Үйленетін жігіттерге өсиет. ұстаз Ризабек Батталұлы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 22 гру 2024
  • ұстаз Ризабек Батталұлы
    Ей, жар іздеген жан! Бақытты һәм берік қоғамның бір кірпіші болсам, ақ құсымды қолыма қондырсам деп ниетін бекіткен, алайда, тәуекелі жетпей жүрген қарагөз бауырым! Ақ некелі бақ таңын аңсаған бозбала! Өзің секілді жалындаған жастық шағында басынан өткергенін баяндаған бабаңның сырына назар салшы!
    Сахаба Рабиа ибн Кааб (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Исламның ақиқаты жүрегімді жаулап, жаным иман нұрына бөленгенде әлі бұғанасы қатпаған бозбала едім. Алла Елшісінің ﷺ мүбәрак жүзін алғаш көргеннен-ақ кеудемде айтып жеткізе алмастай махаббат патшалық құрды да, тұла бойымды баурап алды. Оған деген аңсарымның асқақтығы соншалықты, Пайғамбардан ﷺ басқа ешнәрсе ойлай алмайтынмын. Бір күні өзіме: «Сорың құрсың, о Рабиа! Өзіңді неге Пайғамбар ﷺ қызметіне арнамайсың? Оған көмегіңді ұсынсаңшы... Ол саған разы болса, жанында болу бақыты бұйырады, оның сүйіспеншілігі мен екі дүние игілігіне қол жеткізесің» деп насихат айттым. Дереу оған барып, қызметке алуын сұрадым. Кеудемнен қақпады, көмекшіге алуға келісті. Сол сәттен бастап мейірбан Пайғамбардың ﷺ ажырамас көлеңкесіне айналдым: қайда барса да серіктес болып, соңынан қалмадым. Маған қарай бұрыла бастаса, лезде жанынан табылатынмын. Бірнәрсе қаласа, өтінішін орындауға асықтым. Күні бойы қызметінде болып, күн батып, Пайғамбар ﷺ кешкі намазын оқығаннан кейін ғана босайтынмын. Алайда, қайту уақыты таяғанда: «Қайда барасың, Рабиа? Алла Елшісіне ﷺ түнде бірнәрсе қажет болып қалар?» деп өзіме сұрақ қоюшы едім. Осылайша, босағасынан алыс кетпей отырып алатын болдым. Алла Елшісі ﷺ түндерін ояу және намазда өткізетін. Алланың кітабынан «Фатиха» сүресін шаршағанша оқитын. Тоқтаушы ма еді, әлде менің көзім ілініп кететін бе еді? «Алла Тағала Өзіне мақтау айтқанды естиді» деген сөздерді құлағым жиі шалатын. Ол бұл сөзді «Фатихадан» да ұзақ қайталайтындай көрінетін...
    Алла Елшісінің ﷺ өзіне қандайда бір жақсылық жасаған адамға ерекше көңіл бөліп, одан да үлкен дәрежеге көтеретін әдеті болатын. Көрсеткен қызметімді марапаттамақ болып, жаныма келді де:

КОМЕНТАРІ • 15

  • @ГулжиханЕлеусизова
    @ГулжиханЕлеусизова 8 місяців тому

    Керемет 👍👍🔥🔥🙌🔥🔥😍😍🤗СИЗГЕ АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН 🙌🙌🔥🔥🔥👍👍👍

  • @artanddraw341
    @artanddraw341 Рік тому +1

    Алла разы болсын!

  • @МаржанЕрментаева-б2ы
    @МаржанЕрментаева-б2ы 11 місяців тому

    Өтте керемет уағыз мағналы сапалы Алла разы болсын. Мен осы имамның уағыздарын қайта қайта тыңдағым келеді

  • @Zharas_Abylkhanov
    @Zharas_Abylkhanov Рік тому +4

    Алла разы болсын

  • @Марат-л5ф
    @Марат-л5ф Рік тому

    Ұстазға осындай сақал өте жарасады,ақ түскен екен, Алла разы болсын.

  • @sartai_altai
    @sartai_altai 11 місяців тому +1

  • @kuralbektokhmetov-cz3xz
    @kuralbektokhmetov-cz3xz Рік тому +4

    Алла разы болсын ұстаз

  • @kazakhstan5809
    @kazakhstan5809 Рік тому +3

    Ассалаумалейкум
    Ұстаздың қыздарын алу керек екен

  • @ДаниялТураров
    @ДаниялТураров Рік тому +1

    👍

  • @kuralbektokhmetov-cz3xz
    @kuralbektokhmetov-cz3xz Рік тому +4

    КОММЕНТ ЖАЗЫП 👍 БАСАЙЫҚ ӨТІНІШ. ПАЙДАЛЫ НАСИХАТТЫ БАРЫНША КӨП КӨРІНУІНЕ АТ САЛЫСАЙЫҚ АҒАЙЫН!

  • @Марат-л5ф
    @Марат-л5ф Рік тому +1

    Үйлену оңай үй болу қиын дид. Үйлену де қиын мына бұзылған заманда. Тарс еткізіп миллион қалыңмал сұрайды оның үстіне сөз ұқпайды қазір көп қыздар. Оның үстіне ата анаң келіп пәленбай миллионға той жасамақшы болады Астағфируллаһ. Сплошной ысырап қана. Ол шаруасы жоқ екі жас тұра ала ма жоқ па кредитты тарс еткізеді той жасамаса кем боп қалады ай шешеңді сыйлайын ішің ашиды осыған

  • @Jandost927
    @Jandost927 Рік тому +3

    Димдрол аллға

    • @xqzme019
      @xqzme019 Рік тому

      Ол не деген мағына?

  • @РустемАширбек
    @РустемАширбек Рік тому +4

    Залдағы жын шайтандар қашып кеткен шығар не боп кетті деп😅

    • @Baha802
      @Baha802 Рік тому

      Сенің туыстарың ғой жын шайтандар 👹😈👿😂😂