"Қазағымның қазынасы - домбыра!"

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 27 сер 2024
  • Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен стационардан тыс Жаңаарқа аудандық балалар өнер мектебімен 1шілде - Ұлттық домбыра күніне арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақпараттық сағат өтті. Шараға музыка пәнінің мұғалімі Даулетбай Асылбек домбыра пәні ұстазы”Құрманғазы Сарыарқа”күйін орындап ол қазақ халық аспабы - домбыраның тарихын айтып,"Домбыраның шығу тарихынан" өнер мектебінің оқытушысы Шынғалиева Дариға Нұрлыбекқызы бейнебаян көрсетіп, кітапханашылар домбыраның аңызына тоқталып, домбыра күніне орай кітаптармен таныстырды. Өнер мектебінің түлектері Бакыш Айша Амангелдыкызы "Домбыра" күйін, Оразхан Ансаган «Тепенкок» күйін орындады. Іс-шара 15 адамды қамтыды.
    Шараның мақсаты жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.#домбыра

КОМЕНТАРІ •