Иммунитет көтеруге көмектесетін ТОП 5 жемістер

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 11 гру 2023
  • Иммунитет көтеруге көмектесетін ТОП 5 жемістер | Иммуниетет көтеруге көмектеседі
    Қандай жеміс-жидектер иммунитетті көтереді?
    Гиппократтың өзі : «Басты дәрі - тамағың болсын» деген. Қазіргідей пандемия жағдайында, экологияның сапасы сын көтермейтін уақытта ағзаның қорғаныш қабілетін дәрі-дәрмекпен емес, азық-түлік арқылы нығайтқан жөн.
    Таблеткадан гөрі табиғи өнімнің пайдасы зор екенін айтқан дәрігерлер иммундық жүйеге пайдалы тізімді ұсынады:
    1. Aлма
    2. Лимон
    3. Киви
    4. Құрма
    5. Теңіз шырғаны
    6. Итмұрын
    Табиғаттың барлық сыйы денсаулыққа пайдалы. Бірақ кейбір жеміс-жидектер иммунитет үшін нағыз пайдалы суперфудтар қатарында.
    1. Aлма
    Британдықтардың: «күніне бір алма жеген адамға дәрігердің керегі жоқ» дегенге саятын мақалы бар. Бұл жемісте иммундық жүйенің жұмыс істеуі үшін қажетті: өсімдік «антибиотиктері» фитонцидтер, С витамині, В дәрумендері, сондай-ақ марганец, темір, мыс секілді пайдалы заттар кездеседі.
    Алманың пайдасы
    • Алманың пайдасы
    2. Лимон
    Лимонның иммунитетке пайдалы екенін бәрі білетін шығар. Екі ғасыр бұрын Британ Корольдігі Әскери-теңіз күштерін жаңа лимондармен үнемі қамтамасыз етуге бұйрық берген екен.
    Бір қызығы, лимонның арқасында аскорбин қышқылының сенімді серігі және көмекшісі Р дәрумені (рутин) ашылды. Бұл екі зат бір-бірінің пайдалы қасиеттерін екі есе арттырады.
    Лимонмен тұмаудан емделіңіз. Лимонның пайдасы.
    • Лимонмен тұмаудан емде...
    3. Киви
    Кивидің отыздан астам түрі бар. Чико сортының жасыл кивиі С витаминіне бай. Кивидің көптеген пайдалы қасиеті бар, ең бастысы - суық мезгілде бірқатар ауруларға қарсы иммунитетті күшейтетін С витамині. Айтпақшы, кивиде цитрус жемістеріне қарағанда екі есе көп аскорбин қышқылы бар. Екі түйір киви жемісі ағзаның күнделікті қажеттілігін қанағаттандырады.
    Кивидің құрамында Е дәрумені бар. Токоферол ең күшті антиоксиданттардың бірі болып саналады. Бос радикалдарды тежеу арқылы жасушаның қартаюын баяулатады, шаршауды азайтады және өкпені ластанған ауадан қорғайды. Кивиді балаларға бергенде өте сақ болу керек - қышқыл жемістер жұтқыншақ пен көмейдің шырышты қабығын тітіркендіреді, сонымен қатар тілдің ісінуі де мүмкін.
    4. Құрма
    Құрма пальмаларында селен көп. Бұл элемент иммундық жүйені нығайтады, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының қаупін азайтады.
    Сондай-ақ құрманың құрамында тістерімізді кариестен қорғайтын фторид, сонымен қатар темір, магний, фосфор, калий, минералды тұздар, В тобындағы витаминдер, каротин және тіпті маңызды аминқышқылдары бар. Құрма ағзаны нығайтады, қуат береді.
    5. Теңіз шырғаны
    Теңіз шырғаны бета-каротин, А провитаминінің мөлшері бойынша барлық жеміс-жидектер арасында абсолютті чемпион болып табылады. Тіпті сәбіз де оған бәсекелесе алмайды. Бір шымшым жидек - ағзаның бета-каротинге күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етеді. Ол иммундық жүйені, көруді қабілетін және теріні, шашты, тісті, қызыл иекті сақтау үшін таптырмас дәрумен. Теңіз шырғаны С дәруменіне бай.
    6. Итмұрын
    Итмұрынның құрамындағы аскорбин қышқылы қара қарақатқа қарағанда 10 есе, апельсинге қарағанда 100 есе көп. Кептірілген итмұрында С дәрумені бір жылға дейін бұзылмаған күйінде сақталады. Ересек адамның аскорбин қышқылына күнделікті қажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін кептірілген жемістердің бірнеше ас қасығын тұтыну жеткілікті.

КОМЕНТАРІ • 1