Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды
Вставка
- Опубліковано 13 жов 2024
- БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты. Экс-министр ендігі 24 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады. Қоғамда резонанс тудырған іс екі ай қаралып, Бишімбаев азаматтық некедегі әйелін асқан қатігездікпен өлтірді және азаптады деген екі баппен кінәлі деп танылды. Ал, осы қылмысты жасырды деген айып тағылған "Гастро" орталықтың директоры Бақытжан Байжанов төрт жыл жаза арқалады. Киноға бергісіз соттың соңғы отырысы қалай өтті? Жәбірленуші тарап бұл шешіммен келісе ме? Толығырақ әріптесім айтып берсін.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Қазақстандықтардан бөлек алыс-жақын шетелдіктердің назарында болған Қуандық Бишімбаевтың ісіне ақыры нүкте қойылды. Екі ай бойы дүйім жұрт әр процесін қалт жібермей бақылаған соттың соңғы отырысы ұзаққа созылмады.Алқабилермен ақылдасып шыққан судья Айжан Құлбаева бірден үкімді оқыды.
АЙЖАН ҚҰЛБАЕВА, судья:
- Қуандық Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қуандық Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Осылайша, Бишімбаевқа түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Яғни, экс-министр азаматтық некедегі әйелін асқан қатыгездікпен өлтірді және азаптады деген екі баппен 24 жылын қатаң режимдегі түрмеде өткізетін болды. Ал, осы қанды қылмысты жасырғаны үшін "Гастро" орталықтың директоры Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді тік тұрып тыңдаған Бишімбаев судьяға сұрағы жоғын айтып, «түсінікті» деп қысқа қайырды. Ал, Байжанов болса мұндай жазаны күтпеген сыңайлы.
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді үкім оқылған кезде көз жасын тия алмады. Ол соттың шешіміне қанағаттанатынын жеткізді. Адвокаттарға алғысын айтқан Айтбек бұл нәтижеге жету үшін көп күш жұмсалғанын жасырмады.
АЙТБЕК АМАНГЕЛДІ, Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы:
- Біз шамамен осы мерзімді болжадық. Ол түрмеден шыққан кезде 68 жаста болады. Бұл өмір бойына сотталғанмен бірдей. Түрмедегі жағдайды ескерсек, ол бұл жасына дейін өмір сүре ме, жоқ па белгісіз. Адвокаттар да - Жанна, Әлия, Дамир, Игорь бәрі бірінші күннен жанымызда. Бұл жұмыс көп уақыт алды. Біз жарты жыл жұмыс істедік.
Қуандық Бишімбаевқа өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы не үшін тағайындалмады деген сұрақ көпті мазалайтыны жасырын емес. Бұл сауалға прокурор Айжан Аймағанова жауап берді. Мемлекеттік айыптаушылар судья сұраған жазамызды тағайындады деп отыр.
АЙЖАН АЙМАҒАНОВА, мемлекеттік айыптаушы:
- Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің санкциясына сәйкес біз ең көп дегенде 20 жыл , ал 110-бап бойынша 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрадық. Бұл максималды жаза. Бүгін сот та дәл осындай жаза тағайындады. Тәжірибеге сүйенсек, соңғы 5 жылда алқабилер қатысқан сот мұндай істердің санаттары бойынша өмір бойына жаза тағайындаған жоқ.
Соттың мәліметінше, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті жазаның екіден үш бөлігін өтегеннен кейін бере алады. Бұл шамамен 15 жыл. Ал жәбірленуші тарапты сот залының сыртында көпшілік қошаметпен күтіп алып, жеңіспен құттықтады.
Еске салайық, қайғылы оқиға өткен жылдың 9 қарашасында Астанадағы BAU мейрамханасында болған еді. Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы соққыға жықаны бейнебақылау камерасына жазылып қалған болатын. Соған қарамастан сотталушы өз нұсқасын айтып, жұбайымды асқан қатігездікпен ажал құштырмадым деген болатын. Бірақ оның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, аудио және бейнематериалдармен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/c...
TikTok - www.tiktok.com...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Алла сабыр берсін екі жаққа да оңай емес,Ешкімнің басына бермесін бұндай сұмдықты, Жауыма да тілемеймін
Айжан Аймаганва кызым өркенин өссин. Нагыз өз маманын иеси екенсин. “ сатылмайтын”- кыз деп ойлаган едим.. сеним расталды. Рахмет! Алла разы болсын. Дүзү жолдан тайма айналайын. Тек осылай шындыкта бол!!!! Сенде бари болады. Сенимдимин…🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿👍👍👍👍👍🌹🌹🌹🌹🌹💖💖💖💖💖🥰
Аллам сабыр берсын ден саулық тілеймын аман болшыы қуандық
Әй екы жаққада оңай болмады не деймыз сабыр берсын 🤲🤲🤲
Алла сактагаи жазасын тартсын омирликке сотталу керек еди 😮ал касындагы Баижанов аз срок алган он или он еки жыл алу керек еди олимди жасыраиин деген Нукенова С нын 😮 Алла сактагаи осындаи семьялардан 😮 окиништи жагдаи 😢абаи болаииык шанарагымыз шаикалмасын ар бир жаннын😊
Оте дурыс шешим болган.Камаудан шыгармау керек Бишимбаевты да шашынан тартып аякпен тебу керек Сонда биледи сонда тусинеди Салтанатты кандай кинап олтиргенин Алла жазасын берсин
Жалпы қиын жағдай арақтың кесірі ешкім өз әйелін өлтіргісі келмейді қатты қызғаныш түбіне жеткен ғой, енді басына түссе көнеді, өрімдей жас қызда ажал құшты😢
Ой қуаныштысыңдар ғой!Құдай бар ғой!!!
Құдай бар
2ай нес алты ай болды
Дурыс болды
Байжанова дело пересмотреть и добавить ему ещё
Билмесенгиз сойлеменг ол кисининг ози и айели биледи оны ортада не болганын
Ату жазасын беру керек еди
Қазақстанда әділдік бар екеніне енді көзім жете бастады. Дұрыс әділ барлығы. 👏 Судья 👍
Ертен 3 4 жыл отырып калганын сатып алып шыгады
Онбагандар, кишуларын кандыма? Неткен сумдык 24жыл
Сенин котин кышйма
@@OmarBalmykan-vg5gd мен коз карасыма, тийым салатын сен кымсын, сигыл маган жазба есек
Ия дейсн 24 жыл берд деп қуанып жатыр адам басына бермесе ишкеннен кесри блмей қалды танга ишкен сосн әйелде ишкен мас кашуга болады гой әйелде женил ойлы сияқты корнди ози кетти куйеу де кетти не болды ал
Онын нервсина тиетин не айтты дейсин онбаган отирик айтып тургой олген адамнын сыртынан маган ози неше турли айтты деп
Endi kadagalasin akwamen erte wigip ketui mumkin
Колы мен олтирген корген адам сиякты, киналадигой
Аракты сатуды токтату керек арактын кесыры
Ойбой эмнеге аз өлүм жазасын берсе болмок унуткарып чыгып кетет
Өліңдер орыша сойлеп
Негизи адлетсиз, кеше Туркестандагы Айел Куйеун басын шапуп колге тастаган катыгездик Пен олтиргенге 15 жыл берди,Ол жерде резонанс болмагандыктан ба сонда.
Подождите скоро о нукеновых узнают всю правду
Екі жақтың да туыстарына алла сабыр берсін.Байжановқа обал болды.Ол баланың ешқандай да кінасы жоқ.
Қуандыққа обал болды.Салтанаттың да кінәсі бар,нервіна тиетін сөз айтқан шығар
Куандык бишымбаев каита баска сотка жугынингыз, бул дурис емес
Обал болды Қуандыққа қандай білімді бала бекер үйленгенғой Адастығой бұл бала я болмаса ажрасып қойғанда болар еді Салтанаттың өмірі қысқа болып тұрғой оған себепші Қуандық қылып Аллам жазғанғой маңдайға екі тарапққа да оңай емес Аллам сабвыр берсің екі жаққа да
Отамашы жанын ашыса кызынды бер Куандыкка
Я мен тийем мены алца
Уйткены жауыз емес ол кисы
Жауыз болца 3баласын назимнан тартиб алыб салтанатка бактирар еды , олай жасаған жок ол кисы.