Бисен Нұрдәулет "Арнау" күй ор. автор

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 21 вер 2024
  • Нұрдәулет ең алғашқы туындысын ерекше құрметтейтін ағаларының біріне, нақты айтқанда дүлдүл күйші, домбырашы, дирижёр Абылай Тілепбергенге арнаған болатын. Ол кісінің домбырадағы ерекше орындаушылығы Нұрдәулетті аса тәнті қылған. Абылай Тілепбергенмен алғаш 2019 жылы өткен "Amanat-music II Халықаралық музыка-фестивалінде" кездесіп, сол конкурста лауреат атанып, гала - концертте бір сахнада өнер көрсетті. Кейін сол жылы Абылай ағасымен кездесуі Маңғыстау Өнер колледжінде өткен болатын. Ол кездесуден кейін, сол күні Нұрдәулет ерекше шабыт алып, оның құлағына бір саз қайта-қайта келе берді. Солайша, ол өзінің ең алғашқы туындысын шығарған болатын. Еш ойланбастан ол күйді Абылай ағасына арнады. Күйдің атын «Күй-арнау» деп атаған болатын. Осыдан кейін бірнеше күй шығарған еді. Яғни Нұрдәулеттің композиторлық қырын ашқан Абылай Тілепберген деп сенімді айтсақ болады.

КОМЕНТАРІ •