақша тіл байлығың керемет! Қажырлы еңбек. Керемет жалпы. Осындай түсірілім болады деп ойламадым корер алдында....! Қанша айтсаңда бұл Швейцария! Пойыздарыда керемет! Еңбегің жана берсін! Сұрайын дегенім қан қысымыңа әсер етпейме екен қанша биікке көтерілдің? Тілінде жақсы білетін болып тұрсың! Жарайсың! Рахмет! Озіім барғандай болдым!

  • @nuraiymt
    @nuraiymt 8 місяців тому +5

    Көрген ең керемет контент😍. Тіл байлығыңыз өте мол, әрі түсінікті жеңіл. Осындай ғажаппен бөліскеніңіз үшін мыңдаған алғыс сізге🙌

  • @user-xi5tu3zk7c
    @user-xi5tu3zk7c Рік тому +6

    Керемет, тамаша! Алла қуат берсір, бауырым! Әр қазаққа жұғысты болсын!

  • @moldirshanytbaeva2954
    @moldirshanytbaeva2954 9 місяців тому +3

    Қазақша трэвел блогты көрген қандай керемет👍

  • @user-th6uh7be5d
    @user-th6uh7be5d 8 місяців тому +6

    Қазақша сөйлеуің керемет айналайын сол жақка барғандай болып отырмын,улкен адаммын Алла саған куш-куат берсін керемет .!!

    • @ruslanmedelbek
      @ruslanmedelbek  8 місяців тому

      Рақмет қолдауыңызға😍

  • @user-rx5hl8vj3j
    @user-rx5hl8vj3j Рік тому +10

    Недеген керемет көрініс, Алланың жаратқан ғажабы ғой, камерадан көріп тоймай отырмын, көзбен көруге бұйырсын!!! Қазақ тілінде осындай кереметті көрсетіп жүрген саяхатшы балаға мың алғыс! Бәрі қазақша болғаны қандай керемет! Рахмет! Әлемдегі шарлап тамаша қазақша видеоларыңмен бөлісе бер! 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

    • @user-uv8mm9tq5m
      @user-uv8mm9tq5m Рік тому

      Похож наш Кыргызстан 🇰🇬🇰🇬🇰🇬

  • @user-ht9sl8hg1u
    @user-ht9sl8hg1u Рік тому +3

    Руслан үлкен АЛҒЫС білдіремін! Керемет! 👍 Көз алмай көріп отырып өзім барғандай болып бір тамаша әсер алдым! Алла қаласа менде болашақта барамын деп жоспарлап отырмын!

  • @user-ys4nx4xk2j
    @user-ys4nx4xk2j Рік тому +8

    Рахмет Руслан қандай керемет👍👍табиғат, тамасанып отырып тамашаладық! Каналың дамый берсін, еңбегің жана берсін!
    Ең бастысы қазақ тілінде, өз ана тіліңмен жақсы көркемдеп түсіндіріп шықтың, әлемнің барлық жерін аралап, өз тіліңде осындай керемет түсірілімдерің көп болсын рахмет!👍👍

  • @user-ph4cp6bf6c
    @user-ph4cp6bf6c Рік тому +5

    Рақымет. Балалық шақ еске түсті. Өзіміздің жайлау таулары бәрі ұқсайды Қазақстанда жүргендей болдым .Қазақ тілі жасасын. Дами бер бауырым.

  • @user-rj7cg5tv8j
    @user-rj7cg5tv8j 5 місяців тому +3

    Әп-бәрекелді, қазақша түсіндірме жақсы,балалар көрсе арман жетелейді оларды келешекке ❤❤❤Арман үлкен мақсаттарға апарады,зор

  • @user-dj3wu2ut1i
    @user-dj3wu2ut1i Рік тому +3

    Мықты әдемі біздің ел осылай қашан дамиды екен

  • @user-qw5nh2ru8b
    @user-qw5nh2ru8b 3 місяці тому +2

    Бауырым осындай таза қазақ тілінде жеткізіп әлемнің сұлу жерлерін көсеткеніңе рахмет жұмысыңа сәттілік

  • @user-bd6we9ij6q
    @user-bd6we9ij6q Рік тому +8

    Рахмет Шведцарияны коруды буйыртсын Аллам!

  • @user-dr5so3df6c
    @user-dr5so3df6c 4 місяці тому +6

    Алланың шеберлігіне тағы бір рет таңқалдым. Керемет! Әрбір қазаққа бару бұйырсын!

    • @Balta454
      @Balta454 Місяць тому

      Ол жер христиан халықтарының мекені, ал мұсылмандар Европада не қаиыршы, не ең ауыр лас жұмыс істеуде - оған да Алла өзінің шеберлігін қолданған ба?

    • @user-dr5so3df6c
      @user-dr5so3df6c Місяць тому

      @@Balta454 мен табиғатты жаратқан Алла ғой, соны айтамын. Қалғаны менің жұмысым емес.

  • @dulatsmagulov9628
    @dulatsmagulov9628 Рік тому +37

    Өте керемет дүние! Үлкен РАҚМЕТ!

  • @oydetox
    @oydetox Рік тому +16

    Қандай әдемі! Марафоншылар көзіме оттай басылды ғой :))))

  • @user-fl9ml6rj2x
    @user-fl9ml6rj2x Рік тому +18

    Рахмет сізге, саяхат көңіл көзді ашады демекші,бір демалып қалдым,жер мұндай болса жәннәт қандай болатынын елестету мүмкін емес ......

  • @sozak_kyzy
    @sozak_kyzy Рік тому +6

    Алланың құдіретін сіз арқылы таныдық❤

  • @user-iq6xk3gj3r
    @user-iq6xk3gj3r 8 місяців тому +3

    Сөз макамын саптауын керемет!жеткізуін керемет!Енбегің жана берсін бауырым!

  • @shukan.hellokabdan9525
    @shukan.hellokabdan9525 Рік тому +4

    Бір кездерде жер сілкінісі нен осы таулар түзілді ғой. Халқы ұзақ жылдар бойы барлығын жөндеді ғой. Ерекшелігі ауа райы ылғалды болған соң жап жасыл екен. Монголияда оданда биік таулар бірақ ылғал азболған соң басқаша Рахмет тамашаладым. Аман жүр бауырым.

  • @user-vt4hr1jm5i
    @user-vt4hr1jm5i Рік тому +24

    Сізге үлкен рахмет аға, қазақша саяхат арнасы бар енді бізде. Қашанғы Орел и Решканы көре береміз 😊

    • @user-vq5dy8dk1x
      @user-vq5dy8dk1x Рік тому +2

      Ой жарайсын Руслан оте тартымд екен Щвецариян,жане оны казакша жургизген озинин енбегин орлей берсин ,осы жетистиктерин букил казак елине жугысты болсын,мен снн ушин куанып,мактанып отырмын казагымнын карапайым сары Алтын бадасы

    • @ad1lkanatba167
      @ad1lkanatba167 9 місяців тому

      Мир Наизнанку қара

  • @marmus99
    @marmus99 8 місяців тому +4

    Тамаша саяхат болды !!!
    Қайран Қазақ елім, 33 жылда Елдің еңсесін көтертпеді....
    Әйтпесе табиғатымыздың ЕРЕКШЕЛІГІ, БӘСЕКЕГЕ ТҰРАЙ АЛАТЫНДЫҒЫ, ЕШ КЕМШІЛІГІ ЖОҚ БОЛАТЫН ӘСЕМ ЖЕРЛЕРІМІЗ АЗ ЕМЕС ☝️☝️☝️
    Араласыңдар ӨЗГЕРІСТІ ЕҢГІЗҮГЕ барлығың : жас - кәрімізде ӨМІРІМІЗДІҢ САПАСЫН ӨЗГЕРТҮГЕ аянбайық !!!
    АЛАШ БАБАЛАРЫМЫЗДАЙ
    ҚАРЕКЕТ ЖАСАЙЫҚ !!!
    СЕН ЖАНБАСАҢ, МЕН ЖАНБАСАМ, ОЛ ЖАНБАСА ЛАПЫЛДАП ....КІМ ӨЗГЕРТЕДІ СҮР ТҮСТІ ӨМІРСҮРГЕНІМІЗДІ ☝️?!?!?!
    АЙНАЛЫСАЙЫҚ ҚОЛҮСТАСЫП
    АҒАЙЫЫЫН - Швецариялықтардан неміз артық , неміз кем ???!!!

  • @imanberliyeva
    @imanberliyeva Рік тому +19

    Өте керемет видео😍👍
    Қазір мен Польшадамын,Швейцарияға бару арманым,алдағы уақытта барамын деп ойлаймын☺️Бізге де жұғысты болсын🤲🏻

    • @Bekzat_Qanatuly
      @Bekzat_Qanatuly Рік тому +1

      Меніде алып кетіңізші Польшага

  • @user-yr8xz5in2h
    @user-yr8xz5in2h Рік тому +5

    Руслан мырза! Керемет Жер Анамыздың әдемілігін көрсеткеніңіз үшін Мың алғыс!!!

  • @tomimomi7738
    @tomimomi7738 Рік тому +7

    Өте керемет түсірілген 😍😍😍 Қазақ тілінде тревел блог көргеніме қуанып отырмын 😊

  • @dariyashbaiuzakova8235
    @dariyashbaiuzakova8235 8 місяців тому +6

    🇨🇭Schweiz , керемет сізбен бірге Жаһан кездік. Швейцария, Альпі тауының кейбір жері, тынық көлі біздің Алатауға, Көкшетау, Бурабайды еске түсіреді екен💓🇰🇿🙏 Көп алғыс Сізге, жер көріп, ел көріп жиһангер болғанға не жетсін, осыдан кейін мүмкіндік туса қалт жібермейтіні анық, әсіресе жастар жағы енді қолға алған сияқты. Сәттілік тілейміз саяхатшыларға 🎉😅👍✊

  • @KikoAnimates
    @KikoAnimates 8 місяців тому +3

    Сәлеметсіз бе! Сізге үлкен рақмет. Маған өзіме Швейцария ең ұнайтын ел. Сондай керемет. Осы видеоға көп-көп алғыс, дұрыс және әдемілеп түсіндіргесіз. Еңбегіңіз дами берсін. 🇰🇿🇨🇭❤️

  • @SamsungSamsung-pv4xo
    @SamsungSamsung-pv4xo 9 місяців тому +1

    Бəрекелді Руслан, көөп рахмет сізге, бақытты болыңыз, сізбен бірге керемеь саяхат кештім, Швейцария керемеет, біздің тауларға, табиғатқа ұқсайды, жолыңыз болсын

  • @user-hy1eb1cw3o
    @user-hy1eb1cw3o Рік тому +32

    Руслан, красавчик! Жақсы әсер алдым! Қазақ контентін дамытып, танымдық дүниелерді түсіріп жүргенің өте керемет! Еңбегің жемісті болсын! Жасай бер!

  • @anel5789
    @anel5789 Рік тому +3

    Өте қызықты, рахмет, тек орыс сөздерін қоспай сөйлесең болды. Керемет ұнады!

  • @begim1253
    @begim1253 8 місяців тому +3

    Керемет сөз жоқ бауырым сен көргенге өзім көргендей қуандым қазақтарда осындай әдемі жер көріп бақытты күн кешейік бәріміз қайда жүрсең аман болып көрер қызығың мен қуанышың мол болсын 👍👍👍

  • @yersultanislambekmd8556
    @yersultanislambekmd8556 Рік тому +14

    Птушкиннан кейін басқалардың саяхат туралы видеолары өтпей қойып еді, мынаны рахаттанып көрдім🔥

  • @user-fx8xt5nn5z
    @user-fx8xt5nn5z Рік тому +5

    Птушкиннің барлық саяхатын көріп едім. Айналайын сенің қазақша контентің өте керемет

  • @user-bi8yp8eq3u
    @user-bi8yp8eq3u Рік тому +16

    Өте сауатты түсіргенсіз.Басынан аяғына дейін қарадым.Дамыған ел,осындай табиғат елімізде де бар ғой,тек туризм дамымағаны өкінішті....

  • @nurzina_nur
    @nurzina_nur Рік тому +5

    Керемет еңбек! Бізге де баруды нәсіп етсін😍

  • @gulmaraltolepbergen9229
    @gulmaraltolepbergen9229 2 місяці тому +3

    Өз тілімізде танымдық дүниелер көрген қандай ғажап😍 Өзіңіз саяхаттап қана қоймай, өзгеге де көз қуаныш сыйлағаныңызға Алла разы болсын! Саяхаттарыңыздан аман-есен елге орала беріңіз🤲🏻 Алғысым орасан зор🙏🏻🌻

  • @user-kq7kn1zu9n
    @user-kq7kn1zu9n 11 місяців тому +2

    Керемет ,тамаша сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өте керемет көрсетіп сөзбен де жеткізіп бердіңіз .сәттілік саяхатыңыз СӘТТІ болсын қазақ жастары дамый берсің

  • @user-lo9uq3uf5d
    @user-lo9uq3uf5d 9 місяців тому +4

    Қашан Швейцария туралы қазақша влог шығады екен деп жүр едім 👍🏻😍🔥

  • @ravil9634
    @ravil9634 Рік тому +22

    Швейцария колеми кургап калган Арал тенизинен сял гана киширектеу , ал Казакстанда Швейцариямен адемилиги жагынан тен , мумкин типти асып тусетинде жерлер жетип артылады(мысалы Шыгыс Казакстанда бир озинде ондай жерлер , Куршим , Рахмановские ключи тб) . Сол Швейцарияны биз оз жеримизде жасай алушы едик , егер кургур жемкорлык деген пале болмаганда. Аттен . Мумкин болашакта Казактын барлык корикти жерлерин Швейцарияга не одан асып тусетин жерлерге айналдырармыз , Алланын комегимен 🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏

    • @user-je5ot5sg5b
      @user-je5ot5sg5b 2 місяці тому +1

      ❤❤❤

    • @Balta454
      @Balta454 Місяць тому

      Алланың бұл жерде қандай қатысы бар? Бангладештің табиғаты әлемдегі ең әдемі жерлердің бірі, ал халқы мұсылман болған соң, ол ел кедейлік пен қоқыстың қонысы болды. Ал христиан дінін ұстаған Европа барлық әлемге үлгі.

  • @qazaqbalasy1469
    @qazaqbalasy1469 Рік тому +13

    Табиғаты сұмдық екен айтарға сөз жоқ

    • @user-kv5sh5op1h
      @user-kv5sh5op1h 2 місяці тому

      Ойқарағайда болдың ба бауырым Мынауың ойнамай қалады

  • @aiymqanat6953
    @aiymqanat6953 Рік тому +17

    Руслан аға, еңбегіңіз жемісті болсын! Алла разы болсын сізге! Көрермендеріңіздің сана көкжиегін кеңітіп, көзімізді ашып жатсыз.

  • @muratkhajaiv2944
    @muratkhajaiv2944 Рік тому +3

    Мен міндетті түрде бүкіл әлемді аралаймын! Күт мені Швейцария!!

  • @dautravel897
    @dautravel897 Рік тому +12

    Өте керемет😍😍 от қой от🥵🔥 ,сапалы видео ,қызықты деректер,ең бастысы табиғат сұлулығын камерамен жеткізу деген осы шығар ,өзіміз барып келгендей болдық 👍👍

  • @user-yx3kb9hl6d
    @user-yx3kb9hl6d 9 місяців тому +1

    ЖАНЫМ ДЕИДІ ӨЗИМ САЯХАТ ЕТКЕНДЕИ БОЛДЫМҒО СƏЛЕМ ҚАРАҚАЛПАҚСТАННАН👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍❤❤❤❤❤❤❤❤💋💋❤❤❤🖐🖐🖐

  • @LauraBazarbay
    @LauraBazarbay 9 місяців тому +8

    Ооо қазақ тілінде ел көру қандай әдемі. Әйтпесе, тек орыстар ғана ел аралайтын сияқты, ютубты ашсаң.🎉🎉🎉

  • @nishanbay88
    @nishanbay88 3 місяці тому +3

    48-минутта өзімде Швейцарияда жүргендей сезіндім. Күшті.

  • @user-sy4vw8oq9q
    @user-sy4vw8oq9q 9 місяців тому +2

    Керемет табиғат 👍👍👍👍 сөз жоқ, шіркін ай осындай тауларды көрсем ғой деп арманым бар еді❤😍осындай ғажап жерді көрсеткеніңізге рақмет,көп жасаңыз,!!!!

  • @user-ue5dq1ph3p
    @user-ue5dq1ph3p 3 місяці тому +2

    Бейнеңіз өте керемет шыққан🔥 ұғынықты әрі қазақ тілінде.👍
    Өзіме керекті ақпаратта алдым рахмет. 🤝

  • @aygul5338
    @aygul5338 Рік тому +12

    Осындай керемет табиғат өз еліміздеде барғой. Бізде әр жердің өзіндік құпиялары бар жерлер өте көп. Тек бізде туризм әлі дұрыс дамымаған, өкінішті және өте қымбат, сервис соған сай емес. Шведция елінің табиғаты, тазалығы, игерілмеген жер жоқ.

  • @user-wx1um2ej3l
    @user-wx1um2ej3l Рік тому +9

    Біз елімізде той тойлау, садақа беру, қонаққа бару, келу деген өмір бар. Бір ауылдан, бір облысқа сенделген жұрт. Әйтеуір сабылған, проблемемен жүрген жұрт.

    • @Akimova98
      @Akimova98 11 місяців тому +3

      Солай өмір өтіп кетеді деш

  • @user-xu7do3kk6u
    @user-xu7do3kk6u 2 місяці тому +2

    Ен бай мемлекет Казак мемлекет!!!🎉🎉🎉 Танкалатын ештене жок, биздин Медеу гой!!!

  • @user-gy1vo6we4m
    @user-gy1vo6we4m 3 місяці тому +1

    Қандай керемет! Ғажап! Көзің демалады. Көп рақмет!

  • @user-cm6tb9bq7t
    @user-cm6tb9bq7t Рік тому +8

    Великолепно,у Вас талант!Спасибо за такой огромный труд.

  • @scroWso2
    @scroWso2 3 місяці тому +3

    Ақшасы көп адамдар сенің видеоңды көріп Қазақстанда осындай ауыл салуына көзің жететінкүнге жет!Сонда Маржан апайды еске аларсың❤

  • @user-ty6lm3up9h
    @user-ty6lm3up9h Рік тому +7

    керемет жер екен қазақтардың тұратын жері екен 😄 өзім соо жерде жүргендеи болып отырым керемет саяхат бізге де баруға нәсіп болсын қаласы қандаи таза күшті

  • @user-xj3nx4uq2i
    @user-xj3nx4uq2i Рік тому +5

    Руслан бауырымызға мың алғыс Өзі көрген табиғат байлығы мен мәдениеттің үлгісін көрсетіп берді Алыстағы ел туралы біраз біліп қалдық

  • @user-wg8jg6yo2s
    @user-wg8jg6yo2s Рік тому +5

    Жарайсың Қазақ бауырым әр қашан жолың болсын