АДАЙ ЖЫЛҚЫСЫ ТУРАЛЫ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 6 лют 2025
  • (Көкмойнақ жырынан үзінді)
    Көкмойнақтың баласы-ай,
    Көз ұямның қарасы-ай,
    Көңілімнің наласы-ай!
    Ере алмайды жүгірсе -
    Шұбалаң құйрық шұбар да,
    Қуыс қолтық қылаң да.
    Қарабайыр, арғымақ,
    Тесік өкпе қазан ат
    Жарыса алмас бұлар да.
    Тобан аяқ жабы емес,
    Қол-аяғы жіптіктей,
    Жіптік те болса - болаттай,
    Болат оңай сынар ма?!
    Доңыз мойын қара емес,
    Басы жеңіл бұрарға.
    Одан артық көлік жоқ
    Кезенген жауға тап болып,
    Кескілесе шығарда.
    Майға бөгіп қалмайды -
    Бір атасы құлан ба?
    Сабау кірпік, тұнық көз -
    Бір атасы бұлан ба?
    Құлыбын кері қайырған
    Мылтықты көр де оны көр -
    Қос құлағын жымарда.
    Біздің елдің адамы
    Үшқұдықтың арасын
    Сәске болмай қосады
    Таң намаздан шығарда.
    Қыс тоғыста - терлетер,
    Жаз тоғыста - өр кетер,
    Беріктігін сынарда.
    Үш қиянның Қазағы
    Тақ тұрады алдында
    Бәсеке-дәурен құрарда.
    Мініп шықсам құтыртып -
    Айтқызбай-ақ таниды
    Түп атамды сұрарда.
    Жауға мінсем - айбарым,
    Тойға мінсем - жайнағым,
    Төбемдегі - байрағым,
    Жанымдағы серігім,
    Талыс танау көрігім,
    Асылың хайуан демесең -
    Малдан бөлек келімің.
    Түлкідейін түн қатып,
    Бөрідейін жол тартып
    Шиыр салып жүргенім.
    Қаба жалдың әр талын
    Тарап ұстап сүйгенім.
    Сізден басқа жылқыға
    Ат екен деп мінбедім,
    Көлік құрлы көрмедім.
    Тақымыма бір тисең,
    Ағын судай гүрледім.
    Маңғыстауда бұлт едік,
    Топтан озған ілкі едік,
    Оза көшіп, кең қонған
    Сегіз арыс жұрт едік.
    Сегіз арыс ішінде
    Егер қатын қалса бір
    Туар мендей баланы,
    Сізді қайдан табады?
    Аса шапқан, тыз етпе
    Теке-Жәуміт қаз мойын
    Байласаң да төріне -
    Келмейді ғой ол-дағы
    Көкмойнақтың шеніне!

КОМЕНТАРІ • 8