11 жасар қыз әсерлі хат жазып, жыл бойы жинаған ақшасын Құлсарыға жіберді

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 кві 2024
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында былтыр 453 мың адамның атаулы әлеуметтік көмектен ажыратылғанын мәлім етті.
    Еліміздің өңірлерінде топан су әлі сейілмей жатыр. Ел басына күн туған шақта Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын отандастарымыз күшіміз бірлікте екенін көрсетіп, қолынан келгенше жәрдем беруге тырысып жатыр. Мәселен ақтөбелік кәсіпкер Аманғос Төлеуов су тасқынынан ең көп зардап шеккен Қобда және Ойыл аудандарына 100 тонна бидай, 100 тонна арпа тұқымы мен мал берді.
    Ал Кентауда тұратын11 жастағы Гауһар Шәймерден өзінің жыл бойы жинаған қаражатын су тасқынынан зардап шеккен Құлсарыға жіберді. Көк қорапшаға салынған ақша жинағыштың қасында арнайы жазылған хат та бар. «Құлсарыға Кентаудан сәлем!» деп басталатын жазбада жасөспірім кентаулық оқушылардың өздерімен бірге екенін баяндаған.
    Telegram Qaz - t.me/QazAqparat_kz
    Telegram Rus - t.me/kazinform_news
    Instagram - / @kazinform_kz
    Instagram - / @kazinform
    Facebook - / @Kazinform
    Facebook - / @Казинформ
    Jibek Joly online: jjtv.kz/kk/live
    Cайт - kaz.inform.kz/
    #kazinform #қазақпарат #Жаңалықтар

КОМЕНТАРІ •