Алматының тау бөктерінде орналасқан «Көктем» шипажайы көпшіліктің сүйікті орнына айналған

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 11 вер 2024
  • Алматының тау бөктерінде орналасқан «Көктем» шипажайы көпшіліктің тұрақты түрде келетін орындарының біріне айналған. Себебі, жер астынан шығатын минералды судың емдік қасиеттері мол дейді келушілер. Әсіресе минералды су ас қорыту жүйесі мен жүрек қан-тамырларын емдеуге пайдалы. Жақын маңда тұратын жұрт алысқа сабылмай-ақ ауруына қажетті ем-домды "Көктем" шипажайынан алуға болады.
    Роза Серікбай 10 жылдан бері «Көктем» шипажайының тұрақты келушісіне айналған. Себебі, мұндағы емдеу процесі мен қонақтарды жылы қабылдайтын қызметкерлері әу бастан-ақ көңілінен шығыпты. Тіпті жататын орындарының барлығы мұнтаздай таза. Сонымен бірге қаражатыңа қарай стандарт нөмірден бастап, люкс санаттағы бөлмелерге дейін алуға болады дейді. Әсіресе, денсаулықты күту үшін минералды бассейіннің пайдасы орасан зор екен.
    РОЗА СЕРІКБАЙ, "КӨКТЕМ" шипажайының емделушісі:
    - «Көктемде» он жылдан бері жылына екі рет келіп дем аламын. Мұнда ем-шаралары өте қатты ұнайды. Әсіресе парафин озокерит. Сосын минералды бассейін ұнайды. Тағамы өте дәмді 5 рет беріледі. Ауасы керемет таза.
    Мұнда келушілер үшін түрлі ем қабылдау бөлмелері бар. Мәселен вибрациялық массаж, минералды су құйылған төрт камералы ванна көпшіліктің сұранысына ие. Сонымен бірге тыныс жүйесін жақсарту үшін арнайы тұзды шахта орнатылған. Ал 2400 метр тереңдіктен шығатын минералды су шипажайға келушілер үшін ең маңызды болып саналады. Себебі 45 градусқа дейінгі ыстық су ішкі ағзаға өте пайдалы.
    АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, «КӨКТЕМ» шипажайының бас дәрігері:
    - Емдік минералды суымыз ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеуде, жүйке жүйесін тыныштандыруда, қабынуға қарсы емдеуде және ағзадан түрлі шлактарды шығаруға әсер береді. Минералды сумен жүргізілетін процедуралар емдік ванна, бассейін және де асқазан ішек жолдарын, гинекологиялық ауыз қуысын шаю.
    350-ден астам адамды қабылдайтын шипажайда асхана мәзірі де ерекше. Ем алушылар тәбеті тартқан тағамдарын өздері таңдайды. Бұдан бөлек табиғат аясында серуендеу, кітапхана мен жаттығу залы да бар. Бірнеше гектар аумақты алып жатқан шипажайда емделушілер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған дейді мамандар.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    UA-cam - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

КОМЕНТАРІ • 17