Қуандық Бишімбаев ісінен не түйеміз? | Абьюзердің белгілері | Ержан Мырзабаев

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 31 жов 2024

КОМЕНТАРІ • 371

  • @ashken_2004
    @ashken_2004 6 місяців тому +208

    Қайтып келген қыз жаман деп, айтамыз, өйткені қыз балаға көбінесе үй әпермейміз. Үйді ұлға жазамыз. Қайда барарын білмей сондықтан шыдайды деп ойлаймын. Қызға да жеке атына үй әперу керек. Бір рет ұрды ма қаш. Бөлек тұр, Алла көмектеседі, ата-ана көмектеседі аяқтан тұрғанша. Ойым

    • @Jamilek
      @Jamilek 6 місяців тому +22

      Ата ана көмектеспейді кызга, куры катын дейді! Жургиш улдарын балам, дейді, ал байдан кайткан кызды жезокше дейді, немесе ози кінәлі дейіди

    • @aybeksultan8541
      @aybeksultan8541 6 місяців тому +4

      Үйленгесін қыздың атындағы үй ажырасарда ортақ болады. Егер некелесерде неке шарты жасалып сол жерде тек қыздың меншігі деп көрсетілмесе. Қазір дұрыс күйеу табу өте қиын. Ата ана көп көмектесу керек. Жас жігіттердің ішінде лудоман, наркоман, тағы басқа мандар өте көп. Және сол кемшіліктерін өте жақсы жасыра біледі. Батыстан келген романтиканы азайтып бұрынғы бабаларымыздан қалған дәстүрмен жар таңдау жағына басымдық беру керек. Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған деген сияқты.

    • @tat3537
      @tat3537 6 місяців тому +12

      ​@@aybeksultan8541 Сиздики таза отирик енди. Любое имущество приобретенное до брака не подлежит разделу.

    • @book3838
      @book3838 6 місяців тому +3

      Қызда өз орны бар Өз Жұрты 1де, ол ТөрКүн жақ, қыздың орны бар әрдайым барлық үш жұртта: Өз Жұрты1, Өз Жұрты2, Нағашы Жұрты

    • @aybeksultan8541
      @aybeksultan8541 6 місяців тому +1

      @@tat3537 Заң бойынша солай. Практикада олай өте сирек болып жатады. Романтикамен үй ортаққа айналып, залогқа қойылып жатады. Сол үшін ата анасы қыздың мүлкін өз атына аударып қояды. Мен сол мағынада айттым.

  • @АИсмаилова-з2е
    @АИсмаилова-з2е 6 місяців тому +26

    Мен осындай білім деңгейі жоғары психологты және нағыз қазақы таза қазақ тілінде ерекше тіл байлығы бар ер адамды көріп тыңдап өте риза болып отырмын. Психолог әйел адамдардан гөрі ер адамның психология туралы ой пікірі өте салмақты көңілге қонымды екен. Өйткені білімі ақыл парасаты жоғары болғасын өте ұтымды бәрекелді.

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 6 місяців тому +13

    Ержан мырзаға ризалығымды айтқым келеді, біздің қазақ жігітінің осындай сауатты психолог болғанына мың да шүкір! Қазақ жігіттері масылдықтан арылса екен дегім келеді. Әйелі мен отбасын асырау былай тұрсын, осыдан біраз жыл бұрын, балаларымен бірге әйелінің мойнында отыратын еркектер көбейіп кетіп еді, қазір жағдай түзеліп келе жатқан сияқты. Жігіттер де үй шаруасы мен балалар тәрбиесіне әйелімен бірдей жауапкершілікті сезінуі керек, отбасының арбасын сүйреуге физикалық тұрғыдан күшті ер азаматтардың да үлесі басым болуы керек!! Иәә, әйелдің қырық жаны бар, дегенмен жігіттер, ОТБАСЫНЫҢ БАХЫТЫНА жауапты болуды мойындарыңа ала білсеңдер,жарларыңа қамқор болсаңдар екен!!
    Нағыз азаматтарын әйел қауымы қашан да қадірлей біледі -деп ойлаймын.
    Әйелдердің тілін ұзартуға жеткізетін де еркектер болады, өкінішке орай, олар дың абьюзерлер екенін енді танып-біліп жатырмыз. Мархұм Салтанат өзінің қайғылы өмірімен қазақ қоғамын оятып, ой салып кетті.. Алды жарық болсын!

    • @Ботақан-н4д
      @Ботақан-н4д 6 місяців тому

      Әйелдің бір ғана жаны бар өте нәзік сыртқа мықты болғанымен.

  • @banu_tagam3011
    @banu_tagam3011 5 місяців тому +3

    Ержан мырза өте жақсы мамаман. Осындай жігіттеріміз көбейе берсін ✊✊✊

  • @Zhuldyzdynomirinen
    @Zhuldyzdynomirinen 6 місяців тому +37

    Осы Ержан мырзаның ойлауы күшті керемет қойше бәріміздің де жарымыз осылай болса екен👍👍

  • @АйкаМуратовна-р2л
    @АйкаМуратовна-р2л 6 місяців тому +9

    Ержан Мырзабаев өз мамандығының нағыз майталманы. Жігін жіктеп, анығын айқындап, қарапайым тілде түсіндіріп берді. 👍👍👍🔥🔥🔥.

  • @737_BAYAN
    @737_BAYAN 6 місяців тому +74

    Отбасылық психологияны төл тілімізде дамыту жолында үлкен үлес қосып келе жатқан Ержан мырзаның "Отбасылық Психология Академиясынан" білім алу көптен бергі жоспарымда. 10-сынып қызыма да болашақ психолог болғың келсе, "Отбасылық Психология Академиясын" ұсынамын... Керемет сұқбат! Іздеген сұрағыма жауап таптым...

  • @sartaevaulbosyn5768
    @sartaevaulbosyn5768 6 місяців тому +25

    Ержанды тыңдасам, өмірге ерекше көз қарасым өзгереді. Рахмет 😘

  • @МарияСерик-з6н
    @МарияСерик-з6н 6 місяців тому +37

    Әттең бұл сұхбатты ерлеріміз көрмиді, қарайтын тек әйелдер. Ерлеріміз тыңдауға шыдамы жетпейді бәрібірдей болмағанмен көбі қарамайды 😊

    • @shaihygalitalgat
      @shaihygalitalgat 6 місяців тому +4

      Үзбей қараймыз 😅, болашаққа дайындап жатқан база

    • @ДамираДжоланова
      @ДамираДжоланова 6 місяців тому +1

      Манызды деген жерлерин Запись экрана жасап, куйеуиниздин вотсабына салып жибериниз, тындаиды 😊 озим солай истеимин

  • @totsss01
    @totsss01 6 місяців тому +8

    Әттең,біздің ер-азаматтар осы сияқты тақырыптағы сұхбаттарды көрмейді,көргісі келмейді.Көзқарасын өзгерткісі келмейтіндер көп.
    Үйленбей тұрып жастарға арналған отбасылық,тұрмыстық тақырыптағы курстарға балаларымызды алдын ала жаздырып, отбасылық жағдайға ұл-қызымызды дайындағанымыз абзал.
    Мен жеке Ержан Мырзабаевқа алғыс айтамын!Өте сауатты ойды жеткізе білу,басқаның түйсігінің өзгеруіне септігін тигізу үлкен еңбек.Әрбір сұхбатын қалдырмай көремін.Бұйырса ұлдарымды жігіттік шағында осы кісінің курсына немесе форумдарына қатыстыруға әрекет жасаймын😊Себебі,атасы және әкесі сыра,темекі,арақ әкелуге кәмелеттік жасқа толмаған балаларымызды үйдің жанындағы дүкенге жұмсайды.Сатушыға балаға берме деп 102шақыртатынымды ескертіп зорға қойдырдым,әкесімен сол үшін қырылып та алдық,ал,атасф әлі күнге дейін жұмсайды,балаларға магазиндегілер бермейді,сол себепті маған ашуланады,балаларды жұмсай алмайтын болдым деп😢

  • @GuliaGulia-bk8gu
    @GuliaGulia-bk8gu 6 місяців тому +36

    Мен кеше бұрыңғы күйеуімді милиция шақыртып үйден шығардым. 15 жылда көрген психологиялық қысым, эмоционалды тербеліс газлайтинг патологиялық өтірік айтуынан әбден қажыған мына мен өмірімде бірінші рет ортадағы балалар барына қарамастан нақты шараға барғаныма қуандым. Төрт жыл бойы басқа әйелмен тұрып жатса да білгенін істеп мені меншіктеп ойына келгенін істеді. Өзімнің дұрыс жасағаныма Ержан мырзаның келтірген 40 жастағы әйелдің кейсі тағы бір дәлелдеді. Милиция келгенде ол өтірік байғұс ролінетүсеқалды. Мен сенбедім әрі өзімдікінде тұра алдым. Ал бұрын үнемі аяп кетуші едім. Құдайымау рақмет өзімді таңдадым!!!! 🥰🥳😊

    • @2009mAskisgeniusssssgrkd
      @2009mAskisgeniusssssgrkd 6 місяців тому +2

      🌸 тек алға!! Барлығв жақсы болсын!🤲🏻

    • @Maksatelectric
      @Maksatelectric 6 місяців тому +1

      Дұрыс істептіңіз 😊

    • @МаржанКасымбек-ч3щ
      @МаржанКасымбек-ч3щ 6 місяців тому +2

      Қолыңыздан барлығы келеді. Әйел қолына қару алып соғызға да қатыса алады, 10 баласында бағады. Мақсатқа да жетеді. Екінші тынысыңыз ашылып жатқанымен құттықтаймын. Сізде барлығы жақсы болады деп тілеймін. Қорықпаңыз. Мықты болыңыз. Арманға қарай ұмтыла беріңіз. Бірнеше жылда-ақ табысы мықты әйел болып шығасыз. Өзіңізді бағалаңыз. 🫂🫂🫂

  • @rimaaisha9600
    @rimaaisha9600 6 місяців тому +50

    Бір артық,бір бос сөз жоқ, сапалы подкаст болды. Алғыс. Тұрмыс құрмағандарғада, тұрмыстағыларғада өте пайдасы мол дүние екен.(Егер әрине терең түсініп, мағынасын ұғынғатын адам болса. Әйтпесе ақпараттарды бұрмалағыштар көп.).

  • @bekarysospanov_
    @bekarysospanov_ 6 місяців тому +51

    Бүгінгі сұхбаттан түйген нәрсе:
    1. Абьюзер адамнан құтылудың өзі бір олжа
    2. Агрессор адам жақсы жаққа өзгерем десе өз қолында. Тек соны шынайы қалап, жүйелі жұмыс жасау керек.
    3. Аппендицит болсаң, хирургке жүгінетінің сияқты; Психологиялық, эмоционалдық дертке шалдықсаңыз психологқа жүгінуің қажет.
    4. Психологпен кеңесу, арнайы маманға бару бұл - норма!
    5. Абьюзер әйелдер де болады. Сондай жағдайға тап болған еркектер еш ұялмай өз-өзімен, ситуациямен жұмыс жасау керек.
    6. Айналаңда зорлық-зомбылық көретін болсаң, немқұрайлық танытпа.
    7. Халықтың құқығын ер немесе әйел деп бөліп қарастыруға болмайды
    8. Ер де, әйел де жаратылысында кемшілік болмайды. Тек отбасы құрар алдын бір-бірінің психологиясын, отбасы болудың, ата-ана болуды ертерек ұғынып соған қажет кемінде 1 курс, 1 кітап оқу керек. (Терең оқыса тіпті жақсы)

  • @Arailym.uaisova
    @Arailym.uaisova 6 місяців тому +31

    Осындай подкасттардың тыңдарманы көбейе берсін.

    • @molly9595
      @molly9595 6 місяців тому

      Еркектер тыңдамайды бұндайларды

    • @molly9595
      @molly9595 6 місяців тому

      Еркектер тыңдамайды бұндайларды

  • @moldiramankhan2509
    @moldiramankhan2509 6 місяців тому +3

    Өте керемет сұхбат!👆🏻
    Әркім өзіне керегін алды деп ойлаймын😊
    Рахмет Ержан мырза👏🏻👏🏻👏🏻

  • @klarakabzhanova
    @klarakabzhanova 6 місяців тому +1

    Рахмет. Коп казык алдым. Жолдасыма да тиндатам, коп ой салдыныз. Рахмет.

  • @QezzZxc
    @QezzZxc 6 місяців тому +8

    Бұл сұхбатты доканца тыңдап жұмысымды ысырып қойып беріліп кетіппін енді қайта тыңдап пауза жасап отырып керек жерлерін дәптеріме жазып алуым керек қайта көрсемде жалықпайтындай сұхбат екен риза болып отырмынше бос сөз жоқ бәрі ғылыми зеріттелген дәлелі мысалын күшті түсінікті факт пен жеткіздіңіздер рақмет сіздерге!❤🎉

  • @mans2020
    @mans2020 6 місяців тому +27

    Өте түсінікті подкаст болды! Жолдасым үй тірлігіне көмектеседі, бала қарасады мен как должное сияқты отношение жасайды екенмін, рахмет деп айтуды білмеппін😢 Негізі приятно ғой күйеуің өзіңмен бірдей үй тірлігінде қызмет етіп жүрген, үш жерде жұмыс істеп балдарын ойнатып еще дастархан жинасып посуда жуысу дегенге мен алғыс айтпақ түгілі күліп қарамаппын😢 Рахмет Ержан мырза! Сіз Астана қаласында отбасылық тренингте спикер болған едіңіз ғой, сол кезде сізді келеді дегеннен күйеуімнің миын жегенмін барайық барайықшы деп, сол кезде күйеуім сізге сұрақ қойды, екі жерде жұмыс істеймін үйге шаршап келемін, әйелім үйге көмектеспейсің деп ренжиді деп, сонда сіз үйге демаламын деп барма екінші сменге бара жатырмын деп бар дегенсіз, содан бері күйеуім дәл солай екінші сменге келгендей жүреді😊

    • @АйданаЕркимбеккызы-д5ш
      @АйданаЕркимбеккызы-д5ш 6 місяців тому +6

      Үш жерде жұмыс істеп, еще сізге көмектесіп жүрсе таңнан кешке шүкіріңізді айтып отыру керек ғой сізге, бастағы бақытты уақытылы бағалай алмай қаламыз кейде, хоть сізде сондай жолдас болғанына қуаныштымын

    • @gulnarimasheva5464
      @gulnarimasheva5464 6 місяців тому

      😂

    • @mans2020
      @mans2020 6 місяців тому +1

      @@АйданаЕркимбеккызы-д5ш соғой шүкірімізді ұмытып кетеміз

    • @minakazakhstan3712
      @minakazakhstan3712 6 місяців тому +1

      Бакытты Жан екенсиз
      Багалыз

  • @МерейТурдалиева
    @МерейТурдалиева 6 місяців тому +16

    Ержан Мырзабаев сияқты саналы, көкірегі ояу ер азаматтар, және шынмәнінде осындай нағыз маман психологтар көп болса, қазақ қоғамыздың жақсы жаққа өзгеруіне үміт бар! Алла разы болсын сізге! Сіздің подкасттарды үзбей тыңдаймын!
    Алған кейісім, Роза Аширбаева айтқан сияқты менің күйеуім нормальный күйеу, ұрмайтынын это норма деп төбеме көтермейді екенмін, и үйде бір шаруа істесе, саған көмектестім дегенде , сен маған көмектескен жоқсын, осы үйде екеуіміз отбасы болып тұрып жатқан соң, сенде міндеттісің жасауға деп істеген ісіне рахмет айтпайды екенмін, ал жолдасым менен рахмет айтқанды күтеді екен, алған кейісім - енді рахмет айтып жүремін. ))

  • @JennieKim-hd5ei
    @JennieKim-hd5ei 6 місяців тому +4

    Қарапайым рахмет деген сөздің өзі осыншалықты мотивацияға толы екеніне ойланым қарап таң қалдым. “Рахмет-жақсылық жасаудың бензині, берекенің негізі”. Как красиво и точно сказано 👍🏻

  • @esma_gau
    @esma_gau 6 місяців тому +13

    Инсайт❤ « Рахмет айту әр істеген күнделікті ісіне, как должное не воспринимать.. а ценить каждое действие ради семьи” ❤
    Күшті болды🙌🏻 күнде бір бірінмен жарысып кім көп жасайды сол дұрыс деген ойды тастау керек😢
    Вроде элементарно, но эго жибермей бір-біріне рахмет айтуды төмен санайтын адамдар да бар 🙌🏻

  • @ЖәудірАлипбаева
    @ЖәудірАлипбаева 6 місяців тому +25

    мен 5 ай тұрып ажырастым.Мені ешкім қолдамады.Шыда бәрі жақсы болады ажыраспа деді.Бывший күйеу тиран жұмыссыз ұрып соқты болмайтын нарсеге ,психологиялық әр түрлі қысым көрсетті.Азып кеттім салмағым 44 кг болды сүйек болып қалдым.Мемлекеттік қызметте істеймін,айлығымды енем алады,бермеймін десем жанжал қылып күйеу ұрады,түрлі зорлық зомбылық жасады.Измена жасады күйеуім.Ешжерге жібермейді тіпті төркінге жібермеді.Әке шеше туысқан қоршаған ортамен араластырмай қойды.Мемлекеттік жұмысты істеп үйге келіп бар тірлік істеймін шаршаймын.Бірақ сонда да маған тисе берді.Қайната ене қайнаға абысын олардың 3 баласы,қайын әпшем 2 баласы мен күйеуім 3 бөлмелі кішкентай үйде тұрамыз.Қайын әпшем біздің көшенің басында тұрады сол үшін 2 күннің бірінде біздің үйде келе беретін кішкентай үйде.Жалпы айтқанда құл болдым .Енеме санаторияға жолдама алып бердім да үйден әрең қашып кеттім ,себебі 1 ай ажырасуға кетуге көнбеді.Көрмеген нәрсем жоқ.5 ай ұрсада ата енем шәй ішіп отырды ажыратпады ұрма демеді.Үй киіммен қашып кеттім.6 сағат жолда жылап келдім.Ажырасып кеткен соң да мені ұрмақшы болды мені іздеп тауып алып мен сотқа беремін деп едім қашып кетті.2019 ж 24 жастамын

    • @АйжамалАбайқызы
      @АйжамалАбайқызы 6 місяців тому +4

      Аллаһ бағыңызды ашсын!Алдағы өміріңіз жарқын болсын💗Құтылғаныңыз рас болсын💖

    • @Dr_Aiida
      @Dr_Aiida 6 місяців тому +5

      дер кезінде қабылданған шешім болған екен. алдағы өміріңіз жарық болсын. жарайсыз. мықтысыз,🫶🏻

    • @АкботаУтугалиева-ю9з
      @АкботаУтугалиева-ю9з 6 місяців тому +4

      Кетіп жақсы еткен екенсіз. Бақытты болыныз алдағы өмірінізде

    • @АйданаМусабекова-т2ш
      @АйданаМусабекова-т2ш 6 місяців тому +2

      Дурыс жасаған екенсіз.жаман үйренген казир адамдар

    • @MegaMiraBai
      @MegaMiraBai 6 місяців тому +1

      Бағың ашылсын, батылдық жасапсың дер кезінде. Құдай сақтасын !

  • @togzhantursynali9224
    @togzhantursynali9224 6 місяців тому +3

    Көптеген инсайд алдым өзім үшін. Түсінгенім: осы уақытқа дейін күйеу көзге шөп салмау үшін әйелге көп жүк артылатын еді: әйел әрдайым әдемі болып жүру керек, күйеуін қанағаттандыру керек тб деген сияқты. Соңғы уақыттарда әйел не істесе де, қалай киінсе де, не айтса бұл оған шөп салуға немесе оны ұруға болады деген сөз емес деген пікір қалыптасып келеді. Осыны түсіндіргеніңізге рахмет. Нағыз маман иесі✨✨🫶

  • @КурманайЖакешева
    @КурманайЖакешева 5 місяців тому +1

    Қазақ қоғамындағы әйелге төмен қарау, кемсітушілік әлі күнге дейін орын алып келеді. Отбасындағы жағдайлар бірлесіп шешуде ер адамдарға өте күшті,тамаша ақыл ,кеңес беріп отырсыз.Мен Ютобтан бірінші рет тыңдап .отырмын мұндай әңгімені. Жастарға жақсы үлгі беріп отырсыз. Рахмет! Сізді тыңдап отырған адам дұрыс отбасы болады. Қаншама адамға тамаша ой салып отырсыз! Мен әлі күнге ұлы үйленбей жүрген анамын. Балам үйленетін қызына дұрыс жар бола ала ма, оған тірек бола ала ма деген ой жиі мазалайды. . Мына Бишембаевтың ісі тіпті ойландырып жібберді. Сіздің подкаст , сұхбатыңыз жақсы,кім-кіімге де ой саларлық болды. Өз кәсібіңізден береке табыңыз. Әр сөзіңіз, ойыңыз қазақ жастарына ой салып ,ақылдарына ақыл қоссын!*

    • @ХалилТ-п5г
      @ХалилТ-п5г 5 місяців тому

      Қыздар,әйелдер тұрмыс құрады,үйленбейді. Дұрыс сөйлеиік.

  • @Dina-e3v
    @Dina-e3v 6 місяців тому +15

    Осындай отбасылық, ана тілімізде сөйлейтін психологтарымыз көбейе берсін.Бұл сұхбаттан да басқа подакастарынан да алар ақпараттарымызбен ойға түйеріміз көп. Қазақстанымызда отбасылы азаматтар мен азаматшаларға бір бірін түсінсе және көбірек сөйлессе екен дер едім.

  • @ГульназКалибекова-о1щ
    @ГульназКалибекова-о1щ 6 місяців тому +11

    Маған сұхбат өте ұнады, жүргізуші өзін керемет ұстайды. Мен танымдық бағдарламаларды жақсы көрем. Мир наизнанку, Орел и решка, Тимурды көрем саяхатшы. Сол бір бағдарламаны көргенде таң қалдым қазақтың еркектері ғой мынау деп. Жабайы дамымаған қара нәсілді тайпаға барады. Сол кезде күн жанып тұр, әйелдер жұмыс істейді, бала туады, ал еркектер күні бойы көлеңкеде жиналып алып жатады екен. Әйелдер жапырақ тереді соған орап банан пісіреді, баланы арқасына байлап алып жүреді үнемі. Тура біздің еркектер ғой. Бізде бала туғызады, бірақ алимент төлемей қашып кетеді. Негізі жер бетінде еркектер үшін жұмақ ол дамымаған елдерде екен. Соны түсіндім. Дамымаған надандық көп елдерде заң да, қоғам да еркектерге өте ыңғайлы, жайлы екен

    • @ГульназКалибекова-о1щ
      @ГульназКалибекова-о1щ 6 місяців тому

      Айтқым келгені, сонда қатты таң қалғам біз сонда соншалықты өткен ғасырларда қалып қалғанбыз ба деп. Еркектердің санасы сол жабайы адамдармен бірдей, айтып отырған сөздері, таң қалдым

  • @ГүлмираАширбаева-с2н
    @ГүлмираАширбаева-с2н 6 місяців тому +18

    Көп жағдайда әйел адамдар түбінде күйеуім қоядыды деп өз өздерін алдап жүреді және бала үшін деп өз өздерін жертва қылып жүрген нәзік жандылар әлі де көп көп

    • @АйданаМусабекова-т2ш
      @АйданаМусабекова-т2ш 6 місяців тому

      Солго бала бала деп бала осет кетет әйелдер журет мал болып,денсаулыктан денсаулык калмайт

  • @daurenmukhametsharov6557
    @daurenmukhametsharov6557 6 місяців тому +3

    Әйел босанғансоң біраз өзгереді деп айттыңыңыз, бірақ ер азамат шетте өзімен өзі қалып кететіні бар деп, бірақ ер азамат өзіне жауапкершілік алып жарына көмек қылып түнде бір жағына шығып жатса, сол дағдарыстан дұрыс өтіп кетуге болады деген мәселені жақсы талдап бердіңіз! 🙌

  • @MegaMiraBai
    @MegaMiraBai 6 місяців тому +6

    Құдай сақтасын. Психологиялық абьюзерлер болады. 30 жыл тұрып, күйеуінің әрекетін сөзін дұрыс деп қабылдайды. Ұрмайды, бірақ әрбір сөзінде ылғи унижать еткісі келіп тұрады, құнсыздандырады. Психологиялық абьюздің соңы , денсаулығын жоғалтады.

  • @МЕРУЕРТАДИЛОВА-х6г
    @МЕРУЕРТАДИЛОВА-х6г 6 місяців тому +2

    Керемет подкаст👏 қарым-қатынас жайлы👍 Рахмет Ержан мырза!

  • @KundyzErlibaevna
    @KundyzErlibaevna 6 місяців тому +7

    Недеген сұхбат! Ер азаматқа да, әйел адамға да пайдалы ақпарат көп болды! Көргеніме қуаныштымын! 😍👏👍

  • @ГулнурБайдуашева-д2к
    @ГулнурБайдуашева-д2к 5 місяців тому +1

    Айтқанының бәрімен келісемін. Өте керемет сұқбат болды, ер адамдар көрсе екен деймін

  • @caised2737
    @caised2737 6 місяців тому +11

    Психолог жақсы кеңестер береді екен🙌

  • @SauleKOS
    @SauleKOS 6 місяців тому +8

    Өте керемет сұхбат, бәрі орынды.Жақсы, бәрін түсіндім, өзімді таныдым,бірақ елу жасты еңсерген әйел адам қандай әрекет жасау керек, қандай шешім қабылдау керек , сол үлкен мәселе. Шынымен біліп жүрген өмірімді өзім тыңдап басымды шайқап отырмын. Роза Әшірбаева айтпақшы, ия білдім сондай адаммен өмір сүріп жатқаныңюмды, көзім ашылды, дальше что ???? Үлкен шешім қабылдап, үлкен қадам жасау үшін үлкен мінез керек екен.Отыз жыл бойы ,күнде күнде эмоцмялық качели жағдайда өмір сүріп, қай жағыма шығарымды білмей, жаңа өмірге бел байласам далада өліп қалатындай қорқынышты жеңу қиын екен. Бірақ- өмірім өз қолымда, таңдау өз қолымда .

  • @akmaraltenlesbai6606
    @akmaraltenlesbai6606 6 місяців тому +2

    прям от подкаст Ержан Мырзабаев🔥рахмеет үлкен , түйгенім өте көп!әсіресе абьюзерства агрессор тақырыптарын жүйелі түсіндім.былай қарап тұрсан өмірді сүру оңай ғой өзіміз қиындатып аламыз.еркек пен әйел бір бірін түсіне алса бір бірінің ойларын түсініп ашық сөйлессе шешілмейтін проблема жоқ.әдемі подкаст болды, тағыда күтеміз сізбен!

  • @lauraonerhan4472
    @lauraonerhan4472 6 місяців тому +1

    Абьюзерлердің белгілерін нақты айтта. Өте керемет ақпараттар алдым. Мен кәдімгі психологиялық тұрғыдан көп сурақтарға жауап алды. Бұл подкаст бір жағынан терапиялық болды. Рахмет

  • @АкеркеБабанова
    @АкеркеБабанова 6 місяців тому +5

    Ержан мырзаға мың алғыс айтамын. Көкірегімде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алдым. Ісіңізге сәттілік

  • @Zhonsss_88
    @Zhonsss_88 6 місяців тому +5

    Ержан мырзадай болса ғой әр отбасы бақытты болар еді, бақытты жануяда бақытты балалар өседі

  • @bagdatsibanbaeva2561
    @bagdatsibanbaeva2561 6 місяців тому +1

    Тамаша сұхбат болды! Қанша пайдалы кеңес айтылды. Тіл қандай!👍🏻🌟

  • @videomv9284
    @videomv9284 6 місяців тому +11

    Өте сауатты психолог!!! Рахмет шақырғандарыңызға!!!!

  • @LazzatMizambaeva
    @LazzatMizambaeva 6 місяців тому +6

    Өте жақсы тақырып болды рахмет Алла разы болсын
    Менің де куйеуім абезер екен
    Абезер белгілерінен білдім

  • @klarakabzhanova
    @klarakabzhanova 6 місяців тому

    Ержан мырзага коп коп размет. Озиниздин псхологиядан кандай терен маман екениниздге козим жетти. Сиздин консультациянызды баримиз алумыз керек сияты. консультация

  • @ЖанарКуанышкызы-с9к
    @ЖанарКуанышкызы-с9к 6 місяців тому +1

    Мықты отбасылық психолог екен,абьюзер адамды керемет суреттеп берді,шынымен бұндай адамнан кету қиын,ал сырттан айту ,бақылау оңай,бізде әйел адамға ұят ,болмайды деген миымызға сіңдіріп тастағанғой,сол жағынан қиын,осындай отбасында қиын жағдай туындағанда,ер және әйел адамға психологиялық көмектің өте қажеттілігі көрінеді😢,әйел таяқ жесе соңында я көнеді, я өледі,нәзік жанды әйелге қол көтеру өте тәрбиесіздік деп ойлаймын!

  • @КурманайЖакешева
    @КурманайЖакешева 5 місяців тому

    Ержан,ісіңе береке берсін! Тамаша подкаст болды.
    ! Жүргізушіге де рахмет! Қаызақ қоғамындағы

  • @АйгулКамбарова-й4о
    @АйгулКамбарова-й4о 4 місяці тому

    Бир сәтін өткизбей тындадым. 100%дұрыс айтадыТүсінікті етіп жеткізіп берер екен. 👍

  • @mairagoooi2516
    @mairagoooi2516 6 місяців тому +2

    Тұрымсқа шығудан қатты қорқыныш бар еді ,бәрінің жаман жағын ойлап болмаған өмірден қорқып бірақ нақты оны қалай шешуге болатынын білмейтін содан қорыққан екем ғой ,ауыруымның диягнозын білгендей болдым ,махаббат отын жаныдырып отыру шынымен керек екен ,и қиындықтардың ара қатынасты жақындатуға көмегі болатынын түсінгенде жүрегімдегі қорқыныш басылғандай болды ,көп рахмет ❤

  • @АзизаАнарбек-г6п
    @АзизаАнарбек-г6п 6 місяців тому +13

    Өте керемет сұхбат болды.Тұрмыс құрмас бұрын блоктармен жұмыс жасау керек.Отбасы болған соң әр адам осознный ойлану керек.Бірге дамып,бірге алға қарай жылжуы керек.Түсіну керек бір біріне алғыс айтып отыру керек.Ержан Мырзабаевты 1 айдан асты сұхбаттарын тыңдап жүрмін.Өте керемет білімді адамдар көбейе берсін👏🏻👏🏻

  • @togzhantursynali9224
    @togzhantursynali9224 6 місяців тому

    Осындай өз ісінің маманын шақырып, нақты ақпарат бергендеріңізге рахмет❤

  • @Ondina-o4s
    @Ondina-o4s 6 місяців тому +2

    Соңғы сауал артықтау болды, консультация беру-еңбек , психологтың кәсібі, ал әрбір еңбек бағалануы қажет😅
    Дегенімен, подкаст өте пайдалы ақпаратқа толы болды, жүргізуші нақты, актуалды сұрақ қоя отыра нысанға дәл бағытталған жауап алды.
    Маған жаңалық болғаны, “Әйелдерге не керек, не жетпейді ?” деген айқай сұраққа, ауқымды нәрсені екі тармаққа - Қауіпсіздік пен Көңіл сыйдырып, түсінікті қылып ықшамдағаны 😍

  • @moldiryeleshova846
    @moldiryeleshova846 6 місяців тому +4

    Керемет подкаст!!!
    Барлық тұрмыс құрмаған жас қыздарға қарауға керек видео.
    Барлық сөз шындық, абьюзерден құтылу кейде өте қиын!

  • @ЖанылАманова-б1т
    @ЖанылАманова-б1т 4 місяці тому

    Психолог мысалдармен өзінің ойын өте жақсы жеткізе білді. Абьюзерді тану белгілерін өзіме түртіп алдым. Өте мықты подкаст болды😍🔥

  • @zhazira3925
    @zhazira3925 6 місяців тому +1

    Рахмет Ержан мырза😘

  • @trxtrxtrxtrxtrxrrx
    @trxtrxtrxtrxtrxrrx 6 місяців тому +12

    өте керемет сұхбат👏, журналисттын сұрақтары нақты, адамды тындау біледі, психолологтын сұрақтарға жауап беруі өте керемет , квалифицированный психолог екені көрініп тұр👏👏👏

  • @СафияРисбаева
    @СафияРисбаева 6 місяців тому +1

    Ержан Мырза Алла Қолдасын. Керемет Азаматымыз.

  • @Altayeva0210
    @Altayeva0210 6 місяців тому +2

    Ердан мырзанын арбир подкасты терапия гой! Коптеген сурактарым жауап алдым! Коп рахмет!

  • @jerjerai3642
    @jerjerai3642 5 місяців тому

    Рахмет азаматтар !
    Жарайсыңдар !
    Сұхбат керемет болды , үйленген кісілермен балаға , ата - анаға пайдалы кеңес өте маңызды болды.
    Тағыда рахмет !

  • @МарияСерик-з6н
    @МарияСерик-з6н 6 місяців тому +4

    Өте сауатты әңгіме болды 👏

  • @malina286
    @malina286 6 місяців тому +3

    Өте керемет подкаст болды. Абьюзде өмір сүріп жүрген әйелдерді қалай құтқару керек деген тақырыпты жақсы ашып бердіңіз. Алып қашып кеткен әйелдің ағалары жігіт екен, әйелдің айтқан сөзінен “жаман емес па, жарайды” деп жауып қоя салмай түбіне дейін жеткізіп жазасын бергізген. 12 жыл отырып келген күйеуін солай ақтап жатса, күйеуін представляю қандай манипулятор екені🤦🏻‍♀️

  • @karimaamanbaeva
    @karimaamanbaeva 6 місяців тому +1

    Өте қарапайым түрде ,түсінікті тілде түсіндіреді.Маған өте ұнады.
    Алла разы болсын!

  • @NazimaNurmamatova-b1j
    @NazimaNurmamatova-b1j 5 місяців тому +1

    Самый лучший подказ который я видела ❤

  • @aruzhan7411
    @aruzhan7411 6 місяців тому +16

    Былғары креслода отырып сайрайтындар жайлы дөп айтылды. Ойланбай айтылған сөзден хейтқа ұшырап, сынға қалып жүргендерге көп куә боп жүрміз. "Әйелдің тілінің ұзындығынан"-мыс. Сол әйелдің тілін шығаратын кім? "Тілі ұзын" әйелдің артында ақылы қысқа еркек бар ғой. Оның тілін табыс таппайтың жатып ішер еркек сымақ, бар тапқанын ставкаға қоятын лудоман, арты тесік болса да туысын,досын жарылқай беретін күйеу шығарады. Тұрмыстың, одан қалды қоғамның қыспағымен жалғыз қалған әйелдің тілі шықпағанда...

    • @КурманайЖакешева
      @КурманайЖакешева 5 місяців тому

      Өте дұрыс айттыңыз. Ойланбай сөйлейтін депутаттар туралы.
      Екінші, әйелдер алдымен сезеді. Алдын ала айтады.
      Әйелге қарсы көп мақал-мәтелдер қазіргі өмір, қооғамдық жағдайларға сәйкес келмейді. Соны біле тұра,
      намысқа тию үшін бе, әдейі қолданып айтамыз.Мыс.: "тастай батып, судай сің!",; " Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады" , -
      деген сөздерді қыз балаға,.онсызда барған жерінде

    • @КурманайЖакешева
      @КурманайЖакешева 5 місяців тому

      Бағы төмен болып жүрген кыз балаға айтылмауы тиіс.

  • @minakazakhstan3712
    @minakazakhstan3712 6 місяців тому +2

    Керемет сухбат
    Эсиресе эйел адамга конил болу мэселеси
    Жургизушиге де рахмет, психолог созин болмей аягына дейин тындаганына

  • @Alimbekovasa
    @Alimbekovasa 6 місяців тому

    1сагат болсада, маған аз болып қалды🙏🙏🙏өте маңызды, керек ақпараттар болды!!! Өзіме көп инсайт алдым!!! Дәл осындай подкасттар көп болса екен

  • @АйслуАмангелдина
    @АйслуАмангелдина 6 місяців тому +3

    Өте пайдалы, әсерлі сұхбат. Сұрақтарға толық жауап алуға болады. ❤❤❤❤

  • @barca_1993
    @barca_1993 6 місяців тому +7

    Ержан аға сіздің көмегіңіз керек. Әйтпесе келіншегіммен ажырасып кетуім мүмкін. Сізге инстаграмға дайректке де жаздым. Бүгінгі сұхбаттан алған ең пайдалы басты ақпарат ол қиыншылықтардан бірге өту. Сосын әр ер адам сіздің курстарыңызды қажет етеді екен.

    • @minakazakhstan3712
      @minakazakhstan3712 6 місяців тому

      Келиншегиниз емес, сиз психологтан комек сураганынызга караганда сизге отбасы керек, жэне сактап калгыныз келеди эйелининзди жаксы кореди екенсиз
      Сизге сабырлык пен акылдылык, данышпандылык тилеймин
      Ажыраспаудын амалын карастырыныз
      Сэттилик тилеймин!!!

    • @barca_1993
      @barca_1993 6 місяців тому

      @@minakazakhstan3712 амин

  • @mairanicanbaeva224
    @mairanicanbaeva224 6 місяців тому +3

    Өте керемет 🤘 психолог Ержан мырза Жақсы түсіндіреді Көп пайдалы кеңестер алдым🎉🎉🎉🎉🎉❤❤❤❤❤

  • @ЖаннурСаруар
    @ЖаннурСаруар 6 місяців тому +2

    Өте керемет! Әсіресе ер азаматтар көрсе екен дейсің. Әйелдерін түсініп, қарым-қатынастары өзгерер еді. Шынымен ер азаматтардың көруге шыдамы жетпейді ау. Ер адамдарға қайдан кітап оқуға кеңес берер едіңіз. Осы сіз айтқан дүниелерді түсініп, әйелге деген көз қарасы өзгеру үшін.

  • @Wdqwef-w7v
    @Wdqwef-w7v 6 місяців тому +3

    12.04 Біздің отау құрғанымызға 26 жыл! Сіздің сұбхаттарыңызды көріп, пайдасы мол ақыл-кеңестеріңізбен балаларыммен де бөлісемін. Әліде білмейтінім көп екен сұрақтарым көп Сізге!

  • @B.M.Sandugash
    @B.M.Sandugash 6 місяців тому +18

    Абьюзермен бірге тұрсаң оған әлсіздігіңді көрсетуге қорқасың себебі, сразу оған қару бергенмен тең, оның қасында всегда начеку жүруге тырысасың. Соңында өзін жоғалтқан, қорғансыз адамға айналасың, былайша айтқанда *Ержан мырза айтқандай өзін қорғау иммунитетіңді өлтіріп тастайды* екен😢 И қазақ қоғамында тек күйеу ғана емес, абьюзердің атасы-енелер. Сол үшін ене болуға, қарттыққа саналы түрде дайындалу керек екен. Абьюзермен қарым-қатынастан қалай шығуға болады, тағдырымда не үшін осындай адам, не сабақ алуым керек? Сұрағым көп жауабын табу қиын.

    • @luenaautumn1013
      @luenaautumn1013 6 місяців тому

      Бұл өмір бізге айна, деген пікір естідіңіз бе!? Төребек Бекпаевты тыңдап көрсеңіз болады

  • @СаягулБашарова
    @СаягулБашарова 6 місяців тому +6

    Интересно советую до конца слушать 👂

  • @zhansauleqanatova7864
    @zhansauleqanatova7864 6 місяців тому +3

    Сіздегі дағдарыс және мүмкіндік деген мен үшін жаңалық болды. Қазір өмірімізде кризис орын алып жатыр. Соған өзім декретте отырмын ақша таба алмаә деп өзімді кінәлайтын едім. Бізге берілген мүмкінлік екенін түсіндім. Рахмет

  • @bibiq1935
    @bibiq1935 6 місяців тому +1

    Ержан ағаны өте сыйлаймын! Білімді кісі, керемет психолог!

  • @АружанТолеген-ч8р
    @АружанТолеген-ч8р 6 місяців тому +1

    Мен бұл подкастта өзімнің қателіктерімді көре алдым Ең әсерлі болғаны абюзерді қалай танимыз Осы сұрақ менің ішімде маза бермей жүрген сұрақ еді Енді бұл сұрақтың шешімі табылды Көптеген инсайттар алдым Ең жоғарғы деңгейдегі сұхбат болды Керемеет Рақмет сіздерге❤

  • @ГулнарБашарова
    @ГулнарБашарова 6 місяців тому +7

    Керемет сұрақ қойылып, Ержан мырзада шынайы нақты жауап берді

    • @АлтыншашСпатаева
      @АлтыншашСпатаева 6 місяців тому

      Осындай жағдай менің бауырымның басында болған. Бишимбаев тура сол жағдайды қайталап отырғандықтан,оның озбырлығына кешіріммен қарағандармен келіспеймін!!! БАСТАРЫҢА БЕРМЕСІН!ЯМарқұм Салтанат.қызым, топырағың торқа болсын!Ата-анаңа,бауырыңа сабыр берсін!!ЕРЖАН мырза, сізге қызметініңізде обыройыңыздың арта беруіне тілектеспін.

  • @РаушанЕлеусизова-ж1х
    @РаушанЕлеусизова-ж1х 5 місяців тому +1

    Керемет психолог екен👍

  • @shahri_mamajusupova
    @shahri_mamajusupova 5 місяців тому +1

    Ото соонун сухбат👍🏻❤️💜

  • @SKD19595
    @SKD19595 6 місяців тому +4

    , Өте керемет сұхбат.Ерекеңе мың алғыс.

  • @asyltasesilbekkyzy1925
    @asyltasesilbekkyzy1925 6 місяців тому +3

    оте озекти керемет сухбат

  • @ҚұндызайӘбікеева
    @ҚұндызайӘбікеева 3 місяці тому

    Саламатсызба Ержан балам! Сұхбат өте керемет ұнады. Адамдар арасында әйелдің тілі ұзын деп айтады неге ұзын десек менің өз басымнан өткен оқиға бойынша айтатын болсам менің бұрынғы некеде болған жолдасым балаларды отбасымызды ешқандай қамтамассыз етпейтін өзім барлығына жүгіретін едім турасын айтқанда альфоныс екенін мына дамып жатқан өмірде енді түсінген екенмін бірақ біз балдарым 9-шы класты бітіріп жатқанда ажырастық сөйтіп 4-баламмен ажырасып кеттім ажырасқаннан кейін ешқайда тұрмысқа шыққаным жоқ өйткені балаларымды біреудің түртпектеуін қаламас едім менің некем заңды болған. Қазіргі кейбір әйелднрге түсінбеймін заңсыз бірнеше күйеулерге тиетін. Менде ой болды өзімнің заңды күйеуім өз балаларын қамтамассз етпегнде басқа еркек қатамассыз етеді деп ойламаймын. Сұхбаттарыңыз бәрі маған ұнады енді жасым 56-ға келседе психалогияны оқып алсам деген ойда жүрмін. Керемет әрбір ісіңіз сәттітболуына, игілікті істерге жете беруіңізге тілектеспін.

  • @СаягулБашарова
    @СаягулБашарова 6 місяців тому +5

    Абылаихан сізге рахмет осындаи керемет сүхбат алғаныңызға . психолог мықты маман екен,осындаи қажетті сүхбаттар болып түрса екен көп зат түсіндім кәзіргі кезде психолог Маман өте қажетт💯💯💯

  • @АлияИзтилеуова-о1д
    @АлияИзтилеуова-о1д 6 місяців тому +1

    Өте керемет! Ержан мырза, еңбегіңіз жансын! Қоғамның шіріп-іріп тұрған нәрсесін нақты айттыңыз.
    Маған подкасттан ұнаған бірнеге тұсы болды. Мысалы, депутаттың тілі ұзын дегенді түсіндірненіңіз, әйелдің табиғаты туралы еркекткрдің зерттеу керекті. Ерлі-зайыптыны қиындықтар біріктіреді. Маған инсайт болды. Бітпесе екен деп отырдым

  • @НуриИманова
    @НуриИманова 6 місяців тому +1

    Сұғбаттан көп нәрсе ұқтық,искраны отқып жағып отыруды білмейді екенбіз жалпы біздің қоғам осы кісінің отбасы мәселесі жөнінде психологиялық көмек маған бұйырса екен😊

  • @aiymserikbai108
    @aiymserikbai108 6 місяців тому +2

    Ержан мырзаның әрбір подкастын ұйып тыңдайсың. Одан бөлек каждый инстадан прямойын қарайсыңғо👍👍👍👏👏👏

  • @СаулетМадет
    @СаулетМадет 6 місяців тому

    Өте керемет толық көріп шықтым инсайт алған тұстарымды концпектілеп алдым, Ержан мырза әрбір сөзін нақты, түсінікті жеткізетін нағыз экперт маман👍🔥

  • @SalimaOmarkulova
    @SalimaOmarkulova 6 місяців тому +1

    Өте керемет,маңызды сұқбат болды,көп рахмет.Екеуі бір біріне керек екенін сезіну,қолдау көрсету,бір біріне рақмет айту,ашық сөйлесу керек екен.

  • @ТанатКалиев-г9в
    @ТанатКалиев-г9в 6 місяців тому +3

    Тамаша сұхбат журналист жігіт мықты екен

  • @QezzZxc
    @QezzZxc 6 місяців тому +1

    Өте керемет сұхбат болды тыңдаған адамға меніңде жауабын таппаған сұрақтарым бар осы Ержан мырзаның кеңесін алғым келеді осындай азаматтар көп болса Қазақстанда бақытты жұптар сау отбасы құралар еді❤ сұхбат алушы Абылай мырза сізгеде көп рақмет! Көп ерлер мен әйелдерге жақсы тусінік пайда болуына үлкен себеп жасадыңыз🎉 ұрпақтарыңызбен мың жасаңыздар😊

  • @СабинаТокалбаева
    @СабинаТокалбаева 6 місяців тому +1

    Жаксы түсіндірдіңіз

  • @МеруертУсеновна
    @МеруертУсеновна 6 місяців тому +2

    Керемет пайдалы сұқбат болыпты. Сіздерге көп рақмет! 👍👍👍

  • @ShokanNargiz
    @ShokanNargiz 6 місяців тому

    Импонирует данный психолог! Не первый слышу его эфиры, очень толковый 👏😍

  • @ШынарСейфуллина
    @ШынарСейфуллина 6 місяців тому +13

    Ең алдымен алғыс айтамын Ержан мырзаға! Оқыған, тоқыған, көзі ашық, көкірегі ояу, өз ісінің нағыз маманы екенін көрсетіп, тыңдатып, дәлелдеп келе жатыр. Өзіме алған инсайт жайлы айтатын болсам ол күнделікті күйбең тірлік пен бала шағаның ортасында жүріп бір біріңе рахмет айтудың, жылы жүзбен қараудың өзі қаншалықты маңызды екенін одан сайын түсіндім. Арадағы махаббатты және құштарлықты сақтап қалудың мүмкіндігі әрқашан өз қолымызда. Адамды жақсы көріп, сол адаммен бақытты болуға екі жақта ат салысу керек. Ара қатынаста сыйластықты ұмытпау. Сөйлесуді ұмытпау! Әрқашан ізденіп, талпынып, тырысып сол қарым қатынасты өмірдің соңына дейін жеткізу. ( Егер ешқандай абьюздық, зорлық зомбылық болмаса, әрине)

  • @ГульнурСултангалиева-н4к

    Өте пайдалы кеңестер мың алғыс сізге ❤ сыйластық,бір бірін адамдар ести білу,эмоцияны алып тастаса "мәселе"қалады соны қарапайым тілде сөйлесіп шеше білу, алғыс айту.Көңіл бөлу,қолдау,қорғау,ең бастысы махаббатпен шынайылықпен жақсы ниетпен жасау❤

  • @БолысКүлмай
    @БолысКүлмай 6 місяців тому +2

    Өте сапалы, керемет,жүйелі подкаст.
    Алға дами беріңіздер.

  • @baurzhanovna.n
    @baurzhanovna.n 6 місяців тому +2

    ❤❤❤ осындай видео жасап жатқан сәздерге рахмет))
    дамуларыңызға тілектеспін🎉
    +1 подписка

  • @Нурас-к1т
    @Нурас-к1т 6 місяців тому +2

    Ержан мырза,өте керемет подкаст болды.Мен абюьзердан кутылганыма куанып отырмын сіздің айткан керемет дуниелеринизден,Рахмет сізге ❤
    Бұл өмірде өзің өмірің қымбат деген сөзіңіз жүрекке жетті

  • @TaeriHyunwan
    @TaeriHyunwan 6 місяців тому

    Бүгін ең пайдалы контенттің бірі болды рахмет сізге абылайхан мырза, және Ержан мырзағада үлкен алғыс осындай әлеуметтік қоғамды нақтылап қоғам психологиясын ашып толыққанды көркем түсінікті айтқаныңыз өте керемет Сіздер зорсыздар❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤😍😍😍😍😍😍😍😘😘😘😘😘😘❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @СаулетМадет
    @СаулетМадет 6 місяців тому +3

    Инсайт болған жері ер адамның әйелге тыныштық беруінің 2 түрі, сосын абьюзер ар адамды анықтаудың жолын білдім, сосын рахмет айту жақсылық жасаудың бензині екенін түсіндім, қарым-қатынаста бағалау, мақтау, түсіну маңызды нәрселер екен арада жылулық беретінін білдім

  • @dimongames2481
    @dimongames2481 6 місяців тому +2

    Керемет сухбат болды! Коп нәрсені уктым

  • @Anarhan-86
    @Anarhan-86 6 місяців тому

    Соңғы сөздеріңізде ерлі-зайыптылар бір-біріне көңіл бөліп баланы бірге қараса, өз ара түсініссе дегендей айттыңыз, дәл сол сәтте жолдасым екеуіміздің тұңғыш қызымды бағып қаққан сәтіміз есіме түсті, бізде тура сіз айтқан сыйластық болды, Аллға шүкір, шаңырақ көтергенімізге 15 жыл. Қысқасын айтқанда адамдарға Алла сана берсін. Рахмет сіздерге, көп білім алдық.

  • @ayaulymzharylkassynova8312
    @ayaulymzharylkassynova8312 6 місяців тому +1

    Мой инсайт "Қарым-қатынаста бір біріне рахмет айту". Кей кезде рахмет айтуға умытып кетеміз, мен ұрысып ренжіп қаламын жолдасыма. Енді осыны дүзеткім келеді👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻