Киевтегі қастандыққа қатысты тергеуді Президент бақылайды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 23 чер 2024
  • Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматына жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазба жариялады.
    «Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын», делінген жазбада.
    Сайт - qyzylordatv.kz/ru/live
    Facebook - / qyzylordatv
    Instagram - / qyzylordatv
    Telegram - t.me/qyzylords_tv
    Tiktok - / qyzylorda_tv

КОМЕНТАРІ •