Талдыкөл ауылында тәулік бойы патрульдік бақылау жүріп жатыр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 14 тра 2024
  • Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылдық округіне қарасты Талдыкөл елдімекенінде алдын-ала эвакуация жарияланғалы бері, жергілікті полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бақылауда.
    Махамбет ауданы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Есболат Жексенғұловтың айтуынша, патрульдік бақылау екі ауысыммен тәулік бойы атқарылуда.
    "Қоғамдық тәртіпті қадағалау және бос қалған үйлерді тонау фактісін болдырмау мақсатында, Махамбет ауданы жергілікті полиция қызметінен 30 полиция, 7 автокөлік жұмылдырылды" деді Махамбет ауданы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Есболат Жексенғұлов.
    Еске сала кетелік, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылдық округіне қарасты Талдыкөл ауылында кірме жолды су шаю қауіпінің күшеюіне байланысты,
    алдын ала эвакуация жарияланған болатын.
    Талдыкөл ауылындағы 1215 тұрғын бар.
    📍Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
    #махамбет #сутасқыны #жайық #2024 #атырау #дамбы #news

КОМЕНТАРІ •