ЖАНҰЯСЫ подкасты | МАҺР ДЕГЕН НЕ? | ТАХАДЖУТПЕН ҚАРАТЫП АЛАМЫН! Қабылбек ұстаз

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 гру 2024

КОМЕНТАРІ • 139

  • @НазымСагалова
    @НазымСагалова Місяць тому +4

    Құтты болсын подкасты ашқаныңыз,
    Жақсы қадам ниетпен басқаныңыз
    Тыңдарманы көп болып келешекте ,
    Жанұя боп бас қоссын жастарымыз

  • @aishashakhmetova6101
    @aishashakhmetova6101 3 місяці тому +42

    Аса Рақымды, Ерекше мейірімді Аллаға сансыз мақтаулар болсын. Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын. Маш Алла, осы подкастты ұйымдастыруға себепші болған барша адамдарға Алла разы болсын🤲🏻 Алланың қалауымен өте пайдалы білім болды. Әсіресе үйленбеген, тұрмыс құрмаған жандар үшін. Рахмет үлкен. Алла баршамызды тура жолда болуды, ниетіміз әрдайым түзу болуын нәсіп етсін🤲🏻

    • @zhazir26
      @zhazir26 3 місяці тому +1

      Әмин🤲

  • @ЕрланДауылбаев-ш8ш
    @ЕрланДауылбаев-ш8ш Місяць тому +3

    Алла Тағала жұмыстарыңызға береке берсін

  • @phd_i_m
    @phd_i_m 2 місяці тому +25

    жігіттер шахуатын басқаруды үйрену керек! Көп бәле солардан келеді. Қызды алдайды, жабысады! Қыздардың 99% күйеуге шығайын деп ойлайды, жігіттерде ондай жоқ, жүрем, ойнаймын деп шошаңдайды. Қыздар осы маған үйлене ма деп ойлап солардың көңілінен шығу үшін бәрін істейді. Алла көріп тұр, қызды алдаған әр жігіт қиындықа кенелсін!

    • @СакеБаке-щ8щ
      @СакеБаке-щ8щ 26 днів тому

      Олай биржакты карап айтпасаныз дурыс болар.Мен озим ар кызбен кездескенле алдаган емеспин,адал болдым, шын суйдим,уйленем деген ойым болатын, барлык шындыктарымды айтып журетинмин.Туби козиме шоп салып, лактырып кетти.Керек болса сонгы жаксы корген кызым куйеуден ажыраскан бир кызы болатын.Оны да шын суйип жаксы кордим козиме шоп салды ол да оны да кеширдим бирак барибир токтамады.Сезимиме,конилиме аяктарын суртип кетти.Сондыктан ондай кыздар кауымын жертва кылып,аянышты кылып корсетудин кажети жок, кыздардын да арам,бузылгандары коп.Тагы да баска жаксы таныс жигиттер бар жаксы корип уйленем деп журген кыздары лактырып кетти.Сондай,кыз-катындардын Аллаh жазасын берсин.

  • @DDD-o7f
    @DDD-o7f 3 місяці тому +10

    Жастар тыңдаңдар Қабылбек ұстаз керемет насихат аитып отыр барлығын анық аиқын түсіндірп берді тамаша сөз жоқ ма ша Аллаһ . Миы бар адамға өте түсиникти жан жақты жеткізп берді Қабылбек ағаларыңнан үлгі алыңдар жастар !Ұстаз өте ер мінезді білімді нағыз азамат

  • @jennie9534
    @jennie9534 Місяць тому +5

    Подкастты тыңдап отырып, ұстаздың біраз айтқанымен келіспейтінімді түсіндім. Мысалы, ата-анасы ажыраспаған болуына қатты акцент қойды. Ешкім ажырасамын деп отбасы құрмайды. Ұстаз айтқан әңгімеден шығатын нәрсе, аналары әкелері қандай болса да шыдаса, қызы содан үлгі алып, жақсы әйел болады деген ой. Менің анам әкеме 20 жыл шыдады, оны көріп өскен мен оның ертерек ажырасқанын қалар едім. Түбі ажырасуы керек отбасылар бар, сондай жағдайларда босқа өмірін кетіріп, уақыт жоғалтуды дұрыс санамаймын. Және ата-анам ажырасқандықтан өзімді нашар әйел боламын деп ойламаймын. Толық отбасы жақсы отбасы дегенге тең емес.
    Сосын, «некеге дейін ер адам тырысады, некеден кейін әйел адам» дегенге де келіспеймін. Некеге дейін аз ғана уақыт танысу болады (идеалды жағдайда), некеден кейін қалған бүкіл өмірің бірге өтеді. Некеде әйел мен ер санаспай, екі жақ та 100% тырысуы керек. Иә, кейде адам шаршайды, ол кезде екінші жақ түсініп, жағдайға қарай әрекет ету керек. Бірақ не үшін тек әйел адам кішірейе беру керек деп айтатынын түсінбедім.

  • @JB-zz3xt
    @JB-zz3xt 3 місяці тому +10

    Қазіргі жастар романтикті талап еткіш ,өзіміздің күйеуіміз романтик емес сыйлықта гүлде сұрамаймын бала шағасының әйелінің жағдайдын жасап отыр одан басқа не керек ұрыс шығарып үйдің берекесін кетіріп ,Алладан отбасымыздың амандығын тілеп құлшылығымызды жасап күйеуміздің денсаулығын жағдайын жасап осы күнімізге шүкіршілік жасайық😊

  • @АйгүлТаңатарова
    @АйгүлТаңатарова 3 місяці тому +7

    МААШ АЛЛАҺ ҰСТАЗ КЕРЕМЕТ АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН КЕРЕМЕТ САБАҚ ЖАСТАРЫМЫЗҒА

  • @QalamqasOrynbaeva
    @QalamqasOrynbaeva Місяць тому

    Ассалямуалейкум пайдалы подкаст болды.Аллаһ разы болсын!

  • @AkzharSansyzbay
    @AkzharSansyzbay Місяць тому

    Өте күшті подкаст💐 Сенин туйсигимде турган сурактар гой, магынасын едет тусинлим🎉 керемет🫶🏼

  • @ТурсымханОсербаев
    @ТурсымханОсербаев 3 місяці тому +2

    Алла тағала екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін бәрімізге

  • @ТурсунгульРахметова
    @ТурсунгульРахметова 2 місяці тому +2

    Өте керемет айтылған акыл, Аллаһ Тағала сиздерге разы болсын

  • @GaliyaAlibatyrova
    @GaliyaAlibatyrova 2 місяці тому +1

    Алла разы болсын, керемет сөздер,жастарға арналған жақсы әңгіме 🎉🎉🎉

  • @ЛунаХайки
    @ЛунаХайки Місяць тому

    Өмірімізге өтте керек дүниелерді айттыңыз!Алла сізге разы болсын!!)

  • @БерікҚуатбек
    @БерікҚуатбек 2 місяці тому +2

    Алла бойдақтарға екі дүниесі үшін де хайырлы жар табуды нәсіп етсін! 🤲🏻

  • @nurzhanagabek7564
    @nurzhanagabek7564 2 місяці тому +1

    Алған құнды дүниелерім көп болды, бұйыртса айтылған кеңестерді іске асыруға тырысамын. Алла разы болсын сіздерге!

  • @МагжанАмангелди-й8р
    @МагжанАмангелди-й8р 3 місяці тому +3

    Ассалаумағалайкум, өте пайдалы подкаст болды, кейбір мазалап жүрген сұрактарыма жауап алдым!

  • @aada77782
    @aada77782 3 місяці тому +3

    Әмин🤲 Алла разы болсын сізге Деніңіз сау болсын.

  • @kazanbaskkk7614
    @kazanbaskkk7614 3 місяці тому +1

    Алла разы болсын Қабылбек ұстаз бойдақтар жақсы подкаст болды көптеген сұрақтарға жауап таптым рахмет ✊👍👏

  • @zhansaulekenzhebay355
    @zhansaulekenzhebay355 3 місяці тому +2

    Алла разы болсын, ұстаз. Ин ша Алла жан-жақты білім алып, отбасы құруға дайындық жасаудамыз. Өзіңіздің “ЖанҰясы” кітабынан, тренингтеріңізден, подкастарыңыздан естіп-біліп жүрген жайымыз бар. Алла сізден және осы істе атсалысып жүрген ұл-қыздардан разы болсын. Істеріңіз өрге жүзіп, жобаларыңыз алға баса берсін. Осы ислам шариғаттарының шеңберінде құрылған дәстүріміз бен дінімізді қатар алып жүрген отбасылар көбейе берсін, баянды ғұмыр кешсін деп дұға етеміз!

  • @AikenTolyss
    @AikenTolyss 2 місяці тому +1

    Өте пайдалы подкаст болды, өзіме керек барлық ақпаратты тереңірек алдым десем қателеспеймін, Алла разы болсын сіздерге. Қабылбек ұстаз сүйікті ұстаздарымның бірі осыған дейін де өзіңіздің Жан Ұясы кітабын алып бір демде қызыға оқып шыққаным бар. Кітапты оқи отыра отбасы құндылықтары туралы көбірек біліп, рухани азық алдым. Осындай подкасттар көп болсын🙌🏼

  • @kianaldy
    @kianaldy 3 місяці тому +2

    Алла разы болсын ұстаз. Көптеген іздеп жүрген сұрақтарға жауап таптым рақмет!

  • @abylkasymovoffical
    @abylkasymovoffical 3 місяці тому +3

    Бисмилляхи рахмани рахим! Рабби зидни ғилмә! Алла разы болсын баршамызға!❤🤲

    • @AnarSher-j9t
      @AnarSher-j9t 2 місяці тому

      Робби зидна ьилма

  • @ХамкаАртыкбаева
    @ХамкаАртыкбаева 3 місяці тому +1

    Керек мағлұматтарыңыз үшін рақмет сізге.

  • @yernurko
    @yernurko 3 місяці тому +1

    Ұстаз сізге Алла разы болсын, пайдалы подкаст болды.

  • @ГульжанИнтыкбаева
    @ГульжанИнтыкбаева Місяць тому +2

    Осындаи подкасттарыныз кобырек болсын сурактарыма жауап таба алмаи жур едым таптым деген оидамын тагыда осындаи сухбат жургызыныздершы

  • @olzhas.mukhamedgali
    @olzhas.mukhamedgali 3 місяці тому +1

    بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
    Алла разы болсын ұстаз және қатысқан қонақтарға, жақсы тақырыптарға керемет жауаптар болды. Мнау жастарға көбісі бақытты бол деп тілек тілегенмен қалай бақытты болу керек екенің айтылмай кетеді екен ) сол себепті жас кезінен бастап дайындаған жөн болады, осындай ұстаздарымызға Алла разы болсын, ұстаздың кітабында жастардың ойында жүрген көп сұрақтардың жауабы бар екеніне көз жетеді) осы подкасты көрген жақсыларға тілерім Алла баршаларыңыздың тілеген дұға тілектеріңізді қабыл етсін 🤲

  • @deyarindin5191
    @deyarindin5191 3 місяці тому +1

    Үлкен сабақ алдым, Алла разы болсын сізге, Қабылбек ұстаз. Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын.

  • @СултанбекКошкаров-й7л
    @СултанбекКошкаров-й7л 3 місяці тому +2

    Устаз жаксы аиттын Алла разы болсын . Каракалпакстан

  • @abzalmamytbek5143
    @abzalmamytbek5143 3 місяці тому +3

    Керемет подкаст болды Алла разы болсын ұстаз

  • @gulzhanat_zhanatugan
    @gulzhanat_zhanatugan 3 місяці тому +3

    Біраз ойландырған подкаст болды шыны керек, рахмет🤗 “Жанұясы” кітабын алғаш қолыма ұстап тұрып қалайда аламын деп кеткенімде жанымда жүрген жақсым сыйға тартты, қалай қуанғанымды көрсеңіз. Бірден ішін парақтап оқи жөнелдім, көкейімдегі біраз сауалға жауап алдым. Үнемі құрбыларымызбен кездескенде талқылап отыратынмын, кітапта былай дейді деп. Бұл подкаст сол кітапты толықтырғандай болды. Алла Тағала жар таңдаудан қателестірмесін, саналы да салихалы ұрпақтардан болайық🥹 Жанұясы❤

  • @Балганымпенсиястраховкакайтару

    Ұстаз әйелдердің еркегіне бойұсынуы сол тақырыпты ашып талқылаңыздаршы

  • @КаламкасИсрайл-ч5ь
    @КаламкасИсрайл-ч5ь 2 місяці тому +3

    Қыздарды қатты талқылапты!
    Егер өздері ерлер мінсізбіз деп ойласа қателесесіздер!
    Еркек жауапкершілікті болу керек!
    Сонда әйел бар айтқанын жасап мойынсұнады!
    Бізге де ұнамай қалады жігіттер, бірақ олар соған қарамай алып қашып қорлайды!

  • @KUANYSH.SEKERKHOZHA
    @KUANYSH.SEKERKHOZHA 2 місяці тому

    Алла разы болсын ұстаз, жігіттерге де рақмет, жақсы өзекті сұрақтар қойып отырды. Бәрі түсінікті, Алла қаласа барша жастарға салихалы, көркем мінезді жан нәсіп етсін 🫂

  • @AzizaMahanbet
    @AzizaMahanbet 2 місяці тому +1

    Оте керемет подкаст болды😍👍

  • @КемелКарим
    @КемелКарим 2 місяці тому +1

    Алла разы болсын баршамызға

  • @МанасОрын
    @МанасОрын 2 місяці тому +1

    Әп бәрекелді❤

  • @musulmandar
    @musulmandar 3 місяці тому +4

    Аллаһу Акбар Астағфируллаһ Сүбханаллаһ Әлһамдулиллаһ ❤️❤️❤️🕋🕋🕋📗📗📗🕌🕌🕌🤲🤲🤲

  • @AlmasTasmakhanov
    @AlmasTasmakhanov 3 місяці тому +4

    Бас екеу болмай мал төртеу болмайды дегенінізбен келісемін

  • @aibek_aityshev
    @aibek_aityshev 3 місяці тому +3

    Аллаһ разы болсын ұстаз!

  • @makodyusenbek2013
    @makodyusenbek2013 2 місяці тому

    Әссәләму аляйкум ма шаа Аллаһ ! Ұстаз бақытты баянды отбасын құру үшін керек ақпараттар айттыңыз

  • @ЖасминАбдуллаева-в6й
    @ЖасминАбдуллаева-в6й 3 місяці тому +1

    Алла разы болсын сіздерге❤❤❤

  • @ЖақсылықСұлтанұлы-э1ь
    @ЖақсылықСұлтанұлы-э1ь 3 місяці тому +2

    Мә шәә Аллаһ өте керемет айтылған сөздер

  • @OlzhasBaurzhan
    @OlzhasBaurzhan 2 місяці тому +1

    Аллааһуммә солли 'аләә Мухаммадин уә 'аләә әәли Мұхаммад

  • @ЖулдузТоджигитова
    @ЖулдузТоджигитова 2 місяці тому +1

    Субханаллаһ

  • @JobeBeeline
    @JobeBeeline Місяць тому

    Жаксы аитылган создер

  • @sanzhikibn
    @sanzhikibn 2 місяці тому +1

    Аллах разы болсын

  • @zzzbbb3057
    @zzzbbb3057 3 місяці тому +3

    Уа алейкум ас салям устаз!

  • @Akjarkn0216
    @Akjarkn0216 3 місяці тому +1

    Ассалаумағалейкум! Санамдағы кейбір сансыз сұрақтарға жауап алдым. Әліде аларым көп екенін білемін, ізденемін. Ойландырып ой салатын, толғандырып толыстыратын сұхбаттарды асыға күтемін🙏🙏

  • @АрсенАлимжомартов-р5е
    @АрсенАлимжомартов-р5е 3 місяці тому +4

    Рахман әрі аса рақымды Алланың атымен бастаймын.Аса қамқор ерекше мейірімді жаратушы ием барлық мадақ мақтаулар тек бір өзіңе болсын.Бәрін білуші бәрін естуші бәрін көруші тек бір өзің Аллам.Адамзаттың асылы болған хазірет Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу әлеиһи уәссәләм пйғамбарымыз бен оның отбасына Алланың игілігі мен сәлемі болсын.Осы жобаны түсіруге ат салысқан барша жандарға алғысым шексіз шын жүректен.Көкейде жүрген көптеген сұрақтардың жауабын тапқандай болдым.Жасап жатқан істеріңіздің берекесін берсін.Отбасыларыңызға амандық және екі дүниеніңде бақытын нәсіп етсін Иншалла.Аллаға сансыз шүкірлер болсын осы подкаст арқылы расыменде біраз ақпаратқа қол жеткізідім.Қазіргі заманның нағыз керек әсіресе жастарға жол көрсетерліктей керемет дүниелер.Барлығы үшін рахмет және осы бір алған ақпаратым мен білімімді одан әрі қарай кітаптан оқып тереіңірек білсем деген шын ниетім бар еді.Сол ниетім орындалып кітапқа қол жеткізсем нұр үстіне нұр болар еді.Сіздерге Алла разы болсын🤲

  • @ҚуандықХалбулат
    @ҚуандықХалбулат 2 місяці тому +1

    54:16 керемет айттыңыз ұстаз!

  • @ДаулетИсахов-ш1х
    @ДаулетИсахов-ш1х 3 місяці тому +1

    Алланың айтқанын істеген ұлық болады
    Нәпсінің айтқанын істеген қор болады

  • @UlbosinZhumataeva
    @UlbosinZhumataeva 2 місяці тому +8

    Махаббат жайлы Ұстаздың айтқанымен толықтай келісемін. Өз басымнан өтті. Жолдасыммен үйленген кезде мүлдем ұнамады, даже үйрене алмадым бірнеше уақыт. Алла разылығы үшін келісімімді бергенмін ұнамай тұрсада, Алла разылығы үшін ұнамсыз тұстарын көрмеуге тырыстым. Қазір 4жыл болды, онымен Жәннатта да бірге болғам келеді, олсыз өмірімді елестете алмаймын, қатты жақсы көріп кеттім, жақсы көремін. Алла маған сондай жанды бергеніне шүкір деп отырамын 😊. Сондықтан қыздар жігіттің дүниесіне, түріне қарауды соңғы орынға қойыңдар бақытты болғыларың келсе

  • @Bake12345-u
    @Bake12345-u 3 місяці тому +1

    Жан ұясы кітабын сыйлыққа алып жанұя құрып үйленіп кету керек еді🙂 Себебі Тахажжуд,Истихара намаздары туралы ізденбейтін едім,бүгін пайдалы ақпарат алдым,рақмет)

  • @КурмантайЖидебай-х6ч
    @КурмантайЖидебай-х6ч 3 місяці тому +1

    Ассалаумагалейкум буданда жаксы такырыпты козганыздар...

  • @МерекеРабат
    @МерекеРабат 3 місяці тому +2

    МашАллаһ керемет

  • @MoldireShalkhar
    @MoldireShalkhar 3 місяці тому +1

    Қабылбек ұстазға Алла разы болсын🤲🏻 Расымен де қазіргі қоғамда ажырасып кеткен жанұялар көп. Осының алдын алу шараларын жасап, халыққа пайдасын тигізіп жүрген азаматтың бірі, бірегейі. Енді, жетім әке-шешесі қайтыс болған н/е ажырасып әке, шеше тәрбиесін көрмегендер қалай тұрмыс құрады? Истихараны кездеспей тұрып оқима, әлде танысып біліп барып оқима?

  • @ArnurSanatuly
    @ArnurSanatuly 3 місяці тому +5

    👍👍👍

  • @СултанбекКошкаров-й7л
    @СултанбекКошкаров-й7л 3 місяці тому +1

    Ассалаума алеикум

  • @erasylzhumagaliev6632
    @erasylzhumagaliev6632 3 місяці тому +1

    Мықты подкаст

  • @ДаулетИсахов-ш1х
    @ДаулетИсахов-ш1х 3 місяці тому +1

    Керемет

  • @asylaikonditer
    @asylaikonditer 2 місяці тому +1

    Текті деген әке шешесі жақсылар емес.Нағыз Тектілік Әр Адамның өз санасында ❤

  • @НұртайБөлтірік
    @НұртайБөлтірік 3 місяці тому +1

    Ассалаумағалейкум ұстаз керемет күтіп жүр едім шығарылым қашан болады деп

  • @РинатАбсемит
    @РинатАбсемит 3 місяці тому +2

    Арнур бауырым Тигар❤

  • @СырымАбзалбеков
    @СырымАбзалбеков 3 місяці тому +3

    жалғасы керек)

  • @narbotaev_bauyrzhan
    @narbotaev_bauyrzhan 3 місяці тому +3

    😍😍😍

  • @MEIR1ZHAN
    @MEIR1ZHAN 3 місяці тому +3

  • @АйымАбдрашит
    @АйымАбдрашит Місяць тому +2

    Барша бойдақтарға хайырлы жар жолығып, салихалы, тақуа әрі имам егіз-егіз ұрпақтар нәсіп етсін иншааЛлаһ🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @zarinaserikova7564
    @zarinaserikova7564 3 місяці тому +3

    😍

  • @Aigulek_a
    @Aigulek_a 2 місяці тому

    7 жыл бұрын неге көрмедім екен осындай әңгімелерді😢

  • @aibolatjemenei4277
    @aibolatjemenei4277 2 місяці тому +1

    Керекті ақпараттарды таптым өзім

  • @balabek_nurdos
    @balabek_nurdos 2 місяці тому +2

    😍💣

  • @salemalem7421
    @salemalem7421 2 місяці тому +2

    Ұстазға қалай жеке шығуды білмедім. Сондықтан осы жерге жаза кетейін.
    Ұстаз, бір сауалмен жазып тұрмын.
    Сіздің тренингіңізге де қатыстым, кітабыңызды да оқып жатырмын. Одан бөлек те тұрмыс құруға, ана болуға жан-жақты білім алып, дайындық жасап жатырмын.
    Менің сауалым келесідегідей: Ер жігіттердің қолында алғашқы қадам деген мықты күш бар. Қалаған қызына, қалаған уақытында ұсыныс тастап, танысып-білісе алады. Бірақ қыз балаларда олай емес қой.
    Қыздар жігітті қалай табамыз сонда? Егер жан-жағымыздағы жігіттер қадам жасамаса, бәлкім, ұнатпаса, біздің қолымыздан келер қандай шара бар?
    “Сен келерсің бір күні” деп жүре береміз бе? Уақыт өтіп бара жатыр, 3 нәрсеге асық десе, біреуі қызыңды ұясына қондыру еді ғой.
    Ескере кету керек, әкем мен ағам арқылы табу мен үшін шешім емес. Оларға маған жігіт тауып беріңдер деп айтуды үлкен әбестік көремін. Өзім танып, біліп, ұнатып тұрмысқа шыққым келеді. Біз, қыздар не дұғадан бөлек практикалық тұрғыда не жасауымыз керек?
    Жауап күтемін. Рақмет

  • @НүркенМаратов-т4е
    @НүркенМаратов-т4е 3 місяці тому +1

    👏👏👏

  • @ПахратдинСагадединов
    @ПахратдинСагадединов 2 місяці тому +2

    Устаз рахмет. Алла разы болсын

  • @BeibitKenesbaev
    @BeibitKenesbaev 3 місяці тому +3

    👍👍👍

  • @erkosh4693
    @erkosh4693 3 місяці тому +1

    Ассаляму алейкум уа рохматуллаһи уа барокатуһ!
    Алғашқы рет жанұя мәселесінде түсірген подкасттарыңыз құтты болсын! Шыны керек маған ұнады, жалпы қазіргі замандағы жар таңдаудың жолдарын ашық айтып түсіндіріп, жастардың ойында жүрген көп сұрақтарға жауап бердіңіздер. Мәһр туралыда толық ашып айтып, қазақ аруларымыздың жалпы ойын өзгертуге септігін тигіздіңіздер деп ойлаймын. Жағдайымды жасап болып үйленемін дегендергеде жалпы екі жақты қанағаттандырарлық жауап бергендеріңізге ризамын. Тахаджуд пен Истихара намаздарының жалпы мақсатын түсіндіріп бергендеріңізге де алғыс айтам. Осы жанұя мәселесінде жаңа подкасттарыңыз жарық көруіне тілектеспіз. Жасап жатқан игі істеріңізге Аллаһ береке беріп сауаптардан жазсын! Әмин!
    Ассаляму алейкум уа рохматуллаһи уа барокатуһ!

  • @sandugashesembekova3705
    @sandugashesembekova3705 Місяць тому

    Ассаламу алейкум.Алла разы болсын.Ұстаз Жанұя кітабыңызды шет елдегі қазақ азаматтарына каргомен жібере аласыздар ма?.Африкаға,Түркияға дегендей

  • @djustbrutal
    @djustbrutal 3 місяці тому +1

    👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @AsylzhanNurzhan
    @AsylzhanNurzhan 3 місяці тому +1

    ❤❤❤❤

  • @НұрбекҚалдыбай
    @НұрбекҚалдыбай 3 місяці тому +1

    Орынды тақырыпты қозғағансыздар👍

  • @asetmaiakdaiev2134
    @asetmaiakdaiev2134 3 місяці тому +2

    Ассаляму ъалеикум уа рахматуллахи уа баракатуһ амансызба һәлініз жақсыма. Семеи қаласына келсеніз жақсы болар

  • @НұрбекҚалдыбай
    @НұрбекҚалдыбай 3 місяці тому +1

    👍👍👍👍

  • @alibahmuhamedkruto5691
    @alibahmuhamedkruto5691 3 місяці тому +1

    Аллахумма барик

  • @shaxizatamankul5404
    @shaxizatamankul5404 3 місяці тому

    Салиқалы Еркекті қайдан табамыз деу керек еді.

  • @СырымАбзалбеков
    @СырымАбзалбеков 3 місяці тому +2

    😍😍😍

  • @ЕрланБыдышев
    @ЕрланБыдышев 3 місяці тому +2

    Кейбір тілі майда жігіттер болады. Квартира, машинасы болмаса да кездескен любой (мейлі байдың болсын) қызын сындырып жіберетін. Кезінде универде бірге оқыған Қызылордалық группалас досым сондай жігіт болатын. Ол да үлкен өнер.
    Өзім әлі күнге дейін бойдақ болып жүрмін.
    Қазір жұмысым бар, көлігім де бар. Бірақ қыздармен онша сөйлесе алмаймын.
    Қазір біраз жігіттер ұялшақ болып, үйлене алмай жүр. Беті қалыңдау наглый жігіттер тез үйленіп
    алады..
    Маған солай көрінеді...

  • @OmirzakDemeuov
    @OmirzakDemeuov 3 місяці тому +1

  • @НұрбекҚалдыбай
    @НұрбекҚалдыбай 3 місяці тому +1

    😍😍😍

  • @MadinaKuralbay-ui5jd
    @MadinaKuralbay-ui5jd 3 місяці тому

    Арине мен де Махирге билмим алуды сурар едим

  • @aibek_aityshev
    @aibek_aityshev 3 місяці тому +1

    👏👏👏

  • @muratbektantsarov1242
    @muratbektantsarov1242 3 місяці тому +1

    Әдемі айттыңыз әрине, бірақта бойдақтардың проблемасы қыздармен сөйлесе алмауында, осы мәселені қалай шешуге болады?

  • @altaiyrsabitbek4500
    @altaiyrsabitbek4500 3 місяці тому +1

    😊

  • @veneraanlamassova3699
    @veneraanlamassova3699 День тому

    Егер акелери ерте кайтып кетсе, сонда олар тексиз болып саналадыма?

  • @zzzbbb3057
    @zzzbbb3057 3 місяці тому +2

    Сурогатпен жане экомен туылса тексиз бола ма? Калай болады?

  • @zzzbbb3057
    @zzzbbb3057 3 місяці тому +2

    Устаз сурактарым бар. Сурогатпен жане экомен туылган бопелер халал бола ма? Жок алде зина бола ма? Калай болады ?

    • @Erlan9693
      @Erlan9693 3 місяці тому

      Егер Әкесін ұрығын салса Әйелінің жатырына ЭКО. Арқылы одан бала көтеріп дүниеге келсе өз баласы болады.
      Ал егер бөтен әйелге күйеуінің ұрығын салса Эко арқылы онда ол Зина болады.

  • @Dr.Talgat.T
    @Dr.Talgat.T 3 місяці тому

    Егер оқу бітіріп алсам. Кейін үйленем деген жігіттерге. ( Бірақ жасымыз 28 ге келіп қалды.) Қандай кеңес айтасыз ұстаз ?

  • @doodi.keyzet
    @doodi.keyzet 3 місяці тому +1

    Ассалаумагалейкум, менде бір сұрақ туындап тұр "Тахадджутпен каратып алам" деген дуалау деген сияқты емес па? себебі өзінің еркісіз сол жігітке немесе қызға үйленуі қалай болады екен жалпы?

    • @phd_i_m
      @phd_i_m 2 місяці тому

      Мен үшін хайырлы болса маған жақындат, хайырлы болмаса менің көңілімді одан суыт деп дұға етуіміз керек, ИнШаАлла Алла қабыл етеді

  • @DDD-o7f
    @DDD-o7f 3 місяці тому

    Подкаст демеңдерш бұл сұхбат деп аталады

  • @mrzhanbolat9295
    @mrzhanbolat9295 2 місяці тому +1

    Улкен Рахмет устаз