ЖОО грантына түсу үшін биылғы түлектер кемі қанша балл жинау керек?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 8 чер 2023
  • Қазақстандық жоғары оқу орындары биыл Ұлттық Бірыңғай тестілеуден кейінгі оқуға түсуге мүмкіндік беретін шекті балл көрсеткіштерін белгіледі. Енді бірқатар мамандықтарды таңдаған түлектер кемі 100 балл жинауы тиіс. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлайды.
    Айта кету керек, биылғы түлектер үшін Ұлттық Бірыңғай тестілеудегі шекті балл өзгерген жоқ. Бұған дейіндегідей 50 ұпай жинаса болғаны. Дегенмен, «құқықтану», «педагогика» мамандығын таңдаған талапкерлер жоғары оқу орнына түсу үшін 75 балдан кем жинамауы керек. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту» бағытын бағамдағандар 70 ұпайдан төмен нәтиже көрсетпеуі қажет. Ал «ауыл шаруашылық және биоресурстар», оған қоса «ветеринария» мамандығы бойынша бақ сынап көремін деушілер кемінде 60 балл жинауға тиісті. Ұлттық жоғары оқу орындарында білім алуға ниетті түлектер 3 негізгі және 2 бейінді пәндерден 65 балдан төмен нәтиже көрсетпеуі қажет. Өзге оқу орындарына түсу үшін шекті балл 50 ұпай ретінде қала бермек. Түлектерге қойылатын тағы бір талап, әр пәннен жинаған ұпайлары 5 баллдан төмен болмауы шарт. Сондықтан мамандар талапкерлерге әр жоғары оқу орындарындағы мамандықтар бойынша шекті бал көрсеткішін біліп алған жөн деп кеңес береді. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысын алған оқу орындарының тізімі жуық арада жария етілетін болады.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz
    Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
    #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

КОМЕНТАРІ • 2

  • @ankz2001
    @ankz2001 11 місяців тому

    мүгедектер ешқандай жеңілдік