"Пахтакордың" 14 футболшысы қаза тапқан ұшаққа біз мінбек болғанбыз - Құралбек Ордабаев

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 17 січ 2024
  • Құралбек Ордабаев - қазақтың Лев Яшині. Тимур Сегізбаев, Сейілда Байшақов сияқты қазақ футболының аңызы.
    Кеңес уақытында алматылық "Қайрат" клубы ұлттық құраманың рөлін де атқарды. Сол команданың қақпасын Құралбек Ордабаев 11 жыл торуылдап, атақ пен даңққа, жанкүйерлердің махаббатына бөленді.
    Қазір даңқты қақпашы "Қайрат" клубында қызмет атқарып жүр. Айтуынша, "Қайрат" командасындағы кейбір жас футболшылар Құралбек Ордабаевты танымайды екен.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманың матчтарын тамашалауға барғанда, айналасында даңқты қақпашыдан басқасының бәрі жүреді. 75 жасқа қараған ардагер реніші барын ашық айтты.
    Айтпақшы, Құралбек Ордабаев 1979 жылдың тамызында болған ұшақ апатын еске алды. Әуеде соқтығысқан екі ұшақтың бірінде "Пахтакор" футбол клубының 17 мүшесі болған. Жалпы, апатқа ұшыраған екі ұшақта болған 178 адам қайтыс болды, соның ішінде 14 адам - "Пахтакор" футболшылары. Ардагер қақпашы сол бір трагедияны есіне алып, "Пахтакор" футболшылары мінген ұшаққа негізі "Қайрат" ойыншылары отыруы керек болғанын айтты.
    Кезінде Қазақстан футбол федерациясын басқарған Құралбек Ордабаев легионерлерге қойылған шектеуді алып тастау мәселесіне тоқталды. Айтуынша, бұл шешім ҚПЛ мен ұлттық құрамаға кері әсер етуі мүмкін.
    Сайтымыз: 1bol.kz/
    Басқа платформалар:
    Apple Podcasts: podcasts.apple.com/kz/podcast...
    Google Podcasts: podcasts.google.com/feed/aHR0...
    Яндекс Музыка: music.yandex.ru/album/2790940...
    Подкаст жүргізушілері:
    Олжас Байбосын - / olzhas_baibosin
    Ермұхамед Мәулен - / e.maulen
    Подкасты тайм-код арқылы көру:
    00:07 Біздің кезімізде допинг деген атымен болмады
    01:37 Оңтүстіктегі футболшылардың көбі насыбай атады
    02:28 Ғафуржан Сүйімбаевқа насыбайды әрең қойдырдым
    03:22 "Қайрат" академиясындағы кейбір футболшылар Құралбек Ордабаевты танымайды
    05:00 Бір маусымда 16 пенальти тосқан...
    07:20 Тек пенальти тосып көзге түспедім, ойын барысында да көп сейв жасадым
    08:07 "Қайрат" матчына 35 мың жанкүйер жиналатын: 11 жылда тек бір матчта жеңілдік
    09:00 Біз Алматыда ешқашан "Пахтакор" командасынан жеңілген емеспіз
    11:00 Бірақ Өзбекстанда жеңе алмадық...
    13:20 Өзбек жанкүйерлерінің біздің автобусқа от қойған кезі болған
    13:53 Апатқа ұшыраған "Пахтакор" ұшағына біз мінуіміз керек болған
    15:17 "Пахтакор" басшылары маған құда түспек болды, бірақ әкем қарсы болды
    18:22 Апаттан кейін әр команда "Пахтакор" клубына 1-2 ойыншыдан берді
    19:20 Ұшақта болмаған өзбек футболшысының 80 жас мерейтойына қатыстым
    20:32 Өзбекстанда футбол ардагерлеріне әлі көмектеседі, біз солардан үйренуіміз керек
    21:39 Қазақ-өзбек футболы қазір бір-бірімен тығыз жұмыс істеп жатыр
    23:42 Тимур Сегізбаев бастаған ардагерлер Қазақстандағы үлкен футболдың іргетасын қалады
    25:10 Даңқты қақпашының Қазақстан футбол федерациясына үндеуі
    25:34 Президент матч тамашалағанда, неге оның жанында Құралбек Ордабаев отырмайды?
    28:00 Михаил Гурман кім, Құралбек Ордабаев кім?
    30:10 Боранбаев неге түрмеден шыққан соң бірінші "Қайрат" клубына барды?
    32:54 Қайрат Боранбаев қамауда отырған 2 жыл ішінде клубтан бірде-бір жұмысшы кетпеген
    34:21 "Қайрат" - Қазақстандағы жалғыз жекеменшік клуб
    35:47 "Қайрат" бас бапкерін өзгерту жоспарда жоқ
    37:24 Академияға 6 жастан бастап қабылдаймыз
    39:31 Антон Крачковский деген футболшыны 300 мың еуроға сатты
    39:53 Агент емес - саудагерлер
    41:26 Легионерлерге шектеуді алып тастау: Құралбек Ордабаевтың пікірі қандай?
    44:00 Жастар құрамасы нәтиже бермей отыр
    44:41 Ұлттық құраманың арқасында бір саты көтерілдік, енді екі саты төмендеуіміз мүмкін
    46:55 Магомед Адиевті бәрі мақтайды, бірақ оған дейін команданы кім жасақтап берді?
    49:21 ЕУРО-ға екі қадам қалды: гректердің жеңуге болады
    50:10 Игорь Шацкий ішкі чемпионатта өте нашар ойнады
    54:03 "Қайрат" клубы Маруан Феллайни сияқты ойыншыларды алуы мүмкін бе?
    55:53 Бір агентте 45 футболшы болуы әділетті ме?
    58:32 Әр клубқа 1,2 млрд теңге бөлінеді деді. Ендеше 5 млрд теңге қайдан шықты?
    01:00:41 Әкімшілік 30 пайызын, демеушілер 70 пайызын төлесін
    01:02:35 Неге "Ордабасы" президенті Боранбаев сияқты өз ақшасын салмайды?
    01:04:48 Тоқаевтың спортқа деген көңілі түзу... Өзбектер 10 стадион салып алды
    01:05:50 Футболшылар маған шағымын айтты: Қызылорда, Атырау, Орал, Петропавлда ойнау мүмкін емес
    01:07:19 Қазақстанның 6 қаласына жаңа стадион керек
    01:09:00 "Ермұхамед, сенің арманың күшті екен!"
    01:13:02 Легионерлер ұлттық командаға кедергі болуы мүмкін
    01:14:35 Қорытынды
    #футбол #подкаст #кпл
  • Спорт

КОМЕНТАРІ • 154

  • @birinshibol
    @birinshibol  4 місяці тому +2

    Біздің достарымыздың арнайы ұсынысы осы жерде: t.me/birinshybol/4498

  • @user-ut3qt1hn2m
    @user-ut3qt1hn2m 4 місяці тому +69

    Жандос Ахметовты, қайтадан шақырсаңдар жігіттер. Таразды былықтан алып шыққан кезде, басшылықтан не үшін кетті екен. Тараз клубы не болып жатыр, әңгімесін тыңдайық...

    • @user-fv9vk2pm5r
      @user-fv9vk2pm5r 4 місяці тому

      Әкім ауысты гой бауырым

    • @user-cs2yk1uj5x
      @user-cs2yk1uj5x 4 місяці тому +5

      Футболды түсінбейтін әкім келген сияқтығой, негізі мен білетін Таразда екі әкім болған еді
      1. Амалбек Тышанов
      2. Қанат Бозымбаев
      Осы кісілер сияқты футболды түсінетін әкім керек

    • @user-fv9vk2pm5r
      @user-fv9vk2pm5r 4 місяці тому +5

      Бозымбаевтын кезинде Тараз фк жаксы дамыған еді

    • @Tashqara
      @Tashqara 4 місяці тому +2

      Дұрыс айтасыз. Қазір не көп журналист көп. Бәрі бір- бір ютуб канал ашып алып, букмекерлік контороға реклама жасаудан, алдарына жан салмайды .Енді осындай Тараз және Ордабасы клубының алдынғы басшыларын әділетсіз орнынан алып тастаған кезде, бәрі- ауыздарына құм құйылғандай-жым-жырт. Егер нағыз футболға жаны ашитын журналист болса сол әділетсіз шешімді қабылдаған жауапты адамдардан сұхбат алып, қандай мақсатта сапалы жұмыс істеген мамандардың орнына, алдын еш нәтиже бермеген азаматтарды тағайындағаның біліп, көп оқырманға айтар еді.Егер ол сұхбат беруден бас тартып жатса , осындай әділетсіздік жайлы неше түрлі мақала жазып, көпшіліктің назарын аударар еді. Ешкім осыған назар аудармаса, сол басшылықта жүрген алаяқтар білгенін істеп жүре береді, содан біздің спорт дамымайды.

    • @virgorm2773
      @virgorm2773 4 місяці тому

      Әкімге бару керек. Облыс болсын,қала болсын. Алатау фанстың жігіттері тымтырыс🤔 жанкүйерлермен бірге бас қосып барса жақсы болушы еді

  • @user-gi9kh7ph6l
    @user-gi9kh7ph6l 4 місяці тому +18

    Ауылда 73-78 жылдар арасында Құралбек деген жігіттер көп еді. Барлығы осы аңыз адамның құрметіне қойылған.

  • @user-nb3nh6zw6i
    @user-nb3nh6zw6i 4 місяці тому +18

    Қайраттың қазақ тілді ардагерлерін шақыруды жалғастыру керек

  • @user-ox3vv8hl3r
    @user-ox3vv8hl3r 4 місяці тому +15

    Жігіттер, мынандай аңыз адам алып келгендеріңе рақмет сендерге! 💪✊

  • @user-ut3qt1hn2m
    @user-ut3qt1hn2m 4 місяці тому +12

    Құралбек Ордабаев ағаны жақсы білеміз. Қазақ футболының аңыз адамдарының бірі. Керемет сұхбат🫶🏻

  • @user-dk9rm5wk2x
    @user-dk9rm5wk2x 4 місяці тому +6

    Ордабек ата өте білімді, қойылған сұрақтармен мәселерге өте керемет тұшымды жауап беріп отыр. Ендігі мәселе инфрақұрылым, Салса салсын 6 стадион емес, 10 стадион салсын. Стадион салынса, ойыншыларға жағдай жасасаң ойыны жақсарады, ойын дәрежесі көтеріледі. Жағдай жасалмаса маркетинг, реклама жақсы болса, 1- саты жоғарыға көтеріледі. Стадион салынса, барлық КПЛ-ДЫҢ ойынына баруға дайынмен, жанкуйерлік етуге дайынмын.❤

  • @user-dh8ps8hj3b
    @user-dh8ps8hj3b 4 місяці тому +18

    Құралбек атаны шақырғаныңызға рахмет❤❤

  • @rawanqalzhigit
    @rawanqalzhigit 4 місяці тому +6

    Құралбек ағамыз сөз саптауы керемет екен. Орынсыз өз өмірінен оқиғалар тықпыштамайды екен. Сұрақтарға айызыңды қандырып тұрып жауап береді екен. Осындай аға буындар керек ешкімді кінәламай жастарға өткенді еске түсіре отырып болашаққа мотивация бере алатын. Жүргізушілер қатты құрметтеп әр шыққан сөзін ысырап қылмай ұйып тыңдап отыр. ✊🏻👍🏻

  • @user-kl3zb8ii6u
    @user-kl3zb8ii6u 4 місяці тому +2

    Аңыз адам ғой, Құралбек ағамыз, галовкин, тоқаевтар отырғанша стадионда, осы ағамыз отыруы керек қой, Ереке өте дұрыс айтасың, ақынының өлген соң, әкімін келген соң сыйлайтын халықпыз ғой, жағымпаздардың заманы ғой қазір

  • @saudakanal
    @saudakanal 4 місяці тому +19

    *ФУТБОЛЫМЫЗ ДАМИ БЕРСЫН АЛҒА ТЕК ӘРДАЙЫМ ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ШЫҒУ БУЙЫРТСЫН СӘТТІЛІК👍👍*

  • @zhizagoi
    @zhizagoi 4 місяці тому +6

    Өте жақсы подкаст болды ризамын👍 Қазақ тілді жобалар және қазақ футболына жаны ашитындар көп болсын.

  • @user-zr7vy7ig2s
    @user-zr7vy7ig2s 4 місяці тому +6

    Келіп жатқан лигионерлер біздін оиыншылардан асып бара жатқан ештемсі жоқ. Орташадан аз жоғарырақ.

  • @Tyrk-Alash-Qazaq
    @Tyrk-Alash-Qazaq 4 місяці тому +9

    Жақсы ролик шығарыпсызлар, жігіттер. Жүз лайк болса жүзін басушы едім. Бала кезімнен ақсақалдардың әңгімелерін тыңдауды жақсы көремін.
    Жігіттер провокациялық сұрақтар қойып жатса да, Құралбек аға острый уголдарды қиып, керемет парировать етіп жатыр

  • @user-es9pz2rw6h
    @user-es9pz2rw6h 4 місяці тому +4

    Ия расыменде жастар Құралбек атамызды танымайды,Қазспорт аман болсын,Құралбек туралы түсірген репортажында білдім осындай керемет аңыз бар екенің

  • @azat_azamatuly
    @azat_azamatuly 4 місяці тому +7

    Құралбек аға 👏👏💛🖤

  • @user-nk4xt5lx7b
    @user-nk4xt5lx7b 4 місяці тому +7

    Ассалаумагалайкум агаларымыз аман болсын

  • @maksatmaksatbektrz
    @maksatmaksatbektrz 4 місяці тому +2

    Осындай кісілерді сұқпатқа шақыртқандарыңызға рақмет

  • @user-hc8bb4dw9f
    @user-hc8bb4dw9f 4 місяці тому +7

    Жігіттер Рахмет.. Ағаларымыз аман болсын.. өте керемет

  • @chingiz__kassen
    @chingiz__kassen 4 місяці тому +6

    Жемқорлық туралы өте жақсы айтты! 👍👍👍👍👍👍👍

  • @user-df6kb2ki4z
    @user-df6kb2ki4z 4 місяці тому

    Куралбек Ордабаев агамыз легенда.

  • @birinshibol
    @birinshibol  4 місяці тому +9

    Подкасты тайм-код арқылы көру:
    00:07 Біздің кезімізде допинг деген атымен болмады
    01:37 Оңтүстіктегі футболшылардың көбі насыбай атады
    02:28 Ғафуржан Сүйімбаевқа насыбайды әрең қойдырдым
    03:22 "Қайрат" академиясындағы кейбір футболшылар Құралбек Ордабаевты танымайды
    05:00 Бір маусымда 16 пенальти тосқан...
    07:20 Тек пенальти тосып көзге түспедім, ойын барысында да көп сейв жасадым
    08:07 "Қайрат" матчына 35 мың жанкүйер жиналатын: 11 жылда тек бір матчта жеңілдік
    09:00 Біз Алматыда ешқашан "Пахтакор" командасынан жеңілген емеспіз
    11:00 Бірақ Өзбекстанда жеңе алмадық...
    11:50 Жарнама
    13:20 Өзбек жанкүйерлерінің біздің автобусқа от қойған кезі болған
    13:53 Апатқа ұшыраған "Пахтакор" ұшағына біз мінуіміз керек болған
    15:17 "Пахтакор" басшылары маған құда түспек болды, бірақ әкем қарсы болды
    18:22 Апаттан кейін әр команда "Пахтакор" клубына 1-2 ойыншыдан берді
    19:20 Ұшақта болмаған өзбек футболшысының 80 жас мерейтойына қатыстым
    20:32 Өзбекстанда футбол ардагерлеріне әлі көмектеседі, біз солардан үйренуіміз керек
    21:39 Қазақ-өзбек футболы қазір бір-бірімен тығыз жұмыс істеп жатыр
    23:42 Тимур Сегізбаев бастаған ардагерлер Қазақстандағы үлкен футболдың іргетасын қалады
    25:10 Даңқты қақпашының Қазақстан футбол федерациясына үндеуі
    25:34 Президент матч тамашалағанда, неге оның жанында Құралбек Ордабаев отырмайды?
    28:00 Михаил Гурман кім, Құралбек Ордабаев кім?
    30:10 Боранбаев неге түрмеден шыққан соң бірінші "Қайрат" клубына барды?
    32:54 Қайрат Боранбаев қамауда отырған 2 жыл ішінде клубтан бірде-бір жұмысшы кетпеген
    34:21 "Қайрат" - Қазақстандағы жалғыз жекеменшік клуб
    35:47 "Қайрат" бас бапкерін өзгерту жоспарда жоқ
    37:24 Академияға 6 жастан бастап қабылдаймыз
    39:31 Антон Крачковский деген футболшыны 300 мың еуроға сатты
    39:53 Агент емес - саудагерлер
    41:26 Легионерлерге шектеуді алып тастау: Құралбек Ордабаевтың пікірі қандай?
    44:00 Жастар құрамасы нәтиже бермей отыр
    44:41 Ұлттық құраманың арқасында бір саты көтерілдік, енді екі саты төмендеуіміз мүмкін
    46:55 Магомед Адиевті бәрі мақтайды, бірақ оған дейін команданы кім жасақтап берді?
    49:21 ЕУРО-ға екі қадам қалды: гректердің жеңуге болады
    50:10 Игорь Шацкий ішкі чемпионатта өте нашар ойнады
    54:03 "Қайрат" клубы Маруан Феллайни сияқты ойыншыларды алуы мүмкін бе?
    55:53 Бір агентте 45 футболшы болуы әділетті ме?
    58:32 Әр клубқа 1,2 млрд теңге бөлінеді деді. Ендеше 5 млрд теңге қайдан шықты?
    01:00:41 Әкімшілік 30 пайызын, демеушілер 70 пайызын төлесін
    01:02:35 Неге "Ордабасы" президенті Боранбаев сияқты өз ақшасын салмайды?
    01:04:48 Тоқаевтың спортқа деген көңілі түзу... Өзбектер 10 стадион салып алды
    01:05:50 Футболшылар маған шағымын айтты: Қызылорда, Атырау, Орал, Петропавлда ойнау мүмкін емес
    01:07:19 Қазақстанның 6 қаласына жаңа стадион керек
    01:09:00 "Ермұхамед, сенің арманың күшті екен!"
    01:13:02 Легионерлер ұлттық командаға кедергі болуы мүмкін
    01:14:35 Қорытынды

  • @birinshibol
    @birinshibol  4 місяці тому +8

    Егер сіз қазақ тіліндегі сапалы жобалардың көп болғанын қаласаңыз, мүмгіндіңізше бізді қаржылай қолдаңыз! Көкке самғау үшін қанат керек, сол үшін сізден донат керек! pay.kaspi.kz/pay/0nczyqwb

    • @zhooza3393
      @zhooza3393 4 місяці тому

      Істеріңізге береке берсін. Подкасттар қызық. Үзбей көремін. Уәлибек Әбдіраимов ағаны шақырсаңыздар. Футболды жақсы біледі

  • @user-ju3vg5yn2h
    @user-ju3vg5yn2h 4 місяці тому +5

    В каждой области нужно построить по одной академии

  • @user-rt8cd2rz3t
    @user-rt8cd2rz3t 4 місяці тому +3

    футболда легионерлер қаптаса, Қазақ футбол өшеді деп санаймын. Не үшін келімсек футболшыларды қаптатайын деп тұр.

  • @truepower123
    @truepower123 4 місяці тому

    Аңыз адам ғой ағамыз 🙌🏼

  • @user-cg5zf8vq6t
    @user-cg5zf8vq6t 4 місяці тому

    Ақша жеудің бір жолы өзіміздің қазақ жігіттер ойнасын!!!

  • @kaniellautis339
    @kaniellautis339 4 місяці тому +6

    Қарыштап дамып келе жатсыздар Бірінші бол командасы

    • @tim1t112
      @tim1t112 4 місяці тому

      "Қайраттың" ойынын көруге Балқаш қаласынан бір ағамыз үнемі ұшақпен ұшып барушы еді.

  • @user-hm9uk7du7z
    @user-hm9uk7du7z 4 місяці тому +2

    Өте керемет әңгіме дүкен болды. 1 инсайт жазайын.... ҚР футбол президенті Әділбек ағамыз елімізден 4 фк басқаруына алды деп естім. 2024 жылғы футболда әділдік бола ма? Сатылатын ойындар көбеюіне әсері бола ма?

  • @goldenscore8846
    @goldenscore8846 4 місяці тому +2

    ❤аңыз адам

  • @user-xx3jh9vg9o
    @user-xx3jh9vg9o 4 місяці тому +2

    ... мен өзім аға Жетісайданмын ... 😂
    Аман болшы жерлесім

  • @AkmalIsmoilov-xv3fb
    @AkmalIsmoilov-xv3fb 4 місяці тому

    Ордабаев легенда

  • @Makechannel17
    @Makechannel17 4 місяці тому

    Керемет шығарылым😍

  • @bakhtiyar09
    @bakhtiyar09 4 місяці тому +1

    👍👍👍👍👍👍👍👍👍💣

  • @user-ko2fo5xq1m
    @user-ko2fo5xq1m 4 місяці тому +5

    Гафуржанның насыбай ататынын айта салғаны ше 😂😂😂

    • @onelovekdrgtr1439
      @onelovekdrgtr1439 4 місяці тому

      тура би де туған жоқ деген

  • @AstanaAstana-ck8uy
    @AstanaAstana-ck8uy 4 місяці тому

    Керемет подкаст болды

  • @Tyrk-Alash-Qazaq
    @Tyrk-Alash-Qazaq 4 місяці тому +2

    Пенальтидің құдайы еді ғой, Құралбек ағамыз

  • @alibekorazbay
    @alibekorazbay 4 місяці тому

    Міне, деңгей! Жақсы шығарылым

  • @Arn.Zhasaq479
    @Arn.Zhasaq479 4 місяці тому

    О керемет әңгіме, тамаша сұхбат ❤❤❤

  • @Baybosin_Medet
    @Baybosin_Medet 4 місяці тому +1

    Тамаша сұхбат болды

  • @chingiz__kassen
    @chingiz__kassen 4 місяці тому +2

    Құралбек Ордабаев аңыз сөз жоқ! Бірақ бұл кісі чемпионат үшін емес, Қайрат үшін ғана терлейді! Қайраттың шәкірттері командаларға өтпей қалады, сатылмай қалады деп қана терлеп отыр!

  • @user-xv5qj3lu9s
    @user-xv5qj3lu9s 4 місяці тому

    Ассалаумағалайкум Ереке Олжас Тамаша паткас жиі болсын!

  • @user-xu3ph4cn9b
    @user-xu3ph4cn9b 4 місяці тому

    Тек алга 🎉

  • @user-ne9wk5hh4v
    @user-ne9wk5hh4v 4 місяці тому +2

    дұрыс айтасыз антикор жұмысжасау керек

  • @user-uv9oe9wt3w
    @user-uv9oe9wt3w 4 місяці тому

    RESPECT!!!

  • @user-hm9uk7du7z
    @user-hm9uk7du7z 4 місяці тому

    Әп бәрекелді. Легенда ойыншыларды жиі шақырып тұрыңыз

  • @ratkum01
    @ratkum01 4 місяці тому +1

    Білмейм мына комментты оқима жоқ, бірақ Шахтерда , Кайратта кезінде ойнаған Серик Искаков Рахметовичты шақырып көрініз. Шахтердын легендасы , қызықты оқиғаларыда көп 😅

  • @user-wd2dr9lt6j
    @user-wd2dr9lt6j 4 місяці тому +2

    Футбол, Бокс, Аралас жекпе-жек жайлы шығарылымдар шығара беріңіздерші. Алдыңғы 2подкастты көре алмай қалдыққо футзал мен велоспортты 😂😂

  • @sundet_pazyl
    @sundet_pazyl 4 місяці тому

    "Ондайда бір әңгіме бар" Е.Мәулен 🤝

  • @user-kz3km3gm8c
    @user-kz3km3gm8c 4 місяці тому +1

    Ермухамед аганы сыйлайм да,бырак именно легионер турады занга бырбеткей карайтынына ишим ашиды. Олжас оте байсалды, адил жыгыт,молодец

  • @erdauletzhetey7608
    @erdauletzhetey7608 4 місяці тому +2

    оооо👍🏻👍🏻👍🏻

  • @adilbekio2574
    @adilbekio2574 4 місяці тому +1

    Ирина Кайратовна Алдик шакырындаршы «Ертис» туралы , ұлттық құрама туралы бираз ангиме болады.

  • @user-vk7lh6nm7q
    @user-vk7lh6nm7q 4 місяці тому

    Ермаш оте дурыс айтасын бауырым!!!

  • @erbolibraev9914
    @erbolibraev9914 4 місяці тому

    ❤❤❤

  • @ShakhanAzhmakhan
    @ShakhanAzhmakhan 4 місяці тому

    👍👍👍

  • @ShakhanAzhmakhan
    @ShakhanAzhmakhan 4 місяці тому

    👍🏻👍🏻👍🏻

  • @xhaka094
    @xhaka094 4 місяці тому

    👍👍

  • @user-zz2ik7fp8f
    @user-zz2ik7fp8f 4 місяці тому

    Легионер пенсионер хакер рокер оз жастарымызга жол беру кекрек

  • @user-kt1rp6fj6s
    @user-kt1rp6fj6s 4 місяці тому

    Ассаляму'алейкум Олжеке, Ереке подкасттарыңызды асыға күтіп көреміз, тамаша айтары бар сұхбаттар. Олжеке Қазақ футболының тарихында қалған бірегей ойыншы Алибек Бөлешевті тауып сухбатка шакырсаныздар.

  • @user-hz9qt7yk3i
    @user-hz9qt7yk3i 4 місяці тому +3

    Құралбек Ордабаев қазақ футболының тірі аңызв

  • @ShakhanAzhmakhan
    @ShakhanAzhmakhan 4 місяці тому +1

    🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @justatom1766
    @justatom1766 4 місяці тому +1

    Таймкод жасайтын адам жалдау керек сиякты гой😅

  • @bolysbekdarkhanbay2500
    @bolysbekdarkhanbay2500 4 місяці тому +2

    Ермаш аға соңғы жағында Құралбек аға стадион салынып, сосын лимит алынып тасталу керек еді деп жатқан кезде сөзін бөліп сол трансляция, басекелестік, серб, стадион деген 10 подкасттан бері айтып келе жатқан әнгімені айтудын қәжеті жоқ еді.
    Подкастқа келер болсақ өте жақсы подкаст, әсіресе Қайраттын 2-3 контрактқа отыратыны, 1 жыл бойы қарап жүретіні, футболшыларды сату бойынша жұмысы өте қатты ұнады. Құралбек ағаның сөзіне қосыламын бірінші стадион салынып сосын 11 легионер деген занды шығару қажет еді. Стадион болса инвесторда келеді, транслияцияда келеді, спонсорда келеді.
    Подкастқа рахмет, дами беріңіздер. Құралбек ағамыз, Президенттің қасында отырып, әлем чемпионатында ұлттық құрамамызды көруді нәсіп етсін!

  • @kazaksporty
    @kazaksporty 4 місяці тому +1

    Ержан кошкінбаевты щакырыңыздаршы ол кісі келсе 100к окырман келіп кореміз

  • @amantayjunusov6660
    @amantayjunusov6660 4 місяці тому

    Кожабергенов,Құлшынбаев,Қадыркулов,Бөлешев шақырыңдар подкаска

  • @ShakhanAzhmakhan
    @ShakhanAzhmakhan 4 місяці тому

    🎉

  • @argyn90
    @argyn90 4 місяці тому +2

    Гафуржан жаман кетті ау😂

  • @_..6493
    @_..6493 4 місяці тому

    Марқұм Әкем 1960-жылдың тумасы еді,Т.Сегізбаев,С,Байшақов,Қ, Ордабаев ағаларымызды футбол әңгіме бола қалса осы кісілердің ойынын айтатын.Ал хоккей де пятёрка Щепелева деген сөзді көп айтушы еді.Третьяк , Харламов емес 😅.Бокста Марқұм Ә Нұрмахановты, С Қонақбаев Күресте Ә Айханов Атамызды айтып отыратын еді.🤗

  • @user-nw5rc6hy1e
    @user-nw5rc6hy1e 4 місяці тому

    КСРО кезінде ойын тең айақталғанда 11метр ұрылатын . 11метр ең үздік алушы қақпақшы болған.

  • @user-cs2yk1uj5x
    @user-cs2yk1uj5x 4 місяці тому +1

    Ассалаумағалейкум! Ереке, Олжеке, Волейбол туралы подкаст болсыншы, Олжеке өзің жүргізіп жүрген волейболдан Қазақстан чемпионаты ұятқой Есіл деген командаларда бір қазақ жоққой, ойнап жатқан орыстардың өзі Қазақстандық емесау,

  • @kazaksporty
    @kazaksporty 4 місяці тому +1

    Ержан кошкінбаевты шакырыңыздаршы

  • @sundet_pazyl
    @sundet_pazyl 4 місяці тому

    "Сіздің арманыңыз күшті екен"😂
    Ия, армандай берейік!
    Бұйыртса ЧЕМПИОНАТ МИРАДАН көре берейік!!!

  • @user-kg5yz9en6f
    @user-kg5yz9en6f 4 місяці тому

    Легионерлерді көбейтіп керек емес еді, Суперболдада мықты мықты жігіттер болдығо, Сол жігіттерді даярлау керек едіғо. Болашақтарын ашып. Барлығы қалды ғой, Көздері жаудіреп.

  • @user-mf9gr1vg4d
    @user-mf9gr1vg4d 4 місяці тому

    Легионерлер ге жол беру. Әр ФК өзінің мақсатына жету үшін легионерлер ді пайдаланады. Қазақ жас таланттары отырып қалады. Ал қазақ жігіттері зона комфорта да деген, ол әр ойыншы ның өз мәселесі. Ойнаймын, қазақтың мықты мировой боламын деген өседі. Енді, легионер мәселесі бөгет болады.

  • @yessengeldyospanov9669
    @yessengeldyospanov9669 4 місяці тому

    Ерекен айтады,қайдам

  • @user-wy2nh2zh2g
    @user-wy2nh2zh2g 4 місяці тому

    Парменкулов мырза ,Грекия мен болатын ойын алдында 1; 2 турға кураманын барлык ойыншыларын ойнатыу керек.

  • @user-ve7np2xp5k
    @user-ve7np2xp5k 4 місяці тому

    Құралбек ағаның Ордабасылық Бекханмен Мұхамеджанның менмендігі басым дегені онша көңілге қонбады.
    Ағамыз эмоцияға қатты беріліп кетті.
    Білеміз ғой бұл ағаны 11- метірлік айып добын қайтарудың шебері болғанын, бірақ СССР - дің құрамасында ойнаған жоқ!
    Керісінше Бекханмен Мұхамеджанға өз көмегіңізді көрсетіп, қамқорлық таныта біліңіз аға!
    Тек Қайратпен, Боранбаевты мақтай бермеңіз!!!

  • @DauletMukumzhan
    @DauletMukumzhan 4 місяці тому

    Ассалаумағалейкум жігіттер. Асхат Қадырқұловты шақырыңыздаршы

  • @shintooo
    @shintooo 4 місяці тому +1

    Өзі коррупционер келеді да қайратты мақтады видео бойы

  • @serikaliyev3486
    @serikaliyev3486 4 місяці тому

    аңыз футболшылар деген кезде , Смаков, Лория, Карпович айтады, бірақ Нұрбол Жұмасқалиевті ұмытып кететіндеріңіз жөн емес.

  • @ShakhanAzhmakhan
    @ShakhanAzhmakhan 4 місяці тому

    Легионер деген коррупция болмау керек.

  • @user-gb5tr4wu9v
    @user-gb5tr4wu9v 4 місяці тому

    Барлық трансляциялар бар сайтты білетіндер бар ма? Желательно пиратский емес?

    • @user-ku8gq2yh5v
      @user-ku8gq2yh5v 4 місяці тому

      Буктарда бар. Бірақ легальныйлардан фонбетті ғана білемін

    • @user-qm6ow9tg1y
      @user-qm6ow9tg1y 4 місяці тому

      Реально жындының сандырағы мынау. Неге мен сонда ЛЧға біреумен, АПЛға басқамен, минькаға үшіншісімен төоеу керекпін??

    • @user-fw4oe3tc6u
      @user-fw4oe3tc6u 4 місяці тому

      @@user-ku8gq2yh5v Айтпақшы фонбетте лайв жүйесі ыңғайлы жасалған. матч қарап отырып ставка қоя аласың. Қолданып көр

  • @user-hm9uk7du7z
    @user-hm9uk7du7z 4 місяці тому

    Маулен ағамыздан сұрадыңыз ғой. Ұлттық құрама ойыныңда РК Президент Тоқаевпен неге отырмадыңыз деп. Өз алаңымызда өтетін Ұлттық Құрама ойындарына барлық легенда ойыншыларың шақыру керек. Бұл жас ойыншыларына жақсы өнеге болады. Және жанкүйерлерде көзайым болып қалады.

  • @makemake7199
    @makemake7199 4 місяці тому

    Кайрат Алматыда, Пахтакор Ташкенте ұтылмаса , футболды политбюро ойнаған болып тұрғо. Клубтар жекеге өтпейінше ай ештеңе өзгермейтін сияқты ғой.

  • @Tashqara
    @Tashqara 4 місяці тому

    Олег Сабиров Ордабасы, Қазақстан ҰҚ ойнаған, сол кездегі ішкі біріншілікте өз позициясындағы ең күшті сол қаптал қорғаушысы еді .Сол кісінің әкесі 79 жылы пәлекетке ұшыраған Пахтакор құрамында болған . Бір қызығы Олег Сабиров өзінің туған жылын 81 жылғы қылып алған , Ол жылдары беспредел еді ғой, қолынан келгендер білгенің істеген заман еді ғой,ол кездер.

  • @user-ht3ej5mr7v
    @user-ht3ej5mr7v 4 місяці тому +1

    Топ 25 мемлекеттен легионерлер алу керек 12-13 алсада тек составта 7-6 акы гана ойнасын сол кезде тез дамыймыз одан бурын бізге стадион керек кандай мыкты легионер алып келсенде басында 2-3 матч мыкты ойнайды сосын биздн нашар шункыр кисык сталионнын кесиринен трамв алып калам деп коркып 1 жыл ойнайдыда баска жака курыйды тукте ойнамай

    • @user-ht3ej5mr7v
      @user-ht3ej5mr7v 4 місяці тому

      Ех естир кулак болсаго 😢

  • @user-ne9wk5hh4v
    @user-ne9wk5hh4v 4 місяці тому

    менің ойым біздің ойыншыларды әрбір клубқа міндетті түрде 45мин ойнату керек заң жүзінде сонда канкурент болад ойнау білсін білмесін

  • @ganbat135
    @ganbat135 4 місяці тому

    Тукага уксайма 😂

  • @specnazkazakhstan5545
    @specnazkazakhstan5545 4 місяці тому

    Егер 11 шетелдік ойыншы алаңға шықса, жанкүйерлер наразы ретінде үн түнсіз стадионнан кетіп қалу керек! Қазақстан жігіттерін жер қылуғо ол

  • @mirmanmukhtarov8133
    @mirmanmukhtarov8133 4 місяці тому +2

    Жақсыбеков футболды дамытты дегені қате енді)), халықаралық бір стадион салынды ол да ремонтқа кететін болса

    • @mirmanmukhtarov8133
      @mirmanmukhtarov8133 4 місяці тому +2

      Карпович команданы көтерді деп енді бір қате айтты ма) деймін

  • @chingiz__kassen
    @chingiz__kassen 4 місяці тому

    Жамандар жақсының жақсылығын айта алмайды, жамандар жақсымын деп айқайлайды демекші, Шацкийді мықты деп, еңбегі бар деп айтуға жарамады!

  • @user-yk4qx3sg7t
    @user-yk4qx3sg7t 4 місяці тому

    Ерекең озинше Палыч деп кояды😅

  • @dauletbaidzhamalbekov1572
    @dauletbaidzhamalbekov1572 4 місяці тому

    Құралбек ағамызды кейінгі жастардың біле бермеуі осы отырған спорттық журналистердің насихат жұмыстарын өз деңгейінде жүргізе алмауынан.

  • @serikaksakal
    @serikaksakal 4 місяці тому +1

    Ермаш Еркебұлан Сеидахмет қаида жүр? Сол жігітпен өзің жааақсылап сөилессеңші. Балашағы зор еді...

  • @user-yc5jn1io1t
    @user-yc5jn1io1t 4 місяці тому

    Осынын барын истеп откан Маулен, егер практика болмаса быздын жигиттерде калай олар шетелге кеттеды? Конактар карсымын десе Мауленнын настроениесы туседы

  • @aydarosman582
    @aydarosman582 4 місяці тому

    Армысыздар Бауырлар...Қурәке Мал Жан Аман ба...Сіз біз ушін Аңыз адамсыз...

  • @zheniszhumataev8096
    @zheniszhumataev8096 4 місяці тому

    Өзбектерде ата кәсіп деп бастап келе жатқанда балаңыз немерелеріңіз футболға бердіңіз ба деп сұрақ қояма десем естен шығып кетті ау

  • @user-gl4jm3gt2x
    @user-gl4jm3gt2x 4 місяці тому +1

    Жандос Ахметовты шакырындар каитан неушын кеты

  • @zheniszhumataev8096
    @zheniszhumataev8096 4 місяці тому

    Енді 12 легионерді алып келген соң ойнатпаса тағы болмайды заменде ұстаса неге алып келдіңдер деп спрос болмау үшін ойнай алмасада шығарайын деп тұр ғой Бабаян сияқты тренерлер сапасыз легионерлерді деген жаман ойлар мазалайды мені🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️

  • @Elim7237
    @Elim7237 4 місяці тому

    12 лигионер деген заң түбі федеретсияның басшысын халық жауы етіп шіғарады.