Елқамын ойлаған хандар батыр би ата бабалар аттан түспеи елді қорғады терін төгіп жанын берді.шығыста Абілпейз бастаған төленгіттр болса батыста Абылхайыр ханның ұрпақтары төлгіттері батырлары қорғады Аллаға шүкір тәуелсіздік алдық еліміз тыныш халқымыз аман болсын Ата баба аманатына берік болайық. Ернұр баурыма жазары көп болсын деп тілеймін.
Керемет👍 осы арна арқылы төл тарихымызды танып жатырмыз🙏🙏 Ернур бауырымызға ерекше рахмет🤝 Батыстағы төленгіт бауырлар оған дән риза! Мейрам аталықтан бастап, Мамадайыр Мамашық Барқы Нияз аталарымыз жөніндегі әңгімелері ел тарихына қосылған үлкен үлес деп есептейміз🙏 Енді бір өтініш - осы сипаттағы Батыс өңірі, Кіші жүз хандықтары мен аталықтары, әсіресе Бөкей хандығы мен аталықтар, төленгіттер жөнінде тарихи тәлімдерді талдап, сұхбат берсеңіз! Әбілпейзге еріп Шығысты қорғаған төленгіттер сияқты Әбілхайыр ханға еріп Батыста қазақ жерін ұстап қалған Көкен аталықтан бастап, Бөкейд мен Жәңгірдің жанында болып, Еділ мен Жайық арасындағы ұлан ғайып жерді иеленіп, сақтап қалған Бақы би, оның ұрпақтары ру старшинасы болған Жұрын Көркімбайұлы сияқты аталарымыз туралы талай толғағы жеткен әңгімер баршылық қой🙏
Салтанат апай! Осындай кездесу өткізгенініз үшін көп рахмет! Ернұр аға сізгеде ел қамқоры Әбілпейіз Сұлтан жайында тарихи деректер менбөліскеніңіз үшін көп рахмет!
Әбілпейіз сұлтанның қазақ халқының болашағы жолында атқарған еңбегі ұшан-теңіз! Тарихшыларымыз Әбілпейіз туралы әлі талай тың деректерді жария қалар деген үміттеміз.
Сізге рахмет Салтанат апай! Тарихымызды айқындайтын,өскелі ұрпаққа ата-бабаларымыздың арман-мұраттары,дара жолдары өнеге болатын осы "Тұлғалар тағылымы" бағдарламасы үшін. Ереке! Сізге шығармашылық табыс,қажымас қайрат тілеймін. Тарих қойнауында бүгіліп қалған тың деректерді жарыққа шығара беріңіз. Келесі бағдарламада Атырау өңіріндегі Бөкейлік Төлеңгіттер туралы тың деректерді асыға күтеміз. Аман жүріңіздер🤲
Филология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Ізбасарованың «Ел қамқоры -Әбілпейіз сұлтан» атты тақырыбы бойынша Ернұр Жасымбаевтың берген сұқбатында : 18 ғасырдың ең бір күрделі 50-60 жылдары Әбілпейіз сұлтанның жоңғардан босаған Алтай, Тарбағатай, Жетісу аймақтарын қайта иеленген қалың Найман, Абақ керей және Албан-Суан елдеріне жетекшілік жасаған еңбегін дәйекті түрде әңгімелеп, көптеген тың деректерді ортаға салған екен. Қазақ хандығының басқару жүйесінде ерекше орны бар Алтай-Сайдалыдан шыққан аталықтар туралы деректерді ғылыми айналымға алғаш болып енгізген белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев пен Орта Азия халықтарының көне тарихын зерттеген Серікбай Жаркешовтың және басқа да зерттеушілердің деректерін ұтымды пайдаланғандықтан осы сұқбат мазмұны өте тартымды болғыны айта аламыз. Қазақтың аталықтары мен төлеңгіт әулеттерінің Еуразия құрлығындағы Орта Азия сауда керуендеріне қамқорлық жасағандарын, осы әулет өкілдерінің Еділ-Жайықпен Алтайға дейінгі кең байтақ қазақ жері үшін күрескендері туралы көрермендер мағлұматтар алғаны анық. Сайдалы Арыстан аталықтың үлкен ұлы Мамадайырдан туған Тегін-Маңдай ұрпақтары ( «Үш арыс Мамадайыр атанған Боран, Жалаң, Өмірзақ) және Мамашық балалары бүгінгі күні Шұбартау төлеңгіті атанған елдің ішінде. Қалың елдің құты болған Өмірзақ аталықтың заманында қарқаралы арқылы Ертісті жағалап Семейге баратын «Абылай жолы» бойындағы ортаазиялық сауда керуендеріне қамқорлық жасағанына, осы мәселелерге байланысты төлеңгіт ішіндегі Дейіт, Сабаншы, Оңажіт және Сартабын ішіндегі Баба атасы туралы өз ойларын да білдіріп өтеді. Әбілпейіз сұлтанның сыртқы сауда мәслелерін шеші мақсатында Ресей мен Қытайға қазақ елшіліктерін жібергенін және Семей қаласын Шығыс пен Батысты жалғатыратын ең ірі сауда торабына айналдырған еңбегіне ерекше атап өтеді. Сонымен бірге Семейді Семей жасаған Әбілпейіз сұлтанға ескерткіш орнатудың уақыты жеткенін ескертеді. Мамадайырдың әкесі Арыстан аталық, одан туған Барқы аталық, одан туған Нияз аталық Түркістандағы Әзірет сұлтан кесенесінде жерленген Ұлы тұлғалар тізіміне енген. Зерттеуші Серікбай Жаркешовтың айтуынша Әзірет сұлтан кесенесінде Мамадайыр, Мөңке, Құлғара батыр да жерленген. Нияз батырдың ата -тегіне келсек, Алтай Сайдалыдан тарайды. Сайдалыдан Сүгірәлі және Арыстан деп екіге жіктеледі. Арыстаннан тоғыз. Бесеуі жаугершілік заманында соғыста қаза тапқан. Қалған төртеуі: Мамадайыр, Мамашық, Тоғызақ, Барқы. Барқы аталық туралы «хан да Барқы, қара да Барқы» деген қанатты сөз бар. Аталық атақ ол кезде үлкен лауазым есептi: бiр жағынан ханға қолдау көрсететiн үлкен тайпалардың бiрiнiң басшысы болса, екiншi жағынан ханға кеңесшi, үшiншi жағынан тақ мұрагерін мемлекет басқаруға тәрбиелеу болған. Мамадайырдың бір інісі Арыстан аталықұлы Тантай батыр. Ресей патшасы Бірінші Петрге әскери одақ құру мәселесі бойынша Қайып ханның жазған хатында Арыстан аталық әулетінің Қазақ хандығына сіңіріген еңбегін ерекше атай келіп, «Ел жақсысы Арыстан аталықтың» баласы Тантай батырды бас елші ретінде Санкт-Петербурге аттанғанына Бірінші Петрдің назарын аудара жазғаны да көп нәрсені аңғартса керек. Барқыұлы Нияз батырдың Сәмекенің тұсында аталық болып Түркістан өңіріне билігі жүргенін, Сәмеке өлгеннен кейін елді өзі басқарып, Әбілмәмбетті былтыр ғана үлкен хандардың тағына отырғызғаны туралы деректер бере отырып, 1742 жылы Абылайды тұтқыннан босату үшін Әбілпейізді «ақ үйлі аманатқа» деп, оған өзінің ұлы Әлдеберліні қосып, ханзада мен жас мырзаларға бас көз болсын деп өзінің інісі Құлғара батырды да Жоңғарияға аттандырғанын атап өтеді. 1757 жылы күзде Түркістанда өткен қазақ көсемдерінің кеңесінде жоңғардан босаған Алтай, Тарбағатай, Жетісу өңірін игеруді Әбілпейізге тапсырады. Әбілмәмбет сарайында өткен Хан кеңесінде Нияз батыр өзінің немере інісі Өмірзақты қарамағындағы қоңсы ауылдарымен қосқанда мың шаңырақ Мамадайыр, Мамашық тобы мен Әбілмәмбеттің сенімді төлеңгіттерінен Жаназар батырды бас қылып бірнеше ауыл береді. Мамадайыр, Мамашық балаларын Нияз аталықтың Әбілпейіз сұлтанмен бірге жіберуі Барқы балаларына да оңай болмаса керек. Нияз аталықтың ағасы Мөңкенің баласы Итқара батырдың тұқымы Қаңтарбай батыр қайтыс боларында баласы Исаға Мамадайыр, Мамашықты іздеуді аманат етеді.
Салтанат апай!!! Бағдарламаңыздан Әбілпейіз Сұлтан туралы, Аталық, төлеңгіттер туралы көп мәлімет алдық, Сізге, Ернур ға табыс тілеймін! Осындай тың дерекке толы бағдарлама күтеміз!
1897 жылы Шұбартау болысының басшысы болған Оспанқұлға Ақмола уезi Ақтау елінің болысы Иса Қаңтарбайұлының жазған хаты осы мәселені аңғартады. Оспанқұлдың баласы Нұртаза Әлпиевтің естелігінде Исаның хаты толық берілген. «Қаңтарбайдан Иса, Мұса, Асқар, Әкпар, Жақып. Бұлар бесеуде болыс болған абыройлы адамдар болыпты. Иса біздің әкейдің тірісінде біздің елге келіп қайтыпты. Ол кісі өлгеннен кейін Жақып, Исаның баласы Сейфіш келіп кеткен, ол кісілерді менде көрдім. Олардың еліне бізден 1922 жылы Исағұл Әбдірасыл барып келді, көп сый сияпат көріпті»- деп тың деректер береді. Әбілпейіз сұлтанның қазақ пен қырғыздың арасындағы жаугершілікке қатысты күресі және Жетісудың шығыс өңіріндегі төлеңгіттер туралы деректері де өте маңызды болып табылады. Қаратал өзені бойындағы Әбілпейіз Ордасы тұрды. 1764 жылы Алатауда бекініп алған қырғыз жағы жетісудағы үйсін-найман ауылдарын шапты. Қырғызды ақыры «Жәйіл қырғыны» тоқтатты, 1770 жылы Абылай мен Әбілпейіз бастаған қазақтың қалың әскері қырғызды шауып, тойтарып тастайды. Алатаудан Ілеге дейінгі жерге қазақ осылай ие болып еді, Шудың жағасына да бейбітшілік осы оқиғадан кейін орнаған. Шу өзенiне жетiп, бейқам жатқан Жаназар батырды қырғыздың жасағы өлтiрiп кетiптi - мыс деген әңгіменің барысы да осы тарихи оқиғаларға байланысты болып шығады. Жоңғар Алатауынан бастау алатын Лепсі өзені бойындағы Шұбарағаш-Ойжайлау өңіріндегі «Өмірзақ басы» деген жер атауы да әлі күнге дейін ел жадында сақталған. 1771 жылдың наурыз айының соңғы күндерінде Өмірзақ балалары мен Ерназар батыр тобының батырлары тарихта «шаңды жорық» деген атпен қалған еділ қалмақтармен Алакөл даласы мен оңтүстігіндегі Іле өзені дейін бірге шеп құра соғысады. Шынжылы өзені бойында Жаназардың ағасы Ерназар батырды қоршаған қалмақтар, ол отырған киіз үйдің айналасына отын үйгізіп, тірідей өртеп жіберген екен. Өмірзақтың ел ішінде «бес жігіт» атанған Жанжiгiт, Ақжiгiт, Байжiгiт, Әбден, Тауасар деген батыр ұлдары Шұбарағаштан шығысына қарай жердегі Үйгентаста болған ақтық шайқаста қаза тапқаны туралы бұрындары белгізісіз болып келген мәліметтер береді. Жоңғар Алатауының Солтүстік жотасындағы Бесбақан тауы және Көксу өзені Биже оның Қарабұлақ, Қусақ салары бойымен Балқашқа дейін шұбартау төлеңгіттердің қоныстанған екен. Алакөл ауданының тұрғыны шежіреші Сембай Байзақов ақсақалдың айтуынша 18 ғасырдың екінші жартысында Жаназар батырдың бұйрығымен Жанай атасы мен Тебержін Алакөл өңіріне қоныс аударады. Осы өңірде өсіп - өніп, ұрпақтарын жеткізген. «Ерназар ауылы» бүгінгі Қабанбай ауылынан Үшаралға шығар жолдағы 20 шақырымда, Шынжылы өзені бойында орналасқан, қазір ешкім тұрмайды, тек орны ғана жатыр. Тек сол маңдағы жалғыз тау жотасы ел аузында «Уанас төбе» немесе «Уанастың шағылы» деген атпен қалған. Міне осындай тың деректер Жасымбаев Ернұрдың жақында ғана баспадан шыққан «Қазақ төлеңгіттері: тарихы, насаб-намасы және тұлғалары» атты монографиялық еңбегінде жарияланған. «Өмірзақ - Жаназар» қоғамдық қорының төрағасы, Аягөз ауданының «Құрметті азаматы», академик, техника ғылымдарының докторы Кемельбеков Бекен Жасымбайұлы
Ернұр Аталықтар мен төлеңгіттер тарихын, аты еленбей, дұрыс бағаланбай жүрген әйгілі Әбілпейіз сұлтанның қазақ еліне сіңірген еңбегін толық зерттеген ғалым. Өз қаражатын жұмсап, кітаптарын тегін таратып жүргені - Аталық бабаларының әруақтары разы болсын, ұрпақтарым біліп жүрсін деген адал ниеті. Қазақта мемлекет болмаған деген қанқудың шығу себебі - Қазақ хандығының мемлекет басқару институттарының толық зерттелмегенінен болды. Ғалымдар Аталық деген негізгі лауазымды білмеді, төлеңгіттерді құл деп жазып масқара қылды, бірақ өздері масқара болды. Елді батыр мен би басқарған деген рулық қауым деңгейіне түсіріп жіберді. Біз осы кемшіліктің орнын толтырамыз деп он жыл болды біраз еңбек атқардық. Осы Ернұр төрт кітап жазды. Әлі жазары көп. Айтар көп жаңалығы бар. Жақында хабарлайды. Ернұр баурыма денсаулық тілеймін. Аман бол!
Салтанат ханым Ернұр бауырым сіздер қазақ тарихында еңбегі ескерілмей қалған Әбілпейіз сұлтан туралы әңгіме қозғап көп адамдардың көзін ашып жатырсыздар еңбектеріңіз жемісті болсын! Мен шұбартау төленгітінен болам руым арғын. Бізді Ниаз батырдың жарлығымен Әбілпейз сұлтан бастап осы тұрып жатқан Балхаш өңіріне жіберген көрінеді 18 ғасырда Менің бір атамның аты Әбілпейіз 19 ғ. туып 20ғ отызыншы жылдары қайтыс болған. Мен ойлаймын Әбілпейіз деп аталарымыз атамның атын өздері білетін сұлтанның атын қойдыма деп.
Осы қазақ қырғыз соғысынан кейін қырғыздар судың түбін шым бітейді, даудың түбін қыз бітейді деп қырғыз сұлтаны Орманбеттің қызы Тұмар апамызды Әбілпейіз атамызға ұзатады... Сол Әбілпейіз атамыздың Тұмар апамыздан туған ұлы Қөгедайдан біз тараймыз...
Ассалаумағалейкум, Қазақ елі. "Тұлғалар тағылымы" бүгін де тамаша тарихи хабар беріпті. Әбілпейіз сұлтанның қазақ еліне жасаған тамаша еңбектері, Аталықтар туралы және қазақ жерінде Жоңғар қақпасынан өтетін сауда жолы "Жібек жолына" иелік жасап, қазақ мемілекеті қазынасына қаражат түсіріп отырған Ерназар батыр басқарған Шұбартаулық төленгіттер (қазіргі терминмен айқанда таможня, шекара қызыметкерлері) туралы хабары қазақ тарихының жаңа бетін ашып, жаңа серпін беретіні анық. Салтанат ханым осы бағдарламаңызды дамытып, жаңа хабарлар беріп жатқаныңызға үлкен алғыс айта отырып, еңбегіңізге, бағдарламаңызға табыс тілеймін. Тарихшы, зерттеуші Ернұр мырзаға, қазақтың өткен тарихи қатпарларына жаңа зерттеулер жасап, жарыққа шығарып жатқанына алғысымызды айта отырып, алдағы уақытта ғылыми табыстарға жете беруіне тілектеспіз.
ассалау мағалйкұм, туысқандар ! алдымен салтанат ханыммен ернұр мырзаға үлкен алғыс, ӘБІЛПЕЙІЗ СОЛТАН туралы өз басым тұңғыш ефрден естуім, әттегенайы уақыт қысқа болдыма? тақырыптан көп алстап кетіп отырдық, айтайын дегенім ӘБІЛПЕЙІЗ солтан қазіргі қытай терйторясы болған Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға өңірне көшкен керей жұртын сол өңірге орнықтыру үшін, Әбілпейіз солтан қырғыз солтаны Орманбеттің қызы ТҰМАР ханыммен некелесіп одан КӨГЕДАЙ (КӨКТЕГІ АЙ) СӘМЕН, ЖАБАҒЫ үш ұлы болған, жәнібек батыр бастап барған керей еліне арғысы шүршіт, шығысы мұңғыл үкіметі көшпенді халықты ТӨРЕСІЗ ЕЛ есептеп ауыр алман салықпен қысқан, (сол заманда шүршітте, мұңғылда өз төрелерне бағынатын ) керей жұрты амалсыз бүгнгі КӨКШЕТАУ маңындағы Әбілпейіз солтанға барып бір баласын КЕРЕЙ ЕЛНЕ ТӨРЕЛІККЕ беруін сұранды (бұл өзі ұзақ әңгіме) сонымен Әбілпейіз солтан ойлана келе көгедайды беруді ұйғарып Тұмар ханымға айтқанда Тұмар апамыз үш баламды бір бірінен бөлмей қосылсаңыз менде бірге барайын деген екен, сонымен көгедай 13 жата сәмен 9 жаста жабағы 4 жаста керей жұртына төре болып ел басқаруға КӨГЕДАЙ атамыз тағайындалды, шығыстағы ұланғайыр қазақ даласына содан бастап өзне көмекші етіп 4 бійді керей жұртынан сайлатып ТӨРЕ мен 4 бійдің бійлігі солтүстік шыңжаң өлкесінде 1949 жылға жалғасып ең соңы хадуан ханымның үрмжі аймақ уалйі әрмя генаралы болуымен 1950 жылдаға жалғасты . сайып келгенде бұл көрегендік бауыр еті баласын қазақ мүдеснен жоғары қойған ӘБІЛПЕЙІЗ АТАМНЫҢ ұлі еңбегі, біле жүрейік, ұрпағымыз мақтана жүрсін туықандар .
Сәлеметсіздер ме!!! Рахмет Сіздерге, тарихи деректер арқылы біртұтас қазақ барша жерлерін азат ету мен ұстап қалуда еңбегі сіңірген, алайда елеусіз қалған Тұлғаларды көтеріп отырғандарыңызға... Иә, Шығысты азат етуге аттанған Әбілпейіз сұлтан басқарған қазақ әскерінің құрамында Жетісудың қазіргі Лепсіден Қараталға дейін жерде қоныстанған Садыр, Матай, Қаптағай, Ертіс асқан Төртуыл.... (құрамына сіңісіп кеткен, араласқан басқа) руларына билік еткен Көшек ханның (Әбілмәмбет хан замандасы) үлкені Әділ сұлтан (Абылай сұлтан замандасы), інілері Мамырхан, Саңқай, Санияз сұлтандардың да, Барақ сұлтанның ұлы Ханқожа (шешесі Шаған бегім Әбілпейіздің әмеңгерлік жұбайы болған) сұлтанның да орны зерделеніп, бірге аталғаны дұрыс болар еді, өйткені аталған сұлтандар қарамағындағы ел-жұртпен шығысты бірге азат еткен, кейін сол жерлерге тұрақтап қалған....
Елқамын ойлаған хандар батыр би ата бабалар аттан түспеи елді қорғады терін төгіп жанын берді.шығыста Абілпейз бастаған төленгіттр болса батыста Абылхайыр ханның ұрпақтары төлгіттері батырлары қорғады Аллаға шүкір тәуелсіздік алдық еліміз тыныш халқымыз аман болсын Ата баба аманатына берік болайық. Ернұр баурыма жазары көп болсын деп тілеймін.
Рахмет!
Мен осы Әбілпейіздің бел ұрпағымын!
Керемет👍 осы арна арқылы төл тарихымызды танып жатырмыз🙏🙏 Ернур бауырымызға ерекше рахмет🤝 Батыстағы төленгіт бауырлар оған дән риза! Мейрам аталықтан бастап, Мамадайыр Мамашық Барқы Нияз аталарымыз жөніндегі әңгімелері ел тарихына қосылған үлкен үлес деп есептейміз🙏 Енді бір өтініш - осы сипаттағы Батыс өңірі, Кіші жүз хандықтары мен аталықтары, әсіресе Бөкей хандығы мен аталықтар, төленгіттер жөнінде тарихи тәлімдерді талдап, сұхбат берсеңіз! Әбілпейзге еріп Шығысты қорғаған төленгіттер сияқты Әбілхайыр ханға еріп Батыста қазақ жерін ұстап қалған Көкен аталықтан бастап, Бөкейд мен Жәңгірдің жанында болып, Еділ мен Жайық арасындағы ұлан ғайып жерді иеленіп, сақтап қалған Бақы би, оның ұрпақтары ру старшинасы болған Жұрын Көркімбайұлы сияқты аталарымыз туралы талай толғағы жеткен әңгімер баршылық қой🙏
Рахмет Саке!!!
Керемет видео!👍👍
Керемет ата-бабамыздың рухы аруағы қолдасын.
Әумин!
Өте өзекті тақырып қозғалды!!! Ернұр аға рақмет
Рахмет Асхат!
Ереке көп рахмет сізге! Әбілпейіз атамыз тұралы жақсы ашып айттыңыз! 👍👍👍👍
Рахмет!
Салтанат апай! Осындай кездесу өткізгенініз үшін көп рахмет! Ернұр аға сізгеде ел қамқоры Әбілпейіз Сұлтан жайында тарихи деректер менбөліскеніңіз үшін көп рахмет!
Рахмет!
Керемет Осы кісі айтқаны сөзі
Нағыз тарих, маңызды тақырып, Абылпейіз сұлтанға бүкіл шығыс және жетісудағы қалаларда ескерткіш қойып ұлықтау керек.
Әбілпейіз сұлтанның қазақ халқының болашағы жолында атқарған еңбегі ұшан-теңіз! Тарихшыларымыз Әбілпейіз туралы әлі талай тың деректерді жария қалар деген үміттеміз.
Сізге рахмет Салтанат апай! Тарихымызды айқындайтын,өскелі ұрпаққа ата-бабаларымыздың арман-мұраттары,дара жолдары өнеге болатын осы "Тұлғалар тағылымы" бағдарламасы үшін.
Ереке! Сізге шығармашылық табыс,қажымас қайрат тілеймін.
Тарих қойнауында бүгіліп қалған тың деректерді жарыққа шығара беріңіз.
Келесі бағдарламада Атырау өңіріндегі Бөкейлік Төлеңгіттер туралы тың деректерді асыға күтеміз. Аман жүріңіздер🤲
Рахмет Манарбек бауыр!
Ассалаумағалейкум
Ераға, керемет екен
Уағалейкумассалам!
Гүлбаршын Нұрсалиқызы Рахмет Сіздерге, тарихи деректер арқылы елеусіз қалған Тұлғаларды көтеріп отырғандарыңызға
Ернұр, еңбегің жемісті болсын.
Рахмет!
Филология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Ізбасарованың «Ел қамқоры -Әбілпейіз сұлтан» атты тақырыбы бойынша Ернұр Жасымбаевтың берген сұқбатында : 18 ғасырдың ең бір күрделі 50-60 жылдары Әбілпейіз сұлтанның жоңғардан босаған Алтай, Тарбағатай, Жетісу аймақтарын қайта иеленген қалың Найман, Абақ керей және Албан-Суан елдеріне жетекшілік жасаған еңбегін дәйекті түрде әңгімелеп, көптеген тың деректерді ортаға салған екен.
Қазақ хандығының басқару жүйесінде ерекше орны бар Алтай-Сайдалыдан шыққан аталықтар туралы деректерді ғылыми айналымға алғаш болып енгізген белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев пен Орта Азия халықтарының көне тарихын зерттеген Серікбай Жаркешовтың және басқа да зерттеушілердің деректерін ұтымды пайдаланғандықтан осы сұқбат мазмұны өте тартымды болғыны айта аламыз. Қазақтың аталықтары мен төлеңгіт әулеттерінің Еуразия құрлығындағы Орта Азия сауда керуендеріне қамқорлық жасағандарын, осы әулет өкілдерінің Еділ-Жайықпен Алтайға дейінгі кең байтақ қазақ жері үшін күрескендері туралы көрермендер мағлұматтар алғаны анық. Сайдалы Арыстан аталықтың үлкен ұлы Мамадайырдан туған Тегін-Маңдай ұрпақтары ( «Үш арыс Мамадайыр атанған Боран, Жалаң, Өмірзақ) және Мамашық балалары бүгінгі күні Шұбартау төлеңгіті атанған елдің ішінде. Қалың елдің құты болған Өмірзақ аталықтың заманында қарқаралы арқылы Ертісті жағалап Семейге баратын «Абылай жолы» бойындағы ортаазиялық сауда керуендеріне қамқорлық жасағанына, осы мәселелерге байланысты төлеңгіт ішіндегі Дейіт, Сабаншы, Оңажіт және Сартабын ішіндегі Баба атасы туралы өз ойларын да білдіріп өтеді. Әбілпейіз сұлтанның сыртқы сауда мәслелерін шеші мақсатында Ресей мен Қытайға қазақ елшіліктерін жібергенін және Семей қаласын Шығыс пен Батысты жалғатыратын ең ірі сауда торабына айналдырған еңбегіне ерекше атап өтеді. Сонымен бірге Семейді Семей жасаған Әбілпейіз сұлтанға ескерткіш орнатудың уақыты жеткенін ескертеді.
Мамадайырдың әкесі Арыстан аталық, одан туған Барқы аталық, одан туған Нияз аталық Түркістандағы Әзірет сұлтан кесенесінде жерленген Ұлы тұлғалар тізіміне енген. Зерттеуші Серікбай Жаркешовтың айтуынша Әзірет сұлтан кесенесінде Мамадайыр, Мөңке, Құлғара батыр да жерленген.
Нияз батырдың ата -тегіне келсек, Алтай Сайдалыдан тарайды. Сайдалыдан Сүгірәлі және Арыстан деп екіге жіктеледі. Арыстаннан тоғыз. Бесеуі жаугершілік заманында соғыста қаза тапқан. Қалған төртеуі: Мамадайыр, Мамашық, Тоғызақ, Барқы. Барқы аталық туралы «хан да Барқы, қара да Барқы» деген қанатты сөз бар. Аталық атақ ол кезде үлкен лауазым есептi: бiр жағынан ханға қолдау көрсететiн үлкен тайпалардың бiрiнiң басшысы болса, екiншi жағынан ханға кеңесшi, үшiншi жағынан тақ мұрагерін мемлекет басқаруға тәрбиелеу болған.
Мамадайырдың бір інісі Арыстан аталықұлы Тантай батыр. Ресей патшасы Бірінші Петрге әскери одақ құру мәселесі бойынша Қайып ханның жазған хатында Арыстан аталық әулетінің Қазақ хандығына сіңіріген еңбегін ерекше атай келіп, «Ел жақсысы Арыстан аталықтың» баласы Тантай батырды бас елші ретінде Санкт-Петербурге аттанғанына Бірінші Петрдің назарын аудара жазғаны да көп нәрсені аңғартса керек. Барқыұлы Нияз батырдың Сәмекенің тұсында аталық болып Түркістан өңіріне билігі жүргенін, Сәмеке өлгеннен кейін елді өзі басқарып, Әбілмәмбетті былтыр ғана үлкен хандардың тағына отырғызғаны туралы деректер бере отырып, 1742 жылы Абылайды тұтқыннан босату үшін Әбілпейізді «ақ үйлі аманатқа» деп, оған өзінің ұлы Әлдеберліні қосып, ханзада мен жас мырзаларға бас көз болсын деп өзінің інісі Құлғара батырды да Жоңғарияға аттандырғанын атап өтеді.
1757 жылы күзде Түркістанда өткен қазақ көсемдерінің кеңесінде жоңғардан босаған Алтай, Тарбағатай, Жетісу өңірін игеруді Әбілпейізге тапсырады. Әбілмәмбет сарайында өткен Хан кеңесінде Нияз батыр өзінің немере інісі Өмірзақты қарамағындағы қоңсы ауылдарымен қосқанда мың шаңырақ Мамадайыр, Мамашық тобы мен Әбілмәмбеттің сенімді төлеңгіттерінен Жаназар батырды бас қылып бірнеше ауыл береді. Мамадайыр, Мамашық балаларын Нияз аталықтың Әбілпейіз сұлтанмен бірге жіберуі Барқы балаларына да оңай болмаса керек. Нияз аталықтың ағасы Мөңкенің баласы Итқара батырдың тұқымы Қаңтарбай батыр қайтыс боларында баласы Исаға Мамадайыр, Мамашықты іздеуді аманат етеді.
Салтанат апай!!! Бағдарламаңыздан Әбілпейіз Сұлтан туралы, Аталық, төлеңгіттер туралы көп мәлімет алдық, Сізге, Ернур ға табыс тілеймін! Осындай тың дерекке толы бағдарлама күтеміз!
Рахмет Баке!
1897 жылы Шұбартау болысының басшысы болған Оспанқұлға Ақмола уезi Ақтау елінің болысы Иса Қаңтарбайұлының жазған хаты осы мәселені аңғартады. Оспанқұлдың баласы Нұртаза Әлпиевтің естелігінде Исаның хаты толық берілген. «Қаңтарбайдан Иса, Мұса, Асқар, Әкпар, Жақып. Бұлар бесеуде болыс болған абыройлы адамдар болыпты. Иса біздің әкейдің тірісінде біздің елге келіп қайтыпты. Ол кісі өлгеннен кейін Жақып, Исаның баласы Сейфіш келіп кеткен, ол кісілерді менде көрдім. Олардың еліне бізден 1922 жылы Исағұл Әбдірасыл барып келді, көп сый сияпат көріпті»- деп тың деректер береді.
Әбілпейіз сұлтанның қазақ пен қырғыздың арасындағы жаугершілікке қатысты күресі және Жетісудың шығыс өңіріндегі төлеңгіттер туралы деректері де өте маңызды болып табылады. Қаратал өзені бойындағы Әбілпейіз Ордасы тұрды. 1764 жылы Алатауда бекініп алған қырғыз жағы жетісудағы үйсін-найман ауылдарын шапты. Қырғызды ақыры «Жәйіл қырғыны» тоқтатты, 1770 жылы Абылай мен Әбілпейіз бастаған қазақтың қалың әскері қырғызды шауып, тойтарып тастайды. Алатаудан Ілеге дейінгі жерге қазақ осылай ие болып еді, Шудың жағасына да бейбітшілік осы оқиғадан кейін орнаған. Шу өзенiне жетiп, бейқам жатқан Жаназар батырды қырғыздың жасағы өлтiрiп кетiптi - мыс деген әңгіменің барысы да осы тарихи оқиғаларға байланысты болып шығады. Жоңғар Алатауынан бастау алатын Лепсі өзені бойындағы Шұбарағаш-Ойжайлау өңіріндегі «Өмірзақ басы» деген жер атауы да әлі күнге дейін ел жадында сақталған.
1771 жылдың наурыз айының соңғы күндерінде Өмірзақ балалары мен Ерназар батыр тобының батырлары тарихта «шаңды жорық» деген атпен қалған еділ қалмақтармен Алакөл даласы мен оңтүстігіндегі Іле өзені дейін бірге шеп құра соғысады. Шынжылы өзені бойында Жаназардың ағасы Ерназар батырды қоршаған қалмақтар, ол отырған киіз үйдің айналасына отын үйгізіп, тірідей өртеп жіберген екен. Өмірзақтың ел ішінде «бес жігіт» атанған Жанжiгiт, Ақжiгiт, Байжiгiт, Әбден, Тауасар деген батыр ұлдары Шұбарағаштан шығысына қарай жердегі Үйгентаста болған ақтық шайқаста қаза тапқаны туралы бұрындары белгізісіз болып келген мәліметтер береді.
Жоңғар Алатауының Солтүстік жотасындағы Бесбақан тауы және Көксу өзені Биже оның Қарабұлақ, Қусақ салары бойымен Балқашқа дейін шұбартау төлеңгіттердің қоныстанған екен. Алакөл ауданының тұрғыны шежіреші Сембай Байзақов ақсақалдың айтуынша 18 ғасырдың екінші жартысында Жаназар батырдың бұйрығымен Жанай атасы мен Тебержін Алакөл өңіріне қоныс аударады. Осы өңірде өсіп - өніп, ұрпақтарын жеткізген. «Ерназар ауылы» бүгінгі Қабанбай ауылынан Үшаралға шығар жолдағы 20 шақырымда, Шынжылы өзені бойында орналасқан, қазір ешкім тұрмайды, тек орны ғана жатыр. Тек сол маңдағы жалғыз тау жотасы ел аузында «Уанас төбе» немесе «Уанастың шағылы» деген атпен қалған.
Міне осындай тың деректер Жасымбаев Ернұрдың жақында ғана баспадан шыққан «Қазақ төлеңгіттері: тарихы, насаб-намасы және тұлғалары» атты монографиялық еңбегінде жарияланған.
«Өмірзақ - Жаназар» қоғамдық қорының төрағасы, Аягөз ауданының «Құрметті азаматы», академик, техника ғылымдарының докторы Кемельбеков Бекен Жасымбайұлы
Рахмет Бекен аға!
Ернұр Аталықтар мен төлеңгіттер тарихын, аты еленбей, дұрыс бағаланбай жүрген әйгілі Әбілпейіз сұлтанның қазақ еліне сіңірген еңбегін толық зерттеген ғалым. Өз қаражатын жұмсап, кітаптарын тегін таратып жүргені - Аталық бабаларының әруақтары разы болсын, ұрпақтарым біліп жүрсін деген адал ниеті. Қазақта мемлекет болмаған деген қанқудың шығу себебі - Қазақ хандығының мемлекет басқару институттарының толық зерттелмегенінен болды. Ғалымдар Аталық деген негізгі лауазымды білмеді, төлеңгіттерді құл деп жазып масқара қылды, бірақ өздері масқара болды. Елді батыр мен би басқарған деген рулық қауым деңгейіне түсіріп жіберді. Біз осы кемшіліктің орнын толтырамыз деп он жыл болды біраз еңбек атқардық. Осы Ернұр төрт кітап жазды. Әлі жазары көп. Айтар көп жаңалығы бар. Жақында хабарлайды. Ернұр баурыма денсаулық тілеймін. Аман бол!
Рахмет, Серікбай аға!
Салтанат ханым Ернұр бауырым сіздер қазақ тарихында еңбегі ескерілмей қалған Әбілпейіз сұлтан туралы әңгіме қозғап көп адамдардың көзін ашып жатырсыздар еңбектеріңіз жемісті болсын!
Мен шұбартау төленгітінен болам руым арғын.
Бізді Ниаз батырдың жарлығымен Әбілпейз сұлтан бастап осы тұрып жатқан Балхаш өңіріне жіберген көрінеді 18 ғасырда
Менің бір атамның аты Әбілпейіз 19 ғ. туып 20ғ отызыншы жылдары қайтыс болған.
Мен ойлаймын Әбілпейіз деп аталарымыз атамның атын өздері білетін сұлтанның атын қойдыма деп.
Рахмет Алдаберген!
Осы қазақ қырғыз соғысынан кейін қырғыздар судың түбін шым бітейді, даудың түбін қыз бітейді деп қырғыз сұлтаны Орманбеттің қызы Тұмар апамызды Әбілпейіз атамызға ұзатады...
Сол Әбілпейіз атамыздың Тұмар апамыздан туған ұлы Қөгедайдан біз тараймыз...
Ассалаумағалейкум, Қазақ елі. "Тұлғалар тағылымы" бүгін де тамаша тарихи хабар беріпті. Әбілпейіз сұлтанның қазақ еліне жасаған тамаша еңбектері, Аталықтар туралы және қазақ жерінде Жоңғар қақпасынан өтетін сауда жолы "Жібек жолына" иелік жасап, қазақ мемілекеті қазынасына қаражат түсіріп отырған Ерназар батыр басқарған Шұбартаулық төленгіттер (қазіргі терминмен айқанда таможня, шекара қызыметкерлері) туралы хабары қазақ тарихының жаңа бетін ашып, жаңа серпін беретіні анық. Салтанат ханым осы бағдарламаңызды дамытып, жаңа хабарлар беріп жатқаныңызға үлкен алғыс айта отырып, еңбегіңізге, бағдарламаңызға табыс тілеймін. Тарихшы, зерттеуші Ернұр мырзаға, қазақтың өткен тарихи қатпарларына жаңа зерттеулер жасап, жарыққа шығарып жатқанына алғысымызды айта отырып, алдағы уақытта ғылыми табыстарға жете беруіне тілектеспіз.
Рахмет!
Ассалаумағаликум Ернұр аға ! Осындай тарихи деректер көп шығарсаңыз .
Уағалейкумассалам!
ассалау мағалйкұм, туысқандар ! алдымен салтанат ханыммен ернұр мырзаға үлкен алғыс, ӘБІЛПЕЙІЗ СОЛТАН туралы өз басым тұңғыш ефрден естуім, әттегенайы уақыт қысқа болдыма? тақырыптан көп алстап кетіп отырдық, айтайын дегенім ӘБІЛПЕЙІЗ солтан қазіргі қытай терйторясы болған Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға өңірне көшкен керей жұртын сол өңірге орнықтыру үшін, Әбілпейіз солтан қырғыз солтаны Орманбеттің қызы ТҰМАР ханыммен некелесіп одан КӨГЕДАЙ (КӨКТЕГІ АЙ) СӘМЕН, ЖАБАҒЫ үш ұлы болған, жәнібек батыр бастап барған керей еліне арғысы шүршіт, шығысы мұңғыл үкіметі көшпенді халықты ТӨРЕСІЗ ЕЛ есептеп ауыр алман салықпен қысқан, (сол заманда шүршітте, мұңғылда өз төрелерне бағынатын ) керей жұрты амалсыз бүгнгі КӨКШЕТАУ маңындағы Әбілпейіз солтанға барып бір баласын КЕРЕЙ ЕЛНЕ ТӨРЕЛІККЕ беруін сұранды (бұл өзі ұзақ әңгіме) сонымен Әбілпейіз солтан ойлана келе көгедайды беруді ұйғарып Тұмар ханымға айтқанда Тұмар апамыз үш баламды бір бірінен бөлмей қосылсаңыз менде бірге барайын деген екен, сонымен көгедай 13 жата сәмен 9 жаста жабағы 4 жаста керей жұртына төре болып ел басқаруға КӨГЕДАЙ атамыз тағайындалды, шығыстағы ұланғайыр қазақ даласына содан бастап өзне көмекші етіп 4 бійді керей жұртынан сайлатып ТӨРЕ мен 4 бійдің бійлігі солтүстік шыңжаң өлкесінде 1949 жылға жалғасып ең соңы хадуан ханымның үрмжі аймақ уалйі әрмя генаралы болуымен 1950 жылдаға жалғасты .
сайып келгенде бұл көрегендік бауыр еті баласын қазақ мүдеснен жоғары қойған ӘБІЛПЕЙІЗ АТАМНЫҢ ұлі еңбегі, біле жүрейік, ұрпағымыз мақтана жүрсін туықандар .
Уағалейкумассалам!
Сәлеметсіздер ме!!! Рахмет Сіздерге, тарихи деректер арқылы біртұтас қазақ барша жерлерін азат ету мен ұстап қалуда еңбегі сіңірген, алайда елеусіз қалған Тұлғаларды көтеріп отырғандарыңызға... Иә, Шығысты азат етуге аттанған Әбілпейіз сұлтан басқарған қазақ әскерінің құрамында Жетісудың қазіргі Лепсіден Қараталға дейін жерде қоныстанған Садыр, Матай, Қаптағай, Ертіс асқан Төртуыл.... (құрамына сіңісіп кеткен, араласқан басқа) руларына билік еткен Көшек ханның (Әбілмәмбет хан замандасы) үлкені Әділ сұлтан (Абылай сұлтан замандасы), інілері Мамырхан, Саңқай, Санияз сұлтандардың да, Барақ сұлтанның ұлы Ханқожа (шешесі Шаған бегім Әбілпейіздің әмеңгерлік жұбайы болған) сұлтанның да орны зерделеніп, бірге аталғаны дұрыс болар еді, өйткені аталған сұлтандар қарамағындағы ел-жұртпен шығысты бірге азат еткен, кейін сол жерлерге тұрақтап қалған....
Ассалаумағалейкум.... Әбілпейіз сұлтан туралы .... және саниаз сұлтан туралы.... тарихи кітап.... жазылған...ба?
👍
Гүлбаршын Нұрсалиқызы