Керемет.Анаңызға рахмет.Өтініш , ыңғайы келіп жатса анаңыздың кимешекті пішіп,тігу жолдарын көрсеткен видеосын жүктесеңіз.Мен өзім ата - апаны көрмей өстім.Әкемнің апайы болды сол кісі осындай кимешек шылауыш киетін.Видеодан көріп көзіме оттай басылды.Оны апамыз астауға жеке өзін ғана жуатын,екі рет сабындап,үш рет шаятын.Біз суын төгіп,суын әкеп беретінбіз.Ешкімге жуғызбайтын.Кепкен соң қаттап,екі жағынан алақанына салып ұрып-ұрып қоятын.Өзіңеде көптен көп рахмет.Талай тарихты еске түсірдің.Амандықта бол ,жаным.
Қандай керемет,жүрегім егілді,әсіресе кимешекті көргенде Қаншама қазақ жер асты.Қаншама аналар,балалар қиыншылық көрді жолда. Туған жерін тастау онайма.Қаншамасы жолда мерт болды.Осы бұйымдарды көріп ,қол өнер деген ұлы өнер екеніне көзім тағы жетті.Осындай ісмер апалар көп болсын.Қызға,келінге үйретіп, әулеттің жәдігері ретінде қалдыратындай.Мұның бәрі ертеңгі тарих.
Қандай керемет! Сүйсініп көріп шықтым. Кимешегі нағыз керей кимешек қой. Сосын менің әжем де салы деп сөйлейтін. Біздің талдықорған жақта да солай айтады.
Керемет👏мен музейде жұмыс жасап зейнетке шққам биыл, осндай жүз жылдық жәдігерлер музейде сақтаулы🙏сіздер де өткізсеңіздер болады😊сонда ұзақ сақтауға жағдай бар🙏🤲мен астанаданмын🙌
Дұрыс айттыңыз, қазақша шілтері орамал дейді ☺ Енеңіз қолөнерші шебер екен осы заттарды дайындаған, ерекше ғо қолдан шыққан бұйымдар. Қолы дерт көрмесін !
Шілтер тоқу дегенді ұмытып барады,ата-анамыздың үйінде,жастық бетін,төсектің бас-аяғын,қабырғадағы портрет,үстел,этажерка,тігін машинасы т.б.барлығын шілтермен жауып, әсемдеп,әрлеп қоятын,наурыз алды,жазғытұры барлық көрпе-жастығын,тұс киізін далаға шығарып желдетіп,шілтер жабындыларын әппақ қардай қылып жуып,крахмалдап,тазартып өңдеп қоятын,үйдің іші таза ауамен жайнап жарқырап кететін,көрші қолаңдарда да солай болатын,украин,белорус, ноғай-татар, неміс көршілер болған. Және әр үйде сандық,әбдіре,шабадандар жиналып тұратын,оның ішіне шешеміз,апамыз асыл қымбат бұйымдары мен қымбат бұл,мата,барқыт,ши барқыт,торғын,бәтес,атлас,пәрча,плүш т.б.жинап,той-томалақ та, отырыстарда бір-біріне бұл сыйлап,құрмет көрсетіп,бұйымтай сұрап,байғазы беретін,тәбәрік дей ме,қиықтарды жинап,құрақ көрпе құрайтын,сырмақ,текемет, қомша,алаша,т.б.киіз бен барқыттан оюлап бұйымдар жасайтын,қабырғада қоржын ілініп тұратын,оның ішін көру,қол жеткізу бір арман,😊ішінде мәмпәси,қант-кәмпит болады, ала қоржын көз алдымда,шүберек қызыл шақпақты дастархан жаятын,оны жуып,крахмалдап тұратын,майлық орамалдар болатын,ыдысты жуып,құрғатып сүртіп,жалтылдатып қоятын,қаздың қауырсыныменен үстел сүртетінбіз,нанның қиқым-қоқымын жегізіп,бай боласың,аузыңды а деп ашшы,бағы бар, керемет деп құнжыңдатып қоятын қайран ата-аналарымыз. Көңілге жып-жылы сезім құйылып,туған үй,өскен өлке,балалық шақтың тәттііі естеліктері,ол кезде үйлердің маңайын топырақ дуалмен қоршайтын,соның үстіне шығып-түсіп,тал-шыбықты ат қылып мініп,сайран салған алаңсыз шақтар,көңілді бұзып,алысқааа жетелеп кетеді бұндай сәттер.
Нафталин иісі бұрқыраған кебеже болатын,мезгіл сайын киім ауыстырып,салып сақтайтын және де шәй,үнді шәйін сақтап,сыйлы адамы келгенде қып-қызыл қою шәй,қаймақ қатқан,ыстық таба нан,қарма нан,қызыл- сары бауырсақ,томпағы бар,ши бауырсағы бар,құрт-ірімшігі бар,сораптап ішкенде,маңдайыңнан ып-ыстық тер бұрқ етіп,терге малшынып,иісі бұрқыраған дәмді шәйдан бас ала алмай қаласың ғой,балам менің өзім секілді шәйқор деп қояды,қазір қандай шәй ішсек те,терлемейміз де,рахаттанбаймыз да, сол кездегідей хош иісі де жоқ,бәрі туфта,жасанды болып кетті ме...
@@AaaAaa-vj3fc 🙏💙 Ойяя рахмет сізге осындай бәрін баяндағанызға! Сол қазақтың иісі бұрқыраған керемет шақтарды есімізге бір түсіріп, жылы сезімге баттым. Оқып отырып фильм көргендей болдым! 🤗 Ияя барлық тұрмыс үй бұйымдары табиғи таза өнімнен еді ғо, таза жүн, киіз, ағаш ыдыстар, бүтін ағаштан жиһаздар, теріні қалай илейтін еді, шебер ер адамдар ер-тұрман, былғары әдемі мықты етіктер, қамшылар жасайтын еді. Қыздар, әйелдер тек үйдің тұрмысымен айналысатын. Ал қазіргі заманда ақша табуға кетті, эх.. Кейбір еркектерде жауапкершілік жоқ..ажырасу көп.. 🙈
@@AaaAaa-vj3fcҚандай керемет естеліктер жазғансыз. Қай өңірдің қазағы боласыз? Тіліңіз өте бай екен. Жазғытұры деген сөзді Абайдың өлеңдерінен біліп өстік. Көктемнің күнделікті сөзде олай айтылатынын бірінші рет куә болып отырмын. 🥰🙌👍
Қазақтың әдеби тілі ғажап қой,жазғытұры,жазғасалым, күзгесалым деп,әр мезгілді өз атауымен атайтын,бай,құнарлы тілімізді қолданбай сөйлеу күнә ғой,ата-баба аманаты тіл,ана тілі жадымызда,қанымызда,қалай ұмытайық,үлкендер айтып отырғанда,құлақта қалады екен,бала кезде ойын баласы болсаң да,естігенің жадыңда жаңғырығып шығады,тыңдамай алаңғасырланып кеткенде,жартасқа бардым,күнде айғай салдым,одан да шықты жаңғырық деп, Абай хакімнен келтіріп,бұларға айтқаның не,жартасқа айтқаның не,-десе,бірден біле қоятынбыз, іренжітіп қойғанымызды,мағынасын аса түсініп жатпасақ та,не айтып,тапсырып еді,не бүлдірдік деп ойланғансып,айнала беріп,тағы ойнап кетіп. Алматының қазағымыз,көне заманнан келе жатқан,бабалар тұтынған заттары, естеліктері,құдды бір тарих бетін ашқандай,санада жаңғырығып,көп нәрсені еске салады,көзайым болғанымызға қуаныштымыз.
Калайсын Жазаок группалас. Монголия казактарынын тоже Кимешек дейд. Шылауыш екинши аты. Казирги кунге дейин карт ажемиз киеди. Сол жакта калган туысқан ажем ози тигип киеди. Карт ажем жасы келгенде таяп киимешек тигем айтпесе калай кайтыс болганда менин артымнан калган шылауыш киммешек деп айтады деп урпактан урпакка калдырып отырган.
Салы орамал дегенді естігенім жоқ, бізде Шәлі орамал деп қысқы жылы түбіт орамалды айтады 🤗 салы-шәлі ұқсас екен бір нарсе болар сол. (орыстар бізден алған сөзді шаль деп).
Салы орамал деп Семей,Талдықорған,Өскемен жақ айтады,түбіт орамал,басыңа,мойыныңа салып, жамылып дегеннен,ал шәлі орамал,шілтер орамал деген жұп-жұқа,селдір-селдір, үлпілдеген жеңіл,сәнді орамал,жәй жіптен де тоқиды,меринос қойдың үлпілдек түбітінен тоқып,керіп жайып қояды,өрнектері сан-алуан болады,кейде бояу қосып та тоқиды.
Керемеет , Апам , әжем есіме түсіп Сандықтарында осылай Қарайтынбыз. Апам ішіне қалампыр Салып(гвоздика) қоятын. 2-3 сандық болатын , соларлы ашып біз барғанда көрсететін. Бізде де Орталық Қазақстанда Салы деп Айтады.
Мынау точно бұрынғы ажелерим заттары сиякты. Әр жакта калган ажемди сагындым. Камешек. Тускигиз. Шымылдык барин болган еди .ажеминин козин коргендей болып козиме жас алдым гой
Кимешекті жан жағынан анықтап көрсетпедіңіз ба. Менде енемнің киген кимешегі бар 80 жыл болған Албандардың кимешегі жақтауы таза маржан тас моншақтармен күміс қалыптармен зер кестемен безендірілген
Тура Ресейдегы алтайда тура ын казактары буйымдары секылды, бары тус киыз, сыр ак. Даже тылдеры уксайды. Бизде найманбыз. Остип сандыкка жияды кыздын жасауын. Тилдеры оте уксайды. Шымылдык, тус киыз сакталган. Келындерге тагатын тор орамалда бизде солай. Но су токпейды. Кимешек тура биздин апамыздыкы секылды. Ана сулык та тура сондай болган. Оте бизге уксайды екен. Бизде да салы дейды. диалект бизге уксайды.
Салы деген қолдан шілтерлеп тоқылған осындай орамалдар кішкентай кезімізде аналарымыз басына тартып жүруші еді.Еске түсірдіңіз.Рақмет.
Салы-сәлі. Анау бөртпе сәлі. Анамда болған.
❤
Керемет жаным маған ұнады.
Керемет.Анаңызға рахмет.Өтініш , ыңғайы келіп жатса анаңыздың кимешекті пішіп,тігу жолдарын көрсеткен видеосын жүктесеңіз.Мен өзім ата - апаны көрмей өстім.Әкемнің апайы болды сол кісі осындай кимешек шылауыш киетін.Видеодан көріп көзіме оттай басылды.Оны апамыз астауға жеке өзін ғана жуатын,екі рет сабындап,үш рет шаятын.Біз суын төгіп,суын әкеп беретінбіз.Ешкімге жуғызбайтын.Кепкен соң қаттап,екі жағынан алақанына салып ұрып-ұрып қоятын.Өзіңеде көптен көп рахмет.Талай тарихты еске түсірдің.Амандықта бол ,жаным.
Керемет , кандаи адеми барлык заттар сапалы жасалган кол онери мыкты ! Рахмет !
Ененизге алгысым шексиз !
Алла жар болсын ! 🙏🏼👍🌟
Керемет аналарымыз 100 жасасын
Казактын исы анкып тур
Шешемиз енемиз еске тусип бирталай толкып алдым
Екы дуниенын бакытын насип етсын
Қандай керемет,жүрегім егілді,әсіресе кимешекті көргенде Қаншама қазақ жер асты.Қаншама аналар,балалар қиыншылық көрді жолда. Туған жерін тастау онайма.Қаншамасы жолда мерт болды.Осы бұйымдарды көріп ,қол өнер деген ұлы өнер екеніне көзім тағы жетті.Осындай ісмер апалар көп болсын.Қызға,келінге үйретіп, әулеттің жәдігері ретінде қалдыратындай.Мұның бәрі ертеңгі тарих.
Қызыңыздың жасаулары құтты болсын, өзі тоздырсын!
Ояя, нағыз қазақтың иісі бұрқырап шықты ғо сандықтан 👍💙💙💙 Үлкен енеңізге рахмет көрсеткеніне 🙏😊
Керемет ! Осы дғрыс түркияағы қазақтамен түрмыс курған❤❤❤❤❤
Керемет , қазақтың иісі бұрқ ете қалды. Әсіресе мен сияқты шетелде жүрген қазақтар сағынып қараймыз
Енен кушти гой. Барлыгын сактаган. ❤❤❤❤топ топ
Қазақтарым қайда жүрсекте аман есен болайық..жасасын қазағым❤
Кимешек күшті екен бір ғасыр сақталғанына қарағанда матасы мықты екен.
Кандай керемет казактын өрме өрнектер.Ененыз жуз жасасын.Кимешек келинге жарасып тур. Енешка екеуінің тату татты, отбасыныңыс баккытты болындар.российдеге казактар САЛ ОРАМАЛДЕ ШАШАК ОРАМАЛ дейді.
Оо, Ресейдің қазағысыз ба сіз? Қай қаласынан боласыз?
Орынбор жакта туганмын Казер Алматыда тұрып жатыр мын
@@Кунсуэла 👍💜🇰🇿
Қандай керемет! Сүйсініп көріп шықтым. Кимешегі нағыз керей кимешек қой. Сосын менің әжем де салы деп сөйлейтін. Біздің талдықорған жақта да солай айтады.
Иә,менің шешем де,Қызылорда жақта
Кимешекти дурыстап корсеткенинде керемет болар еди.Пишинин коргенде,казир неше турли шыгып жатыр,ал мына кимешек ажемдикине уксас екен.Толыктырып корсетсен кушти болар еди ,калай пишилетинин коретин
Жазира қызым салы дейді дұрыс айтады біздің оңтүстікте сондай.
Керемет АЛЛАМ разы болсын енеңе АЛЛАМ қуат берсін не деген қазына көненің көзі ғо
Қандай керемет. Кереметі қызына деп анамыздың өте ықыласпен жинаған жасауы. Жақсы күйеу бала бұйырсын. Қызымыздың жолы ашылсын
Ия,салы орамал дейді,үлкен,шашақ орамалды.Енеңіз ақкөңіл екен.Қызы теңін тауып бақытты болсын.
Керемет👏мен музейде жұмыс жасап зейнетке шққам биыл, осндай жүз жылдық жәдігерлер музейде сақтаулы🙏сіздер де өткізсеңіздер болады😊сонда ұзақ сақтауға жағдай бар🙏🤲мен астанаданмын🙌
Шәлі
Ayyyyyyyy
apaminnnnn esyasi😢🥹🥹cokda yakismiss sanada 😍 canim
Кимешек өте әдемі құтты болсын
Керемет! ❤😊
👍👍👍🇰🇿
Керемет ененіз аллам үзақ өмір нәсіп етсін 🙏🙏🙏
❤❤
😂Бұрынғы кезде анамыздан енемңзден естігенім Қызы бар үйлерде қыздар жататын краваттарға осындай шымылдық ұстанатын болған .
Өте маңызды вйдійю ......
❤❤❤❤
🌹🌹🌹🌹🌹
Çok güzel video olmuş abla :D
Keremet😍
Өте жақсы ғой осындай қол өнерін бағалап таза сақтаған.менің бір сұрағым бар,бұл дүниенің бәрін қай уақытта пайдаланады неүшін сандықта жатыр ❤
Дұрыс айттыңыз, қазақша шілтері орамал дейді ☺ Енеңіз қолөнерші шебер екен осы заттарды дайындаған, ерекше ғо қолдан шыққан бұйымдар. Қолы дерт көрмесін !
Шілтер тоқу дегенді ұмытып барады,ата-анамыздың үйінде,жастық бетін,төсектің бас-аяғын,қабырғадағы портрет,үстел,этажерка,тігін машинасы т.б.барлығын шілтермен жауып, әсемдеп,әрлеп қоятын,наурыз алды,жазғытұры барлық көрпе-жастығын,тұс киізін далаға шығарып желдетіп,шілтер жабындыларын әппақ қардай қылып жуып,крахмалдап,тазартып өңдеп қоятын,үйдің іші таза ауамен жайнап жарқырап кететін,көрші қолаңдарда да солай болатын,украин,белорус,
ноғай-татар,
неміс көршілер болған.
Және әр үйде сандық,әбдіре,шабадандар жиналып тұратын,оның ішіне шешеміз,апамыз асыл қымбат бұйымдары мен қымбат бұл,мата,барқыт,ши барқыт,торғын,бәтес,атлас,пәрча,плүш т.б.жинап,той-томалақ та, отырыстарда бір-біріне бұл сыйлап,құрмет көрсетіп,бұйымтай сұрап,байғазы беретін,тәбәрік дей ме,қиықтарды жинап,құрақ көрпе құрайтын,сырмақ,текемет,
қомша,алаша,т.б.киіз бен барқыттан оюлап бұйымдар жасайтын,қабырғада қоржын ілініп тұратын,оның ішін көру,қол жеткізу бір арман,😊ішінде мәмпәси,қант-кәмпит болады, ала қоржын көз алдымда,шүберек қызыл шақпақты дастархан жаятын,оны жуып,крахмалдап тұратын,майлық орамалдар болатын,ыдысты жуып,құрғатып сүртіп,жалтылдатып қоятын,қаздың қауырсыныменен үстел сүртетінбіз,нанның қиқым-қоқымын жегізіп,бай боласың,аузыңды а деп ашшы,бағы бар, керемет деп құнжыңдатып қоятын қайран ата-аналарымыз.
Көңілге жып-жылы сезім құйылып,туған үй,өскен өлке,балалық шақтың тәттііі естеліктері,ол кезде үйлердің маңайын топырақ дуалмен қоршайтын,соның үстіне шығып-түсіп,тал-шыбықты ат қылып мініп,сайран салған алаңсыз шақтар,көңілді бұзып,алысқааа жетелеп кетеді бұндай сәттер.
Нафталин иісі бұрқыраған кебеже болатын,мезгіл сайын киім ауыстырып,салып сақтайтын және де шәй,үнді шәйін сақтап,сыйлы адамы келгенде қып-қызыл қою шәй,қаймақ қатқан,ыстық таба нан,қарма нан,қызыл- сары бауырсақ,томпағы бар,ши бауырсағы бар,құрт-ірімшігі бар,сораптап ішкенде,маңдайыңнан ып-ыстық тер бұрқ етіп,терге малшынып,иісі бұрқыраған дәмді шәйдан бас ала алмай қаласың ғой,балам менің өзім секілді шәйқор деп қояды,қазір қандай шәй ішсек те,терлемейміз де,рахаттанбаймыз да, сол кездегідей хош иісі де жоқ,бәрі туфта,жасанды болып кетті ме...
@@AaaAaa-vj3fc 🙏💙 Ойяя рахмет сізге осындай бәрін баяндағанызға! Сол қазақтың иісі бұрқыраған керемет шақтарды есімізге бір түсіріп, жылы сезімге баттым. Оқып отырып фильм көргендей болдым! 🤗 Ияя барлық тұрмыс үй бұйымдары табиғи таза өнімнен еді ғо, таза жүн, киіз, ағаш ыдыстар, бүтін ағаштан жиһаздар, теріні қалай илейтін еді, шебер ер адамдар ер-тұрман, былғары әдемі мықты етіктер, қамшылар жасайтын еді. Қыздар, әйелдер тек үйдің тұрмысымен айналысатын. Ал қазіргі заманда ақша табуға кетті, эх.. Кейбір еркектерде жауапкершілік жоқ..ажырасу көп.. 🙈
@@AaaAaa-vj3fcҚандай керемет естеліктер жазғансыз. Қай өңірдің қазағы боласыз? Тіліңіз өте бай екен. Жазғытұры деген сөзді Абайдың өлеңдерінен біліп өстік. Көктемнің күнделікті сөзде олай айтылатынын бірінші рет куә болып отырмын. 🥰🙌👍
Қазақтың әдеби тілі ғажап қой,жазғытұры,жазғасалым,
күзгесалым деп,әр мезгілді өз атауымен атайтын,бай,құнарлы тілімізді қолданбай сөйлеу күнә ғой,ата-баба аманаты тіл,ана тілі жадымызда,қанымызда,қалай ұмытайық,үлкендер айтып отырғанда,құлақта қалады екен,бала кезде ойын баласы болсаң да,естігенің жадыңда жаңғырығып шығады,тыңдамай алаңғасырланып кеткенде,жартасқа бардым,күнде айғай салдым,одан да шықты жаңғырық деп, Абай хакімнен келтіріп,бұларға айтқаның не,жартасқа айтқаның не,-десе,бірден біле қоятынбыз, іренжітіп қойғанымызды,мағынасын аса түсініп жатпасақ та,не айтып,тапсырып еді,не бүлдірдік деп ойланғансып,айнала беріп,тағы ойнап кетіп.
Алматының қазағымыз,көне заманнан келе жатқан,бабалар тұтынған заттары, естеліктері,құдды бір тарих бетін ашқандай,санада жаңғырығып,көп нәрсені еске салады,көзайым болғанымызға қуаныштымыз.
Жазок қалайсыңдар,жақсы болғайсыңдар, енеңнің сандығынан керемет дүниені шығарып жатырсыңдар,,керемет,керемет..
керемет ❤❤❤
Ниетиниз кабыл болсын буйырсын кызымыз бакытты болсын
Keremet! auylga bargandai bolyp kaldyk😍
Салы ,бөртпе салы деп айтатұғын үлкен адамдар...
Енеңіз жүз жасасын. Алла саулық берсін. Каналыңыз дами берсін. Сөйлеу мәнеріңіз өте әдемі
Қандай керемет апа Жарайсыз! Біздің қазақ еліне жетіспейді!
Өте ұқыпты екен апамыз керемет ❤
Салы орамал анашымда болған бұрынғы кісілердің бәрінде болған
Наурыз қутты болсын
Жазира қызым қалайсың. Керемет жаным өзің сөзге шешен екенсің түрік па?.
Әжемде бөлмесінде үш үлкен сандық болатын, ашқан кезде біз немерелдін бәріміз жиналып қарап отыратынбыз))
Қазақта шәлі дейді, яғни орамал деген сөз.
Калайсын Жазаок группалас. Монголия казактарынын тоже Кимешек дейд. Шылауыш екинши аты. Казирги кунге дейин карт ажемиз киеди. Сол жакта калган туысқан ажем ози тигип киеди. Карт ажем жасы келгенде таяп киимешек тигем айтпесе калай кайтыс болганда менин артымнан калган шылауыш киммешек деп айтады деп урпактан урпакка калдырып отырган.
Шылауыш,байлауыш деп те айтады.
Шығыста бар салы деген сөз ата аналырымыз солаи деп сөилеитин
Керемет шебер екен енеңіз
Салы деген бар сөз
Дұрыс айтады келіннің бетіне жабатын салы дейді
Әжем айтушы еді.Сендер дамыдық деген замандарыңдағы дүниелер .Біздің де заманда болған деп.
Қытайда да осындай орамал жабады жас келінге.Бұл кісілер қаншама жыл өтседе өз елдерынің салтын ұмытпапты❤
Өте керемет! Шымкенттен сәлем
Қандай күшті
❤❤❤❤
Шымылдық
💚💚💚
Салы орамал дегенді естігенім жоқ, бізде Шәлі орамал деп қысқы жылы түбіт орамалды айтады 🤗 салы-шәлі ұқсас екен бір нарсе болар сол. (орыстар бізден алған сөзді шаль деп).
Салы орамал деп Семей,Талдықорған,Өскемен жақ айтады,түбіт орамал,басыңа,мойыныңа салып, жамылып дегеннен,ал шәлі орамал,шілтер орамал деген жұп-жұқа,селдір-селдір,
үлпілдеген жеңіл,сәнді орамал,жәй жіптен де тоқиды,меринос қойдың үлпілдек түбітінен тоқып,керіп жайып қояды,өрнектері сан-алуан болады,кейде бояу қосып та тоқиды.
Мұнда жазған коммент неге жоқ?..
Керемеет ,
Апам , әжем есіме түсіп
Сандықтарында осылай
Қарайтынбыз.
Апам ішіне қалампыр
Салып(гвоздика) қоятын. 2-3 сандық болатын , соларлы ашып біз барғанда көрсететін.
Бізде де Орталық Қазақстанда Салы деп
Айтады.
Қызым енең сағанкимешекті неге силамады сен ары қарай жалғастырасыңғой неге қызына бермекші. Тусінбедім.саған керемет жарасып тур.❤😊😢
Батыс жакта салы орамал деп айтады
Қазақтың өолы ашық болмы
сынан! Әдет ғұрып ! Қонаққа барғанда құр қол бармайды!
Және уйден құр қол шықпайды!
Маңыстау өңірінде бір тартар шәлі орамал деп айтып жатады. Түбіттен тоқылған шәлі деп те айтылады
👍💙
Шашақты орамалды ертеде шархат орамал , ,салы орамал деп айтқан. Руың қандай деп сұрамайды руыңыз кім деп сұрайды, ру аталардың атымен аталады.
Мынау точно бұрынғы ажелерим заттары сиякты. Әр жакта калган ажемди сагындым. Камешек. Тускигиз. Шымылдык барин болган еди .ажеминин козин коргендей болып козиме жас алдым гой
Керемет екен, бірақ бәрін неге сондықтан тығулы жатыр жастарға беру керек қой
Видеода не үшін сандықта тұрғаны, кімге деп жинағаны айтылған.
Кимешекті жан жағынан анықтап көрсетпедіңіз ба. Менде енемнің киген кимешегі бар 80 жыл болған Албандардың кимешегі жақтауы таза маржан тас моншақтармен күміс қалыптармен зер кестемен безендірілген
Тура Ресейдегы алтайда тура ын казактары буйымдары секылды, бары тус киыз, сыр ак. Даже тылдеры уксайды. Бизде найманбыз. Остип сандыкка жияды кыздын жасауын. Тилдеры оте уксайды. Шымылдык, тус киыз сакталган. Келындерге тагатын тор орамалда бизде солай. Но су токпейды. Кимешек тура биздин апамыздыкы секылды. Ана сулык та тура сондай болган. Оте бизге уксайды екен. Бизде да салы дейды. диалект бизге уксайды.
Керемет жарасып түр
Салы,шалы деп айта беремиз! Салы деп биз орталықтың казактары айтамыз! Керемет екен мына кисинин жинағы!
Енеңіз Қыьайдың Баркөлынен ба әлде Алтайынынан ба?Туыстары коп жасау беріпті барғанда❤
Туыстары болмаса, өзі түркиялық
@zhaziratashmatova3701 Иә оны білем ғой.Бәры бір түбі Қытайдан келген ғой.
Сенде шыгармайтынынын жок осындай бир заттарды зерттеп журетин един. Универде
Салы деген шашақты орамал.
Сол енді қыз балалар ертеде хиджап киген ба ?Тақия киген ба екен ? Біледі ма екен апа.Амансың ба.
Ма мынаны енди жинау қиын гой
☺️☺️
КЕРЕМЕ¹00 ЛАЙК ЖАНЫМ СОЛ❤❤❤❤❤❤❤
КЕРЕМЕТ 100 ЛАЙК ЖАНЫМ СОЛ БАКЫТЫ БОЛ ❤❤❤❤❤❤❤🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
Қазақтар салы деп айтпайды, шәлі дейді.
Айтады Қытай қазақтары
ua-cam.com/video/QQIo8EkIm48/v-deo.htmlsi=dLPyZUV4mbczarMx
Шалы емес шәлі