Алмасхан Насыров - Сағындым Ана (премьера песни) 2024

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 жов 2024
  • #АлмасханНасыров #СағындымАна #2024
    Алмасхан Насыров - Сағындым Ана
    Lyric:
    1) Ақ жаулығың қолда
    Алаң болып жолға
    Күте күте шаршадың ба ана
    Құстай ұшып келем
    Таусылмайды белең
    Перзентіңді аңсадың ба ана!
    2) Қою қара шәйің,
    Қаймақпенен майың
    Дастарханың жайналмаған ана
    Мен басымды исем
    Маңдайымнан сүйсең
    Содан артық сый болмаған ана
    3) Оң қолыңда жүзік
    Көзден тамшы үзіп
    Маған көйлек кестелеген ана
    Ең бақытты күйде
    Келем ертең үйге
    Гүлімді алып дестелеген ана!
    4) Азамат боп менде
    Сен үйреттің кеңге
    Қанатымды жайып жатсам ана!
    Сенен алыс кеттім
    Қадіріңе жеттім
    Кешір мені уайымдатсам ана!
    5) Сендегі ыстық сезім
    Әкелгенсің өзің
    Мына өмір жарығына ана.
    Ешбір теңі жоқтай
    Жылылығы оттай
    Басшы мені бауырыңа, ана!
    Все права защищены.
    Несанкционированное использование является нарушением действующего законодательства. Во избежание нарушения авторских прав, просим не загружать данное видео на свой канал.
    © ℗ 2023 TASPA ENTERTAINMENT

КОМЕНТАРІ • 38