АҚШ пен Германиядан келетін меймандар. Туристік полицияның міндеті. 4, 5 жұлдызды қонақүйлер керек

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 вер 2024
  • Арнамызға жазылып, қоңыраушаны басуды ұмытпаңыз 🔔 / @halyq-uni
    «Халық Үнін» бірге жеткізейік!
    _________________________
    Астана қаласы туризмді дамыту бөлімінің басшысы Тілеужан Өмірұзақтың айтуынша, 2023 жылы елордаға келген туристер саны - 1,3 млн. Ал туристердің басым бөлігі еліміздің түрлі өңірінен келген қазақстандықтар.
    2022 жылы Астанаға 1 178 000 адамкелген: оның ішінде қазақстандықтар да, шетелдіктер де бар. 2023 жылы 1 324 000 турист келген: оның 287 мыңы шетелдіктер.
    Ел астанасына алғаш рет табаны тиген туристер түрлі мәселеге тап болады екен. Ондай жағдайда қала меймандары туристік полицияға жүгіне алады. Астана қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полькінің туристерге қызмет көрсет взводының аға инспекторы Өнербек Жеңістің айтуынша, туристік полицияның қызметіне күніне 60-70 адам жүгінеді екен.
    "Шамамен күніне 60-70 турист бізге келіп, өтінішін айтады. Олардың көбі Астанаға бірінші рет келгендіктен, қонақүй, көлік, көші-қон мәселесіне қатысты сұрақтармен жүгінеді. Біз барлық ақпаратты қазақ және шет тілдерінде бере аламыз. Бізде жұмыс істейтін қызметкерлер бірнеше тілді меңгерген. Көбіне ағылшын, қытай, француз, түрік, тәжік тілдерінде қызмет көрсетіп жатырмыз.
    Туристік полиция қызметі «Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы, ЭКСПО, Пирамида секілді халық көп келетін ғимараттарда орналасқан. Біз түрлі мәселеге тап болған туристерге жылдам көмек көрсете аламыз", - дейді Өнербек Жеңіс.
    _________________________
    Бізбен байланыс:
    Сайт - halyq-uni.kz/
    Instagram - / halyquni.media
    Telegram - t.me/halyquni
    TikTok - / halyquni
    Біздің жобалар. Сілтемені басып көріңіз ⬇
    • Ozgeshe podcast
    • AQ Soile - сұхбат
    • Ащы шындық
    • Жанайқай
    • Әділетті қоғам

КОМЕНТАРІ • 1

  • @jandosbaidilda6530
    @jandosbaidilda6530 3 місяці тому +1

    Тағы 10 шақты бесжұлдызды қонақүй керек